Азаматтық құқық нормалары енгізілген өзге құқықтық нормативтік актілер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлері 2
2. Азаматтық Заңдардың құрамы 3
3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер 8
4. Әдет-ғұрып 9
5. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша
қолданылуы. Азаматтық заң нормаларын түсіндіру 10
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

"Құқық дерекнамасы" термині қазіргі кездегі құқықтануға рим құқығынан
келді. Құқық дерекнамасы туралы әңгіме қозғалғанда, алдымен бізге азаматтық
құқықтың жиынтығын көрсететін құқықтық нормалардың жай-жапсары қандай деген
мәселені анықтап алуға тура келеді. Әдетте Азаматтық-құқықтық нормалардың
нысандарын "Азаматтық құқық дерекнамасы" деген терминмен сипаттау тән
нәрсе. Азаматтық құқық дерекнамасы Заңдар, басқа да нормативтік құқықтық
актілер және әдет-ғұрып деп аталатын екі түрге бөлінеді. Іскерлік
айналымындағы әдет те оның соңғысына жатады. Кеңестік заңдарда сот
тәжірибесі дербес құқық дерекнамасы болып саналмады. Қазір Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты заңдарды қолдану жөнінде нормативтік қаулылар
шығарады. Оған мысал ретінде Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы
22 желтоқсандағы "Моральдық зиянды қалпына келтіру туралы заңдарды
соттардың қолдануы" атты қаулысын айтуға болады.

1. Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлері

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары белгілі
дәрежеде Азаматтық құқықтың дерекнамасы болып саналады, яғни ол соттарда
қаралған істер бойынша алынған нормативтік қаулылар арқылы сот тәжірибесі
жөнінде басшылыққа алынатын нұсқаулар береді. Жоғарғы Соттың бұл нұсқаулары
тек сот органдарына арналса да, беделді органның құжаты болғандықтан
жалпыға бірдей маңызға ие болады және азаматтық құқықтың дамуында үлкен рөл
атқарады.
Азаматтық құқық дерекнамасына халықаралық шарттар да (конвенциялар)
жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы). Бұл орайда халықаралық шарттар
азаматтық құқық дерекнамасы ретінде Қазақстан Республикасының ішкі
Азаматтық Заңдарына қарағанда басым құқыққа ие болады. Егер мұндай
халықаралық шартта Азаматтық заңдардағыдан өзгеше ережелер белгіленген
болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Әдетте, Азаматтық кодексте
қолданылатын халықаралық шарттар оны қолдану үшін Республика ішінде құжат
шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, Азаматтық қатынастарға Қазақстан
Республикасы қатысушы болып табынатын халықаралық шарттар тікелей
қолданылады. Ал, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер, Үкіметтің
әртүрлі шетелдік фирмаларымен жасаған шарттары ратификациялауға жатпайды.
Демек келісімдер (шарттар) Қазақстан Республикасымен
ратификацияланбағандықтан АК-тің 3-бабының 8-тармағына сәйкес халықаралық
шарт болып есептелмейді. Халықаралық Шарттың ішкі заңдарға қарағанда басым
құқығы туралы ереже 1969 жылы 23 мамырда қабылданған халықаралық шарттар
құқығы туралы Вена конвенциясынан туындайды. Аталған конвенцияға Қазақстан
Республикасы 1993 жылғы 31 наурыздағы Жоғарғы Кеңестің Қаулысы арқылы
қосылған болатын.

2. Азаматтық Заңдардың құрамы

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдары жалпы республикалық
заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,
Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-
ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды
реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына
сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң — қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен
нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан
Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда
Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі — Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы
Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер — ҚР Үкіметінің
қаулылары, министрлердің, Мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық
Мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық
Мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен
әкімдердің нормативтік шешімдері[1].
Нормативтік-құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып
бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік-құқықтық
Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) ҚР министрлері мен өзге де орталық Мемлекеттік органдар
басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
Мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық
шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже,
қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі
нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және
олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің
нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің
деңгейімен анықталады ("Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 3-бабын
қараңыз).
Қазақстан Республикасы Азаматтық заңының тұғыры, арқауы — Азаматтық
кодекс болып табылады. Ол екі бөлімнен (Жалпы және Ерекше) тұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімі 1994 жылы 27
желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурыздан бастап, ал Ерекше бөлімі 1999
жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Азаматтық кодекс бөлімдерден,
бөлімшелерден, тараулардан, параграфтардан, баптардан, тармақтардан,
тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62 тарау, 1124 бап бар. Жаңа
Кодексте Кеңестік Азаматтық Заңдарда мүлдем болмаған тұжырымдар көптеп
кездеседі, әрі мұндай жаңалықтар нарықтық қатынастардың ерекшеліктерін
қамтуды мақсат еткен.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағы ерекше маңызға ие, онда былай
делінген: "Осы Кодекстің 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда
азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған
нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы Кодекстің
ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылған және
осы Кодекстің нормаларына қайшы келетін Азаматтық құқынамасының өзге де
заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен
Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-
бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына
сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң — қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен
нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан
Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда
Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі — Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы
Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер — ҚР Үкіметінің
қаулылары, министрлердің, Мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық
Мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық
Мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен
әкімдердің нормативтік шешімдері.
Нормативтік-құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып
бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік-құқықтық
Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) ҚР министрлері мен өзге де орталық Мемлекеттік органдар
басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
Мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже,
қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі
нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және
олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің
нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің
деңгейімен анықталады ("Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 3-бабын
қараңыз).

Азаматтық кодекс бәрін үйлестіруші міндетін атқарады, сондықтан да
Азаматтық құқық нормалары енгізілген өзге құқықтық нормативтік актілер
Азаматтық кодекстің талаптарына сай болуы тиіс. Ал мұның жақсы жағы да,
кемшілігі де бар. Кемшілік жағы мынада, мәселен, Азаматтық кодексте жалпы
және арнайы заңдардың арасалмағын реттеуде құқықтық негіз қаланбаған деп
ойлаймыз, ал мұның өзі сайып келгенде, тәжірибеде белгілі бір дәрежеде
қиындықтар туғызуы ғажап емес.
Азаматтық кодекс меншіктің жеке және басқа түрлеріне байланысты
қатынастарын бекіте тусуге ерекше мән берген. Шын мәнінде Кодекс бұл
мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан келеді, яғни азаматтық құқықтық
қатынастар қатысушылардың мәртебесін, мәміленің жалпы ережесін айқындайды,
меншік құқығын алу мен қорғаудың жаңа тәсілдерін бекітеді, Міндеттемелерді
қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін, шарттары мен тағы басқаларының озық
түрлерін қарастырады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа
Азаматтық кодексі бүгінгі заман талабына сай келеді.
2. Басқа да азаматтық заңдар. Азаматтық құқық дерекнамасының ішінде
Азаматтық құқықтық Заңдар да бар. Азаматтық кодекс өзінің бірқатар
нормаларында осындай заң актілерін (29 заң актілерін), кодекстерді, арнайы
заңдарды (мысалы, "Неке жөне отбасы туралы" Заң, "Тұрғын үй қатынастары
туралы" Заң, "Жер туралы" Заң және т.б.) қабылдауды тікелей қарастырған.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктерді құру, қайта
ұйымдастыру, банкротқа ұшырауы және тарату, банк қызметін бақылау және оған
аудиторлық тексеру жүргізу, банктік операциялардың жекелеген түрлерін
лицензиялау Азаматтық кодекстің банк қызметін реттейтін заң актілеріне
қайшы келмейтін бөлігімен реттеледі.
Банктер мен оның клиенттерінің қатынастары, сондай-ақ банк арқылы
клиенттер арасындағы қатынастар Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағында
көрсетілген азаматтық заң тәртібімен реттеледі,

3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Азаматтық құқық нормалары заң актілері болып табылмайтын өзге де
нормативтік құқықтық актілерден де түрады.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағына сәйкес министрліктер мен
өзге де орталық атқарушы органдары, жергілікті өкілді және атқарушы
органдары Азаматтық кодексте және Азаматтық заңдардың өзге құжаттарында
көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтін актілер
шығара алады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заң құжаттарыңда белгіленген құқықтарын Мемлекеттік
басқару органдары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құжаттары
шектей алмайды. Мұндай құжаттар қабылданған кезден бастап жарамсыз болып
табылады жөне қолданылуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық нормалар құқықтық
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Конституциялық құқық қайнар көздері
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқық ғылымы
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдіг
Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Пәндер