Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министiрлiгi

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты

СТУДЕНТТIҢ ӨЗIНДIК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары»

Орындаған: Заң факультетiнiң

студентi

Тексерген:

Алматы 2003ж.

ЖОСПАР

К i р i с п е3

1. Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы. 3

2. Мемлекеттiк қызметке кipyгe тең құқығы5

3 Азаматтардың басты міндеттері туралы9

Қолданған әдебиеттер тiзiмi. 15

К i р i с п е

1. Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы.

Азаматтық ұғымының өзiнде азамат пен мемлекеттiң өзара қарым-қатынасының саяси мәнi бар. Еске түсiрейiк, азаматтық - ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тиiсiнше, азаматтар бipiншi кезекте eзiнiң мемлекетiмен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет iciн басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты бiлдiредi. Ауылда, поселкiде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекеттi басқару iciнe кеңiрек араласқан сайын демократияның мүмкiндiгi де кеңейе түседi. Демократиялық мемлекет құру максатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегi құқық пен бостандық кепiлдiгi берiлген.

Мемлекеттi құрудың ең басты проблемасы - өкiлеттi органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы барлық: аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардан Республика Парламентiне дейгi деңгейдегi өкiлеттi органдарды калыптастыруға тiкелей қатысады.

Аталған өкiлеттi органдарды сайлауға жасы 18-ге толған азаматтар қатысады. Азаматтардың, бұл құқығы ұлтына, нәсiлiне, бiлiмiне, жынысына, лауазымына, мүлiктiк жағдайына және басқаларына қарап шектелмейдi. Егер кiм де кiм азаматтық сайлау құқығын шектеуге әрекеттенсе, онда ол тiптi қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасыньщ Қылмыстық кодексi азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергi келтiруге әрекеттенгендерге жаза көздеген. Бұл қылмыс дауыс беру, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талқылау кезiнде кедергi келтiру түрiнде көрiнуi мүмкiн. Кедергi келтiрудiң күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу тәсiлдерi де болуы мүмкiн.

Сайлауға барлық өкiлеттi органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. Әр адам бip дауысқа ие жергiлiктi аткару органдарына және Парламентке сайлау кезiнде азамат тек бip рет дауыс бередi. Алайда, ол туралы айтылғандай, Қазақстан Республикасы Парламентiне сайлаудың өзiндiк ерекшелiгi бар.

Республика азаматының саяси құқығына бейбiт жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер еткiзу, тосқауылдарға тұру құқығы жатады. Бұл шаралар белгiлi бip меселелердi шешу немесе азаматтардың epкi мен тiлегiн бiлдiру мақсатында жүргiзiледi. Мысалы, сайлаушылар депутаттыққа кандидатты талқылау үшiн, мемлекет сиякты жеке ұйым ұжымдары өздерiнiң мемлекет саясатына көзқарасын бiлдiру, мемлекеттiк органдардың заңдары мен шешiмдерiнiң жобаларын талқылау үшiн жиналуы мүмкiн. Ақыр соңында, азаматтар мемлекеттiк, ұлттық мейрамдар кезiнде өз ерiктерiмен демонстрацияларға шығулары мүмкiн. Мемлекеттiк органдар азаматтардың мұндай заңды тiлектерiне кедергi келтiрмеулерi тиiс.

Бостандық, алайда, анархия, бетiмен кетушілiк емес. Тәртiпсiздiк ұйымдастыруды көздейтiн, заңға қайшы келетiн демонстрациялар, жиналыстар өткiзуге, тосқауылдарға тұруға тыйым салынады.

Сөз жоқ, азаматтардың, әр түрлi қоғамдық бiрлестiктер құру құқығының саяси мәнi бар. Мәселе мынада, бұл бiрлестiктердiң (дiни бiрлестiктерден басқасы) мемлекеттiң саяси өмiрiне қатысуға, атап айтқанда, өкiлеттi органдарды қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы Конституциясының талабы шенберiнде саяси бағдарламалар әзiрлеуге, және т. б, құқығы бар. Азаматтар қоғамдық бiрлестiктерге өз ерiктерiмен кiредi, сондықтан олар солардың бастамасымен құрылады. Бiрлестiктер жарғыларын мақсаты мен мiндетi Конституцияға, заңдарға қайшы келмейтiндей етiп әзiрлейдi.

2. Мемлекеттiк қызметке кipyгe тең құқығы

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық саяси құқықтарынын, бipi болып табылады. Конституцияда мемлекеттiк қызмет туралы бiрқатар негiз боларлық идеялар берiледi. Онда мемлекеттiк қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық мiндеттер сипатымен ерекшеленiп, заңмен белгiленетнi көрсетiлген. Екiншi бip конституциялық қағида, мемлекеттiк қызметкердiн жасы 60 - 65 жастан (33-баптың 4-тармағы) аспауы тиiс.

Конституциялық қағидаларды жузеге асыру, мемлекеттiк қызметтi ұйымдастыру негiздерiн мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының. Президентi "Мемлекеттiк қызмет туралы" (1995 жылғы 26 желтоқсан) Заң күшi бар Жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттiк қызметке анықтама берiледi. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың конституция негiзiнде жүзеге асыратын және мемлекеттiк баскаруды, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен қызметтерiн жүзеге асыруды кездейтiн кәсiби қызметi. Жарлықта лауазымдық өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның атынан жургiзетiн Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттiк қызметкер болып табылатындығы керсетiлген.

Жарлықта мемлекеттiк қызметтiң принциптерi бекiтiлген. Бұл принциптердi мемлекеттiк қызметке, мемлекеттiк қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерiне, мемлекеттiк қызметкерлермен құқықтық байланыс орнатуына қарай үш топқа бөлуге болады.

Мемлекеттiк құқықтық институт ретiнде бiрiншi топқа мынадай принциптер жатады:

а) заңдылық, яғни, мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн Конституция қағидаларын, зандарын, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн мултiксiз орындауға негiзделуi тиiс;

ә) мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң тұтастығы, ол мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнетiндiгiне қарамастан қызметтiң тұтас жүйесiн ұсынатындығын бiлдiредi;

б) мемлекеттiк қызметтiң үздiксiздiгiнiң мемлекеттiк қызмет кадрларының сабактастығымен және ауыстырылуымен ұштасатындығы; ол бiр мемлекеттiк қызметкердiң ауысып, оның орнына екiншiсiнiң келуiмен мемлекеттiк қызметтiң үздiксiздiгiн бiлдiредi.

Принциптердiң екiншi тобына мыналар жатады:

а) баршаға жолдың ашықтығы, яғни, өздерiнiң қабiлетiне және кесiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiруге азаматтардың тең құқылығы; баршаға жол ашықтық кез келген азамат кез келген мемлекеттiк қызметке кiре алады деген сөз емес. Мемлекеттiк қызмет, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың мемлекеттiк органдардағы кәсiби қызметi. Тиiсiнше, мемлекеттiк қызметке кipгici келген азаматтың нақты жұмысты орындауға кәсiби әзiрлiгi және қабiлетi болуы керек;

ә) азамат мемлекет қызметiне өз еркiмен кiргендiктен, ол өзiне қатысты барлық талапты, барлық ереженi орындауды мiндетiне алады. Ол үшiн олардың өкiлеттiгi шегiнде жоғары тұрған органдардың шешiмiн орындау мiндет;

б) өз қызметiн жүргiзу процесiнде мемлекеттiк қызметкер қоғамдық пiкiрдi ескеруi тиiс; олардың жұмысы халықтың көз алдында, жария жүргiзлуi керек. Сонымен бiрге, әрине, жариялауға болмайтын мемлекеттiк құпия сақталуы тиiс.

Принциптердiң үшiншi тобына.

Азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсетуiне қатысты ережелер жатады. Ол азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүддесiнен жоғары тұратындығы. Бұл принцип мемлекеттiң әлеуметтiк мемлекет болып жариялануынан және халыққа, өз азаматтарына қызмет етуi тиiс екендiгiнен туындайды. Мемлекеттiк қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн көздейтiн қызметтi бiлдiредi. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары және бостандықтарымен бiрге олар өз ерiктерiмен орындауы тиiс мiндеттерi де бар. Мемлекеттiк қызметкерге азаматтардан олардың заңды мiндеттерiн орындауларын талап ету өкiлеттiгi берiледi.

Мемлекеттiк қызметкер мемлекеттiк органдар атынан әрекет етедi, оларға мемлекет берген өкiлеттiктi жүзеге асырады. Сондықтан мемлекеттiң беделi мен мәртебесiн сақтау үшiн мемлекеттiк қызметкерлерге ерекше жауапкершiлiк жүктеледi. Осыны ескере отырып, заң мемлекеттiк қызметкерге заңдық қана емес, моральдық мiндеттер де жүктейдi. Мемлекеттiк қызмет туралы Жарлықта мемлекеттiк қызметкер Конституцияны, Республика заңдарын, сондай-ақ қызмет этикасының нормаларын сақтауға мiндеттi екендiгi көрсетiледi. Осы ереженi одан әрi дамыту үшiн Президент Жарлығымен 1997 жылдың 16 маусымында "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң қызмет этикасынын Ережелерi" бектілдi. "Ережеде" мемлекеттiк қызметке келудің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім көрсетудің белгісі екендігі айтылған. Ал бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкері осы "Ережемен" белгіленген жалпыға ортақ этикалық нормалар мен принциптерді сақтауы тиіс деген сөз. Ол екі топқа бөлінеді:

Бірінші топқа мемлекеттік қызметкер міндетті қызметін орындау кезінде сақтауы тиіс этикалық нормалар мен принциптер жатады. Атап айтқанда, оған мыналар кіреді: мемлекеттік қызметкер мемлекет мүддесін қорғауға міндетті және Президент саясатын қолдаушы болуы тиіс. Ол Қазақстан халықтарының бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға күш салуы тиіс. Ол жалпыға ортак моральдық-этикалық нормаларды сақтауға және Қазақстан халықтарының алуан түрлі әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті. Әділдік, шындықты тура айту, ешкімді алаламау, жемқорлық көріністеріне қарсы тұру олардың моральдық міндеті болып табылады. Ол қарапайым, басқа адамдардың ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтей білуі керек.

Екінші топ - ол мемлекеттік қызметкердің жеке өміріне қатысты моральдық талаптар. Ол қызметтен тыс қатынастарда өзінің лауазымын алға тартпауға, республиканы кемсітіп, оның беделіне нұқсан келтіретіндей қандай да болсын міндеттемелер алып, әрекет жасамауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік ақпараттарды өзінің жеке басына және басқа да жеке мүдделерге пайдаланбауы, қызметтік міндетін орындауға қатысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдамауы және басқа да теріс қылықтарға бармауы тиіс.

Демек, азаматтың мемлекеттік қызметке келу құқығының терең саяси мәні бар. Ол мемлекеттік органдарды мемлекет функциясын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысуды өз еркімен міндетіне алған азаматтармен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы - саяси құқық, сондықтан ол, негізінен, мемлекеттің мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.

3 Азаматтардың басты міндеттері туралы

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болғанымен (оны азаматтар өз қалауларымен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек карастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қоғамда өмір сүріп тұрып, одан мүлдем тәуелсіз болуға болмайды. Робинзон аралда жалғыз тұрған кезде, онда ешқандай міндеттілік болған жоқ. Пятница пайда болып еді, өзара міндеттілік: бір-біріне көмектесу, бірін-бірі қолдау міндеті туды. Әр адамның өмір сүруге, өзінің денсаулығын сактауға, өз еңбегінің жемісін көруге табиғи құқығы бар. Нақ осылай өмір сүруге, денсаулығын, меншігін және басқаларын сақтауға құқылы басқа адамдар да бұл құқықты кұрметтеуі керек. Адамдардың табиғи міндеті осылайша табиғи түрде пайда болады. Адамдар да олардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын және ол туралы қамқорлық жасауы тиіс қоғамының алдында, мемлекетінің алдында міндетті. Бүл міндеттердің маңыздылығы сондай, ол заңмен бекітіледі. Демек, міндеттемелерді орындамаудың оны бұзғандар үшін елеулі зардаптары болады.

Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көзделген міндеттерге және конституциялық заңдарда көзделген міндеттерге бөлуге болады. Конституциялық міндеттер басты міндеттер болып табылады.

Оған мыналар жатады:

А. Конституция мен заңдарды сақтау.

Конституция - Қазақстан мемлекетінің негізгі заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азамат-тардың құқықтық жағдайын белгілейді. Конституция халықтың мемлекетті билеу тәсілдерін белгілейді. Конституция - мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Басқаша айтқанда, Конституция - Қазақстан мемлекетінің басқа елдердің мемлекеттерімен өзара байланысының негізгі қырларын белгілейтін акт. Міне, осылардан келіп, ешкімді алаламай, лауазымды адамдардың Конституцияны сақтау міндеті туады. Егер олай болмаса конституциялық нормаларды бұза отырып, азаматтар, мұны қалай ма, қаламай ма, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне, оның іште де, халықаралық қатынастарда да беделі түсуіне әрекет кылған болып шығады. Сондықтан қоғамда қандай орын алса да, қандай лауазымды қызметті атқарса да Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау әр азаматтың қасиетті міндеті болып табылады.

Республиканың заңдарын сақтау азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады. Сақтау дегеніміз бір жағынан, заң талаптарын бұзбау, мысалы, әкімшілік, тәртіптік теріс қылықтар жасамау; екінші жағынан, жүктелген міндетті орындау. Әрине, заңдарды сақтау талабы азаматтардың заңдарды білетіндігін (немесе білуге тиістігін) білдіреді. Алайда, іс жүзінде заңдарды азаматтардың бәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан Конституция барлық заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жариялауды міндеттейді. Жарияланбаған заңдар қолданылмайтын заңдар деп есептеледі. Азаматтар өзіне, жұмысына қатысты заңдарды білуі, сақтауы тиіс. Азаматтардың заңдарды сақтамауы басқа адамдарға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіреді. Оның үстіне заңды бұзу - құқық бұзушының өзінің өміріне, бостандығына, игілігіне нақты қауіп төндіреді. Демек, заңды бұзудан ешкім де ұтпайды. Айналып келгенде бәрі де зардап шегеді.

Ә. Азаматтардың тағы бір конституциялық міндеті - басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтарға осындай міндет жүктей отырып, Конституция ең жоғары құндылық ретінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысына, қадір-қасиетіне айрықша мән береді. Шынындада, өмірден, денсаулықтан, жеке бастың бостандығынан, адами қадір-қасиеттен құнды не бар?! Тіпті, ең қолы қанды, аса қауіпті қылмыскердің өзі өзінің өмірін, бостандығын сауғалап, жазадан құтылып кетуге тырысады. Басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу үшін мейлінше адал, тәрбиелі, мәдениетті, әр адамның заңмен корғалатынын терең түсіне білу керек. Әрине, адамның ізгі қасиеттері, негізінен, отбасылык, қоғамдық қатынаста қалыптасады. Белгілі бір дәрежеде адамға биологиялық фактор да ықпал етеді. Бірақ, адамды қалыптастыратын ең маңызды фактор - оның санасы, орта. Алайда, заң үшін адамның қандай ортада тәрбиеленгенінің ерекше мәні жоқ. Заң барлық адамның теңдігі және қылмысына орай әр адамның бірдей жауап беру принципіне сүйенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz