Халықаралық әуе құқығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ ҚҰҚЫҚЫ

Орындаған: халықаралық қатынастар
факультетінің 4-курс студенті
Ташегулов А. А.

Тексерген:
Байжанов

Алматы
2007

Жоспар:

1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.
2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары.
3. Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құкықтық реттеу.
4. Әуе қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу.
5. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы

Халықаралық әуе құқығы

1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

Халыцаральщ әуе қуқыгы - бұл құқықтық нормалар мен институттар
жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын
ұйымдастыру жөніндегі мемлекетгер арасындағы қатынастарды ретгейтін осы
заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
1. Бұл құқыктық нормалар мыналарды реттейді:
• халықаралық ұшу және әуе кеңістігінің режимі;
• шетелдік әуе кемелеріне мемлекеттердің ұшу құқығын беру тәртібі мен
шарттары;
• мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшу ережелері;
• шетелдік әуе кемелері мен олардың экипаждарына қойылатын талаптар;
• әуежайларды, аэродромдарды, радиотехникалық құралдарды пайдалану
тәртібі мен шарттарын реттейді.
2. Әуе көлігі қызметі:
• ұшу аппараттарына мемлекеттің әуе кеністігінде үшуға рұқсат берілген
шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарының коммерциялық қызметін;
• шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарына халықаралық әуе желілерін
пайдалануға рұқсат беретін тәртіптер мен шарттарды;
• шетелдік әуе кемелерінің қону бекеттеріндегі коммерциялық
құқықтарының ауқымын; осы мемлекеттің аумағынан өтетін әуе кемелерінің
халықаралық әуе желілерін пайдалану шарттарын реттейді.
Халықаралық әуе құқығының даму тарихын үш кезеңге бөлсек, бірінші және
екінші дүниежүзіпік соғыстар олардың шекарасы болып табылады.
Бірінші кезең ішінде негізінен халықаралық әуе құқығының теориясы
қалыптасты. Әуе кеңістігінін заңдық табиғаты жөнінде халықаралық құқықтық
қоғам көптеген пікірталастар жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңында авиациялық техниканың кеңінен дамуы және майдандарда ұшақтардың
барлау және соғыс мақсатында ойдағыдай қолданылуы, әуе құқығы мәселелері
бойынша алғашқы ұлтгық заңдардың қалыптасуына себеп болды. Сөйтіп,
халықаралық әуе құқығының теориялық даму кезеңі аяқталды.
Осы құқық саласының екінші даму кезеңі мемлекеттің өз әуе кеңістігінде
толық және ерекше егемендігін тәжірибе жүзінде іске асыратын қағидаға
арналады. Бұл қағида халықаралық-құқықтық сенімге ие болып, көптеген
мемлекеттің ұлттық заңдарында бекітілген. Соғыс аяқталған соң әуе
кеңістігінде мемлекеттік егемендік қағидасы үш көп жақты конвенцияда
бекітілген: 1919 ж. Париж Конвенциясы, 1926 ж. Мадрид Конвенциясы және 1928
ж. Гавана Конвенциясы. Париж конвенциясы әуе кеңістігінің режимі жөніндегі
мәселені қарама-қайшы екі шешімде мазмұндайды. Бір жағынан ол мемлекеттің
әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендік қағидасын бекітті, екінші
жағынан ауа еркіндігі аумағы біршама жеңілдіктер жасады, сөйтіп ол
конвенциядағы басқа мемлекеттердің аумақтарының үстімен азаматтық әуе
кемесінін зиянсыз үшуын шешіп берді.
Осылай, Конвенция мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды көрсетумен
қатар, мемлекеттік егемендік теориялар арасындағы және ауа еркіндігі
жөніндегі келісімді белгілеп берді. Антантаның алдыңғы қатарлы державалары
ерекше құқыққа ие болды. Париж конвенциясы екінші дүниежүзілік соғыстың
басына дейін өмір сүріп, 1944 ж. Чикаго конвенциясы қабылданғаннан кейін
ресми түрде алынып тасталды.
Мадридтік (немесе оны басқаша иберо-американдық деп атайды) әуе
навигациясы туралы Конвенция Иберия түбегі (Испания және Португалия)
мемлекетгері мен латынамерикандық мемлекеттер арасында 1926 ж. қабылданды.
Осылай Мадрид конвенциясы Париж конвенциясы режиміне қарсы саяси
демонстрация болды. Дегенмен бұл Конвенция тәжірибе жүзінде жетістіктерге
жете алмады, өйткені оны 6 мемлекет қана бекіткен еді.
АҚШ бастамасы бойынша жасалған американдық мемлекеттер конференциясында
әуе коммерциясы жөнінде 1928 ж. Гавана конвенциясы қабылданды.
Гавана конвенциясының алдыңғылардан айырмашылығы - ол "зиянсыз үшу
құқығын" беріп қана қоймай, қатысушы мемлекеттердің аумағы арасындағы
халықаралық әуе желілерін ұйымдастыруға және пайдалануға қүқықтар берді.
Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы кезеңде халықаралық құқық ғылымында
әуе қозғалыстарын, халықаралық ұшуды реттейтін мемлекеттердің әуе кеңістік
режимін құқықтық негіздеуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Осы позицияда әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қарастырылып отырған кезеңге әуе қозғалыстарының құқығы
ретінде халықаралық әуе құқығы ұғымының шектеулі таддану сипаты тән.
Үшінші кезең екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңінен басталып,
қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңге тән ерекшелік халықаралық
әуе құқығында халықаралық әуе көлігінің құқықтық мәртебесіне қатысты
мәселелерді қарастыру.
Халықаралық аренаға азаматтық авиацияның кең түрде шығуы, тұрақты
халықаралық авиажелілердің ұйымдастырылуы көптеген елдерді байланыстырьш
отыратын, барлық мемлекеттерге ортақ (халықаралық) әуе қатынастары,
жолаушылар мен жүктердің әуе тасымалдауының халықаралық ережелерінің
қажеттігін көрсетті.
Халықаралық әуе құқығында әуе көліктерінің халықаралық қызметін
реттейтін құқықтық нормалардың қалыптасуында 1944 ж. Чикаго конференциясы
маңызды сатылардың бірі болды. Халықаралық азаматтық авиация туралы
Конвенция және тұрақты әуе қатынаста-рындағы коммерциялық құқық туралы
көпжақты екі келісімнің қабылдануы осы халықаралық форумның жұмыс нәтижесі
еді.
Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі 1944 ж. Чикаго Конвенциясы
соғыстан кейінгі халықаралық әуе қатынастарын ретгеудегі өте маңызды қадам
болды. Чикаго Конвенциясы Біріккен ¥лттар ¥йымыньщ мамандандырылған
мекемесі болып табылатын тұрақты халықаралық авиациялық ұйым - халықаралық
азаматтық авиация ұйымы ИКАО-ны құрды.
ИКАО-ның негізгі мақсаты халықаралық әуе навигациясының қағидалары мен
техникаларын дамытудан және халықаралық әуе көліктерін жоспарлау мен
дамытуды қолдаудан тұрады, олар:
• әлемде халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз және жүйеленген
дамуын қамтамасыз ету;
• ұшақтарды бейбіт мақсатта пайдалануды ынталандыру;
• халықаралық азаматтық авиациялар үшін авиажелілер, авианавигациялық
құралдарды дамытуды ынталандыру;
• әлем халықтарының қауіпсіз, жүйелі, тиімді әуе көлігіне деген
сұраныстарын қанағаттандыру;
• пайдасыз бәсекелестіктің кесірінен болатын мағынасыз экономикалық
шығындарды болдырмау;
• мүше мемлекеттер қүқықтарының толық құрметтелуін қамтамасыз ету және
олардың әрқайсысының халықаралық авиажелілерді пайдала-нудағы әділ
мүмкіндіктерге ие болуына кепілдік беру;
• мүше-мемлекеттер арасында кемсітушіліктерге жол бермеу;
• халықаралық авиажелілердегі ұшу қауіпсіздігін нығайту;
• халықаралық азаматтық авиаұшулардың барлық жақтарының жалпы дамуына
қолдау көрсету.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұшақтар мен олардың жабдықтарының
біршама бөлігінін құрастырылуы мен пайдаланылуын айқындайтын бірқатар
халықаралық стандарттар мен тәжірибелік шаралар қабылдады. Бұл стандарттар
авиакөлік компаниялары ұшқыштарының, ұшу экипаждарының әуе қозғалысы
қызметі оператор-ларының, жердегі экипаждардың қызметтік міндеттерін,
коммерциялық авиакөлікпен тасымалданатын қауіпті жүктерді тасымалдау
ережелерін анықтайды. Сонымен қатар, олар халықаралық әуежайларда
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар мен рәсімдерді белгілейді.
ИКАО әр турлі кедендік, иммиграциялық (төлқұжаттық), санитарлық
ресмилікті қысқарту арқылы халықаралық шекаралардан өтуді жеңілдетуге
тырысады. ИКАО шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу жөнінде ережелер
жасайды. Ол сондай-ақ ұшақ жүргізу үшін бүкіл әлемде аэронавигациялық
карталарды дайындайды. Ол сонымен қатар авиациялық электр байланыс жүйесін
жүргізеді: олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету радиожиілігі мен рәсімдері.
Барлық мемлекетгер өкілдерінің жиналысы - Бас Ассамблея - ИКАО-ның ең
жоғары органы болып табылады, онда әрбір мемлекет бір дауысқа ие. Бас
Ассамблея үш жылдық мерзімге сайлайтын Кеңес - ұйымның басты атқарушы
органы болып табылады. Кеңес Бас директорды тағайын-дайды, ИКАО-ның
қаржыларын жүргізеді, халықаралық аэронавига-цияның нормаларын белгілейді,
тараптардың өтініштері бойынша халықаралық азаматтық авиацияға байланысты
кез келген дауларды қарастыру бойынша трибунал ретінде шыға алады. Кеңесті
Президент басқарады. Арнаулы мекеменін штаб-пәтері Монреальда орналасқаа
Заң саласында ИКАО халықаралық келісімдерді тіркеуді жүргізеді, ұлтгық әуе
заңдарын жүйелейді, халықаралық келісімдердің жобаларын жасайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, 1944 ж. Чикаго конференциясы,І Халықаралық
азаматтық авиация туралы конвенциядан басқа, Халықаралық әуе желілері
бойынша транзит туралы келісім ("екі ауа еркіндігі" туралы) және
халықаралық әуе көлігі жөніндегі келісімді ("бес ауа еркіндігі" туралы)
қабылдады. Халықаралық әуе құқығының маңызды қайнар көздерінің қатарына
халықаралық әуе тасымалдарына қатысты және халықаралық желілердегі
авиатасымалдаушылардың жауаптылығы туралы кейбір ережелерді біріздендіруге
арналған 1929 ж. Варшава конвенциясын; Жер үстінде шетелдік әуе кемелеріне
және үшінші тұлғаларға келтірілген залалдар туралы 1952 ж. Варшава
конвенциясы және оның 1978 ж. қосымша хаттамасын; Әуе кемесі бортындағы
қылмыстар және басқа да әрекеттер туралы 1963 ж. Токио конвенциясын; Әуе
кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы 1970 жылғы Гаага конвенциясын;
Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған зансыз актілермен күрес
туралы 1971 ж. Монреаль конвенциясын және оның 1978 ж. Қосымша хаттамасын;
Ашық аспан жөніндегі 1992 ж. Шартты жатқызуға болады.

2. Халықаралық әуе құқығыныц негізгі қағидалары
Халықаралық әуе құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық
құқықтың көпке танылған қағидаларына негізделеді. Сонымен қатар, әуе құқығы
қағидалары жүйесіне халықаралық азаматтық авиацияның қызметін реттеп
отыратын арнаулы қағидалар мен нормалар кіреді. Оларға мыналар жатады:
• әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендік қағидасы;
• халықаралық әуе кеңістігінде еркін ұшу қағидасы;
• халықаралық әуе қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қағидасы;
• әуе кемелерінің заңсыз килігу әрекеттерінен қорғау қағидасы;
• тіркеу негізінде кеменің ұлттық негізін мойындау қағидасы;
• әуе кемелеріне және үшінші мемлекеттерге тигізген зияндарды өтеу
қағвдасы.
Солардың кейбіреуін қарастырып өтейік.
Осы заманғы халықаралық әуе құқығының құқықтық қағидалары әуе
кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендік қағидасына
негізделеді. Бұл осы заманғы халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған
қағидаларының бірі.
Халықаралық кұқық теориясы әуел бастан әуе кеңістігінде мемлекеттің
ерекше және толық егемендігін мойындау қағидасын ұстанып отыр, ейткені әуе
кеңістігі мемлекеттің ажырамас бөлігін альш жатқандықтан, мемлекет сол
аумақ шегінде өзінің жоғары билігін жүргізеді, демек әуе кеңістігіндегі
егемендік біртұтас мемлекеттік егемендіктің бір бөлігін қүрайды.
Мемлекеттік егемендіктің бұл элементі оны халықаралық конвенциялар мен
басқа келісім-шарттардың мойындағанына қарамастан, өмір сүреді.
Мемлекеттік егемендік нақты мемлекеттің аумағын қоса алғанда, құрлық
және су аумағының ұстіндегі барлық әуе кеңістігіне тарайды. Аумақтық
сулардан сауда кемелерінің бейбіт өту ережелері әрекет ететін халықаралық
теңіз құқьиынан айырмашылығы, халықаралық әуе құқығы егер іргелес жатқан
мемлекеттің арнаулы рұқсаты болмаса, аумақтық сулардьщ үстімен азаматгық
кемелердің бейбіт ұшьш өтуін мойывдамайды.
Әуе кеңістігінің мемлекетгік егемендігі әуе кеңістігінің өзінің шегімен
шекгеледі және ұшы-қиырсыз ғарышқа дейін жалғаса алмайды. Көптеген ғасырлар
бойы мемлекетгік егемендіктің жоғарғы шегі туралы мәселе тек қана теориялық
қызығушылықпен ғана қарастырылатын. Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің,
авиация мен авиациялық қатьшастардың дамуымен егеменді әуе кеңістігінің
жоғарғы шегін бекіту қажеттігі туындады. Жердің алғашқы жасаңды серігінің
пайда болуы және ғарыпггың еркіндік қағидасының бекітілуіне байланысты, бір
жағынан, ұлттық әуе кеңістігінде мемлекетгің егемендік қағидасы, екінші
жағынан, ғарыш еркіндігі қағидасы туралы мәселе кеңістік шегі жөнівде
туындады.
Ғарыштық кеңістікті пайдаланудағы мемлекеттердің халықаралык іс-
тәжірибесі жердің айналасындағы орбитада еркін ұшып жүргең соның ішінде ең
төменгі перигейлерді (регі - грек сөзі айналасындағы,
қасындағы+§е грек сөзі -жер - ай орбитасының немесе Жер орталығына
жақын тұратын Жердің жасанды серігінің орбитасының нүктесі деген сөздерден
шыққан) мемлекеттердің ғарыш кеңістігінде орналасқан деп қарауьшан шығып
отыр, яғни ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігі қағидасының бір саласы
больш табьшады. Халықаралық қүқықта, бір салт-дәстүр қалыптасып қалған,
соған орай ғарыш кеңісгігі жердің жасанды серіктері орбитасының ең төменгі
перигейлерінің биіктігінен басталады. Бұл биіктік мұхит деңгейінен шамамен
100 км., ол әуе кеңістігіндегі үлттық егемендік осы шектен жоғары бола
алмайды дегенді білдіреді.
Әуе кеңістігівдегі мемлекет егемендігі ұғымының мазмүнына барлық әуе
қозғалыстарын, сондай-ақ өз меншіктеріндегі және шетелдік кемелердің
коммерциялық қызметін, әуе кемелеріне, олардың экипаждарына және осы
кемелердегі жолаушыларға, жүктерге және нақты мемлекеттің аумағында болған
кездегі поштаға қатысты әкімшілік, аумақтық, қылмыстық юрисдикцияны реттеу
құқығы жатады. Мемлекеттердің қылмыстық санкцияларды қолдануы
мемлекеттердің саяси, экономикалық мүдделерін қорғауға, олардың
қауіпсіздігщ оның әуе кеңістігіндегі әуе қозғалыстарының қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталғаң Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
306- ба^.Ін-да маршруттарда рұқсат етілген қону орындарын, әуе қақпаларың
(яғни, мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттері), ұшу биіктігін сақтамау
немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бүзушылықтар үшін жауапкершілік
көзделген. Сонымен бірге, Қазақстан заңдарында әуе көлігі жүмысшыларыньщ,
олардың көлік қозғалысы немесе келік қүралдарын сапасыз жөндеуі, сигнал
беру жүйесі мен байланыс құралдарын, сондай-ақ әуе кемелеріқ үшуды
қамтамасыз етудің жердегі қүралдарын, байланыс немесе сигнал беру жүйесін
қасақана бүзғаны немесе құртқаны үшін қылмыстық санкцияларды қолдану
көзделген (ҚР ҚК-нің 12-тарауы - "Көліктегі қылмыстар").
Мемлекеттің азаматтық-құқықтық және әкімшілік юрисдикциясы мәселелеріне
мыналар жатады: шетел әуе кемесінің заңдық мәртебесін анықтау; кеме
командирінің қүқықтарын анықтау; әуе кемесі бортында жасалған азаматтық-
қүқықтық әрекеттерді реттеу; басқа кемелерге әуе кемесінің зақым тигізу
жағдайлары кезінде әуе кемелері иелерінің жауапкершілігі; жер үстіндегі
үшінші жақтарға үшып жүрген әуе кемесі тигізген зияндар үшін жауаптылық; ең
соңғысы әуе тасымалдау-шыларының жүк иелері мен жолаушылар алдындағы
азаматтық-құқықтық жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 30 қаң-
тарындағы әкімшілік қүқық бұзушылық туралы кодексінің 27-тарауы көліктегІ
әкімшілік жауапкершілікке арналғаа Соның ішінде, 442-бап - Қазақстан
Республикасы әуе кеңістігін қолданудағы тәртіп бұзушылықты анықтайды; 446-
бап әуе кемесінде өзін-өзі ұстау тәртібін бұзушылық жауапкершілігін
белгілейді; 445-бап - әуе кемесін мас күйде басқару жауапкершілігіне
арналған.
Халықаралық әуе кеңістігінде еркін ұшу қағидасы._Халықаралық әуе
кеңістігіне ашық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуе құқығы
Халықаралық жеке құқық
Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге асыру құқығы
Ғарыш объектісін орбитада сақтандыру
Әскери және госпиталдық кемелер мен ұшу аппараттарының, парламентердың, тыңшының, барлаушының, жалданушының, медициналық және діни қызмет өкілдерінің, журналисттер, инструктор мен кеңесшілердің құқықтық мәртебесі
Жолаушы мен жүктерді халықаралық тасымалдау
Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Тасымалдау құжаттары
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Пәндер