АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ҰҒЫМЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ҰҒЫМЫ
2. МЕНШІКТІ ИЕЛЕНУ МЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
3. ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендік пен тәуелсіздікке ие болуы,
реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа экономикалық қатынастардың
даму жолын таңдауы, құқықтық саланы реформалаудың қажеттілігін шарт етіп
қойды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру идеологиялық және саяси ұрандармен
бүркемеленген, социалистік құқықтың, соттардың және құқық қорғау
органдарының мемлекеттендірілген және репрессиялық сипаттағы кеңестік
тоталитаризмнен мұраға қалған заң саласын тазартуды талап етті.
Жаңа қоғамдық қатынастардың орнығуы олардың құқықтық қамтамасыз
етілуінің мезгілінде түзетілуімен, сапалы заңның қабылдануымен, оның жоғары
кәсіптік деңгейде құқықтық қолданылуымен қатар жүргізілуі керек.
Сонымен қатар, юриспруденция саласындағы болуға тиіс жаңартулардың
бүкіл күрделілігі мен ауқымдылығын назарға алу керек еді, өйткені, ескі
әміршіл–репрессиялық режимнің заң институттары бүгінгі жағдайға сәйкес
келмейтін. Сондықтан да, жаңа құқықтық институттарды, жетілдірілген заң
процестерін құруға, заңға ревизия жасаудың, қалыптастырудың құқық қолдану
практикасында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті алу жылдарындағы құқықтық
реформаға талдау жасау барысы, оның басты нәтижесі мемлекет дамуының
стратегиялық бағыттарын айқындаған, адамдардың және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың
жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы
болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстанның 1994 жылдың 27 желтоқсанында Азаматтық
кодексті (жалпы бөлім) қабылдауы да осы саладағы аса күрделі табыстардың
бірі десек қателесе қоймаймыз. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң
шығарудың ірі біріктіруі (немесе жүйеленуі) болып табылады, сонымен бірге
мұнда бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған
көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі
ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып
табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді
нормативтік актілерінің ережелері енген. Қорыта келе, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі қазіргі заманға лайықталған заң деуімізге
әбден болады.

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ҰҒЫМЫ

1. Құқықты қоргау. Сөздің кең мағынасында алғанда құкықты қорғау деп
құхықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық катынастар
тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау күдығы бұзылған азаматтық қүқыктары калпына келтіруді
қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы корғау азаматтық заңның негізгі
бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық кұқықтар тек қана
нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, соны-мен бірге олар субъективтік қүқықтың
бүзылуымен пайда бол-ған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді,
бұзылған күқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан проф. В.П.
Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: "қүкык қорғау сипатының
мүмкіндігі оның құқык. өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар
мазмұнының өзімен белгіленеді".1
Демек кез келген субъективті азаматтык күкык қорғауға жатады, сонымен
бірге осы қүқықтың жүзеге асырушысы заң-да қаралған құралдардың көмегімен
оны корғауға тиісті қүкықты еншілейді.
2. Азаматтық қщықтарды қоргау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-
тарауыньщшеңберінде азаматтыккүқьіқтағы қор-ғануды кен, мағынадағы меншік
иесінің мүддесін корғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің
мүддесін корғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялык, және
юрисдикция-лық емес.
Қорғаудын юрисдикциялық түрі субъективті қүкықтар бұзылғанда немесе
дауға түскенде екілетгі мемлекеттік орган-дардың оны қорғауға араласуы
болып табылады. Күқығы не-месе заңдық мүдцесі бүзылған тұлға мемлекеттік
немесе басқа да құзыретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция
жәнет.б.) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзыл-ған қүқықты
қалпына келтіру және бүзушылықты жою үшін өкілеттігіне сайқажетті шараларды
қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бүзылған құкьіқтарды қорғаудың жалпы
және арнайы тәртібін белгілейді. Жалгты тәртіпке сәйкес занмен қорғалатын
азаматтык құкыктардың мүддесін корғау сот (төрелік немесе аралық сот)
аркьілы жүзе-ге асады.
Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де
карастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзе-ге асырылатын меншік иесінің құқығын
корғау құралы шағым болып табылады, ол қүқык, бүзушылық нәтижесінде зардап
шеккен құкық иесі мүддесін корғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.
Кейбір зандарда аралас, ягаи меншік құқығы мен басқа да затгык құқық
қорғаудын әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұвдай жағдайда мүліктің меншік
иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына
шағымда-нады.
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны
иеленушісінің мемлекеттік және басқа кұзыретті органдарға бармай-ақ өз
бетімен қорғануын білдіреді. Азамат-тық кодекстің тұжырымдарында аталған
әрекеттер "азаматтык құқықтардың өзін өзі қорғауы" ұғымымен байланысты (АК-
тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа да заттык, құқықтар-ды қорғаудың
бір әдісі ретінде кдралады.
Азаматтық құкықтың өзін өзі қорғауы езінің завдык таби-ғатында құқык
қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік ныса-нын еншілейді деген пікір де
бар. Меселен, проф. А.П.Сергеев қорғанудың дербес түрі ретівде өзін өзі
қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді.1
Біздің де шкірімізше өзін өзі қорғау құкығына ешкімнің тиіспей-тіндігін
қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға
бағытталған өкілетті тұлғаньщ заң не-месе шарт негізінде әрекет етуге жол
берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны больш табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын
қорғаудың (және басқа да заттық құкықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білу
керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді.
Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті
алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушы-лық кезінде заттық-құкықтық сипаты
бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен екілетті тұлға
арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта
көрсетілген мерзіңце затты меншік иесіне кайтаруға тиіс болса)
міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданыла-ды. Міндеттемелік-құқық
кұралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік кұқығынан кәріне бермейді,
азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндетте-мелік
талап кою меншік кұкығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында
қорғайды.1 Ал меншік кұқығын қорғаудың зат-тық-құқықтык құралы меншік
құқығын корғауға тікелей ба-ғытталуымен сипатталады және қандай да бір
нақты міндетте-мемен байланыста болмайды. ҚР-ның зандары жәбірленушінің
құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін тавдау мүмкіндігін (ай-талық, шарттық
немесе заттык-құқықтык) бермейді, бұл орай-да шетелдердегі "талап қою
бәсекесі" деп аталатын жағдайлар-ды қоддамайды.
Азаматтық кұкық институттарының әр түрінен f уындайтын не заттык-
кұқықтық, не міндеттемелікке жатпайтьГн ерекше қорғау тобы2 белгіленген.
Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған
адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29,32-баптары),
кепіл ұс-таушьшың жауапкершілігі туралы және т.б. болып табылады.
3. Азаматтық к^қықты қоргаудың жаңа қүралдары АК-тің 9—10 баптарында
қарастырылған. Бүл баптарда бүрын-сонды заңдарда кдралмаған жолдары
көрсетілген. Мысалы, мораль-дық зиянды етеу, яғни тұлғалардың өзіндік
мүліктік емес иеліктері мен қүқықтарының бүзылуы, кемітілуі немесе олар-дан
айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бүзушылықтьщ
жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық
зиян ақшалай нысан-да төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекетгік билік
органы-ның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың
лауазымды адамдарьшың әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды
өтеу механизмі енгізілген (9-баптың 5-тармағы).
4. Азаматтық-қщықтық қоргаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол
затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі
(виндикация); ә) иемдену еркінен ай-ырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып
отырған кедергіні жою-ды талап ету (негаторлық талап); б) затты жойып
жіберген не-месе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толты-ру
(ақшалай қүнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап
қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып
алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне акдіалай төлеу.
Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол
қалпында иемдену, пайдалану және оған билік
Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы
тұрғысынан азаматтық кұқықтар мен занмен қорғала-тын мүдделерді қорғауда
сот қаулысының мұндай ерекше түрі қорғаудың тиімді құралы екендігін
көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нін, 139-бабына сәйкес сот бұйрығы
былайша айқындалады: "ендіріп алушынын, ақша-лай сомаларды өндіріп алу
немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың
түсіңдірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ жөне сотта іс қарамай-ақ, даусьп
талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бой-ынша шығарылған
судьяның актісі болып табылады".
6. Заң бойынша қоргау объектісі тек қана субъективтік аза-маттық
күкықтар ғана емес, сонымен бірге ол завдармен кор-ғалатын мүдделерді де
қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъек-тивтік құкыққа байланысы жоқ дербес
түрде бола алады. Мы-салы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады.
Қорғауға жататын мүдде құкық бүзушылық нәтижесінде субъективтік қүкықтын,
өзі тоқтатылған жағдайда болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде
оған меншік құқығын корғау мүмкін болмай калады. Мұндай жағдайда бүрынғы
меншік иесінің заң-мен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын
қал-пына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорға-латын мүдце
қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесе-тінін байкаймыз.

2. МЕНШІКТІ ИЕЛЕНУ МЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

1. Заттық күкыққа талдау жасағанда ез ерекшелігімен және сипатымен
оқшауланатын иеленуді қорғау жөніндегі талап қою екеңдігінкөрсетеді. Бүған
теориялықдәлелдеме ретінде Римнін жеке құқығы тарихында: "... затқа меншік
нақты иеленуден шыққан", — деген ұғым бар.1
Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ ту ын -дайды.
Отырықшылык, қоныстану иелену терминіне балама2 бола алады.
Сонымен иелену мен иеленуді қорғау меншіктің заттык құқық қасиетін
тудыруда айтарлықтай рел атқарады.
Азаматтык-қүкыктық қорғаудың кездейтін мақсаты менш і к иесінің заңсыз
айырылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінін затын пайдаланудағы
кедергілерді жою болып табылады. За-тын қайтару туралы азаматтык, талапты
виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергілерді жою талабын
негаторлы талап деп атайды.
Виндикация кағвдасы АК-тің 260-бабында төмендегі түрде айтылған:
"меншік иесі әзгеден заңсыз иеленген әз мүлкін та-лап етуге құкылы", яғни
меншік иесі ез затын оны ешқандай заңсыз иемденіп отырған жактан талап ете
алады.
Затты иелену оның заңды иесімен жасалған келісімге негізделмесе,
заңсыз иемдену деп аталады. Ал меншік'иесінің затты завды иесінен
виндикация жолымен қайтарып ала ал-майтын жағдай да бар, өйткені заттың
заңды иесі оны игілігіне жаратып отырғандықтан дәлелді себегшен қайтара
алмайды. Айталық, бір азамат екінші біреуге бір жылға өзінің теледида-рын
жалдады делік, ал үш айдан кейін виндикация жолымен оны қайтаруды талап
етеді. Мүндай реттерде теледддарды жал-дап алушы мүлік жалдау мәмілесі
бойынша иеңденіп отырған-дығын айтып, жалға алу мерзімі біткенше затты
қайтармаймын деуіне құқылы. Сондықтан біздің азаматтық кодекс "заңды
иеленуші", "заңсыз иеленуші", "адал ниетті алушы", "арам ниетті алушы"
деген терминдерді қолданады.
Затты адал ниетпен иемденген адам деп өзіне зат саткан адам-ның ол
затты сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзі сатып отырған заттың иесі емес
екендігін немесе меншік иесінің ©кілі емес екендігін білмеген және білуге
тиісті емес адамды айта-мыз. Затиесі затынвивдикацияжолымен қайтарып
алғанда адал алушының өзінің адалдығы езін қорғап қалады. Айталық, меншік
иесі шарт бойынша өз затын біреуге карызға берді делік, ал алған адам ол
затты үшінші бір адамға сатып жіберді, ол үшінші адам затты сатқан адамды
оның иесі деп ойлап, адал қателесті. Мүндай жағдайда меншік иесі затты оны
сатып ал-ған адамнан қайтарып беруді талап етуге күқысы жок, бірақ ол затты
қарызға алған адамнан шығынын етеуді (заттың ақша-лай құнын) талап ете
алады.
Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адам-нан тегін алынып,
алушы мұны білмесе және білуге тиіс бол-маса (адал алушы), мүлікті меншік
иесі немесе мүлікті иеленуші берген адам жоғалтқан не мүның екеуінен де
үрланған, не олар-Дың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып
Қалған ретте ғана меншік иесі бүл мүлікті алушыдан талап ету-ге қүқылы.
Егер мүлік оны иеліктен айыруға қүқығы жоқ адамнан тегін альінса,
меншік иесі барлық ретте мүлікті талап етіп, алдыруға ҚҮДЫлы (АК-тің 261-
бабының 1,2 тармақтары).
Егер мүлік сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіп бойынша
сатылған болса, АК-тің 261-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер
бойынша мүлікті талап етіп алдыруға жол берілмейді.
Меншік иесі болғанымен, шаруашылық жүргізу, оралым-ды басқару, тұрақты
жер паңдалану кұқығымен не зан құжат-тарында немесе шартта көзделген өзге
де негізбен мүлікті иеле-нушінін де АК-тің 259—264 баптарында көзделген
кұкыктары болады. Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға кұкығы
бар (АК-тің 265-бабы).
Ақшаны немесе бағалы қағаздарды, айталык, мемлекеттік ұтыс заемыньвд
облигацияларын, ақіпалай-заттай лотерея билеттерін адал ниетпен алған
адамдар әлдеқайда кең көлеще қорғалады. Оларды адал ниетпен алған адамнан
меншік иесі үрлатқан немесе ол жоғалтып алған жағдайда да кайтарып беруді
талап етуге болмайды. Оның себебі мынада, ұсынушы аркылы акдіа мен бағалы
кағаздар қолдан қолға тез ауысып кете алады, ал мүның өзі оларды басқа бір
адамнын меншігіне берген адамның оған қүкылы екендігін және дүрыстығын тек-
серуге мүмкіндік бермейді.
Виндикация әдетте тараптардың өзара есептесуімен қатар жүреді. Меншік
иесі виндикация негізінде өз мүлігін талап ете отырып, арам ниетті
иеленушіден бүкіл иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған
табыстардың бәрін қайтарудь! немесе ©теуді талап етуге қүқылы. Ол адал
иеленушіден онын, заңсыз иеленуді туралы білген немесе білуге тиіс болған,
сон-дай-ақ мүлікті қайтару туралы талап қою хабарламасын алған кезінен
бастап алынған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге де
күқылы. Адал иеленуші өз кезегінде меншік иесінен мүліктен табыс
есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жүмсалған кажетті шығындарды меншік
иесінің өтеуін талап етуге құкылы. Арам ниетті иеленуші мүндай өтемді
иеленушінің талабын сот негізді деп тапқан реттерде толык немесе ішінара
алуға кұқылы.
Заңсыз иеленуші өзі жасаған жақсартуларды, егер олар зат-қа зақым
келтірмей бөлуге келсе, өзінде қалдыруға қүкылы. Егер жақсартуларды бұлайша
бөлу мүмкін болмаса, адал иеленуші жақсартуға жұмсалған шығындарын өтеуді
талап ету-ге құқылы, бірақ бұл зат қүқығының үлғайтылған мөлшерінен аспауы
керек. Ал арам ниетті иеленушінің мұндай күкығы жоқтарға (мысалы, біртекті
тауарларды белгілі бір мөлшерде талап ету туралы) немесе бәз қалпында
сақталмағанға (кұрылыстың нақты иеленушісі жай ғана жөндеп қоймай, сонымен
қатар түбірімен қайта салуға қатысты) байланыстывиндикациялауға болмайды.
Өйткені, оның мазмүны оны басқа мүлікпен ауыс-тыру немесе сондай тектегі
әрі сападағы затпен ауыстыру жөнінде емес, нақты мүлікті иеленуді қалпына
келтіру туралы талаптан туындайды.
Егер меншік иесі әзінің затын иелену қүқығын бұзушының тікелей
иелігівде екендігін көрсе, ол жоғарыда аталған талап-тарды қоюға қүқылы.
Бірақ мүндай жағдайда меншік иесінен немесе уәкілетті тұлғаның иелігінен
шығьш кеткен зат тек бүзу-шының ғана емес, затты заңсыз иеленген бүзушының,
басқа тұлғаның қарауында болғанда іс күрделене түседі. Бүл арада меншік
иесі немесе иеленушінің мүдделеріне сәйкес екі жағ-дай есепке
алынадьгбіріншіден, аталған талап кою бойынша мүлікті иелену
сипаты;екіншіден, меншік иесінің иеленуінен мүлікті шығару әдісі.
Мүндай жағдайлар меншік иесінің талап қоюын канағат-тандырудағы
негізгі шарты болады. Виндикациялык талап қою бойынша затты талап етуге
меншік құқығы айтарлықтай дәре-жеде заңсыз иеленушіні адал ниетті немесе
адал ниетті емес деп тануға байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандай, адал иеленушіден мүлік екі жағ-дайда талап
етіледі: біріншіден, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтың обьектілері
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Талап қою мерзімінің өтуі
Пәндер