Байланыс және энергетика жерлерінің құқығының режимі


Жоспар
1. Кіріспе сөз
2. Елді-мекенді жерлердің құқықтың тәртібі.
3. Өнеркәсіптік, көліктік, байланыстың, қорғаныстың және басқа да ауылшаруашылық емес жерлердің құқықтың тәртібі
4. Қорытынды сөз
5. Қолданған әдебиеттер мен норм-актілер
1. Кіріспе сөз.
Жер кодексінің 107 б. 1т. сәйкес қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады.
Мәселен 1997ж 1 қаңтарында мұндай жерлердің көлемі 19, 4 млн-ға немесе 7, 2% жалпы жер қоры мөлшерінен болған.
Елді мекен жерлерінің шекарасы басқа әкімшілік-аумақтық бөліністерден қалалық шектермен, кенттік, ауылдық шектермен белгіленеді.
Ауылшаруашылық жерлерінен басқа айырмашылы елді мекен жерлері негізінде өндірістік, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй инфраструктурасын, елдің тұтынушылық қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.
Елді мекен жерлерінің құрамына келесі жерлер кіреді.
1) Тұрғын үй және қоғамдық құрылыстар (тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, емдеу сауықтыру, ғылыми-зерттеу, тауарлы және басқа да ғимараттар және құрылыстар кіреді) .
2) Өндірістік және коммуналдық құрылыстар.
3) Көліктік, байланыс, инженерлік коммуникациялар (темір жол, автокөлік, өзен, теңіз, әуе және құбырлы көлік, байланыс қажеттіліктеріне арналған құрылыстар тұрған жерлер) .
4) Жалпы пайдалану жерлері (алаңдар, көнилер, жолдар, өзен жағалаулары, парктер, скверлар, бульварлар, су айдындары, басқа да елдің қажеттілігін қанағаттандыруға арналған жерлер) .
Елді мекенді жерлердің құқықтық режимі дегеніміз заңмен белгіленген адамдардың осы жер категориясын нысаналы пайдалану
және қорғауға бағытталған реті.
Елді мекен жерлерін нысаналы пайдалану үшін бас жоспар қабылдайды. Басжоспар осы жер категориясының нысаналы бағытталған мақсатын белгілейді (тұрғын ұй салу, өндірістік, мәдени-тұрмыстық, т. б)
Бас жоспар жалпы 20-25 жылға бағытталған мемлекеттік жоспары. Бас жоспарға сәйкес елді мекен жерлерінің проекті салынады, тұрғылықты аудандардың, қоғамдық жоспары белгіленеді.
Жер кодексінің 108б 1т сәйкес елді мекендердің шекарасын(шегін) белгілеу мен өзгерту жерге орналастыруды, сәулет және қала құрылысының тиісті органдары бірлесіпжасаған ұсыныс бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасы негізінде жүргізіледі.
Елді мекенді жерлердің шегін белгілеу және өзгерту құдіреті арнайы мемлекеттік орындар жұзеге асырылады.
Мәселен, Республика маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасының астанасының шекарасын (шегін) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді және өзгертеді, облыстық маңызы бар қалалардың шекарасы (шегі) . Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойынша облыстық өкілді және атқару органдары бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Ауданның маңызы бар қалалардың шекарасы (шегі) облыстың өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгереді.
Кенттер мен ауылдар (село) шекарасы (шегі) аудандардың (қалалық) өкілді атқару органдарының бірі шешімімен белгіленеді және өзгереді.
Елді мекенді жерлерді пайдалану құқығын жүзеге асыру басқа жер санаттарына қарағанда қиынырақ және көп жақты болып саналады, яғни елді мекен жерлерінің шегінде неше түрлі сипатты жерлер болады.
Қалалардың, кенттердің, селолық елді мекендердің барлық жері олардың бас жоспарына және аумақтың жер шаруашылықтың орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланады. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерді азаматтар мен заңды тұлғалар ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскілерді, жарнама құрылғыларын және де басқа сервис объектілерін) орналастыру үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның ішінде базарлар, аулалы автотұрақтар (автопарктер) орналастыру үшін жол (көше, өтпелі жолдар) орналастыру үшін (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол бермейді.
Өнеркәсіптік, көліктік, байланыстың, қорғаныстың және басқа да ауылшаруашылық емес жерлердің құқықтың тәртібі
Жер кодексінің 111б. 1т. сәйкес осы жер кодексімен және Қазақстан Респубдикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауылшаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады.
Бұл жер категориясы 1997 ж 1 қаңтарында 12, 1 млн. го немесе 4, 5% жалпы жер қоынан тұрады. Бұл жер санатына бағалы ауылшаруашылық және орман жерлерінен берілмейді.
Өнеркәсіп жерлерінің құқықтың режимі
Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орнасластыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санатардық-қорғау және де өзге де аймақтар жатады.
Жекешелендіру процесінің нәтижесінде өнеркәсіптік жерлердің құқықтық режимі өзгеріп - жер пайдалану мен меншік құқығына беріледі. Съектілері болып азаматтар, заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар.
Объектісі болып (жер пайдалану) өндірістік кәсіпорындарға берілген, өндірістік ғимараттар және құрылыстар орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскілерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскілерін бөліп оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.
Көліктік жердің құқықтық режимі
Жер кодексінің 113 б. 1т. сәйкес автомобил, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілернің қызметін қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып табылады.
Байланыс және энергетика жерлерінің құқығының режимі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz