Психикалық процестер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Психикалық процестер мен қалыптар 2
2. Мәселені шешудегі ойлау мен қиялдың рөлі 7
3. Эмоция және ерік 10
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Қазіргі таңда біз ғасырлар бойы жинақталған адам психологиясы туралы
білімдерді қолданып жүрміз. Кәсіби психологтар, жазушылар, философтар және
ғылымның басқа да салаларының өкілдері бұл процеске өздерінің тиісінше
үлестерін қосты. Сонымен қатар ғылымға қатысы жоқ адамдар да күнделікті
өмірден алған, адам психологиясына байланысты құнды тәжірибелерін ұрпақтан-
ұрпаққа қалдырып отырды. Бірақ әлі күнге дейін адам психологиясы мен мінез-
құлқы туралы білімдер толық және объективті жетілмеген. Өйткені,
психологиялық құбылыстар күрделі және оларды тану қиын, себебі адамның
психикалық өмірі, негізінен санадан тыс өтеді, ал ол жайлы психологтар әлі
нақты ештеңе біле алған жоқ. Бірақ психикалық процестердің кейбір қырлары
ашылған. Мысалы, адам өзін қоршаған орта туралы қарапайым мәліметтерді
сезім арқылы қабылдап қорытады, оның барлығы орталық жүйке жүйесінің
қызметі мен сезім мүшелері негізінде қалыптасады.

1 Психикалық процестер мен қалыптар

Психикалық процестер. Куә мен жәбірленушінің айғақтары өте күрделі және
көп қырлы психикалық процестердің нәтижесі болып табылады. Кибернетиктер
осы жайлы былай деп жазады: “Сананы зерттеген кезде біз мәліметтерді алу,
жасау, жинау және беру процесін байқаймыз”. Яғни, айғақтардың қалыптасу
процесі сананың қызметі және тергеліп жатқан іс үшін маңызы бар
мәліметтерді жинау, алу, жасау және беру болып табылады. Сондықтан
айғақтардың қалыптасу процесін дұрыс түсіну үшін өте кең ауқымды психикалық
құбылыстарды қарастырған жөн, оларға түйсік, қабылдау, қиял, зейін, ойлау
және т.б. жатады. Басқаша айтқанда, психологияда оларды “танымдық
процестер” дейді. Бұл психикалық құбылыстар объективті шындықты субъективті
түрде бейнелейді. Бұл бейнелеудің ең алғашқы сатысы – түйсік (ощущение).
Тұлға өзін қоршаған ортаны танып білудің арқасында ғана тұлға болады, іс-
әрекетте ғана өзін көрсетеді. Бұл жағдайда кибернетиктер жеке адамды өзін
қоршаған ортамен динамикалық тепе-теңдігін ұстап тұратын, өзін-өзі
реттейтін күрделі жүйе ретінде сипаттайды. Адамның сыртқы ортамен өзара
қатынасын қамтамасыз етуде жеке тұлғаның қасиеттері, міндеттері, мақсаттары
басты рөл атқарады. Бірақ кез келген психикалық құбылыс әрі шынайы
болмыстың көрінісі, әрі іс-әрекетті басқарудың буыны, ал іс-әрекетті
басқару, яғни, психикалық танымдық процестер – түйсік пен қабылдау
деңгейінен басталады.
Танымдық іс-әрекет мына процестерді қамтиды:
1. Сенсорлық (латынның sensus – сезу сөзінен) таным процесі, ол заттар
мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін бейнелейді. Бұл әрекеттің
психикалық нәтижесі “түйсік” деп аталады.
2. Перцептивтік (латынның percіpere – қабылдау, сезіну сөзінен) таным
процесі, ол заттар мен құбылыстарды біртұтас күйінде бейнелейді. Бұл заттар
мен құбылыстардың психикалық бейнелері “қабылдау” деп аталады.
3. Интеллектуалдық (латынның іntellektus – ақыл, ес (жады) сөзінен) –
ойлау процесі, ол құбылыстар арасындағы елеулі байланыстарды бейнелейді.
Түйсік, қабылдау, түсінік, ес танымның сезім арқылы қабылданатын түріне
жатады. Адамның сезім арқылы бейнелеуі әрдайым логикалық таныммен, ойлаумен
байланысты. Сезімдік танымда жалпы қорыту қызметін атқаратын тіл, яғни сөз
маңызды рөл атқарады. Логикалық таным (ойлау) өз кезегінде сезімдік
тәжірибенің нәтижелеріне, сезімге, түйсікке, еске сүйенеді. Танымның
бірыңғай процесінде барлық танымдық процестердің үздіксіз өзара қарым-
қатынасы жүзеге асады.
Гносеология ғылымына жүгінсек, адамның қоршаған болмысты тану процесі
мәнді түйсінуден абстрактылы ойлауға, одан соң тәжірибеге өту арқылы жүзеге
асады.
Танымның бірінші сатысы – мәнді түйсіну, ол сезім, түйсік, зейін, көрнекі-
бейнелі есті қамтиды. Таным адамның сезімдерінен, сезім мүшелерінің айнала
қоршаған заттармен, құбылыстармен тікелей байланысынан кейін басталады.
Түйсік – бұл біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ететін заттар мен
құбылыстардың жекелеген қасиеттері мен сапаларының адам санасындағы
көрінісі. Адам жарықты, түсті, суықты, жылуды, түрді, қаттыны және т.б.
сезеді. Түйсік материалдық әлемдегі заттар мен құбылыстардың жекелеген
қасиеттерін, сондай-ақ тиісті рецепторларға материалдық қоздырғыштардың
тікелей әсері кезінде организмнің ішкі күйін бейнелейтін қарапайым
психикалық таным процесі болып табылады. Материалистік ілім сезім туралы:
“заттар мен олардың қасиеттері алғашқы, ал сезім ол заттардың сезім
мүшелеріне әсерінің нәтижесі”, – дейді. Түйсіктің қабылдауды, түсінікті,
қиялды, ойлау мен есті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететіні секілді,
сезім мүшелері де сыртқы дүниенің адам санасына енетін бірден бір жолы
болып табылады. Түйсік болмаса, біз қозғалыстың ешбір түрі туралы ешнәрсе
біле алмаймыз. Анализаторда өтетін жүйке-физиологиялық процесс сезімдердің
физиологиялық негізі болып табылады. Талдағыш (анализатор) – бұл адамға
қоршаған болмыстың кез келген саласын бейнелеуге көмектесетін нервтік-
физиологиялық аппарат. Ол сезімдердің организмді айнала қоршаған күрделі
әлемде дұрыс бағыт алуын қамтамасыз етеді.
Қабылдау – заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен
кезде пайда болатын көрінісі. Қабылдау сезімдердің қарапайым жиынтығы емес.
Қабылдаған кезде заттар мен құбылыстар өздеріне тән қасиеттермен және
бөліктермен бірге бейне-ленеді. Қабылдауға заттық, тұтастық, тұрақтылық,
саналылық және таңдамалылық сияқты кейбір ерекшеліктер тән. Сезім
мүшелеріне заттың жекелеген жақтары ғана әсер еткеннің өзінде оның тұтас
бейнесі қалыптасады. Мысалы, қараңғыда машинаны тек моторының шуылы арқылы
ғана түйсінуге болады. Әрине, бұл бейне заттың біз білетін жекелеген
қасиеттері мен сапаларын талдап қорыту негізінде, тәжірибе негізінде
қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстарды бейнелеп, оларды нақты бір
ұғымдармен белгілейді, олардың өмірлік мағынасы мен маңызын түсініп, оларға
қатысты әртүрлі ұғымды санадан өткізеді. Қабылдаудың саналылығы, міне,
осында жатыр.
Қабылдаудың таңдамалылығы айналадағыны кім және қай көзқараспен
қабылдайтынына, сондай-ақ, қандай мақсатта қабылдайтынына байланысты.
Қабылдау қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым қабылдау тек
анализатордың қызметі негізінде іске асады. Күрделі қабылдау бірқатар сезім
мүшелерінің қатысуымен жүзеге асады.
Куә мен жәбірленушінің айғақтарының қалыптасуында, көбіне, көзбен көрген
нәрселер орын алады. Ғалымдардың айтуынша, адам қоршаған дүниенің 80
пайызын көзімен қабылдайды екен.
Елес қабылдаумен тығыз байланысты, ол - алдын ала қабылдағанды
қайталаудың және қорытындылаудың нәтижесі. Елес қабылдауға қарағанда
танымның жоғарылау деңгейі. Егер қабылдау сезім мүшелеріне тікелей әсер
етіп жатқан заттардың бейнесі болса, елес дәл сол уақытта сезім мүшелеріне
әсер етпеген заттардың бейнесі.
Елес ассоциациялар арқылы пайда болуы мүмкін, яғни, елестердің арасындағы
байланыс арқылы бір түсінік екінші түсінікті тудырады.
Жәбірленушілер, куәлар көптеген объектілерді қабылдаған кезде оларды
түгелдей, және толықтай есінде сақтамауы да мүмкін. Біреулері – түгелдей,
екіншісі – жартылай сақталынады. Осындай құбылыс, яғни, белгілі бір
заттардың есте көбірек сақталуы қабылдаудың таңдамалылығымен түсіндіріледі,
ал ол зейін қоюға байланысты. Яғни, бұл жағдайда адам санасына көп
қоздырғыштар әсер етеді. Миға үнемі өте көп мәліметтер түсіп отырады, оның
ішінен ең қажеттісін таңдап, белгілі бір қызмет үшін маңызы жоқ нәрселерді
шектеу керек. Зейін адамның психикалық қызметін ұйымдастыратын тетік болып
табылады. Зейін – сананың белгілі бір заттар мен құбылыстарға деген
таңдамалы бағыттылығы, зейін қою таным процестері мен барлық психикалық
қызметке өнімділік пен нәтижелілік береді. Яғни, зейін болмаса ешқандай
психикалық процестің болуы мүмкін емес. Ушинскийдің айтуынша “зейін адам
санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғаратын адам
жанының жалғыз ғана есігі болып табылады”. Бірақ, зейін дербес психикалық
процесс емес, ол басқа психикалық процестермен тығыз байланысты. Адамның
миына көптеген қоздырғыштар әсер етеді, бас миының үлкен жарты шарларының
қыртысында бірнеше қоздырғыштардың ошақтары пайда болады. Берілген қызметке
сәйкес келетін бір ғана ошақ басқа қоздыру ошақтарының қызметін тоқ-татады,
тежейді. Осыған байланысты адамның бір объектіге зейін қоюы күшейеді.
Жәбірленушінің, куәның айғақтары басқа адамдармен сөйлесу арқылы
қалыптасады. Адамды тану процесі – өте қиын психологиялық мәселе, өйткені
адамның сыртқы көрінісі мен ішкі мәнінің байланыстары өте күрделі және көп
қырлы.
Мәліметтерді тергеушіге айтып беру жәбірленушінің, куәнің және тағы да
басқа жауап беріп жатқан адамдардың есте сақтау қабілетіне байланысты. Ес
адамның психикалық өмірінің барлық жақтарына байланысты. Ес қоршаған
дүниені қайта бейнелеу процесі, бірақ есте тек болып кеткен нәрселер ғана
бейнеленеді. Жадында тұту, сақтау және қайта жаңғырту процестерінің өтуі
бұл мәліметтің субъектінің қызметінде қандай орын алатынымен, оның
қаншалықты маңыздылығымен, субъектінің осы мәліметті пайдалануымен
байланысты. Қызметтік мақсатпен, оның негізгі мазмұнымен байланысты
материал есте жақсы сақталады.
Заң қызметкерінің өзі практикалық іс-әрекетте есте сақтау қабілетін
жаттықтыруы қажет. Бұл жаттықтыру есте сақтау қабілетінің басты
заңдылықтарын есепке ала отырып ұйымдастырылуы және жүргізілуі керек. Есте
сақтау күрделі процесс және ол төмендегілерден тұрады:
1) заттарды, құбылыстарды, адамдарды, іс-әрекеттерді, ойларды,
мәліметтерді және т.б. есте сақтау;
2) есте сақталған нәрсені ұмытпау;
3) есте сақталған нәрсені қайта түйсінгенде және қалпына келтіргенде
тану.
Жүйкедегі процестердің мидың үлкен жарты шарларының қыртысында сақталатын
іздері есте сақтау қабілетінің негізі болып табылады.
Жадында тұту – түйсік және қабылдау процестерінде алынған әсерлердің мида
сақталуы. Ол ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Ерікті есте сақтау –
қабылдағанды саналы түрде есіне сақтау. Мұндай жадында тұту еркімен назар
аудару және ынта қою арқылы жүзеге асады. Еріксіз есте сақтау керісінше,
мақсат пен ынтаның жоқтығымен ерекшеленеді. Жадында тұтудың негізгі шарты
сол қабылдап жатқан нәрсені ұғыну болып табылады.
Батыс психологтарының ойынша, есте сақтау қабілеті адамның жасына,
жынысына, кәсібіне байланысты. Мысалы, француз психиатры Деланаи былай деп
айтқан: “Әйел адамның есте сақтау қабілеті ер адамға қарағанда жоғары.
Бозбалалардың есте сақтау қабілеті егде адамдарға қарағанда жоғары”. Есте
сақтау қабілеті 13 жаста өте жоғары деңгейге жетеді, кейін біртіндеп
төмендейді. Қала адамдарына қарағанда ауыл адамдарының есте сақтау қабілеті
жоғары. Тамақ ішер алдында адамның есте сақтау қабілеті жоғары болады. Оқу
есте сақтау қабілетін төмендетеді, сондықтан оқымаған адамдарда есте сақтау
қабілеті жақсы дамыған. Есте сақтау қабілеті кешкі мезгілмен салыстырғанда
таңертең жоғары болады, ал ол қабілет қысқа қарағанда жазда жақсы.
Оңтүстікте тұратын адамдардың есте сақтау қабілеті солтүстіктегі
адамдардікінен жақсы дамыған.
Батыс ғалымдары Гросс және Штерннің пікірінше әйел адамдар көп нәрсені
ұмытпайды, бірақ фактілерді бұрмалайды. Мария Борст және Роза Оппенгеймер
деген психологтар әйел куәлардың есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін
тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Бірақ мұндай көзқарастар, яғни “есте сақтау
қабілеті адамның жынысына байланысты немесе жыл маусымдарына байланысты”
деген ойлар ғылыми дәлелденбеген. Олар – үстіртін байқаудан туған
пікірлер.1
Куәлар мен жәбірленушілердің айғақтарына дұрыс баға беру үшін тергеуші
естің даму процесінің заңдылықтарын білуі қажет. Есте сақтаудың дамуы мен
жетілуі өмір бойы жүреді. Ол адамның жүйке жүйесіне, тәрбиесіне, оқуына,
қызметіне байланысты. Мектепке әлі бармаған балаларда (4-6 ж.) еріксіз және
бейнелі есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Яғни, олар көрген нәрселерін
есіне жақсы сақтайды. Мектепке баратын кішкентай балалар ерікті есте
сақтауды меңгере алады, бірақ қабылдаған нәрсенің мағынасын сөз арқылы
жеткізе алмайды. Сөздік-логикалық есте сақтау қабілеті жасөспірімдерде
қатты дамиды және ол жоғары сынып оқушыларында ең жоғарғы деңгейге жетеді.
20-25 жастағы адамда есте сақтау қабілеті күшті дамиды, мұндай жағдай 40-45
жасқа дейін созылады, содан соң деңгей тұрақтанады, ал кейіннен төмендейді.
Психологияда есте сақтау қабілеті 4 түрге бөлінеді:
1. Көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілеті, яғни, көрген, естіген, дәмдік,
температуралық бейнелерді жадында тұту. Көрнекі-бейнелі есте сақтау
қабілеті адамның оқу және шығармашылық қызметінде өте маңызды рөл атқарады.
Демек, көрнекі-бейнелі есте сақтау дегеніміз – көрген суретті, оқығанды,
естіген дыбысты, адамды есте сақтау қабілеті.
2. Сөздік-логикалық есте сақтау қабілеті ойларды есте сақтау мен қалпына
келтіруде көрінеді. Кез келген ой міндетті түрде сөзбен берілетіндіктен,
есте сақтау қабілетінің бұл түрі сөйлеумен тығыз байланысты. Есте сақтаудың
бұл түрінің ерекшеліктері оқу процесінде ескеріледі.
3. Қозғалысты есте сақтау қабілеті дегеніміз әрқилы қимыл-қозғалыстар
мен олардың тұтастай жүйесін есте қалдырып, сақтау және қайта жаңғырту.
4. Эмоционалдық есте сақтау қабілеті дегеніміз ертеректе орын алған
эмоционалдық күйлерді есте сақтау. Әдетте, жарқын эмоционалдық бейнелер
есте тезірек қалып, еске оңай түседі. Бұрын бастан өткерген сезімді толық
сезіну және мәнін есте сақтау эмоционалдық есте сақтаудың айрықша
ерекшелігі. Сонымен қатар сезім мен естің өзара байланысы түйсінген затқа,
құбылысқа, оқиғаға адамның сезімдік қатынасын білдіреді.
Әрбір адамда осы айтылған төрт түрдің біреуі басым болады. Осының
барлығын ескере отырып тергеуші есте сақтаудың ерекше көрнекі-бейнелі түрі
бар екенін білуі қажет. Ол “эйдетизм” деп аталады. Эйдетиктер көрген
нәрсені есіне толық сақтай алады, сол оқиғаны қазір де көріп тұрған секілді
барлық детальдарын айтып бере алады.
Соңғы жылдары ғалымдар есте сақтауды мерзімділігі бойынша ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді деп екіге бөледі. Мәліметтің еске қысқа уақыттан ұзақ
уақытқа өтуін “ревербация” деп атаймыз. Яғни, бір құбылысты қарастырған
кезде, мәлімет алдымен қысқа мерзімді еске түсіп, кейіннен ұзақ мерзімді
еске өтуі мүмкін. Есте сақтаудың ұзақ мерзімді түрі ең маңызды әрі ең
күрделі болып табылады. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді есте сақтау
қабілеттері туралы мағлұматтарды пайдалану тергеу жұмыстарында өте маңызды.

2. Мәселені шешудегі ойлау мен қиялдың рөлі

Таным адамның табиғатқа белсенді араласуынан, табиғаттағы заттарды
қорытып өңдеуінен, зат қасиетін өндірісте пайдалануынан бастау алады.
Объектілерді тікелей ұқсату сезімдік-тәжірибелік қызметтің бір сәті болып
табылады. Олар түйсіну, қабылдау, түсіну және т.б. формалар арқылы жүзеге
асады.
Ойлардың логикалық қызметі ұғым, пікір, тұжырым, индукция және дедукция,
талдау, жинақтау және т.б. нысандар арқылы, идеялар, болжамдар жасау арқылы
жүзеге асады.
Адамның дүниетану процесінің ең жоғарғы сатысы – ойлау. Егер қабылдау
арқылы дүниедегі нақты заттар ғана бейнеленетін болса, ойлауда адам олардың
арасындағы қатынас-байланыстарын танып біле алады. Яғни, ойлау деп нақты
дүниені өзара барлық байланыс, қатынастармен бейнелейтін психикалық
процесті айтады. Ойлаудың барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы
айналасындағы дүниені қате бейнелеуі мүмкін. Ойлау дегеніміз - табиғат
құбылыстары мен заттарының арасындағы қатынастар мен байланыстардың адам
санасында бейнелу процесі. Ойлау тілдің негізінде қалыптасады. Сөздер ойдың
қабығы болып табылады. Ойлау дегеніміз құбылыстар мен заттардың елеулі
өзара қатынастарын, байланыстарын, қасиеттерін адамның өз санасында
жанамалы түрде бейнелеуі. Ойлаудың мақсаты - белгілі бір сұраққа жауап беру
немесе қандай да бір мәселені шешу. Яғни, қиын жағдайда, бір мәселе
туындаған кезде адамның ойлау қабілеті оянады (мысалы, қылмысты ашу,
ақиқатты анықтау).
Ойлау процесі мына кезеңдерге бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде қызметтің мақсаты санада белгіленіп,
сұрақтар пайда болады, осыларды шешуге әрекет жасалынады. Тергеуші
қызметінде ол қылмыстық істі қозғау барысында көрініс табады.
2. Келесі кезеңде туындаған қиын жағдай талданылады, оның құрама
бөліктері мен байланыстары қарастырылады, олардың себептік жағдайын
түсіндіруге ең алғашқы әрекеттер жасалынады. Ойлаудың бұл кезеңі тергеушіге
түсіп тұратын мәліметтерді зерттеуде орын алады. Яғни, әртүрлі болжамдар
қарастырылады, дәлелденбеген жорамал алынып тасталынады.
3. Мақсаттық кезең шешудің жолдары, әдістері және тәсілдері белгіленеді.
Бұл кезеңде ізденістің бағыты белгіленеді, нақты міндетті шешудің тәсілдері
қарастырылады. Бұл – тергеушінің қылмыстық істі кеңінен қарап жатқан кезі.
4. Мақсатқа жету – қылмыстық істі ашуды білдіреді.
Заңгердің ойлау қызметінің белсенділігін жоғарылату әдістеріне мыналар
жатады:
1. Ойлау қызметінің себептеріне ынталану – белгілі бір мақ-сатқа жету
үшін қатты ықылас болуы қажет, оны түсіну керек, яғни тергеуші өз-өзіне
бағдар қоюы керек.
2. Іздестіру іс-әрекетіне белсенді түрде кірісу. Егер біз қызығып,
талпынып жұмыс жасасақ, ойымыз да жемісті болуға тиісті.
3. Санада пайда болған керекті ойларды сөз арқылы айтып жеткізу қажет.
Бірге істейтін қызметкерлермен пікір алмасу арқылы мәселедегі өзіңізге
байқалмаған немесе білінбеген қайшылықтарды айқындауға болады.
4. Рефлексиялық әдісті пайдалану, яғни қылмыстық іске қатысты адамдардың
қылықтарын дұрыс түсіну үшін тергеуші өзін сол адамдардың орнына қойып,
өзінің сол жағдайдағы іс-әрәкетін қарастыруы.
5. Кейінге қалдыру (отсрочка). Мақсатқа жету мерзімін ұзарту. Кейбір
жағдайларда қанша талпыныс, әрекет жасасаңыз да мәселе сол күйінде шешілмей
қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол жұмысты қысқа уақытқа тоқтатып қойып,
басқа нәрсемен айналысады, яғни өзіне демалыс жасайды (мысалы, театрға,
қонаққа бару, т.б.).
Ой әр уақытта алдыға мәселе қойып, соны шешуге бағытталады. Басқа
психикалық қызметтермен салыстырғанда, адамның ойы ерекше, белсенді
процесс. Ойдың белсенділігіне мына жағдайлар ықпал етеді: 1) ой адамның
айналасындағы дүниемен байланыстан жәй өздігінен пайда болмайды, ойдың
туындау мақсаты – сұраққа жауап беру, мәселені шешу; 2) алға қойған
мәселені шешуге керекті әдіс жолдарын қарастыру. Алға мақсат қоюмен ғана
тынбай, ол мақсатты қандай жолдармен жүзеге асырып, мәселені қалай шешуге
болатынын ерте бастан белгілеп отыру; 3) мәселені шешу үшін ой әрекетінің
жоспарын жасау, оның жорамалын белгілеу; 4) ойдың дұрыс-бұрыстығын
тәжірибеде сынап көру.
Ой адамның түйсік және қабылдау арқылы алған нәрселерін жалпылай қорытып,
жанама түрде бейнелендіріп отырады. Егер сезімдік қабылдау арқылы адам жеке
заттар мен құбылыстарды бейнелесе, ой арқылы бірнеше тектес заттарды,
құбылыстарды бір-біріне қосып, топтастырып, жалпылап бейнелейді.
Адамның ойлау процесі өте ауқымды, күрделі болып келеді. Ол бір жолмен,
бір арнамен жүрмейді, бірнеше әрқилы жолдармен, тәсілдермен жүзеге асады.
Ой тәсілдеріне талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру,
т.б. жатады.
Талдау деп бүтін нәрсені жеке бөлшектерге ажыратуды айтамыз. Адам өзінің
күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап
отырады. Бұл – күрделі құбылыстарды танып-білуді жеңілдететін тәсіл. Адам
бір нәрсені бөлшектеумен ғана тынбай, кейін бөлшектелген, ажыраған заттарды
қайта қосып, тұтас затқа айналдырып отырады. Сондықтан талдау жинақтаумен
қатар жүріп отырады. Жинақтау – ой арқылы бүтіннің бөлшектерін біріктіріп
ойлау, яғни шындықтың заңдылықтарын, оның маңызды байланысы мен
қатынастарын жалпы және жанама бейнелеу формасы. Басқа психикалық
процестерге қарағанда ойлау ең жоғары және күрделі процесс болып табылады.
Философ Спиркиннің айтуынша “ой – адамның миындағы әртүрлі заттар мен
құбылыстардың қасиеті мен байланыстарының бейнесі, ал сөз - осы ойдың
материалдық өмір сүру формасы”. Ойлау құлақпен, мұрынмен немесе көзбен
түсінуге болмайтын нәрселерді тануға мүмкіндік береді. Ойлау – болып жатқан
оқиғаны немесе құбылысты, затты түсініп, білудің қажеттілігінен басталады.
Ойлау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Талдау мен жинақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам саналығын жетілдіру жалпы сана даму үстінде болатын процесс
Психология ұғымы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Тұлғалық ерекшеліктер
Интеллект патологиясы
Тұлға таным субъектісі ретінде
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психология пәні және міндеттері
Адамның психикалық қасиеттері
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Пәндер