Қоғамдық өкіл ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

Адвокатура институтының Қазақстандағы даму тарихы

Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуы - сот өкілінің бір нысаны ретінде

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Адвокат-это не только

специалист, но человек,

имеющий свободное мыш-

ление.

Азаматтық іс жіргізу кодексінің 58 бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Сот өкілдігі - азаматтық іс жүргізу құқығының дәстүрлі және негізгі институтының бірі болып табылады. Алғаш рет ҚР-ның Конституциясында азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына және білікті заң көмегін алуға құқығы көзделген. Азаматтармен осы құқықтарды тәжірибеде жүзеге асыру мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс жүргізудегі сот өкілдігі институтын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Іс бойынша өкіл ретінде кәсіби заңгер-адвокатты құқығы азаматтық іс жүргізушілік әрекет-қабілеттігінін басты элементін құрайды.

Бірақ азаматтық іс жүргізуде адвокаттың қызметінін маңыздылығына ешқашан тиісті түрде назар аударылмағаңдығы бәрімізге мәлім. Өз уақытында бұл қызмет конституциялық функцияны, яғни қорғауды жүзеге асыруға бағытталған адвокат-қорғаушының қызметімен салыстырғанда екінші дәрежедегі қызмет болып есептелінді.

Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Заңнамалар да өзгерді.

Қазіргі уақытта сот реформалар нәтижесінде сот билігі жеке билік ретінде қалыптасып және бұрын сотқа жүгіну үшін қойылған шектеулер алынып абсолютті ештенемен шектелмеген сотта қорғану құқығының пайда болуына әкелді.

Азаматтардың құқықтарын қорғауда соттың рөлінің ұлғаюмен қатар адвокаттың қатысуының маңыздылығы артып келеді. Азаматтық іс бойынша адвокаттың қатысуы ҚР-ның азаматтарының мамандандырылған заң көмегін алудағы конституциялық кепілдікті жүзеге асыру болып табылады.

ҚР-ның Конституциясы тікелей әрекеттегі заң болған жағдайында, адвокаттар конституциялық құқық нормаларын ескерумен қатар олар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау сот төрелігінін жоғары мәні мен белгіленуімен анықталатынын және құқық нормасы осы жоғары міндетке сай түсіндірілуі қажет екенін естен шығармауға тиіс.

Қазақстан Республикасында азаматтық істерді жүргізуде адвокаттың көмегіне жүгіну әлі осы уақытқа дейін міндетті емес құқығы болуы көптеген батыс елдеріне қарағанда басты ерекшелік болып табылады, себебі батыс елдерінің сотында мұндай істерді жүргізу міндетті түрде кәсіби-заңгердің қатысуымен жүзеге асады. Жиі кеңес беру тәжірибесінде азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік заңдарымен реттелетін сұрақтар туындау мүмкін. Аталған қатынастардың күрделілігі және азаматтармен өз құқықтарын дұрыс білмеу салдарынан талапты қорғау үшін негіздер болмаған жағдайда сотқа жүгінуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен бірге, сот тәжірибесінде процесуалдық нормалардың көптеген бұзушылықтары кездеседі және олар тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіру мүмкін.

Мұндай жағдайда адвокаттың берген кеңестері азаматтың уақыты мен қаражатының үнемделуіне жәрдемдеседі, ал сотты негізсіз талаптарды қараудан босатады.

ҚР-ның адвокатураға басты көніл бөлуінін себебі, адвокат алдын-ала тергеу мен сотта қылмыстық, азаматтық және тағы басқа істер бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, оларға заң көмегін көрсететін жалғыз заңгер. Қазіргі нарықтық заманның біздің өмірімізде кең орын алуымен қатар әртүрлі саладағы қатынастардың саны күрт өсіп келеді. Осыған сай адвокаттың қызметі де кеңейіп келеді. 1997жылы 5 желтоқсанда жаңа адвокаттық қызмет туралы заңның қабылдануы адвокаттық қызметтің жаңадан реттелуін талап етті.

Сондықтан мемлекеттің тарапынан адвокаттың қызметі қатаң реттелуі қажет.

Адвокатура институтының Қазақстандағы даму тарихы

Қазіргі уақытта әдебиеттерде адвокатура ежелгі және сонымен бірге жалпыадамзаттық мекеме болып табылады деген, яғни ол әр уақытта және барлық халықтарда болған деген пікірлер жиі айтылып жатыр.

Грелле-Дюмозоның айтуы бойынша "адвокатураның пайда болуы алғаш іс жүргізуге және алғаш сотқа сай болуы мүмкін"1 - деген. Ал Форсит "Адамдар азаматтық құрылымдық нысанын аңғарған уақыттан бастап адвокатура принциптері, бірақ атауы мәлім болмағанмен болуы тиісті"2 деген пікір айтты.

Айтылған пікірлерге қарсы өзге жазушылар "адвокатура өркениеттің ең соңғы жарығы" деп дәйектер келтіреді.

Осы пікірлердің қайсысы әділ екен? Бұл сұраққа жауап беру үшін және де адвокатура қалай пайда болғанын білу үшін үш топ факторды қарастыру қажет.

Біріншіден, алғаш қауымдардың заңды құрылысына қатысты антропология және этнография мәліметтеріне сүйену қажет.

Екіншіден, өркениетті елдердің сот төрелігінің жағдайымен танысу керек.

Үшіншіден, ежелгі және жаңа мәдени халықтардың тарихтарына терең назар аудару қажет.

Осы аталған үш қайнар көздер арқылы адвокатураның пайда болуы жөнінде және оның алғашқы нысандары жөнінде мәліметтер алуға болады. Бірақта, заңның дамуының алғашқы қадамында, біздер, адвокатураны қазіргі уақыттағы өмір сүріп жатқан түріндегі жағдайында кездестірмейміз.

Антропология мәліметтеріне сүйенетін болсақ, сол кездегі алғашқы қауымдарда, қауым көсемдері мен басшылары үкімет қызметінің барлық функцияларын атқарған: олар әскери басшы да, әкім де және судья да болған. Яғни, мұндай тәртіп жағдайында адвокатураның болуы әлі де мүмкін болмады.

Кейбір жартылай өркениеттік мемлекеттерде, әсіресе мұсылман мемлекеттерінде, құқық қорғаушылық институты біраз дамып және ол арнайы топтағы тұлғалардың кәсіби қызметіне айналады.

Егер алғашқы қауымдардың және өркениетті халықтардың құқықтық жағдайлары біздерге құқық қорғаушылықтың алғашқы нысандары жөнінде мәліметтер берсе, ал ежелгі және жаңа мәдени халықтарының тарихы біздерге қажет институттың даму процесін көрсетеді.

Ресей.

Славян құқығының тарихында қызықты фактіні байқауға болады: бірде бір славян халықтарында адвокатура таза күйінде дамып үлгермеген.

XV ғасырдың заңнамалар жинағында алғаш рет сот өкілдігі туралы аталып кеткен. Өкілдер міндетін, біріншіден, дауласушы тұлғалардың туыстары, екіншіден, мемлекеттік қызметтегі және билікпен иемденген тұлғаларды қоспағанда, барлық құқыққа қабілетті тұлғалар жүзеге асырған.

Бірінші топтағы тұлғалар табиғи өкілдер болған, ал екінші топтағы - жалдамалы өкілдер. Соңғы топтағы тұлғалардан бара-бара кәсіби өкілдер институты қалыптасты.

Өкілдердің қызмет аясы жөнінде мәселе әр заманда әртүрлі қарастырылған. Ежелгі уақытта, яғни қылмыстық іс жүргізу әлі азаматтықтан бөлек болмаған кездерде, өкілдер іс жүргізудің екі түріне де қатысуға мүмкіндіктері болды.

Реформаға дейінгі адвокатураның кемшіліктері және сот құрылысындағы жетіспеушіліктер үкімет органдарымен шараларды қолдануды талап етті. Мемлекеттік кеңес, ұйымдасқан адвокатураны құруды қажет деп тапты, себебі онсыз "азаматтық іс жүргізуде жарысты жүргізу және қылмыстық іс жүргізуде сот жарыссөздерін жүргізу мүмкін емес болды". Осы идея 1864 жылғы Сот Уставында жарияланған болатын.

Аталған Уставқа сәйкес Ресейде бірінші адвокатура институты ұйымдастырылды.

1866 жылы Ресейде адвокатура туралы ереже бекітілді. Бұл ережеге сай адвокатура екі топтағы тұлғаларға бөлінді:

  1. Присяжный поверенный.
  2. Жеке (частный) поверенный.

Олардың қызмет ету аялары дәл келеді, тек, бір айырмашылығы болып присяжный сенімділер жоғары білім цензімен иеленеді және кейбір артықшылықтармен пайдаланады.

Присяжный, адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін орыс заңнамалары бойынша мынадай шарттарға жауап беруі керек:

  1. Жиырма бес (25) жаста болуы.
  2. Орыс азаматтығының (русское подданство) болуы.
  3. Заң ғылымдар курсын университетте немесе басқа бір оқу орнында бітіргендігі жөнінде аттестат (диплом) .
  4. Тәжірибелік дайындық немесе стаж.

Сот Уставының 354 бабына сәйкес адвокатураға дайындықтың үш түрі көрсетілген:

  1. Кандидаттар, соттар ведомствасында тәжірибелік мәліметтер алуға мүмкіндігі бар лауазымды қызметті атқара алады.
  2. Сот лауазымына кандидат ретінде тіркелуге.
  3. Присяжный сенімділер жетекшілігімен, олардың көмекшісі ретінде сот тәжірибесімен шұғылдануға.

Аталған барлық үш жағдайларда бес жылдық мерзім қажет. Сот Уставын құрастырушылар адвокатураның ішкі өзін-өзі басқарылуын француз үлгісі бойыншы ұйымдастырған.

Адвокатураға түсу үшін заңның талаптарына жауап беретін тұлғалар кеңеске қажетті құжаттармен қоса өтініш жолдайды. Кеңес, барлық ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, присяжный сенімділер қатарына қабылдау немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды (381 бап) .

Присяжный сенімділер өздеріне азаматтық және қылмыстық істерді жүргізуді қабылдай алады. Олар дауласушы тұлғалардың өкілдері болып есептеледі. Олардың клиентпен қарым-қатынастары сенімхат шарты негізінде жүреді және өкілдің арнайы өкілеттіктері арнайы рәсімделуі қажет.

Присяжный сенімділермен қатар жеке сенімділер де азаматтық және қылмыстық істерді жүргізе алады.

Бітімгершілік (мировые) және уездік съездер және сот палаталары жеке сенімділерге бөгде істерді жүргізуге құқық беретін куәлік береді. Бұл куәліктер арнайы жарналармен салынады. Олардың мөлшері, егер съезбен берілген болса 40 сом, ал сот палатасы берсе 75 сом. Осы жарналар жыл сайын төленіп отырады. Жеке сенімділер қай соттың құрамында тұрса, сол сот оған билік етеді. Арнайы бап бойынша әйелдерге жеке сенімгер болуға тиым салынған (406 бап) .

Советтік Социалистік Қазақ Республикасы.

Совет Одағының алғашқы жылдары пайда болған адвокатура үлкен жол өтіп, қазір жоғары мамандандырылған заңгерлердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1917 жылғы 24 қарашада қабылданған №1 Сот туралы Декрет буржуазиялық соттарды қысқартып және присяжный адвокаттар институтын жойды.

Корғаудың сапалы нысаның ұйымдастыру барысында құқық қорғаушылар алқалары құрыла бастады3, сонымен қатар қазақ депутаттары және шаруа, солдат, жұмысшылар уездік атқару комитетінің жанында қорғаушылар алқасы, айыптаушылар және азаматтық іс жүргізу тараптарының өкілділерінің алқалары құрылды. 2

Бұл аталған нысандардың өмір сүру қабілеті болған жоқ. 1922 жылы 26 мамырда ВЦИК-тің ІІ сессиясының 9 шақыруында сот қорғаушылар институтын ұйымдастыру жөнінде сұрақтар қарастырылды және адвокатура туралы Ереже бекітілді, онда қорғаушылар алқасының қызметі мен ұйымдастыру қағидалары айқындалды. Бұл күн адвокатураның туылған күні болып саналады.

Ереже бойынша қорғаушылар алқалары өзін-өзі басқаратын ұйым ретінде құрылатын болды. Олардың қызметіне басшылықты, алқа мүшелерінің санынан сайланатын, президиум жүзеге асырды; алғаш рет алқа қызметінде жаңа функциялар пайда болды - адвокаттар сотқа қатысып қоймай, сонымен бірге мекемелерде және ауылдық жерлерде халыққа құқық көмегін көрсету мақсатында заң консультацияларын ұйымдастырды.

Қазақстандағы адвокатураның ұйымдастырылуы жолында көптеген қиындықтар тұрды. Алдымен кадрлардың жоқ болуы және кейбір совет жұмысшылары адвокатураға сенімсіздікпен қарады, оны совет сотына деген қажеттілігін мойындамады.

1939 жылы 16 тамызда СНК ҚСРО ""ҚСРО адвокатурасы жөнінде" жаңа Ережені бекітті, онда облыстық адвокаттар алқасын ұйымдастыру мәселесі айқындалды. Ереже бойынша, адвокаттық қызметпен тек алқа мүшелері және тек заң консультациясы арқылы айналысуға құқылы болды.

Адвокатқа сотта қорғауды жүзеге асыру міндетімен қоса мекемелерге және азаматтарға өзге құқықтық көмек көрсету міндеттері жүктелді. Республикада тұрақты түрде, адвокат кадрларын дайындау бойынша белсенді жоспарлы жұмыстары жүріп жатты. 1936 жылы бірінші рет, бүкіл Қазақстандық алқа қызметкерлерінің съезі шақырылды. Оның нәтижесінде, халыққа беретін құқық көмегін жақсарту бойынша адвокатураның міндеттері айқындалды.

Соғыстан кейінгі кезеңдерде біздің республикада адвокатураның қызметін ұйымдастырушылық нысандары өзгеріссіз қалды; алқаның қызметіне жалпы басқаруды Қазақ ССР әділет комиссариаты жүргізді, ал тікелей басшылықты - алқаның сайланбалы органы- президиум жүзеге асырды.

Бірақ, адвокатураға мамандырылған кадрлардың жетіспеушілігі және материалдық базасының әлсіз дамуы қатты сезіле бастады.

1960 жылы 5 шілдеде Қазақ ССР-ның Жоғары Кеңесі Қазақ ССР адвокатурасы жөнінде Ережені бекітті. Бұл Ереже, адвокатураның заңдылықты орнату ісіндегі беделі мен ролінің көтерілуінде өз ықпалын тигізді.

1979 жылы 30 қарашада ҚСРО-ның Жоғары Кеңесінің екінші сессиясының X шақыруында "ҚСРО-ғы адвокатура жөнінде" заң қабылданды, осыған сәйкес Қазақ ССР жоғары кеңесі 1980 жылы 13 қарашадағы заңымен Қазақ ССР-ғы адвокатура жөнінде жаңа ережені бекітті.

Жаңа заңда адвокатураның міндеттері кеңірек айқындалған, алқа мүшелігіне қабылдау және одан шығару тәртіптері көзделген, алқаның ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша шаралар келтірілген, адвокаттық қызметінің кепілдіктері тұжырымдалып және оның ерекшеліктері ескерілген. Сонымен бірге адвокатурадан шығарылған адвокаттардың шағымдарын сот тәртібімен қарау мәселелері қарастырылған.

Айтылғандардың бәрі әрине, адвокатураның қызметінің және ұйымдастырылуының демократиялық қағидаларын дамытады, заң көмегінің сапасын көтермелейді, оның, азматтардың және ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы рөлін жетілдіреді.

Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуы - сот өкілінің бір нысаны ретінде

Сот өкілдері институты азматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру аясындағы демократизмнің бірден-бір көрінісі болып табылады.

Істі сотта өкіл арқылы жүргүзу құқығы, тараптарға, жеке талапты мәлімдейтін және мәлімдемейтін үшінші тұлғаларға, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, сондай-ақ ерекше іс жүргізу істері бойынша немесе ерекше талап қою арқылы іс жүргізуге қатысушы мүдделі тұлғаларға берілген.

Сотта, істі өкіл арқылы немесе оның көмегімен жүргізу құқығы ештенемен шектелмеген.

Азаматтық іс жүрізүдегі сот өкілдігі барлық азаматтық істер бойынша, яғни дауды мәні бойынша қарау кезінде бірінші инстанциядағы сотта және сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша екінші инстанциядағы сотта және кей жағдайларда істі қадағалау тәртібімен қайта қарау кезінде жүргізіледі.

Тәжірибеде, сот өкілдігіне деген қажеттілік, алдымен заңды тұлғаларда жәнеде процессуалдық әрекет-қабілеттігі әртүрлі себептерге байланысты шектелген жеке тұлғаларда пайда болады (жасына, физикалық жағдайына байланысты) .

Сонымен қатар, сот өкілі көмегіне сүйенуді артығырақ көретін, бірақ, өздеренің науқастығына, қолы бос еместігіне, заңи шала сауаттығына, істің күрделігіне немесе өзге де себептерге байланысты әрекет-қабілеттігі бар тұлғаларда жүгінеді.

Сот өкілдер институты сот тәжірибесінде кең қолдануын тапты.

Азаматтық іс жүргізүде сот өкілдігін көбіне негізінен адвокатура органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура заңда көзделген тәртіп бойынша азаматтық істер бойынша өкілдікті және қылмыстық іс бойынша қорғауды жүзеге асыратың қоғамдық үйым болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы адвокаттар қызметі "Адвокаттық қызмет туралы" заңымен және өзгеде адвокаттық қызметті реттеуге бағытталған заңнамалардан тұрады.

Адвокат өз қызметін, заң консультациясы арқылы не жеке өзі немесе басқа адвокаттармен бірігіп құрған адвокаттық кеңсе арқылы, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жекеше жүзеге асыруга құқылы. Осыған орай адвокат болып, жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс істеген және адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар тұлға табылады.

Азаматтық істер бойынша өкілдікті жүзеге асырған кезде адвокат келесі шеңберлерде әрекеттенеді:

  1. Заңды өкіл ретінде (әрбір ата-ана, асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы ретінде) .
  2. Қоғамдық өкіл ретінде.
  3. Шарттық өкіл ретінде.

Өкілдің соңғы түріне тоқтап кетейік. Себебі, өкілдің осы түрі ең кең таралған болып есептеледі.

Сондықтан, азаматтық іс жүргізу қатысушыларында, даулы құқық қатынасты дұрыс бағалай білетін, дәлелдеу пәніне қандай фактілердің кіретінін және олар қалай, немен пайымдалатынын білетін маманның көмегіне деген қажеттілік ұлғая келеді. Осындай көмек үшін азаматтар адвокаттарға сүйенеді.

Адвокат жүзеге асыратын өкілдіктің азаматтық-құқықтық негізі болып тапсырма шарты табылады, ал оның өкілеттіктері азаматтық іс жүргізу заңнамасында және сенімхатта айқындалған. Аталған шарттың бар болуы адвокаттың іс жүргізуде сенім берушінің атынан қатысуын негіздейді.

Соттағы өкілдік азаматтық іс жүргізу заң нормаларында белгіленгендіктен ол процессуалдық сипатқа ие болады. Процессуалдық өкілдік бұл тұлғаның өзге тұлғаның немесе ұйымның атынан процессуалдық әрекеттерді жасау деп анықталу мүмкін. Жоғарыда айтып кеткендей, іс жүргізушілік құқықтың пайда болу негізінде азаматтық-құқықтық өкілдік шарты жатыр. Соған байланысты азаматтық- процессуалдық өкілдікке тән белгілері бар. Олар:

  1. Өкілдік етуші өкіл берушінің атынан әрекет етеді, бұл шарттың болуымен айқындалады.
  2. Өкілдік етуші өкіл берушінің мүддесі үшін әрекеттенеді.
  3. Өкілдік етуші іс жүргізуде өкіл берушінің құқықтарын іске асырып міндеттерін орындайды.
  4. Өкілдік етуші заңмен және өкіл берушімен берілген өкілеттіктер шеңберіне әрекеттенеді. Өкілдік етушінің өкілеттіктері: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы өкілеттіктер өкілге заң негізінде табыс етіледі және сенімхатта арнайы ескертуді талап етпейді. Оларды атап айтсақ: дәлелдемелерді ұсыну, әртүрлі өтінімдерді қорғау және тағы да басқа өкілеттіктер. Арнайы өкілеттіктерді жүзеге асыру құқығы өкіл беруші үшін маңызды және қайтымсыз салдарына байланысты сенімхатта ескеріліп кетуі қажет. Олар келесі процессуалдық әрекеттер:
  • істі төрелік сотына беру;
  • талаптан толық немесе жартылай бас тарту;
  • талапты мойындау;
  • талаптың пәнін өзгерту;
  • бітімгершілік келісімін жасау;
  • сот шешімін шағымдау;
  • атқару қағазын өндіріп алу үшін ұсыну.
  1. Өкіл процессуалдық әрекеттерді жасай отырып өкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.
  2. Өкілдіктің пайда болуының негізі болып әрқашан өкіл берушінің ерік білдіруі болып табылады.

Тапсырма шартты заң көмегі үшін жүгінген тұлғалар мен адвокаттар коллегиясының заң консультациясы арасында жасалады. Заңда көзделген жағдайлардан басқа, адвокаттарға клиентпен жеке шарттық қарым-қатынасқа түсуге жол берілмеген.

Әдетте, заң консультациясына көмек сүрап келген тұлгалар істі жүргізуді табыс ететіндей нақты адвокатты атамайды. Бірақта, заң көмегін сұрап келген тұлға, заң көмегі тегін көрсетілген жағдайлардан басқа, адвокатты таңдаунда ерікті.

Сонымен қатар, егер клиент өкіл ретінде белгілі бір адвокатты тағайындау туралы тілек білдірмесе де, оған қызмет көрсету үшін қандай да бір адвокатты тағайындау клиентпен ақылдаса отырып тағайындалуы қажет. Ал егер де клиент өкіл ретінде нақты бір адвокатты қаласа, заң консультациясының меңгерушісі мүмкіндігі болғанша тілекті қанағаттандыруға тырысуы қажет. Сотта азаматтық істі жүргізуді өз өндірісіне қабылдаған адвокат, өкілеттігінің дұрыс рәсімделуінің қамын ойлау қажет.

Нақты бір азаматтық іс бойынша адвокаттың өкілеттігі заң консультациясы (меңгерушісі қол қойған) немесе адвокаттық кенсе беретін ордермен рәсімделеді, ал өз қызметін жеке дара атқарған жағдайда шартпен рәсімделеді.

Ордер адвокатқа тек жалпы өкілеттіктерді иемденуге құқық береді. Егер заң көмегіне сүйенген тұлға адвокатқа арнайы өкілеттіктерді беруді тілек етіп білдірсе, ондай жағдайда ордерге, заң талабына сәйкес рәсімделген сенімхат қоса берілуі қажет.

Бас бостандығынан айырылған тұлғалар атынан сенімхат тиісті қамау орының бастығымен куәландырылу қажет. Әскердегі тұлғалардың сенімхаты тиісті әскери бөлімшенің басшысымен рәсімделеді.

Өзге мекен тұрғыны адвокатқа сенімхатты, алдын ала нотариуспен рәсімдеп (тұрғылықты жеріндегі) және телеграфтың рәсімдеген қолымен телеграф жүесі арқылы жіберілуі мүмкін.

Антимонов Б. С. және С. Герзонның пікірлері бойынша: адвокатқа берілетін ордер сенім беруші берген сенімхатты орнын алмастыра алмайды. Бұл адвокаттың, сенімхатта арнайы ескерілген жағдайда ғана, жүзеге асырылатын клиенттін материалдық құқығымен билеу құқығымен байланысты.

Кейде өз мүддесін сотта білдіру үшін адвокатқа сүйенген тұлга, өзінің заңи білімсіздігіне не өзге себептерге байланысты өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздеуге қажетті фактілерді толық және дұрыс баяндап бере алмайды.

Сондықтан азаматтық іс бойынша сенім берушінің мүддесін өкілдік ету туралы тапсырмасын алар кезде адвокат іске маңызы бар фактілі мән-жайларды мұқият анықтап алуға және клиенттің талабын (қарсылығын) пайымданатын немесе жоққа шығаратын қандай дәлелдемелері бар екендігін белгілеп алуға, сондай-ақ тиісті қоғамдық қатынастар түрін реттейтін құқық нормасы тауып алуға қажет. Егер адвокат клиентпен алдын-ала сұқбаттасу барысында оның талап қоюға құқығы немесе талапты даулау үшін негіздері болмаса не дауыссыз талапқа қарсы талап қойып жатыр деген қорытындыға келген болса, ол істі сотта жүргізу туралы тапсырманы қабылдаудан бас тартуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Адвокатура қызметінің түсінігі
Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Өкілдік қатынастарының субъектілері
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Өкілдіктің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz