Құқықтық мемлекет негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Құқықтық мемлекет негіздері2

1. Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілері2

2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру4

Пайдаланылған әдебиеттер9

Құқықтық мемлекет негіздері

1. Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілері

Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары - барынша ескі идеялар, оның негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес проблемасы айрықша маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық мемлекет идеяларын дамытуға И. Кант, В. Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады. Канттың ойы бойынша, "мемлекет - құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі". Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет "қоғамдық келісім" нәтижесінде пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының объективті қажеттілігін түсінеді.

Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердін бірі - биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш. Монтескье болып табылады. Ш. Монтескье: "Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет" деп дәлелдеді.

Г. Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта отырып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері Н. М. Коркунов, П. И. Новгородцев, Г. Ф. Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.

Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:

1. Өркениеттік тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғамның - автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы.

2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:

а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,

ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді білдіреді.

3. Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тұлғаның немесе адамдар тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің алдын алумен негізделеді.

4. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғары заң күшіне ие және мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конституция негізгі заң болуы тиіс дегенді білдіреді.

5. Құқықтық мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің салтанат құратын органы болуы керек. Сот - қандай да бір ықпалдан тәуелсіз қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган.

6. Құқықтық мемлекеттің негізі - тұлғаның бостандығының, оның құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және кепілділігі.

Сөйтіп, құқықтық мемлекет - бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.

2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру

Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді. Олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: "бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның "Жеті жарғысын" білу қажет". Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: "білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру керек".

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.

Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған "Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы" декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны - Үкімет, сот билігін - Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа конституцияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.

Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады.

Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен тұлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Мамандықтың пәндер каталогы
Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Құқықтың қайнар көздері
Құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz