Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 2
2. экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері 3
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Бүгінгі күні, Республикада Мемлекеттік шектеулік саясаты нәтижесінде
макроэкономикалық тепе-теңдікке жетеміз деп айтуға болады. Мемлекеттің
экономикалық саясатының белгіленген деңгейіне жету барысында реформалардың
келесі кезеңі ұсынылады. Бұл – экономикалық өсу және құрылымдық өзгерістер
кезеңі. Осы кезең Қазақстан халқына жіберілген Мемлекет Президентінің
жолдауында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ең маңызды мақсаты болып
белгіленген, яғни “Экономикалық өсудің” іске асатын тұрақты және өсімді
қарқындарына жету ретінде (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан 2030) үлкен маңыз
беріліп отыр.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу кез келген қоғамға тән актуальды құбылыс.
Ол кеңестік дәуірдің өзінен ақ ерекше маңызға ие болған. Кеңес одағы өмір
сүруін тоқтатқан кездегі қоғамдағы дағдарыс көптеген бұрынғы одақтас
республикаларда саяси, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық қайшылықтардың
шиеленісуіне әкеп соқты. Бұл жаңа қоғам жағдайына өтуге дайын
болмағандықтың көрінісі еді.
Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып
экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтыну рыногы мүмкіндігінің
қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың
өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс
қалмады.
Қазақстанда қылмыстылық деңгейі 80 жылдардың соңында жедел өсіп,
жоғары күйінде қала берді, соңғы жылдардағы криминалдық өзгеріс,
қылмыстылықтың санының ғана өсуі емес, сонымен бірге қылмыстылық сапасының
өзгеруі болды.
Мемлекеттің экономика саласындағы қылмыстарға бақылау жасап, оның
алдын алуы заңды нәрсе. Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және
қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстармен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.
1. экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық кодекстің 7-тарауы "Экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарға" арналған.
Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі — экономикалық қызмет
саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың
тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік
экономикалық қызметтің әртүрлі саласында көрініс табады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және баска да
құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және
тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін,
қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық
қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған. ҚК-тің қарастырылып отырған тарауының
маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде
қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны
ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-
бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап),
бағалы қағаздар (202, 205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем
карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік
алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың
жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады.
Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел
валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу
(218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың әдетті түрдегі
нышаны, ол — заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда
материалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-
баптарында көзделген қылмыстар.
Қылмыстың тікелей объектісі — экономикалық қызмет саласын реттейтін
нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша
тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі — оның
заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап);
қымбат металдар мен табиғи асыл тастар немесе інжу-маржан (210-бап);
тауарлық белгі (199-бап); осы топқа жататын қылмыстардың объективтік жағы
әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстардың құрамының міндетті белгісі — қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабандыны
істеу тәсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар); кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап).
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі — қоғамға қауіпті
зардаптың — зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру —
едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір
баптардың ескертуінде берілген (Мысалы 189, 190, 193-баптар).
Объективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы
қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ.
Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады (іс-
әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы
189-бап).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері
болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды
адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары
немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.
2. экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу
не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды
адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген
сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды
кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалану құқығына кепілдік берген (26-баптың 4-тармағы). Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды
шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы
қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және
мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа
кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ жеке кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа
(фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ,
шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады.
Заңды тұлғалар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес Әділет министрлігі
органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес кейбір кәсіпкерлік қызмет түрімен
айналысу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан) арнаулы рұқсат лицензия алулары қажет. Лицензия — жеке немесе
заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен
айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып
табылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар кәсіпкерлік
қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27
желтоқсандағы "Шет елдік инвестициялар туралы" Заңына сәйкес тіркеуден
өтеді. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын
қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады. Ондай қоғамдық қатынастар тізбегі
Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" 1997 жылғы 6 маусымдағы
арнайы Заңында көрсетілген.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай
азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ
мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқылы. Сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы; мердігерлік шарт және
өзгеде азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратындар;
көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-
ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық
өнеркәсіптік және азык-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде
немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс
істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы
жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар
заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады (АК 19-баптың
4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеудің тәртібі көзделген. Осы және жеке кәсіпкерлік туралы (997 жылғы 5
маусымдағы Заңға, "Лицензиялау туралы" заң күші бар жарлыққа сәйкес
кәсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат лицензия болған жағдайда ғана
жүзеге асырылады. Осыған орай осы қылмыстың объектісі кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады: 1.
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті
болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия
шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей
жүзеге асыру заңда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті жүзеге
асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға — заңда белгіленген қайсыбір кәсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы
рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметті
жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға
беру; қолданылу мерзімі етіп кеткен лицензияны пайдалану және т.б.
2. Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір
қызметтің түрлерімен кәсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған
қарамастан кәсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсіппен
шұғылданады.
3. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке
ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен байланысты болса.
Қылмыстық кодекстің осы бабының ескертуіне сәйкес заңсыз кәсіпкерлік
(190-бап) және заңсыз банктік қызмет (191-бап) баптарында сомасы 500 жүз
айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — ірі мөлшердегі табыс деп, ал
сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс — аса ірі мөлшердегі
табыс деп танылады.
Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген — ол
азаматтар үшін айлық есептік көрсеткіштен 100 есе, ал ұйым мен мемлекетке
500 еседен асатын сомада болуы керек.
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады.
Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі
мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік
жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық
тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе
арнаулы болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 190-бабынын 2-тармағында осы қылмыстың
ауырлататын: а) ұйымдасқан топ жасаған; б) аса ірі мөлшердегі табыс табумен
ұштастырылған; в) заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін
бүрын сотталған адам жасаған түрлері көрсетілген. Ұйымдасқан топтың
түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген. Аса ірі мөлшердегі
табыстың түсінігі 190-баптың ескертуінде берілген. Заңсыз кәсіпкерлігі
немесе заңсыз банктік қызметі үшін Қылмыстық кодекстің 190 немесе 191-
баптары бойынша бұрын сотталған, бірақ сотталғандық атағы заңда белгіленген
тәртіппен жойылмаған немесе алынбағандар танылады (ҚК-тің 69, 77-баптары).
Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
Акша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың
ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір
көрінісі болып табылады.
Қылмыстық занда:"Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден
өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы
рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру,
егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не
ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызметдеп
белгіленген (ҚК-тің 191-бабы).
Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық
қатынастарға қол сұғу болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара
әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды)
тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік
қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер
ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен
байланысты болуы болып табылады.
Ұйымдасқан топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан;
заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам
жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын
түріне жатады (191-бап 2-тармағы). Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық
кодекстің 190-бабының 3-тармағында көрсетілген осындай белгілерге ұқсас
болып табылады.
Жалған кәсіпкерлік (192-бап)
Қылмыстық кодекстің 192-бабында "Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік
немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден
босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру
мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген
коммерциялық ұйым құру — жалған кәсіпкерлік" деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық
әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық
жауаптылықтың басты шарты — азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары
мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта
көрсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру
ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу
немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты
келтіре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс
тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру
үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық
құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап,
кажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік
немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп,
банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы жөне есептесу счеттары
белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да
жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге
бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz