Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Жасөспірімдік кезеңдегі девиантты мінез-құлықтың көрінуі

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Девиантты мінез-құлықтың теориялық негіздері

1. 1. Девиантты мінез-құлық туралы жалпы түсінік . . . 8

1. 2. Жасөспірімдік кезеңде девиантты мінез-құлықтың болу

себептері . . .

1. 3 Жасөспірімдік кезеңдегі девиантты мінез-құлықтың

түрлері . . .

1. 4. Девиантты мінез-құлықтағы

балалардың психологиялық ерекшеліктері .

ІІ тарау. Жасөспірімдік кезеңде девиантты мінез-құлықты

анықтау және түзету жолдары

2. 1. Жасөспірімдік кезеңде девиантты мінез-құлықты түзетудегі психологиялық жұмыстардың мазмұны . . .

2. 2. Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері . . .

2. 3. Тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының қорытындысы . . .

ІІІ. Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Бүгінгі біздің қоғамымызда адам жанын алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың да салдарынан дүниеге қиын балалар легі де толастамай отыр.

Қазақ халқы отбасы, бала тәрбиесіне ежелден үлкен көңіл бөлген халық. Зере сияқты бір аймақты аузына қаратқан дана әжелелеріміздің арқасында дүниеге Ұлы Абай танылды емес пе?! Бұл үлкен де бөлек әңгіме. Ал қазір бала тәрбиесі мен қазіргі өмір ағыны бір-бірімен қабыспай отыр.

Девиантты мінез-құлықтың қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік, жалпы алғанда заңға қарсы мінез-қүлықтың барлығы бір блокты бейнелейді. Сонымен қатар жеткіншектердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да түрлеріне араласу деңгейін жоғарылатыды.

Заңға қарсы мінез-құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу деңгейімен, психалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал бұл кейде кейбір жағдайларда көрсетілгендей, әлеуметтік факторларға да сәйкес келіп орырады. Мектеп табалдырығындағы қиындықтар девиантты топтың немесе өмірлік травмалық жағдайлар да әсерін тигізбей қоймайды.

Жеткіншектер арасындағы девиантты мінез-құлық проблемасы-педагогикалық психологиядағы ең күрделі шешімдердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шынайы қиындығы қазіргі қоғам дамуы кезінде кең етек алып отыр. Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да біржола түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе жасөспірімдер мен жеткіншектерге ауыр тиді. Себебі, олар жас ерекшелігіне байланысты тұрақсыз, қолайсыз жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз мінез-құлық ауытқылушылығын сөз еткенде ең алдымен жасөспірімдерді есепке аламыз.

Жасөспірімнің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дүрыс психологиялық қолдау күтеді. Жеткіншек мінез-құлқындағы ауытқушылықты түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін. Бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез акцентуациясы, темперамент қасиеті, психикалық ауруларымен ауыруы, эмоционалды ерік сферасының бұзылысы, т. с. с), жанұядағы жағымсыз процестерге ( бала тәрбиелеудегі жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылысуы, т. б), мектептегі қиындықтарға ( оқушыға деген жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады. Мінез-құлық ауытқушылығы санамен қатар көмекші жеткіншек топтары мен ересектердің жағымсыз әсерінен туындап отыруы мүмкін. Сонымен біз жасөспірімдер мен жеткіншектердегі мінез-құлық ауытқушылығына девиантты мінез-құлық деген атау бергенді жөн көрдік.

Девиантты мінез-құлықты қоғамда ортақ қабылдаған нормаларға қарсы әрекеттер жүйесі және ол психикикалық процестердің тұрақсыздығынан көрінеді деп қарастыруға болады. Бұл әсіресе өз мінез-құлқын эстетикалық бақылаудың ауытқушылығынан өз-өзін өзектілеу процесінен бұзылысынан көрінеді (В. Д. Менделеевич. ) .

Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық формалары әр түрлі болып келеді. Мектеп психиолығы девиантты мінез-құлықтың уақытша және күнделікті формаларымен ( девиация ұзақтығының критерийлеріне байланысты), тұрақты және тұрақсыз формаларымен ( моно және полифеноменологиялық формалар критерийлеріне байланысты) кездесуі мүмкін. Девиациялар саналы және санасыз (қабылдану деңгейіне байланысты), құрылымды және құрылымсыз ( ұйымдастырылу критерийлеріне байланысты), төтенше және жоспарланған (мақсатты критерийлеріне байланысты), экспансивті және экспансивті емес (қоршаған адамдар өміріне ену деңгейіне байланысты), эгоистік және альтруистік (өзін және жан жағындағы адамдарға қызығушылығының бағытталуына байланысты), болуы мүмкін.

Психолог девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімнің жанұясында қадағалап отыруы тиіс. Бұл тек нашақорлар мен маскүнемдердің жанұясы ғана емес, соңғы кезде балалар арасындағы мінез-құлық ауытқушылығы бай жанұяларда да кездесіп отыр.

Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажіттіліктердің фрустрациясына алып келеді. Олар ата-аналарынан артық мейрімділікті қажет етеді. Соның салдарынан мұндай жасөспірімердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықтың адекватты емес формаларына әкеп соқтыруы мүмкін.

Егер девиантты мінез-құлықтың көрінуі өзіне назар аудартпаса және үлкендердің сәйкес әсер етуін күтпесе онда мұндай мінез-құлық жасөспірімнің мінез-құлық репертуарында бекуі әбден мүмкін. Сол себепті ертерек дивиантты мінез-құлықты диагностикалау аса маңызды болып табылады.

Зерттеудің көкейкестелігі. Барлық кезде де, барлық экономикалық формацияларда да мұғалімдердің жұмыстануы тек оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен қатар олардың адамгершілік бейнесі және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу болып табылады.

Қазіргі таңда тұлғаның рольі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды.

Аталған тақырыпқа деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік жағынан қажет болғандықтан туындап отыр. Девиантты мінез-құлықтың «болашақтың үрейіне» айналғандығы ересектерге де, балаларға да, тіпті жалпы қоғамға да белгілі. Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер өз уақыттарын тиімді ұйымдастыра алмайды, сонымен қатар ойлаулары мен мақсатқа бағытталуы және де уақытқа деген құндылықты қатынастары жеткілікті қалыптаспаған. Қазіргі таңдағы жастар өмірін ұйымдастыратын мекемелер дұрыс жұмыс істемегендіктен бұл атаулы мәселе күннен күнге күрделене түсуде.

Осыған байланысты оқытушылар мен психологтардың оқушылармен жүргізген жұмыстары олардың моральдық нормасы мен тәртіптік талаптарына сәйкес келуі керек.

Мектептегі практикалық жұмыста мұндай оқушыларды «мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар», «педагогикалық төмендетілген», «әлеуметтік төмендетілген», «қиын тәрбиеленетін» оқушылар деп аталады.

Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдердік кезеңдегі девиантты мінез-құлық ауытқушылықтарының пайда болу себептерін анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді түзету жолдарын қарастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдермен жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен түрлі бағыттағы түзету жұмыстары үйлесімді жүргізілсе, онда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың мінез-құлқының түзелуіне мүмкіндік болады.

Зерттеудің міндеті:

1. Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықты анықтау.

2. Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықты түзету.

3. Жасөспірімдердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Зерттеудің әдісі: Психологиялық ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, жасөспірімдерге зерттеліп отырған мәселе бойынша психодиагностикалық әдістемелер жүргізу; түзету және дамыту жұмыстарына сипаттама беру; психологиялық қорытындылау.

Зерттеу көздері: Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын зерттеуге байланысты жүргізілген тәжірибелері мол психологтардың еңбектері.

Зерттеу пәні: Тұлға психологиясы, даму психологиясы.

Зерттеу объектісі: Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық көрінісі.

Зерттеу базасы:

1-тарау. Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың теориялық негіздері.

1. 1. Девиантты мінез-құлық туралы жалпы түсінік

Аномия түсінігін Э. Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді.

Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни бұнда біздің батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптнген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш - ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады.

БАҚ - бұл ақылға әсер ететін ең күшті күш. Қазіргі жастар антипедагогикамен ауыратын тәрізді. Бұрында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Филиппин, Полинизия, Африка, Америка халықтарына небір түрлі жыныстық қатынастар тарату кездейсоқ болмағанымен, сол елдердің халықтары қазіргі кезде өздерінің отандық тәжірибелеріне ұялады. Ер адам мен әйел адам бейнелері мен жыныстық қатынас туралы қате түсінік салдарынан жастар ересектік өмірдің интимдік жағына күлкімен, әзілмен қарайды. Балалар жезөкшелігі мен сутенерлігі туралы басылымдардағы мақалалар тоғыз жолмен шектелмейді.

Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін.

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез - келген «табиғи» жағдай (жанұя құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т. б. ) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация, дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.

Қазіргі кезде адам тап болатын өзге мәселелер мен дағдарыстар қалыпты емес жағдайлардан туындайды. Оларға уақытынан бұрын болған өлім, ажырасу, жұмысынан айрылу, сотталу, инфляция, жұмыссыздық, соғыс жатады.

Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.

Р. К. Мертонның көзқарасы бойынша аномия бұл келіспеушіліктің немесе «мәдениет» пен «әлеуметтік құрылым» арасындағы заңдарға, қалыптылыққа, құралдарға түрліше қарап, қажеттіліктерді қанағаттандырудың (заңсыз) жаңа жолдарын іздеудің нәтижесі.

Р. К. Мертон түрлі бейімделу жағдайындағы «аномиялық бейімделу» реакциясы ретіндегі аномиялық қысымның бес түрін көрсетті. Олар: конформизм, инновация, ритуализм, ретритизм және мятеж.

Конформизм (сәйкестік) - тәуелсіз мінез-құлқы бар жалғыз тип.

Инновация - белгілі мәдениеттің мақсатымен келіскенмен, оған жетудің әлеуметтік тәсілдерінен мойындамайды (қорқыту, рэкеттік) .

Ритуализм - белгілі мәдениеттің мақсатымен келіспейді, бірақта оған қол жеткізудің әлеуметтік тәсілдерін мойындайды.

Ретритизм (кейін шегіну) - адам мәдениеттің мақсатында, оған қол жеткізудің әлеуметтік тәсілдерінен де бас тартады (қаңғыбастар, нашақорлар, т. б. ) .

Мятеж (бунт) - бұрынғы мәдениет пен тәсілдерден бас тартып қоймай, оларды жаңамен алмастыру.

Т. Парсонс девиантты мотивацияның пайда болуын күткеннің болмауымен түсіндіріледі. Жасөспірімдер мен жастардың аномиясы түсінігін ол - құндылықтар мен қалыптылық әлі түсініксіз немесе мүлдем маңызын жойған деп қарастырады. Осыған орай бағыну қоғамдағы дифференциялық құрылымды күшейтіп, келіспеушілік пен девиантты мінез-құлыққа алып келеді.

Себастьян де Гразилс «қарапайым» және «күшті» аномия түсініктерін енгізген. «Қарапайым» аномия қазіргі кездегі өнер, әдебиет, құндылықтарына келіспеушіліктен, әдебиет, құндылықтарына келіспеушіліктер жағымсыз жағдай туғызғанда пайда болса, «күшті» аномия сенімдер жүйесінің мүлдем жойылуынан, психикалық бұзылыстардың, өзін өлтіру мен массалық қозғалыстардың пайда болуынан туындайды.

Г. Беккер кез - келген қоғамда әлеуметтенудің жетілмеуінен, ішкі келіспеушіліктен нормаға сай еместілікке орын беріледі деген.

Ж. Н. Фишер белгілі девиантты мінез -құлықты әлеуметтік жүйедегі мәдениет типі ретінде анықтама береді. Егер құндылықтар мен нормалар өзгерсе, онда девиацияның өзі - құрастырылған әлеуметтік ақиқат болып табылады. Ол қалыпты процестердің қарапайым нәтижесі боладщы, бірақ әлеуметтік өзгерістердің потенциалды факторы болып табылады. Девиация феноменін Фишер үш бағытта қарастырды:

А) девиация дезадаптация ретінде (екі аспектісі бар: әлеуметтік психикалықиммуниция мен девиантты тұлғаны шеттету) ;

Б) девиантты тұлғаның орны;

В) ауытқушылық.

Девиацияның теориялық бағыттарын талдай отырып Ч. Фейзер негізгі үш түрін анықтады:

  1. әлеуметтену көзқарасы бойынша;
  2. әлеуметтік - психологиялық реакция позициясы тұрғысынан;
  3. әлеуметтік бақылау позициясынан.

Н. Дж. Смелзер девиацияның үш компонентін анықтады:

1. Белгілі мінез - құлқы тән адам;

2. Девиантты мінез - құлық бағалау болып табылатын норма;

3. Мінез - құлыққа көңіл аударатын өзге адам, топ.

Девиация әлеуметтің күтуіне сәйкес не сәйкес емес қылықтарымен анықталады. «Қалыпты және идеал» арасындағы соқтығыстар девиантты мінез-құлықты туғызуы мүмкін.

Говорд және Ормен дифференциаланған мүмкіндіктер теориясын ашты. Қандай да бір әлеуметтік жүйенің мүшесіне түрлі көлемдегі заңды тәсілдерді пайдалануға мүмкіндігі болса, кез-келген индивид заңсыз тәсілдерге қол жеткізе алмайды. Сазерлендтің дифференциалды ассосация теориясына сәйкес девиантты мінез-құлық өзге адамдармен қарым-қатынасқа түскенде мыналарды игеру барысында есепке алынады деген:

А) девиантты мінез-құлықты жүзеге асыру теориясы;

Б) арнайы себептік бағыт және осы мінез-құлықты жүзеге асыру.

Девианттылықтың пайда болуы туралы танымал теориялардың бірі Говард Кэпленнің девиантты мінез-құлық теориясы. Бұл теория нашақорлықты, деликвентті мінез-құлықты, өзге де психикалық бұзылыстарды лангьютивтік әдіспен зерттеу арқылы дәлелдеген. Кэплен ең алдымен девиантты мінез-құлық және өзінсыйлаудың төмендеуін өзара салыстырудан бастады. «Менге» ұмтылғандықтан, өзінсыйлаудың төмендеуі жағымсыз жағдай болып есептеледі де, өзін қабылдау жарақаттаушы қайғырулардан арылумен байланыстырылады. Осының нәтижесінде адам өзін жоюдың субьективті мүмкіндігін төмендетіп, өзін қабылдаудың субьективті мүмкіндігін жоғарылатуына алып келеді. Өзін жоюдан өзгелерге қарағанда қатты қайғыратын адамдар өз мінез-құлқы арқылы осы жағдайды өзгерткісі келмейді. Сондықтан өздерін жоғары қабылдаған адамдар өздерін кері итеруші адамдарға қарағанда өздерін жоюға бейім келеді. [43; 252-254]

Өзін сыйлаудың төмендеуі статистикалық тұрғыдан қарағанда жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың кез-келген түрімен байланысты. Олар: әділетсіздік, бұзақылар тобына тәуелділік, заңбұзушылық, наша қолдану, маскүнемдік, агрессивтілік, суицидті мінез-құлық және түрлі психикалық бұзылыстар.

Ғылыми әдебиеттерде осы байланыстарды түсіндіруде мынадай болжамдар бар:

  1. Девиантты мінез-құлық өзін сыйлаудың төмендеуіне алып келеді, себебі девиантты мінез-құлқы бар индивид еріксіз түрде қоғамның оған деген жағымсыз қарым-қатынасын иемденіп, игереді.
  2. Өзін сыйлаудың төмен деңгейі антинормалы мінез-құлықтың өсуіне алып келеді. Антиәлеуметтік топқа және олардың әрекеттеріне қатыса отырып, ол өз құрдастары арасында өзінің психологиялық статусын жоғарылатуға тырысып, өз жанұясында және мектептерінде болмаған түрлі сендіру әдістерін іздейді.
  3. Кей жағдайда, әсіресе, өзінсыйлау төмен болғанда, девиантты мінез-құлық оның жоғарылауына алып келеді.
  4. Деликвенттіліктен басқа өзін сыйлауға өзге де формалар маңызды әсер етеді, ал олардың маңызы жасқа сай өзгеріп отырады.

12 жастан бастап жасөспірімдердің өзін сыйлау динамикасын ұзақ уақыт бойы салыстыра отырып Кэплен екінші және үшінші болжамдардың дұрыстығын дәлелдеді. Негізінен көптеген жасөспірімдердің өзін бағалауларының жағымды болуын жағымсызы реттеп, есейе келе осы тенденция күшейіп, өзін сынау, өзіне көңілі толмау нәтижесінде өзіндегі кемшіліктерді жойып, өзін сыйлауы жоғарылайды екен. Ал кейбір жачсөспірімдерде бұл жағдай болмағандықтан олар өздерін жолы болмайтындай сезінеді. Олардың өздерін қабылдауларының жағымсыз болуы үш түрлі, бірақ өзара тығыз байланысты тәжірибелерден тұрады:

Біріншіден, олар өздерінде тұлғалық құндылық сапалары жоқ деп немесе тұлғалық құндылықты әрекет істей алмаймыз және керісінше жағымсыз сапалар бар, әрі жағымсыз әрекет істей аламыз деп есептейді.

Екіншіден, оларға маңызды адамдар жағымды қарамайды немечсе жағымсыз қарайды деп есептейді.

Үшіншіден, олар алғачшқы екі тәжірибенің элементтерін жұмсартатын немесе мүлдем жоятындай психологиялық қорғаныс механизмдерімен жұмыс істей алмайды не тиімді қолдана алмайды. Бұндай жасөспірімдерде өзін сыйлау қажеттілігі өте күшті, бірақ бұл олар девиантты мінез-құлық формаларын қолданады. Кэплен 12 жастағы жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, өзін сыйлаудың маңызын 28 түрлі девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдермен салыстырды. 26 жағдайда түзету статистикалық тұрғыдан маңызды болды, яғни өзін сыйлаудың төмендеуі девиантты мінез-құлықпен байланысты (ұсақ ұрлықтар, мектептен шығару, өзін өлтіремін деп қорқыту, заттарды сындыру, т. б. ) .

И. С. Кон өзін жою сезімі, яғни талапқа сай болмау, субьект алдына таңдау мәселесін қояды. Ол талапқа бағынып; өзін жоюға қатты қайғыру жалғаса береді, немесе өзін сыйлауды жоғарылатып осы талаптарға қарсы әрекеттенеді. Әрине, екінші таңдау қолайлы болғандықтан, ұжымның, қоғамның тілегіне сәйкестілік жойылып, олардан қашу тілегі артады. Нәтижесінде, ұстанымдар да, референтті топ та, жасөспірім мінезі де антинормаға айналып, девиацияға бағытталады.

Кей жағдайда өзін сыйлау мақсатына қол жеткізіледі. Маскүнем өзіне зиян келіп жатқанын түсінбей, өзі үшін мақтанады. Бұзақы топ арасында әлеуметтік қысым көрген индивид өзін сыйлаудың жаңа критериялары мен тәсілдеріне қол жеткізеді, енді ол жағымды әлеумет есебінен емес, әлеуметке жағымсыз әрекеттен өзін пайдалы сезінеді. Жаңа әлеуметтік бірлік бұрынғы өзін бағалау критерияларын жойып, бұрынғы минустар плюстарға айналады.

Әрине, девиация өзін жою сезімінен құтылудың бір ғана тәсілі емес. Е. М. Новиков нашақорлық пен маскүнемдікті уақытқа созылған, ерекше, ұзақ уақыттық стресс деп қарастырды. Бұзақының өзін сыйлауының жоғары болуы мәселелі жағдай, ол һөзін көрсетуге тырысқанымен, шындығында ол өзін жалпыәлеуметтік тұрғыдан бағаламауы мүмкін емес, ерте не кеш бұл көрініс береді де. Бірақ та өзін сыйлауды жоғарылату және психологиялық қорғаныс құралы ретінде девиациялық мінез-құлық өте тиімді.

Девиантты мінез-құлықтың бастамасы туралы әлеуметтену теориясы толық мәлімет береді. Жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін ескере отырып, бұл құбылыстың барлығына ортақ бағытын іздеуіміз керек. Әлеуметтену дегеніміз адамның әлеуметтік қатынастар жүйесінің бір компонентіне айналу процесі, яғни адамның қандай да бір қоғамның, ұйымның, мүшесіне айналуы. Осы процес барысында ол мәдениет, әлеуметтік қалып, және құндылықтар элементтерін игеріп, осы негізде тұлға ретінде қалыптасады.

Осы теория бойынша бойынша адамның мінез-құлық генетикасы әлі анықталмаған. Жаңа дүниеге келген сәби «адам атануға тек потенциалды үміткер ғана» (А. Пьерон) . Бұл адамның сыртқы тәжірибесі сыртқы формада -

Материалдық заттар жиынтығы мен рухани мәдениеттен көрінеді деген сөз. Және де әрбір индивид тек осы тәжірибені игеріп, қолданғаннан кейін ғана адамзат атына сай ұрпақ бола алады. Қоғамдық - тарихи және мәдени тәжірибені игеріп, иемденуі адамның негізгі онтогенез жолы. Ал оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз - адамның облигатты және факультативті дамуын қамтамасыз ететін, адамзат тәжірибесін үйретудің қоғам орнатқан әдіс-тәсілдері.

Индивидумның бірлестік ортасындағы өмірлік құрылымын инициация арқылы қалыптастыру. Филогенез кезеңіндегі бірлестік бірлестік ортасында өмір сүру құрылымында міндетті түрде инициация немесе дәстүрге өту мәселесі кездеседі. Инициация феномені ежелгі дәстүрден бастап, қазіргінің ажырамас бөлігі бола отырып психоәлеуметтік тапсырмаларды шешетін болғандықтан, оған психотерапиялық жоспарда да көңіл бөлінуі керек. Оған қарсыласу қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың дамуына себеп болады. Олар: соқыр импулсивті бұзылыстар (агрессвтілік), өзін бұзу (суицидтілік), қоршаған ақиқатты қабылдамау - белсенді түрде (қазіргі мифологаммаларға кету, деликвентті мінез-құлық, психакалық бұзылыстар) және енжар түрде (депрессивті- жүйкелік жағдай, нашақорлық, маскүнемдік) . [15; 211-213] .

Инициация процесін қарастыра отырып, мына сұрақтарға тоқталмау мүмкін емес: егер бұл дәстүр ежелгі адам өмірінде де, тіпті қазір де кездесетін болса, онда адамның басты қажеттілігі өзін өзіне және әлемге көрсету ме?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
«Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары»
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz