Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
І. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері 5
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесі 5
1.2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың
жолдары, проблемалары және жетістіктері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

Соңғы он төрт жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік
саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болды. Бұл
өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тотолитарлық жүйенің апатқа
ұшырауы, ССРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді
мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында
күрделі процесстер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес
келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің
қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық,
адамгершіліктік және психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ
ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының
кенет ашылуы салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік
дағдарысты басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті. Қазақстан
Республикасында Президентті Н.Назарбаев 1994 жылы маусым айының тоғызыншы
жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде былай деді: ірі
мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей дағдарыстың
тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ
республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз
бұрыңғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының
барлық ауырпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық 1. Осыдан он төрт
жыл бұрын жетпіс жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан алғаш рет өзінің
шынайы дербестігін алды, Маркстік, Лениндік теориядан және идеологиядан
алшақтады, адам құқығы мен бостандығының артықшылығын мойындады және нағыз
демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Мұндай
жағдайда Президенттік басқару формасы туралы мәселе ерекше қаралды.
Президенттік институт әлдеқашан пайда болғанмен (жаңа тарихта мұндай
басқарудың алғашқы бастауы 1787-жылғы Конституциямен құрылған Америка
Президентурасы болды), біздің Республикамыз үшін, сондай-ақ ТМД-ның қалған
Республикасы үшінде басқарудың бұл формасы жаңа, зерттеліп дайындалмаған
болып табылады, өйткені Президенттік институт билікті бөлу қағидасын
мойындауды ұйғарады, ал ССРО–да ол ұзақ жылдар бойы теріске шығарылып
келді.

Басқа қағида-кеңестердің толық биліктік қағидасы Конституциямен
бекітілді. Оған сәйкес барлық басқа мемлекеттік органдар Кеңестердің
бақылауында және оларға есеп беретін болды. Қазақстан Республикасының
Президенті қызметін құру кезінде бірнеше мақсат көзделді: билікті бөлу
қағидасының жағымды жақтарын ескере отырып сипаты бойынша Преғзиденттің
функциялары мен өкілеттіктерін Праламент жұмысын ұйымдастыру функцияларынан
бөлу, бірінші топтағы өкілеттіктің неғұрлым жедел жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету әсіресе, төтенше жағдайларда, заң шығарушы, атқарушы-
басқарушы, сот органдарының қызметін келісімге келтіру механизмін
жетілдіру, заңдылықтың және атқару тәртібін нығайту.

Қазақстан Республикасының 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995-жылы 28-
қыркүйекте қабылдаған Конституциялық заң күші бар Қазақстан
Республикасындағы сайлаулар туралың жарлығы, 1990-жылы 25 қазанда
қабылданған Қазақстан ССР-ның тәуелсіздігі туралы Деклорациясың, сонымен
қатар 1994 жылы 12-ақпанда шыққан құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасы және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеті және
атқарушы органдары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасы Президентінің 1994 жылы 12 қыркүйекте шығарылған Республика
Президентінің Қазақстанның мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті туралы
Жарлығы.

Жұмысты жазу процесінде біз ежелгі гректің ойшылдары Платонның
Мемлекет және Аристотельдің Саясат еңбектеріне жүгіндік. Сонымен қатар
құқықтық мемлекет туралы мәселелер бойынша бірқатар монографиялар
қолданылды:

М.Т.Баймахановтың Құқықтық мемлекет қағидаларын Қазақстан
Конституциясында іске асыру проблеммалары мақаласы, С.В. Боботовпен
Д.И.Васильевтың Құқықтық мемлекеттің функциялық үлгісі, Ф.М. Рудинскийдің
Кеңес Конституциялары: адам және азамат құқығы мақалалары.

І. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесі

Ұзақ он жылдықтар бойы үстемдік еткен құқықтық нигилизм эрасы
азаматтарды құқықтың тек жазалау жақтарын қабылдауға үйретті. Соның
арасында адамзаттың ғасырлар бойғы тарихи құқықты бірден-бірге көшпейтін
әлеуметтік құндылық ретінде көрсетеді.
Атап айтқанда, негізінде теңдіктің формалдік қағидасы жатқан құқық кез
келген ерікті қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Адамдар болмысынан
тең емес қабілеттіліктерге ие. Бірақ олардың барлығы да өздігінен іске асуы
үшін тең құқықтық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Яғни бұл жерде Қазақстан
қоғамының әр мүшесінің таңдау еркі, ал жалпы қоғамда даму жолын анықтауда
альтернативасының болуы туралы сөз болып отыр. Тек осы жағдайлар сақалғанда
ғана қоғамдағы еріктілік перспиктивасы туралы айтуға болады. Таңдау
мүмкіндігі құқық жоғарылығы және құқықтық жүйенің негізгі идеясы
мемлекеттің негізгі құжаты болып табылатын Конституцияның жоғарғы
қағидалары салтанат құрған кезде көрінеді. Конституциялық реформаның
қажеттілігі туралы пікірлер қоғамда көптен бері айтылды, тіпті 1993 жылғы
Конституция қабылданған күннен бастап десек те болады. 1993 жылғы
Конституция мемлекеттік құрылымның барлық мәселелерін шешпегені үшін, екі
жақтылықты сақтағаны үшін Қазақстан мемлекетінің табиғаты және Тілдер
статусы мәселелерін толық айтып жеткізбегені үшін, жерге жекеменшілікке жол
ашпағаны үшін орынды сынға тартылды.
Ал бүгін жағдай негізінде өзгерді - Қазақстан дүниежүзілік бірлестік
мойындаған мемлекетке, халықаралық құқықтың толық құқылы субъектісіне
айналды, оның дауысы адамзаттың ең беделді форумы – БҰҰ-да сенімді және
салмақты естіле бастады. Ия, Қазақстандықтардың менталитеті де өзгерді,
байқау және қателесу жолымен болса да, сапалы жаңа экономикалық және саяси
жағдайдарда баға жетпес өмір тәжірибесін жинақтаған нарықтық қайта құрулар
жүре бастады. Біздің бәріміз де өткен он төрт жыл ішінде басқаша бола
бастадық. Сондықтан жаңа кезеңге елдің ішкі және сыртқы кезеңдеріне сай
келетін Конституция қабылдау қажеттілігі туды. Өйткені, реформалауға
Қазақстанның барлық мемлекеттік құрылымы жатады: нарықтық экономиканың
талабына негізделген Конституциялың экономикалық блогын толық,
Конституцияның жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларымен
сәйкестендірілген бөлімі де түзетілді.
Конституциялық реформаның ерекшелігі – оның бастаушысы мемлекет басшысы
болып табылатындығы. Президенттің тікелей қатысуы Конституцияның жобасын
жасау жұмысы төңірегінде ведомствалық, бірлескен және рушылдық мүдделер
ықпалынан аулақтауға мүмкіндік туғызды. Конституцияның бірінші бабы былай
деп тұжырымдалады: Қазақстан Республикасы өзін жоғарғы құндылықтары адам,
оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Демократиялық мемлекет деген не? Бұл, кез келген адамзаттың басқаруға
қатысуға, белгілі бір жағдайда оның саясатына ықпал етуге мүмкіндігінің бар
болуы дегенді білдіреді. Мемлекет барлық азаматтардың мүддесіне орай саяси
басқару құралы ретінде рөл атқарады.
Демократиялық мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаақстан Республикасының Президенттік басқару нысаны
Құқықтық мемлекет туралы жалпы білім
Президентінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
Пәндер