Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері


Жоспары:
Кіріспе . . . 3
Қоғамдық бірлестіктердің түсінігі . . . 4
Қоғамдық бірлестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, тарату . . . 8
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері . . . 11
Қорытынды . . . 14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 15
Кіріспе
Осы жұмыстың мақсаты - тақырыпты толықтырып қарастырып, қазіргі кезде қоғамдық бірлестіктердің алатын орнын анықтауға бағытталған. Оны былай түсіну керек, қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын толығымен анықтау, яғни оның қазіргі ауқыттағы алатын орны мен қоғамдық бірлестіктің құқықтық жағдайын анықтауда алдымен оның түсінігін, түрлерін, құқықтары мен міндеттерін, құрылу мен ұйымдастырылу тәртібін, оның меншігіне ненің жататының зерттеу деп түсіну керек.
Бүгін тәуелсіз Қазақстан Республикасының, оның халықтарының әртүрлі ұлттарының топтары мен әлеуметтік жіктерінің өздерінің мақсат-мүдделерін, талаптарын жүзеге асыру жолындағы түрлі қоғамдық ұйымдарға бірігуінің жиілеуі заңды құбылыс. Өйткені республикамыздың бірлесу бостандығы құқығы адам мен азаматтардың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында көрсетілген. Онда Қазақстан республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар делінген. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Осыған орай, Қазақстанда бір ортақ мақсатқа жетуді көздеген ерікті негізде құрылған мемелекеттегі заңдарға қайшы келмейтін саяси партиялар, әртүрлі кәсіподақ ұйымдары, бұқаралық қозғалыстар және басқа да одақтар, ұйымдар қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Мен осы өзіндік жұмысымда қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын анықтауды көздедім, сондықтан да алға қойған мақсаттарға жету үшін керекті міндеттемелірді орындау керек.
Қоғамдық бірлестіктердің түсінігі
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады (Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 2-бабы) . Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын Азаматтық кодекс, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 ж. 31 мамырдағы заң, «Саяси партиялар туралы»2002 ж. 15 шілдедегі заң, «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жыл. 9 сәуірдегі заң және басқа да заң актілері айқындайды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның күші, діни бірлестіктерді қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктеріне) қызметіне таралады.
Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемелекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңы- қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл заң қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен оған қайшы келмецтін басқа да заң актілерінен тұрады.
Осы заңның күші азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге қолданылады, бұған діни бірлестіктер, құрылу тәртібі мен қызметі өзге заң актілерімен белгіленетін аумақтық өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кірмейді.
Бұл Заңның күші Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестік тердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне қолданылады, бұған діни бірлестіктер кірмейді.
Егер Қазақстан республикасы бекіткен халықаралық актіде қоғамдық бірлестіктер туралы заңында баяндалған өзгеше ережелер белгіленбесе, халықаралық актінің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де қоғамдық бірлестіктерге анықтама берілген:
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікіт негізде құрған басқа да бірлестіктері де танылады. (АК-ң 106-бабының 1-тармағы) .
Заңдарға қайшы келмейтін өздерінің ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым - қоғамдық бірлестік деп аталады1.
Қоғамдық бірлестіктің алдына қойған мақсаты оның мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірігеді.
Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін өз рәміздері (жалауы, гимні, белгісі, вымпельдері, значоктары) болады. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан республикасы мен басқа да мемлекеттердің мемлекттік рәміздерін өз рәміздері ретінде пайдалануға құқығы жоқ. Қоғамдық бірлестік рәміздерінің сипаттамасы мен нобайлары жарғыда бекітіледі.
Қоғамдық бірлестік түрлерінің бірі саяси партия болып табылады. ҚР-ң саяси партиялар туралы заңында былай делінген:
Саяси партия деп - азаматтардың әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемелекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергіліекті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру мақсатында олардың саяси еркін, білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі табылады. (ҚР саяси партиялар туралы заңының 1-бабы) . ҚР азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады. Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге азаматтардан қандай түрде болса да, оның ішінде ресми құжаттарда да, адамның қай партияның мүшелігінде болу ҚР азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайды.
Саяси партияның қоғамда алатын орнына қатысты мемлекеттік идеология және оның мемелекетпен қатынасы бірнеше негізгі прнциптерден тұрады. саяи партиялардың қызметін конституция, ак, Қоғамдық бірлестіктер туралы заң және саяси партиялар туралы заң рететп отырады.
Саяси партияны мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынның жасы он сегізге толаған азаматы саяси партияның мүшесі бола алады. саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар саяси партияда болмауға, қандпай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс. (Саяси партиялар туралы заңының 8-бабы) .
Саяси партияға мүше болу кәсіби, әлеуметтік, нәсілдік, рулық, ұлттық немесе діни белгілер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүліктік жағдайына байланысты шектелмеуге тиіс.
Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тіркелетін тәртіпте болады. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік одақ - бұл қоғамдық бірлестіктерджің кең таралған түрлерінің бірі2. Кәсіптік одақтардың қызметі «кәсіптік одақтар туралы» 1993 ж. 9 сәуірдегі заңмен реттеледі. Кәсіподақтар туралы заң кәсіптік одақтарға мынадай анықтама берген: кәсіптік одақ дегеніміз - бұл өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек қорғау және еңбек ету жағдайларын жақсарту үшін азаматтардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде олар ерікті түрде құратын, белгіленген жеке мүшелері бар дербес бірлестіктер(Кәсіподақтар туралы заңның 1-бабы) . Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға коммерциялық қызметтің барлық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді: сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіпорныдар, банктер, сақтандыру және акционерлік қоғамдар құру, бірлескен кәсіпорындар құру және олрадың қызметіне қатысу, лотереялар ұйымдастыру және өткізу, баспагерлік қызметпен айналысу, өзге де өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру (кәсіп одақтар туралы заңның 24-бабы) .
Қоғамдық бірлестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, тарату
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігі ол Қазақстан Республикасыныңзаң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады.
Қазақстан Республикасының азаматтары қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа қоғамдық бірлестіктердің жарғыларымен оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігі (қатысуы) кзөделуі мүмкін.
Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері бола алады. (Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 11-бабы) . Өзге де қоғамдық жастар және балалар бірлестіктері мүшелерінің жас шамасысолардың жарғыларымен (ережелерімен) белгіленеді. Мүшелікке ие болу және одан айырылу ережелері мен тәртібі қоғамдық бірлестіктердің жарғыларымен белгіленеді. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиіс.
Қоғамдық бірлестік жарғының негізінде жұмыс істейді. Мұндай бірлестіктің қаражаты егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан; ерікті жарналар мен жиналған жылудан, жарғыға сәйкес дәрістер, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотреялар өткізуден түскен түсімдерден; өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заң актілерінде тыйым салынбаған басқа түсімдерден құралады3.
Қоғамдық бірлестіктерге қатушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықықтары жоқ. олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. (АК-ң 106-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) .
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында мыналар көзделуне тиіс:
- қоғамдық бірлестіктің атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары;
- қоғамдық бірлестікке мүшелік, мүшелікке ие болу және айырылу ережесі мен тәртібі, мүшелердің (қатысушылардың) құқықтары мен міндеттері;
- қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) құқықтық жағдайы және шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
- Басшы органдарды құру тәртібі, олардың құзыреті мен өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктердің тұрақты жұмыс істейтін басшы органы орналасқан орын;
- қоғамдық ақша қаражаты мен өзге де мүлкінің қалыптастырылу көздері, қоғамдық бірлестік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) мүлікті басқару жөніндегі құқықтары;
- қоғамдық бірлестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
- қоғамдық бірлестікті қайты ұйымдастыру мен тарату тәртібі, қоғамдық бірлестік таратылған жағдайда оның мүлкінің тағдыры.
Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестіктің жоғары органы- съездің (конференцияның, жиналыстың) құзыретіне ғана жатады. (Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 12-бабы) .
Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүргізіледі.
Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу үшін ол құрылған күннен бастап екі ай мерзім ішінде тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бірлестікті құру бастамашылары, басшы органның мүшелері туралы мәліметтер, қоғамдық бірлестіктің мәртебесін және заңды мекен-жайын, сондай-ақ тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттыр қоса тіркеледі.
Қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы өтініш беру үшін белгіленіп, дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзімді тіркеуді жүзеге асыратын орган қалпына келтіреді. Заңдарда көзделгенреттерде қоғамдық бірлестік қайта тіркелуге тиіс.
Қоғамдық бірлестікті, оның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеуден бас тарту заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарға сәйкес жүргізіледі. Тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) оның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қоғамдық бірлестік органының шешімі бойынша жүргізіледі. Қоғамдық бірлестікті тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
Қоғамдық бірлестіктер жерғыда және қазақстан Республикасының заңдарында берілген өкілеттік шегінде жұмыс істейтін басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздеріне міндеттер алады.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белнгіленген тәртіппен:
- өз қызметі туралы ақпарат таратуға;
- соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
- жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге;
- баспа қызметін жүзеге асыруға;
- халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.
Қоғамдық бірлестік:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
- өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен олардың танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
- ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар етуге;
- тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және бірыңғай мемлекеттік тізбеге енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыруға міндетті. (Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 19-бабы) .
Қоғамдық бірлестіктер жарғылық мақсаттарға қол жеткізгендей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызметті қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен алынатын табысты қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшін пайдаланылуға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер оның меншігі болып табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салнған объектілер қосылмайды. Қоғамдық бірлестіктердің меншігі Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
Қоғамдық бірлестіктердің мүлкі оның меншік құқығына жатады4. Қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың бірлестіктерге қатысушылардың бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz