ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ3
2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ7
3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ9
4. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ11
ҚОРЫТЫНДЫ14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ15
КІРІСПЕ
Бірнеше қылмыс жасаған тұлғаның, бір рет қана қылмыс жасаған адамға қарағанда қоғамға қауіптілігі жоғары екендігі ерте кезден бастап-ақ белгілі. Тіпті бұл жөнінде сонау ерте заманғы құқықтық ескерткіштерде де жазылған.
қазіргі қоғамда қайта қылмыс жасаған немесе қылмыс көптілігі мәселесі сол кездердегідей-ақ өзекті де сан қилы. Қылмыстың көптілігі - ең алдымен қылмыс, қылмыс құрамы туралы ғылым мәселесі, себебі жаза тағайындаудан бұрын, заңға сәйкес қылмысты саралап, содан кейін істелген қылмыс бойынша қылмыстық кодекстің бір немесе бірнеше баптары бойынша жаза тағайындау керектігі туындайды.
Бір ғана тұлғаның бірнеше peт қылмысқа баруы - қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы қылмыстың көптілігі құрылымында ауыр және аса ауыр арам ниетті бағыттағы қылмыстар басым түсіп отыр. Сонымен қатар есірткілердің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың үлес салмағы да назар аударып отырған мәселенің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттің алаңдаушылығын тудырып отыр, себебі рецидивтік қылмыстар жалпы қылмыстар жанында көбейе түсуде. Ал қылмыскерлер кәнігі бола түсуде екені белгілі. Сондықтан менің курстық жұмысыма негіз болған тақырып қазіргі кезде атышулы мәселелердің бірі болып отыр.
Соның куәсінің бірі теледидарымыздағы кез келген каналда қылмыстық істерге арналған, олардың күнделікті барысын, статистикасы мен түрлі жайттарын көрсететін хабарлардың көбейе түскендігін атауға болады (Рейдер, Тревожная зона және т. б. ) .
бұл тақырыпқа зейін салып қараудың өзі көп нәрседен мағлұмат беріп, білімімді толықтыруға ықпал етті.
1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз1.
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінің өзіне тән белгісі - бір тұлғаның кемінде екі қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды.
Қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған2.
Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67 бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі3.
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.
Алайда, сот тәжірибесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.
Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай (бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау4. Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне) бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен) жәбірленушіге зиян келтіріліп отыр.
Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп іс-әрекеттерден құралатын, оның әрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың құрамын алайық. Мұнда бөтен біреудің мүлкіне иелік ету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш жұмсау арқылы жүзеге асырылады (179-бап) . Бұл жағдайда және әр түрлі қылмыстық әрекеттер (жәбірленушінің) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету және мүлікті иемдену немесе иемденуге оқталу) бір күрделі қылмыс құрамын қарақшылықты құрайды, бірақ осы әрекет ішкі бірлігіне байланысты бір қылмыс құрамын құрап тұр. Жеке, күрделі құрамның бір түрі - балама әрекетті қылмыс болып табылады. Оның ерекшелігі сол қылмыстық заңда көрсетілген әрбір әрекет немесе әрекетсіздік біткен қылмыс құрамын көрсетеді. Мысалы, 165-бапта бір қылмыс құрамы мемлекетке опасыздық туралы жауаптылық көрсетілген, осы қылмыстың объективтік жағының әр түрлі мынадай балама әрекеттерінің әрқайсысы жеке-жеке біткен қылмысты білдіреді: жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияны жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу; шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға және олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Қылмыстық кодекстің 223-бабында да бірнеше балама әрекеттердің жиынтығынан тұратын бір қылмыс құрамы туралы сөз болады, мұнда тұтынушыларды кем өлшеу, кем тарту, кем санау немесе тұтынушыларды өзгедей алдау әрекеттерінің әрқайсысы жекеленген қылмыс құрамының біткен түрін білдіреді, осы әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін істегенде де бір ғана қылмыс істелді деп есептеледі5.
Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруы болып табылады.
Айталық П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жүмыс орнын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.
Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі бұлтару (136-бап), қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу (251-бап) ; қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы), қылмыс туралы хабарламау (364-бап) және басқалары жатады. Мұндай жағдайларда қылмысты әрекет кінәлінің кінәсін өзі мойындап келген уақытына немесе оның өкімет органы арқылы ұсталуына байланысты жағдайларда ғана үзіледі. Оған дейін істеген іс-әрекет бір (жеке) созылмалы қылмыс ретінде қарастырылады.
Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас (бірдей) қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.
ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес - жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы - қызметтегі әрекетсіздік) . Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз) . Алайда, кез келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана6.
Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың - жалғаспалы деп танылғаны орынды.
Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тің 106-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады7.
Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстардың көптігін ажырата білу керек. Сондықтан да ең алдымен қылмыстардың көптігіне дұрыс анықтама берген жөн. Қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп адамның екі немесе одан да көп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз.
2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасына тереңірек үңілер болсақ, ол - бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның сотталған-сотталмағандығы ескерілмейді.
Іс-әрекеттің құрылымына қарай қылмыстық құқық қылмыстардың көптігін мынадай үш нысанға бөледі: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы, қылмыстың жиынтығы, қылмыстың қайталануы.
Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады. (11-бап, 1-бөлігі) . Сол сияқты Кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін (11-бап, 2-бөлігі) 8.
Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмысты бірнеше мәрте жасады деп тану үшін бірінші және одан кейінгі қылмыстарды істеуде уақыты жөнінен үзіліс болуы және қылмыстық жауапқа тартудың ескіруі болмаса, егер сотталған болса, сотталғандықтан арылмаса немесе сотталғандығы жойылмауы негізгі шарт болып табылады. Егер бұрын істелген қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған болса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса, қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54 баптың 1-бөлігі, “а” тармағы) .
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп адамның ұқсас немесе бір тектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады9.
Бұл жердегі сөз болып отырған ұқсас қылмысқа бір қылмыстың құрамына жататын қылмыстың қайталанып істелуі жатады (Мысалы, бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі 96-бап, 2-бөлігі, “н” тармақшасы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді бірнеше рет жасаса 103-бап, 2-бөлігі, “к” тармағы) .
Бір тектес қылмыстар деп объективтік, субъективтік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмысты қол сұғатын қылмыстарды айтамыз (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық және т. б. ) . Қылмыстық кодекстің 175-бабында бөтеннің мүлкін ұрлауға, бірнеше рет жасауға түсінік берілгенде бір тектес қылмыстар құрамы еске алынған. Бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп тану үшін кінәлі адам бұрынғы қылмысы үшін сотталуы немесе сол іс-әрекеті үшін ол әлі де қылмыстық жауапқа тартылмауы қажет. Бірнеше мәрте қылмыс жасады деп тану үшін оны қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеуі, сондай-ақ оның сотталғандығы жойылмауы немесе одан арылмауы қажет. Бұл мәселеге Республика Жоғарғы Сотының Пленумы бірнеше рет мән берген10.
Бұрынғы істеген қылмысы біткен немесе бітпегеніне, кінәлінің сол қылмыс үшін орындаушы ретінде немесе қылмысқа қатысушы ретінде қатысуына қарамастан тағы да істеген қылмысы, іс-әрекеті бірнеше мәрте жасалған деп танылады.
Үнемі (ұдайы) жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмысқа жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін. Мысалы, 107-бапта көрсетілген азаптау. Мұнда ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шеккізу азаптау деп белгіленген.
Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы оны Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады (11-бап, 5-бөлігі) .
3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Егер адам Қылмыстық кодекстің әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса, онда мұндай әрекет те қылмыстың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65, 66, 67, 68, 69, 73, 76-баптарында көрсетілген шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас болып, ұйықтап жатқанын көріп, одан кек алу мақсатымен, есік терезені сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде тұрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4 тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкін өрт жіберу арқылы қасақана құрту (87-бап, 2-бөлігі, “а” тармағы) ; 2) кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі) .
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
Мысалы У. төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырықтай тас лақтырады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп, оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс жасағанын көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақатын түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың нақты жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Онын үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлігінің “а” тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.
Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды11.
Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz