Экология құқығының объектілері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Экология құқығының объектілері 2
Экология құқығының принциптері 4
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы 5
Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды
мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі 6
Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмұны 7
Айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 7
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері. 8
Қазақстан Республикасының жер қорының түсінігі және оның құрамы, жерді
қоргау объектілері, жер құқықтық қатынастары және оның объектілері мен
субъектілері 9
Қазақстан Республикасының су құқықтық ережелері. 10
Орманның құқықтық ережелері 11
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қорғау 12
Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ортаның жағдайы 13
Айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің түсінігі және құрамы 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 17
Кіріспе
Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты
заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды
жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды. Ол – барлық басқа заңдардың түпнұсқасы.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және минералдық шикізатты
ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін
молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.
Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен
міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық
қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға,
қорғауға, тәртіпті нығайтуға және заңдылықты орындауға қызмет етеді.
Экология ( грекше oikos – үй, мекен, logos - ғылым ) – жанды
организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық
ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін
ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қорғау
ісіне кеңінен мән беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының экология құқығы - айналадағы табиғи ортаны
қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің
жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экология құқығының негізгі такырыбы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану,
ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол
қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бұл ретте табиғат
қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан
бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін
пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.
Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға
бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақурыбы институтын
құрайды.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жагынан екіге бөлінеді — жалпы
бөлім және ерекше бөлім.
Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік экология қызметі оның табиғатты
қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде табиғат қорларын есепке
алу, бағалау, айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың
экономикалық тетіктерін белгілеу (жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу т.б.),
экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды
1. Экология құқығының объектілері
Табиғатта Күн, оның сәулесі, Ай, оның жарығы, алып су қоймалары (мұхит,
Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антарктида, жел және басқа байлықтар бар.
Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң
аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін гайдалану
құқығына ие бола алады. Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен
Антарктидадағы табиғат байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім
бойынша жүргізіледі.
_Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары
байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар
дейміз.
Экология құқығының объектілері — айналадағы табиғи ортаны құрайтын,
адамның тіршілік қажеттіктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның
экологиялық денсаулығы мен өмірі.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына — мемлекет аумағындағы жер,
жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі,
табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты
байлықтар жатады.
Республиканың жер көлемі батыста — Еділ өзенінің төменгі ағысынан,
шығыста — Алтайға дейін 3000 шақырымға созылып, Батыс Сібір кеңістігінен
Тянь-Шань тауларына дейінгі 1600 шақырым қашықтықты алып жатыр. Бұл аумаққа
(2 717,3 мың км2) Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Швеция,
Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгелімен сыйып кетеді. Пайдалы
қазбалардың Менделеев кестесінде көрсетілген барлық элементтері Қазақстан
Республикасының аумағында кездеседі. Оның ішінде, әсіресе ол мұнай, газ,
түсті металл қазыналарына бай.
Орман қоры республика аумағының бар болғаны 3 процентін алып жатыр. Ол
көлемі жағынан бұрынғы Кеңестер Одағында Ресейден кейінгі екінші орын
алатын. Оның көлемі 21775 мың гектарға жуық. Еліміздің аумағында құстың
475, аңның 152 түрі, 6 мыңнан астам су қоймасында балықтар бар.
Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар
мол екені аңғарылады. Олар халықтың сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының заңында құқықтық реттеуге жататын жоғарыда
көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер
қойнауы, су, орман, сан алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі,
дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар (өңірлер), табиғи қорықтар, табиғи
заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты
мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиги экологиялық жүйелер
мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер бар.
Құқықтық қорғалуға тиісті объектінің ерекше түріне адамның денсаулығы мен
өмірі де жатады. Адамның денсаулығы мен өміріне айналадағы табиғи ортаның
қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына жол бермеу
сияқты экологиялық қатынастар экология құқығының объектісі бола алады.
Аталған табигат объектілері мемлекет меншігіне айналған және оған
жатпайтын объектілер болып бөлінеді. Мемлекет меншігіне жататындар — жер,
оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. Олардың ішінде
кешенді табиғат объектілері де табиғи қорықтар, табиғи заказниктер,
ландшафтар, ұлттық парктер және табиғат ескерткіштері бар. Бұл табиғат
объектілері тек қана мемлекеттің меншік объектілері болып саналады. Жердің
климаты, озонды қабаты, атмосфералық ауа, биосфераның құрамдас бөліктері
табиғат объектілері болғанымен, мемлекеттік меншік объектісі емес.
Қазақстан Республикасының меншік туралы заңында ауа кеңістігі тек қана
мемлекеттің меншігі болып табылады. Себебі ауа кеңістігі — ұшақтар, тік
ұшақтар және басқа ұшатын аппараттар үшін табиғи орта және республика
аумағының аспандағы биосфера қабаты. Бірақ Қазақстан Конституциясында және
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңында
ауа кеңістігі мемлекеттің меншігі және табиғат объектісі есебінде
көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының ауа кеңістігі туралы арнайы қабылданған заңы да
жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының ауа кеңістігін экология құқығының
объектісі деуге қазірше заңды негіз де жоқ.
Табиғат қорларына заңдарда құқықтық мәні бар қосымша нышандар беріледі.
Мысалы, жер қорғалатын табиғат объектісіне оның жоғарғы қабаты, құнарлы
топырағы және теңіздердің, көлдердін, өзендердің табандары жатады. Жер
қойнауына шаруашылыққа пайдаланатын табиғи ортаның бір бөлігі — жер асты
мен пайдалы қазбалары жатады. Су көзіне — жер үстіндегі және жер астындағы
сулар мен табиғи мұздақтар, ормандарға табиғи ағаштар мен бұталы алқаптар
жатады.
Табиғи ресурстар — азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, құрылыс материалдары,
тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.
Табиғи ресурстар қалпына келетін, жанартылатын, қалпына келмейтін,
жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді. Мысалы,
топырақтың құнарлылығы, орман қалпына келтірілетінге, жаңартылатынға, кен
қалпына келмейтін және су сарқылатын байлықтарға жатады. Сондықтан табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау экологиялық құқықтың негізі
болып табылады.
Айрықша қорғалатын табиғат объектілеріне қорықтар, ұлттық, тарихи, табиғи
және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық
аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендрарийлер, сондай-ақ
Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер, курортты және
рекреациялық аймақтар жатады.
Экология құқығының принциптері
Экология құқығының принциптері — мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет
орындарының, ұйымдардың және басқа құрьшымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.

заңында айналадағы табиғи ортаның жай-күйіне ықпал ететін шаруашылық,
басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктер мен
ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ
азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:
— адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен
басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмыс, еңбек және демалыс үшін
қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету;
— қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына басымдық
бере отырып, ғылыми түрғыдан негіздеп ұштастыру;
— айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға
зиянды зардаптар жасалуын шектеу;
— табиғатты жалпы тегін пайдалану;
— табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;
— табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға
бағытталған шараларды көтермелеу;
— шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі жариялылық;
— қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз байланыстыру;
— айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және халықаралық
мүдделерді ұштастыру;
— табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға,
кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген
зиянды толық өтеу;
— шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға жасайтын
ықпалын нормалап отыру;
— табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы табиғи ортаны қорғау
мәселелерін кешенді түрде шешу;
— айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау, оны
бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау;
— айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметтің
кез келген түрлеріне міндетті түрде экологиялық сараптама жасау және оны
ғылыми негізде жүзеге асыру.
Аталған принциптер "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы", табиғи
ресурстар туралы және басқа да табиғат туралы заңдарда көрініс тапқан. Олар
— заңның принциптік ережелері.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғи ресурстарды пайдалану — қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері — адамдар өздерінің экологиялық,
экономикалық, мәдени-сауықтыру, эстетикалық қажеттіктерін өтеу үшін табиғат
объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасында "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңда
табиғатты пайдалану ұғымын кеңінен қолданады. Ал, шын мәніңде, онда табиғи
ресурстарды пайдалану жөнінде сөз болады. Оны табиғи объектілердің құқықтық
жағдайы, аталған заңның табиғи ресурстарды пайдалануға беру ережелері
айқывдайды.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы заңдарда жан-жақты қарастырылған.
Онда табиғи ресурстарды пайдалану оларды қорғаумен тығыз байланысты
болғандықтан, табиғатты қорғау, соның ішінде табиғатты пайдаланушылардың
оны қорғау міндеттері де қамтылды.
Бұл табиғатты қорғау заңдарының ғана емес, ол Қазақстан Республикасы
Конституциясының да талабы.
Онда "Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен бостандығының жүзеге
асырылуын оның міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды, бұл міндеттердің
орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін
қажет" деп көрсетілген (28-бап).
Ал табиғат қорғау заңында көрсетілген азаматтардың жалпы айналадағы
табиғи ортаны қорғау саласындағы міндеттері мынадай:
1. Қазақстан Республикасының Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы және
Қазақстан Республикасының өзге де табиғат қорғау, табиғи ресурстар
жөніндегі заңдар талаптарын қатаң сақтау.
2. Еңбек қызметінде және тұрмыста табиғатқа және оның объектілеріне
үқыпты қарауды қаматамасыз ету.
3. Табиғат қорғау органдары мен қоғамдар қызметкерлерінің заңды
талаптарын мұлтіксіз орындау.
4. ӨзГнің кінәсінен айналадағы табиғи ортаға келтірілген зиянды толық
көлемінде өтеуге міндетті.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: табиғатты пайдалану құқығы —
табиғи ресурстарды пайдаланушылардың заңда көрсетілген құқығы мен
міндеттерінің жиынтығы.
Табиғат ресурстарын пайдалану барысында оларды орынсыз, тиімді
пайдаланбағандықтан, оның принциптерін сақтамағандықтан, сапасын
бұзғандықтан, улы, зиянды қалдықтармен ластағандықтан табиғи ортаның
нашарлап, адамдардың денсаулығына және өміріне қауіпті жағдайлар тууы
мүмкін. Сондықтан табиғат қорғау заны табиғи ресурстарды пайдаланумен қатар
адамның өмірі мен денсаулығына айналадағы табиғи ортаның ыңғайлы болуы
құқығын экология құқығының объектісі деп санайды.
Табиғатты шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалынан қорғау
ресурстарды пайдаланудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай екіге бөлуге болады.
Б і р і н ш і с і — табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық
сауықтыру, өнегелі-эстетикалық қажеттіктер үшін пайдалану құқығы.
Е к і н ш і с і — табиғи рссурстарды адам өмірі мен денсаулығы үшін
пайдалану құқығы.
Бірінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи қорлардың
белгілі бір түрін немесе түрлерін заңдарда көрсетілген мақсаттарға тиімді
пайдалануды және оларды қорғауды көздейді.
Екінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы атмосфералық ауаның
тазалығын, климатқа, жерге, орманға, суға, тағы басқа табиғат объектілеріне
табиғи немесе жасанды апаттың болмауын талап етеді.

мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі
Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны
қорғауды мемлекеттік басқару — қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,
яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.
Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болагын үш
жағдай бар.
Б і р і н ш і — Қазақстан Республикасы — табиғи ресурстардың жеке дара
меншік иесі.
Е к і н ш і — Қазақстан Республикасы — халықтың ресми өкілі.
Ү ш і н ш і — айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен
денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет,
оның органдары мен лауазымды адамдары заң жүзіндебелгіленген өкілеттіктері
шегінде жүзеге асыру құқына ие болады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды — жер, су, орман, жер
қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы,
қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы
саласындағы бағдарламалардын, жоспарлардың және шаралардың орындалуын
ұйымдастыру, іске асыру болып табылады.
Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері —
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасында
"Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заң, Жер кодексі, Жер қойнауы және
минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, Су, Орман кодекстері, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы және басқа экологиялық
заңдар мен заңдық актілер.
Басқарудың нысандарына заң шығарушылық, құқық қолданушылық, құқық
орындаушылық және құқық корғаушылық қызметтері жатады.
Басқарудың мақсаты — экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және
шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау,
табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің
бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның
қолайлы болуына жағдай жасау.
Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру,
түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық
тәртіп пен ережелерді бұзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады.
Экологиялық басқарудың мақсаты мен әдістсрі осы саладағы экологиялық
заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мазмұны
болып табылады. Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық
құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың іс-әрекетіне, қызметіне
және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына
байланысты болады. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала
отырып, атқарылатын экологиялық қызметті мынадай түрлерге бөлеміз:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бағдарламасын,
облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге
асыру.
2. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың
экономикалық тетігін белгілсу (айналадағы табиғи ортаны жоспарлау,
экологиялық бағдарламаларды және оны қоргау жөніндегі шараларды
қаржыландыру).
3. Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу тәртіптерін
белгілеу.
4. Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, олардың кадастрларын жүргізу.
5. Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру.
6. Айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалау.
7. Табиги қорларды пайдаланудың экологиялық нормативтерін, лимиттерін
белгілеу.
8. Ластайтын заттарды айналадағы табиғи ортаға шығару мен ластаудың жәнс
қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.
9. Республикалық табиғат қорғау қорын құру және оның жұмсалу тәртібін
белгілеу.
10. Айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға мемлекеттік қадағалау
және оған бақылау жүргізу.
11. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.
12.Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат аймақтарын белгілеу.
13. Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыру.
14. Айналадағы табиғи ортаны коргау, табиғи ресурстарды пайдалану және
қорғау, айналадағы табиғи ортаның адам өмірі мен денсаулығына
қолайлы болуына жағдай жасау туралы заңдар мен заң актілерді
дайындау және қабылдау.
Қазақстан Республикасының экология туралы заңдарында экологиялық
қызметтің басқа да түрлерінің қаралуы және қызметтердің мазмұнына
өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Аталған экологиялық
қызметтер басқару және өкілетті органдардың, лауазымды адамдардың заңда
көрсетілген құзыреті мен
өкілеттілігі шегіндс жүзеге асырылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмұны
Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмұны республикалық,
облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалар мен жоспарларда қаралған
шаралар, табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың, қаржыландырудың, оны
пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сонан келген зиянды өтеудін, пайдалануды
шектеудің, нормативтердің, жаңғыртуды көтермелеудің ережелерін, табиғатты
қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық және басқа экологиялық қызметтердін
ережелерін қамтиды.
Айналадағы табиғи ортаны қорғауды жоспарлау қоғамның экологиялық және
экономикалык, мүдделерін ғылыми негізде үштастыруды қамтамасыз етіп,
соңғысына басымдық беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық және
әлеуметтік дамуының мемлекеттік экологиялық бағдарламасы негізінде,
Қазақстан Республикасының және онын жекелеген аймақтарынын, табиғи қорлары
мүмкіндіктерін, табиғат қорғау заңдарының талаптарын сақтауды ескере отырып
жүзеге асырылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы республикалық және салалық
жоспарлау аумақтық жоспарлаудың көрсеткіштері негізінде іскс асырылады.
Айналадағы табиғи ортаның сапасын мөлшерлеу халықтың экология жағынан
кауіпсіздігіне кепілдік беретін, атмосфералық ауаны, суды, жерді,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін ластаудан қорғауды, шаруашылық және өзге
де қызмет нәтижесінде табиғи рссурстарды тиімды пайдалану мен жаңғыртуды
қамтамасыз ететін, жол беруге болатын шекті нормаларын белгілеу мақсатымен
жүргізіледі.
Айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

өзінің алдына шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен сол ортаның жайы
мен өзгерістеріне бақылауды, оны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану туралы заңдардың талаптары мен оның сапалық нормативтерін
сақтау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын тексеруді міндет етіп
қояды.
Осы міндеттерден табиғи ортаны пайдалануды және қорғауды бақылау — бұл
құқықтық қорғауды іске асыратын өзіндік жүйесі бар, дербес мемлекеттік
қызмет екені айқындалады. Оның объектілері жалпы айналадағы табиғи ортаны
қорғауды бақылау міндеттерінен туындайды.
Айналадағы табиғи ортаны пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылау жүйесі мемлекеттік, ведомстволық өндірістік және қоғамдық
бақылаудан тұрады.
Мемлекеттік бақылауды барлық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының
экология және биоресурстар жөніндегі министрлігінің органдары және арнайы
уәкілдік берілген өзге де органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге
асырады.
Ведомстволық бақьшауды министрліктер, ведомстволар жүзеге асырады және
өзіне айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мен жаңғырту, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен
шаралардың орындалуын тексеруді, табиғи орта сапасы нормативтерінің
сақталуын, табиғат қорғау заңдары талаптарының, Экология және биоресурстар
жөніндегі министрлік пен арнайы уәкілдік берілген өзге де органдар
бұйрықтарының орындалуын тексеруді міндет етіп қояды.
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
Экология заңдарын бұзу – белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және
табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе
әрекетсіздік.
Экологиялық тәртіп — адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы
табиғи ортаның қолайлы болуына құқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және
болашақ ұрпақтың мүдделері үшін айналадағы табиғи ортаны қорғаудың, адам
қызметінің осы ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-
теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі
түпкі бастамаларының (принциптерінің) жүйесі.
Табиғи ортаға зиян келтіру — табиғат объектілеріне, оның адам өмірі мен
денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды
әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.
Экологиялық салдарға табиғи ортаның таза болмауы, бұзылуы, адам қызметіне
және денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болмауы жатады.
Экономикалық салдарға табиғи қорлардың сарқылуы, бұзылуы, табиғаттан
алынатын табыстардың азаюы немесе болмауы, табиғатты қалпына келтіру
шығындары жатады.
Экология заңдарының (жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны және
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және басқа табиғатты қорғау
заңдарының) тиісті бабтарында құқықтық жауаптылық түрлері көрсетілген.
Жер кодексінің XXXV тарауы — "Жер заңдарын бұзғандық үшін жауаптылық",
"Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы" кодексінің XV бөлімі
— "Жер қойнауы жэне минералды шикізатты ұқсату туралы заңдарының бұзылғаны
үшін жауаптылық", Су кодексінің XXVI тарауы — "Су заңдарын бұзғаны үшін
жауаптылық", Орман кодексінің 75-бабы — "Орман заңдарын бұзғандық үшін
жауаптылық" деп аталады.
Осындай тараулар мен баптар "Атмосфералық ауаны қорғау туралы",
"Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін арттыру және пайдалану туралы"
заңдарда да бар.
Экологиялық заңдарда құқықтық жауаптылықтың қылмыстық, әкімшілік,
материалдық (азаматтық) тәртіптік түрлері көрсетілген. Айналадағы табиғи
ортаны қорғау туралы заңның 69-бабында тәртіптік және материалдық
жауаптылықтың, 70-бабында әкімшілік жауаптылықтың, 71-бабында қылмыстық
жауаптылықтың қандай әрекет қемесе әрекетсіздіктің нәтижесінде туындайтын
түрлері көрсетілген.
Экологиялық тәртіпті бұзудың төрт белгісі бар: тәртіпті бұзушының кінәсы,
заңға қарсы бағыт, заңды бұзудан келген зиянның себепті байланысы, табиғи
ортаға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян немесе ондай залалдың
сөзсіз болу қаупі. Тәртіп бұзушының кінәсы: қасақана немесе абайсызда болуы
болуы мүмкін. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді
пайдалану туралы заңды қасақана бұзады. Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа
бөлуге болады.
Бірінші топқа — табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алуға-
сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға және осы
сияқты жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын
әрекеттер жатады.
Екінші топқа — жер, оның қойнауы, су, орман, барлық сан алуан түрлері
бойынша алғанда жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек
кездесетін ландшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи
парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ
атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер мен биосфераның
компоненттері (сыңарлары) ретінде өзге де табиғи объектілерін қорғау,
пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзге де ұтымсыз әрі салдыр-салақ
пайдалану әрекет немесе әрекетсіздіктер жатады.
Үшінші топқа — адамдардың деңсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне
табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін
заң бұзушылықтарының түрлері жатады.
Табиғатты пайдалану және қорғау туралы заңдарын аталған үш топқа бөлгенде
айналадағы табиғи ортаны қорғауға тиісті объектілер ескеріліп отыр. Егер
мемлекеттік мүддесін басшылыққа алсақ, онда табиғат қорғау заңдарын бұзғаны
үшін жауаптшіықтың түрлерін мемлекеттің қоғамдық мүдделеріне, экологиялық
және экономикалық мүдделеріне қарсы бағытталған түрлеріне бөлуге болады.

субъектілері
Жерді құқықтық қорғау дегеніміз — жердің құнарлылығын сақтау, арттыру,
иемдену және пайдалану ережелерін сақтау, жерді ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық және басқа да кешенді шаралардың
жиынтығы.
Жерді құқықтық қорғау шаралары жер туралы заңның негізгі мазмұнын
құрайды. Олардың көпшілігі жер иемденушілер мен пайдаланушылардың, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz