Құқықтың белгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Құқықтың түсінігі, мәні, белгілері 2
2. Объективтік және субъективтік құқық 4
3 Құқық және экономика, құқық және саясат, құқық және дін, құқық және
мораль, құқықтық сана 7
4 Құқықтың негізгі концепциялары 10
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте
екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар
құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?- деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың
мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-
басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес.
Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды.
Міне менің жұмысым құқықты түсінудің сипаттамасына арналады және мұнда
мен жоғарыда айтқан теорияларға тоқталамын.

1. Құқықтың түсінігі, мәні, белгілері

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды.
Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр
түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси
шындық, әділеттік — деді, орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж.Ж.
Руссо - құқық қоғамдық билік — деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын
қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-
жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық
жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын
реттеп, басқарып отырады.
Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен
орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік
тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті
қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді
жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне
мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның
әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен
мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының
төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,
үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы
арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды
өркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-
тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-
жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып
табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық
режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында
өсе түседі;
6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді
шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды
реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 1)
формальдық – кез келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық
– осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың
заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген
заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтық теңдік-жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың
субъектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты
түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа
тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы
басталады.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бұл
мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат.
Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының
жүйесін, құзырын, өзара қарым-қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы
міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне осы мәселелерді мемлекет құқық
арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық
қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың
қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп құқық нормалары
мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-
қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана
қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.
Құқықтың негізгі белгі-нышандары:
1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде
қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар
қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.
2. Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық
халықтарына және барлық ұйымдарға заңды күші болады.
3. Құқықтық нормалар жеке адамдардың және қоғамдық мүдде-мақсаттарды
қамтиды; басқа нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.
4. Құқықтық нормалардың орындалуын мемлекеттік органдар бақылап
отырады; басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын
ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.
Сонымен, құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен
байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекеттің күшімен
қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

2. Объективтік және субъективтік құқық

Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,
мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты
бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды
прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның
еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық)
атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған
тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар)
қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде
бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен
тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік және
субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар
заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар,
құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты
ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір
мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші
жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік
ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар
мәртебесі.
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың
түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен
тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын
мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық
қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес
реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік
реттеуші, заңды және заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына
мүмкіндік береді.
4) басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің
ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

1 - кесте

3 Құқық және экономика, құқық және саясат, құқық және дін, құқық және
мораль, құқықтық сана

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір
сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде,
техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат
заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар
жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану
ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық
нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек
әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес,
сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғат-пен, техникамен де байланысты.
Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын
жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси,
эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар
келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта
болады, ол – қоғамдық қатынастар; ә) субъектілік құрамы әлеуметтік
саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта
болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет
пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды
туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне
айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Экономика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы
өндіріс тәсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік
мәселесіне қатысты мемлекет пен халық арасындағы қатынастарға сипаттама
беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын және
қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға
міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт
бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы
артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде
өндірістік, құқықтық және саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің
алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың
экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялық
революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан
кейін барып олардың негізінде жаңа экономикалық қатынастар қалыптасатын.
Алайда, кейбір кездері керісінше да болады: алдымен мүдделер жаңа
өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта
бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға
болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.
Екінші бағытқа сәйкес, экономика құқық пен саясатты анықтайды. Құқық
пен саясат базиске тәуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр
соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе
отырып, өндірістік қатынастардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі
жасау арқылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен
экономиканы байланыстырушы болып табылады.
Құқық және дін. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және
осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды.
Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта,
буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің
ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді
орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды
сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-
некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Конституциядан қылмыстық құқық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Құқықтық мемлекет туралы
Қазіргі кездегі құқықтың жалпы сипаттамасы
Құқықтың пайда болуы туралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Пәндер