Республика Конституциясында және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың қалыптасуы
мен дамуы.
Орындаған: Қожахмет Б.
Тексерген: .
Алматы, 2006 ж.
ЖОСПАР:
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жайлы жалпы
мағлұмат.
2. Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың қалыптасуы мен
дамуы.
3.Қорытынды.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган
ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға
созылған. Конститутциялық Кеңестің ғұмыр бойғы мүшесі құқығына
Республиканың экс-Президенттерi ие. Конститутциялық Кеңестің Төрағасын
Республика Президенті тағайындайды, егерде, дауыстар тепе-тең бөлінгенде
оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн
Республиканың Президентi, екi мүшесiн Парламент Сенатының Төрағасы және екi
мүшесiн Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы қызметке тағайындайды.
Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы әрбiр үш жыл сайын жаңартылып
отырады.
Конститутциялық кеңес Қазақстан Республикасының Президентінің, Сенат
Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Премьер-Министрдің, өздерiнiң жалпы
санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттарының өтініштері
бойынша:
• дау туған жағдайда Республика Президентi сайлауының, Парламент
депутаттары сайлауының, республикалық референдумның дұрыс
өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi;
• Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейiн олардың
Конституцияға сәйкестiгiн; қарайды;
• Республиканың халықаралық шарттары бекiтiлгенге дейiн олардың
Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
• Конституция нормаларына ресми түсiндiрме береді;
• Конститутцияның 47 бабының 1 және 2 тармағымен қарастырылған жағдайда
қорытынды береді.
Конститутциялық Кеңес соттардың өтініштерін қарайды егер, белгілі бір
істі қарау барысында сот қолданылуға жататын заң немес өзге де нормативтік
құқықтық акт адам мен азаматтың Конститутцияда баянды етілген құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасайды деп таныса, ол, істі жүргізуді тоқтатып
Конститутциялық Кеңеске бұл актінің конститутциялық емес деп тану туралы
өтініш беруі тиіс.
Конститутциялық Кеңестің құқықтық дәрежесі, оның құзыреті, өз
өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі, сонымен қатар Кеңес Аппаратының құқықтық
ережесі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі туралы
Конститутциялық заңымен, Қазақстан Республикасының Конститутциялық
Кеңесінің Регламентімен , Қазақстан Республикасының Конститутциялық
Аппараты жөніндегі Ережесі және басқа да нормативті құқықтық актілерімен
реттеледі.
.
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың қалыптасуы мен дамуы.
Қазақстанда конституциялық бақылау институтын құру, 1989 жылы Қазақ
КСР-інің Конституциясына Конституциялық қадағалау комитеті құрылуын
көздейтін толықтыру енгізуден басталады, алайда бұл комитет құрылмады.
Кейінірек "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" 1991
жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен,
Конституцияны сот арқылы қорғаудың ең жоғары органы - Қазақстан
Республикасының Конституциялық Соты болып табылады деп белгіленді. Бұл
органды Республика Жоғарғы Кеңесі 1992 жылғы 2 шілдеде сайлап, ол 1995
жылдың қазанына дейін конституциялық бақылауды жүзеге асырды.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы, өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын тәуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік органдарын реформалаудың маңызды кезеңін аяқтады.
1995 жылғы Конституция негізінде Конституциялық Кеңес 1996 жылғы
ақпанда құрылды. Республика Президенті Кеңес Төрағасы етіп Юрий Алексеевич
Кимді тағайындады.Юрий Алексеевич Кимнің қайтыс болуына байланысты
Республика Президенті 2000 жылғы желтоқсанда, бұдан бұрын Республиканың Бас
Прокуроры болып қызмет атқарған Юрий Александрович Хитринді Конституциялық
Кеңестің Төрағасы етіп тағайындады. 1999 жылы Кеңес мүшелерінің жартысы
ауыстырылды.Кеңестің екінші рет жаңартылуы 2002 жылы болды.2004 жылғы 15
маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Кеңестің
Төрағасы етіп Игорь Иванович Роговты тағайындады.Бүгінде Конституциялық
Кеңестің құрамында төрт ғылым докторы, екі заң ғылымының кандидаты, сондай-
ақ, әділет және прокуратура органдарындағы үлкен жұмыс тәжірибесі бар
заңгер-практик бар.
Қазақстан Конституциясы және "Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Конституциялық
заңы ұйымдастыру және оның қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
Конституциялық өкілеттікке сай Кеңес өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде
дербес және мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен
азаматтардан тәуелсіз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси
және өзге себептерді негізге ала алмайды
Конституциялық Кеңеске келіп түсетін өтініштердің және ол қабылдаған
қорытынды қаулылардың едәуір бөлігін Конституцияның нормаларына ресми
түсіндірме беру туралы өтініштер құрайды. Ресми түсіндірме Конституцияның
67 бабы бойынша берілді. Ең көп өтініш адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын белгілейтін және оларға кепілдік беретін, Республиканың
конституциялық құрылысын, мемлекеттік билік органдарының мәртебесін,
өкілеттігі мен қызметін баянды ететін конституциялық нормаларды ресми
түсіндіру жөнінде келіп түсті.
Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру қажеттігі, Конституция ең
жоғары заңдық күшке ие болып, Республиканың бүкіл аумағында тікелей
қолданылатындығына, оның нормалары қолданыстағы құқық жүйесіне
кіретіндігіне және тікелей қолданылатындығына да байланысты. Конституция
нормаларын ресми түсіндіру оларды дұрыс әрі тиімді қолданудың заңдық тәсілі
болып табылады.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауын, осы конституциялық бақылау
органы қызметінің оң нәтижесі деп те, елдегі конституциялық заңдылықты
сақтаудың нәтижесі деп те бағалауға болады. Республика Конституциясында
және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы"
Конституциялық заңында жазылған, Конституциялық Кеңестің қорытынды
шешімдерінің заңдық табиғаты олардың тікелей орындалуын айқындайды.
Конституциялық Кеңестің қорытынды қаулыларының тікелей қолданылатын актілік
күші бар және дереу орындалуға тиіс, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға
бірдей міндетті және шағымдануға жатпайды. Конституция Қазақстан
Республикасының Президентіне Конституциялық Кеңес шешімдеріне толығымен
немесе бір бөлігіне қарсылық білдіру құқығын береді, бұл қарсылық Кеңес
мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріледі.
Конституциялық Кеңестің алқалы түрде қаулы, ұйғарым және жолдау
нысанында қабылданатын қорытынды шешімдерінен белгілі бір құқықтық салдар
туындайды. Олар: актіні Конституцияға сәйкес немесе сәйкес емес деп тану,
белгілі бір конституциялық рәсімдердің сақталғанын немесе сақталмағанын
анықтау.
Конституциялық Кеңес Республика Парламенті қабылдаған заңдарды оларға
Президент қол қойғанға дейін, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарын
олар бекітілгенге дейін Конституцияға сәйкестігі мәнінде қарайды. Әлі
күшіне енбеген заңды және бекітілмеген халықаралық шартты Кеңестің
Конституцияға сәйкес емес деп тануы мынадай салдарды туындатады.
Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңға қол қойылмайды және ол күшіне
енгізілмейді, ал халықаралық шарт бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
Олардың Конституцияға сәйкес емес деп танылуының салдары ретінде, заңға қол
қою мерзімінің қайта жаңғыртылуы және халықаралық шартты бекіту процесінің
жаңғыртылуы болып табылады.
Конституцияның 78-бабымен көзделген реттерде, Кеңес Республиканың
қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін Конституцияға сәйкестігі
мәнінде қарайды. Кеңес, адамның және азаматтың Конституциямен баянды
етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін және сол себепті
конституциялық емес деп тапқан қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің
заңдық күші жойылады және қодануға жатпайды. Соттардың және өзге де құқық
қолдану органдарының осындай заңға немесе өзге бір нормативтік-құқықтық
актіге негізделген шешімдері орындауға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік
органдар және лауазымды адамдар, Кеңестің нормативтік қаулысын орындау
тәртібімен, құқықта пайда болған кемшіліктің орнын дереу толтыруға
міндетті.
Конституциялық Кеңес шешімдерінің басты ерекшелігі сол, Республика
Конституциясына сәйкес емес деп танылған актілер заңдық күшінен айрылады
және де оны өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың растауы
мүлде қажет емес. Кеңестің шешімдері қандай да болмасын жағдайларға
тәуелсіз орындалуға тиіс. Заңның немесе өзге де бір нормативтік-құқықтық
актінің конституциялық емес деп танылған нормасы қолданылуға жатпайды және
құқық кеңістігінен шығарылып тасталады. Конституциялық Кеңестің құқықтық
позициясын ескере отырып, норманы немесе қолданыстағы актіні конституциялық
емес деп танудан кейін туындаған құқықтық кемшіліктің орнын толтыру
міндетті болып табылады.
Республиканың заңнамасында Кеңестің қорытынды шешімдерін орындаудың
дәл механизмі берілмеген. Алайда заң шығарушы қорытынды шешімдердің
орындалу тәртібін белгілеу құқығын Конституцияның жоғары тұруын қамтамасыз
етуге қаратылған органның өзіне береді. Конституциялық Кеңес, "Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңының 40-
бабына сәйкес, өзі қабылдаған қорытынды шешімдердің орындалу тәртібін
белгілеуге хақылы. Тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар,
Конституциялық Кеңес белгілеген мерзім ішінде оның шешімін орындау
мақсатында қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті. Бұдан келіп
шығатыны, Кеңестің өзі әрбір жекелеген қаулыны орындау мәселелерін шешуге
және оның механизмін белгілеуге хақылы.
Республика Конституциясы мен заңнамасы Конституциялық Кеңестің
қорытынды шешімдерін орындамағаны үшін жауаптылық көздемейді. Алайда бұл,
Кеңестің шешімдерін орындауға міндетті субъектілер Кеңестің қорытынды
қаулысында баяндалған ескертулерді назарға алмауы мүмкін дегенді
білдірмейді. Кеңестің қорытынды шешімін орындамаған жағдайда жалпы
конституциялық-құқықтық жауаптылық туындауы мүмкін.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz