Жарғысын өзгерту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе 3
I Өндiрiстiк кооператив –комерциялық заңды тұлға ретiнде 4
1.1 Өндiрiстiк кооператив ұғымы және қызметi 4
1.2 Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi 9
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 15

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркiмнiң еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Елiмiз егемендiгiн алып, нарықтық экономикаға көшу барысында азаматтар
мен заңды тұлғалардың меншiк нысанына қарамастан жеке меншiкке яғни жеке
кәсiпкерлiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық тұрғысында яғни
мемлекеттiк кәсiпкерлiк иелену құқығына негiзделген тауарларға яғни
жұмыстар мен қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандыру жолымен табыс
немесе жеке кiрiс түсiруге бағытталған бастамашылық қызметтер келдi.
Осы жұмыстың тақырыбын таңдап, зерттеу барысында бiз мына мәселелерге
көз жеткiздiк:
- Қазақстанда бар әртүрлi ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсiпорындар
жиынтығы (кооператив, әртүрлi серiктестiктер және т.б.) кәсiпкерлер
мұқтаждығының барлық спектрiн қамтиды;
- кәсiпорын нысанын дұрыс таңдау оның барлық қызметiнiң тағдырына
маңызды әсер етедi:
- көптеген кәсiпкерлер меншiк нысанының мән-маңызын толық түсiне
бермейдi, сондықтан оның iшкi механизмi туралы сөз болуы мүмкiн де емес.
Осындай жағдайлар өндiрiстiк кооперативке (халық артельдер дейдi)
арналған осы жұмысты жазуыма себеп болды.
Нарықтық қатынастарға көшудiң алғашқы кезеңi көп жағдайда өндiрiстiк
кооперативтермен байланысты болды, олар халық тұтынатын тауар өндiрiсiнiң
өсуiне, қызмет көрсету саласының ұлғаюына, экономиканы жаңа бағытта қайта
құруға әсер еттi. Дегенмен, кәсiпкерлiктiң бұл түрi кейiнгi жылдары қайта
ұмыт бола бастағандай. Дегенмен, кейiнгi кезде кәсiпкерлiк қызметте
басымдылық көрсете бастаған акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктерге қарағанда өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-
құқықтық меншiк нысаны ретiнде өзiндiк артықшылықтары бар. Сол
артықшылықтар туралы бiз төменде сөз етемiз.

I Өндiрiстiк кооператив –комерциялық заңды тұлға ретiнде

1.1 Өндiрiстiк кооператив ұғымы және қызметi

Өндiрiстiк кооперативке тiкелей қатысты бар заң актiлерiмен, оның
құрылтай құжаттарымен таныспас бұрын, заңды тұлға, коммерциялық ұйым
деген түсiнiктерге анықтама берiп алғанымыз жөн.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 33-бабына сәйкес, меншiк,
шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және
сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк
және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Өзiне бекiтiлген мүлiктi иеленуге, пайдалануға, толық немесе кейбiр
шектеулiктермен басқаруға ерiктi болған жағдайда заңды тұлғаның мүлiктiк
оқшаулығы байқалады. Қысқаша:
- заңды тұлғаның меншiк құқығында мүлкi бар, және сол мүлiкке қатысты
меншiк иесiнiң барлық мiндеттерi мен құқықтарына ие болады.
- заңды тұлғаның шаруашылық басқару құқығында да мүлкi болады, яғни
заңды тұлға меншiк иесiмен келiсiлген кейбiр шектеулiктер негiзiнде ғана
бұл мүлiкке иелiк ете алады. Қағида бойынша, бұл тек мемлекеттiк
кәсiпорындар.
- заңды тұлғаға жедел басқару құқығында да мүлiк бекiтiледi. Бұл жерде
шаруашылық жүргiзу құқығымен салыстырған жағдайдың өзiнде мүлiктi басқару
құқығы өте шектеулi. Бұлар мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар мен
мекемелер.
Заңды тұлға барлық жағдайда да белгiлi бiр қағидалар мен заң
ережелерiне сүйене отырып құрылады:[1]
-заңды тұлғаның өз мүлкi болады, ол өзiнiң дербес қызметiнiң
материалдық базасына қызмет етедi және бұл мүлiк өз мiндеттемелерi бойынша
басқа субъектiлер алдындағы борышын өтеу көзi болып табылады, дербес
баланста (сметада) көрсетiледі;
- заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құрылтайшылардың жауапкершiлiк
шегi айқын белгiленедi.
- заңды тұлғаның атынан кiм (лауазымы бойынша) заңды әрекет жасай
алатыны көрсетiледi. Мұндай өкiлеттi өкiлдi директор, президент,
кооператив үшiн басқарманың төрағасы деп атауға болады, бiрақ заңды
тұлғаны құрған уақытта жоғары лауазымды тұлға, атап айтқанда төраға,
директор немесе басқасы мiндеттi түрде көрсетiлуiге тиiс;
- заңды тұлғаның дербестiгiн азаматтық айналымда және қажеттi
жағдайларда сол және басқа да құжаттарды осы заңды тұлғаның бергендiгiн
айқындайтын өз атауы жазылған мөрi болуы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде (33-34 б) заңды тұлғаны
ұйым есебiнде қарайды және оны екi түрге бөледi:
- коммерциялық: өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi
көздейтiн шаруашылық, серiктестiктер, акционрелiк қоғамдар, өндiрiстiк
кооператив, мемлекеттiк кәсiпорындар;
- коммерциялық емес: әлеуметтiк жетiстiктер (денсаулық сақтау, бiлiм
беру, мәдениет) және басқа да мақсаттарды жүзеге асыру үшiн құрылған
мекеме, тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк, ассосация (одақ)
нысанында бiрiккен заңды тұлғалар. Ақылы қызметтерден түскен таза табыс
Жарғы мақсаттарын орындауға жұмсалады.
Бiз осылардың iшiнде өндiрiстiк кооперативке тоқталғалы отырмыз.
Кооператив – бұл коммерциялық ұйым, кәсiпкерлiк құрылымның кеңiнен
тараған ұйымдық-құқықтық нысанының бiр түрi, оның қызметi Қазақстан
Республикасы Азаматтық Кодексiмен, ҚР Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен
және де басқа нормативтiк актiлермен бекiтiлген.
Шығарылған заңдарға сәйкес, азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет
үшiн мүшелiк негiзде, олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi
бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
Өндiрiстiк кооператив туралы мұндай ұғым оның басқа коммерциялық заңды
тұлғалардан бiрталай ерекшелiгi бар екендiгiн бiлдiредi. Өндiрiстiк
кооперативке азаматтар ғана мүше бола алады. Бұл жөнiнде ол толық
серiктестiкке ұқсайды: ал басқа шаруашылық серiктестiктерiне заңды тұлғалар
да (коммандиттiк серiктестiгiне заңды тұлға салымшы ғана бола алады)
қатысады.[2]
Еңбек, салық және де басқа құқықтық қатынастардың субъектiсi ретiнде
өндiрiстiк кооператив азаматтық айналымға қатысушы бола алады. Өйткенi
өндiрiстiк кооператив дербес меншiк құқығы бар субъект болып табылады, ол
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарына, (егер жарнаның орнына мүлiктi
пайдалану құқығы берiлсе, онда меншiк иесi кооператив мүшесi болады),
қызмет нәтижесiнде алынған табысқа, басқа да заң жүзiнде иелеген мүлiктерге
меншiк иесi бола алады.
Өндiрiстiк кооперативтiң негiзгi құрылтай құжаттары: Жарғы және
Құрылтай шарты болып табылады. Олардың талаптары жинақтағы құжаттарда
толығымен берiлген. Бiрақ ҚР АК 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген негiзгi
мәлiметтерден басқа, өндiрiстiк кооперативтiң Жарғысында мынадай шарттар
болуға тиiс: кооператив мүшесi жарнасының мөлшерi туралы, кооператив
мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарна қосу жөнiндегi
мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне
оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке
еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың
шешiм қабылдау, соның iшiнде, бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен
қабылданатын мәселелер жөнiндегi қабылдау туралы ережелер болуға тиiс.
Өндiрiстiк кооперативтердiң жарғысында әрбiр кооператив мүшесi
жарнасының мөлшерi туралы мәлiмет болуы қажет, өйткенi жарнаның мөлшерi
өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң кооператив мүлкiндегi үлесiн айқындайды.
Кооператив мүшелерi оның мүлкiне заттық емес, мiндеттемелiк құқығын
сақтайды. Яғни кооператив мүшесi кооператив таратылғаннан кейiн, немесе
кооперативтен шыққан жағдайда мүлiктiң құны пайданың мөлшерiне байланысты
болады.
Басқа шаруашылық серiктестiктермен салыстырғанда, табысты мүшелер
арасында өзара бөлiсу тәртiбi басқаша жүргiзiледi. Кооператив мүшесiнiң
тиiстi табыс мөлшерi пайдың мөлшерiне байланысты емес, кооператив
қызметiндегi жеке еңбегiне орай төленедi. Бұл тиiмсiз жай, сондықтан оны
Жарғыда өзгертуге болады. Кооператив мүшесiнiң еңбекке қатысу тәртiбi
Жарғыда көрсетiлуге тиiс.[3]
Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк оның мүшелерiнiң
жарналарына бөлiнедi. Сонымен бiрге, оның мүлкiнiң бiр бөлiгi Жарғыда
белгiленген мақсаттарға пайдаланылатын бөлiнбейтiн қорларға (Жарғылық,
резервтiк, басқа да ақшалай және материалдық қорлар) жұмсалатыны жөнiнде
Жарғыда көрсетiлуi мүмкiн.
Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын
ұйымдарда белгiлi мөлшердегi қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге
асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен
пайдалануға мiндеттi.
Заң бойынша кооператив мүшелерiнiң саны екi адамнан кем болмауы қажет.
Өндiрiстiк кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы
болып табылады, жиналыстың ерекше құзыретiне мыналар жатады:[4]
1) кооператив Жарғысын өзгерту;
2) атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру

олардың мүшелерiн керi шақыру;

З) кооператив қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және
оларды пайдалану бағыттарын анықтау;

4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн, кооперативтiң

лауазымды тұлғаларының, оның мүшелерiнiң және жалданбалы

жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ереженi және кооперативтiң басқа
да iшкi актiлерiн қабылдау және оған өзгертулер енгiзу;

5) кооперативтi бөлiмшелерi мен өкiлдiктерiн, шаруашылық

серiктестiктерiн құру және оған қатысушы есебiнде кiру;

б) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу;

7) кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару;

8) жылдық есептер мен кооперативтiң бухгалтерлiк баланстарын бекiту

және оның пайдасы мен шығындарын бөлу;

9) кооперативтi қайта құру мен тарату туралы шешiм;

10) тексеру комиссиясыньң есебiн бекiту;

11) кооператив Басқармасының (төрағасының) есебiн тыңдау;

Жалпы жиналыстың ерекше , кооперативтiң жарғысымен басқа
мәселелердi шешудi де жатқызуға болады. Өндiрiстiк кооперативте
кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жузеге
асыратын байқаушы кеңесi құылуы мүмкiн. Байқаушы кеңесi мүшелерiнiң
өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.Бас және (немесе)
оның Төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар
кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады жене байқаушы
кеңесi мен кооператив мушелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Атқарушы орган алқалық (басқарма) немесе: мүшелерi жиырмадан аспаса,
жеке (кооператив төрағасы) бола алады.

Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi сондай-ақ,
олардың шешiм қабылдау жене кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң
актiлерi мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Өндiрiстiк кооперативтiң басқа шаруашылық, секрiктестiктерден
өзгешелiгi кооператив мүшесiнiң бiр ғана даусы болады; жарна үлесiнiң
мөлшерi бұл жерде есепке алынбайды.

Егер құрылтай құжаттарында дауыс санын айқындайтын басқа тәртiп
көзделмесе, осы императивтi (үзiлдi- кесiлдi) ереже әрекет етедi.

Өндiрiстiк кооперативте тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн, бiрақ, ол
өндiрiстiк кооперативтiң басқару органы болып табылмайды. Бұл - бақылаушы
орган яғни атқарушы органның қаржы қызметiне бақылау жүргiзудi жүзеге
асырады.

Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң атқарушы органыньң және
қадағалау кеңесiнiң мүшесi бола алмайды. Тексеру комиссиясын құру
кооперативтiң мiндетi емес, өз еркiнде.

Кооперативтегi мүшелердiң ара қатысын олардың пайлары айқындайды.

өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа пайды (оның
бiр бөлiгiн) беруге кооперативтiң келiсуiмен ғана рұқсат етiледi; бұл ретте
кооперативтiң басқа мүшелерi мұндай пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуда
басым құқықты пайдаланады. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесiң қайтыс болған
жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерi
кооператив мушелiгiне қабылдануы мүмкiн. Басқша жағдайда, кооператив
мұрагерлерге кооперативтiң қайтыс болған мушесiнiң мүлiктегi үлесiн
жарнасына қарай төлейдi, сонымен бiрге кооперативтiң таза табысының қайтыс
болған кiсiге тиiстi бөлiгiн бередi және оның кооператив қызметiндегi жеке
еңбегi үшiн сыйақы төлейдi. Басқа шаруашылық серiктестiктерi сияқты
өндiрiстiк кооперативтерде де қатысушылар құрамын өзгерту iсiне қатаң
бақылау жүргiзiледi. Бiрақ қатысушылар құрамын өзгеруi қайта тiркеудi қажет
етпейдi.[5]

Өндiрiстiк кооператив мүшелiгiнен шығу ерiктi түрде және еркiнен тыс,
ықтиярсыз жүзеге асырылады.

Кооператив мүшесi мүшелiктен өз қалауымен шығуға құқылы және жарна
үлесiн басқа бiреуге бере алады. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң үлесiн
қарыз берушiлердiң өндiрiп алуы — мүшелiктен ықтиярсыз шығару жағдайында
жүзеге асырылады. Сонымен бiрге мушелiктiң ықтиярсыз тоқтатылуы мынадай
жағдайларда болуы мүмкiн:[6]

• өндiрiстiк кооператив жарғысында жүктелген мiндеттердi кооператив
мүшесiнiң орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда;

• осыған ұқсас кооперативке мүше болғаны үшiн;

• заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да
жағадайларда;

Кооператив мүшелiгiнен шығу басқа мүшелердiң келiсiмiн қажет етпейтiн
бiр жақты мәмiле болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативтен шығу үшiн кооператив мүшесi атқарушы органның
басшыларын кемiнде екi жетi бұрын ескерту қажет . Құрылтай құжаттарында
бұдан да ұзақ уақыт белгiлеуi мүмкiн, бiрақ ол мезгiл екi айдан аспау тиiс.
Кооператив мүшесi кооперативтен шыққан кезде өз пай үлесiн бөлiп алуға
құқылы.

Өндiрiстiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Құнды қағаздарды техникалық талдау
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеті
Қазақстандағы саяси партиялар
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Казақстан республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың ұйым-заңды формалары
Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
Пәндер