Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

Кіріспе3

1-тарау. Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын анықтау5

1. 1 Жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынасының психологиялық табиғаты5

1. 2 Жеткіншектер қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері10

1. 3 Жеткіншектердің өзіндік бақылауының қалыптасуына әсер етуші факторлар22

2-Тарау. Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын эксперименттік зерттеу31

2. 1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері31

2. 2 Зерттеу әдістемелердің сипаттамасы және барысы31

2. 3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы35

Қорытынды43

Әдебиеттер тізімі44


Кіріспе

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін өзге жұртқа қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы бірлесіп атқаратын істеріне, өзара көмектесуі олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бір-бірінің ісін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде қарастырылады.

Жеке адамның өзі қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өміріндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі - ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатымен байланысты.

Жеке адамдарды, олардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеу қоғамдық құбылыстарды зерттеудің бір жағы және топтың психологиялық климатының факторы ретінде қарастыруға болады. Осы орайда шағын топтардағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор болып табылады.

Психология ғылымы жеке адам мәселесін бастан-ақ ұсынған. Соның ішінде жеке адамның өзіндік бағалауы бұл жеке адамға тән мәселелердің ең күрделі және зерттеу маңызына ие мәселе болып табылады. Жеке адамның дамуы, қалыптасуы, оның өмірінің мәні туралы өзіндік сана-сезімі, өзіндік бағалау ерекшеліктері, ондағы жалпы адам бойындағы өзгерістер мен ауытқулар батыс және отандық психологияда әртүрлі тұрғыдан қарастырылған.

Зерттеудің өзектілігі - қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің өзгеріске толы жағайында шағын топтағы жеке адамаралық қарым-атынас еуде адамдардың бір-бірін қабылдау, өзара түсіністікке жету жолындағы психологиялық механизмдерінің маңызына баса көңіл аудару және болашақ кәсіби психолог мамандардың қоғамдағы шағын топтармен жұмыс жасауда перцептивті қарым-қатынас жағдайларындағы әдіс-тәсілдердің, ұғымдарды пайдалана білуге дағдыландыру.

Мақсаты - жеткіншектер қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың әсерін психологиялық зерттеу.

Зерттеудің міндеттері :

  1. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу жасау.

2. Жасөспірімдердің қарым-қатынасындағы өзіндік бағалау ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу.

3. Жеткіншектердің өзіндік бағалауының қалыптасуын зерттеу.

Зерттеу объектісі - мектеп оқушыларының қарым-қатынасындағы өзіндік бағалаудың қалыптасуы.

Зерттеу пәні - жас ерекшелік психологиясы.

Зерттеу болжамы - жеткіншектердің өзіндік бағалауының қалыптасу ерекшеліктері және қарым-қатынастағы орны.

Зерттеу әдістері:

1. Т. Лиридің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемесі.

2. «Мен кіммін» әдістемесі.

3. Дембо-Рубинштейн өзіндік бағалау шкаласы.

4. «Адамның жеке тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын модельді түсініктер» әдістемесі.

Зерттеу базасы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы №49 қазақ орта мектебі.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы: жеткіншектердің қарым-қатынаста өзіндік бағалауының өсуі және қалыптасуы болашағына өте үлкен әсерін тигізеді.

Зерттеудің практикалық мәні: жүргізілген зерттеу әдісін жоғарғы оқу орындарында нұсқау ретінде студенттерге ұсынуға болады.

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1-тарау. Жеткіншектер қарым-қатынасының өзіндік бағалауын анықтау

1. 1 Жеткіншектік кезеңдегі қарым-қатынасының психологиялық табиғаты

Жеткіншек кезеңінің жеке адам дамуындағы ерекшелігі - оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кездегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделерінің танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлыққа іс-әрекетпен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - ол өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі ол белгілі бір үлгілермен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады. Көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, екінші жағынан сол бір ғана кәмелеттік жастағы жекіншектерде ересектің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады.

Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жайт сәттерінің болуымен байланысты /1/. Олар:

1. Жеткіншектің ересектенуінің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көпшілігінде тұрақты және байыпты міндеттері болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстық еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

2. Жеткіншектегі ересектендіретін жайлар: мазмұны жағынан саналуан ақпараттың орасан зор тасқыны, көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынасының жедел дамуы: дене күші дамуы және жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектің дамуын анықтауға алуан түрлі жағдайлар жасайды. Осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтарын көруге болады. Мәселен, 7-ші сыныпта бет-пішін мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар бар. Сонымен қатар, ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да, өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, сондай-ақ оқу материалдарын өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де, болашаққа деген жоспары айқын емес мектеп оқушылары да бар. Кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыты әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттар болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы - кітап пен білім болады, қалғанының бәрінде ол әлі «нәресте» десе, енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радио техникамен әуестенсе, ал сабаққа мән бермейді. Модадан қалып қоймауымен, төтенше шұғылданып өмірдің мәнінен бастап, ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересектермен сөйлескенді бәрінен артық көреді; үшінші бір «интеллектуалды» ересектік сыртқы көріністері онша қызықтырмайды. Өлшемдері ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әрқилы болады да бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге кұны жоқ.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моралдық қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жеткіншек шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

Жеткіншектік кезең қиын, әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады: мұның өзі біршама қысқы мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады /1, /2/.

Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды. Онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылық әртүрлі формада шығады (қиқарлық, дөрекілік, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) жеткіншектік кезеңдегі даму сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.

Жеткіншектік дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолында түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да жаңа тепе-теңдік жаңадан қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланғыштығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селқостануының енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады /2/, 3/.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересектікке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа толысу, басқа жынысқа ден қоюдың дамуына жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады.

Өзімен-өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен бейне фильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондай-ақ, махаббат пен жыныстық даму мәселелері туралы жолдастарымен жиі әңгімелесу, адамдар қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің эротикалық ауытқулар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдерінің оянуы қалыпты психологиялық құбылыс болып табылады. /1/, /2/, /3/, /4/

Психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте әрекет өмірінің өзіндік ерекшелігі болады. Жеткіншек «бәрін өзім істей аламын» сендер мені әлі бала деп ойлайсыздар деп наразылық көрсетеді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағыдай. Жеткіншектің бала кезінде ересек кезімен ауысуы психологиялық жағынан жаңа сапа. Бірақ осыған ауысудың себебі сол болып келген психологиялық дамудың салдарынан. Егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейді деп санайды. Жеткіншектерге тәрбиемен көнбейтін «қиын» жас деп санайды. Осы ғасырдың бас кезеңінде психолог З. Фрейд жеткіншек үлкендердің қамтығына келмейтін «өзім бәрін орындаймын» дейтінін жыныс қасиетінің салдары.

Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріп отырады. Осыған байланысты жеткіншек бала жасына түрліше әсер етеді. Сондықтан жеткіншек баланы әр түрлі фантастикалық іске ұмтылады. Егер де тәрбие жұмысы немесе оқу жұмысы жеткіншектер ұнамсыз әдеттен аулақ болады.

Бала жекіншек жасында физиологиялық даму жағдайы үлкен өзгеріске ұшырайды. Қыздардың дене мүсіні 13 жаста, ұлдар 15 жаста. Жеткіншектің қан айналыс жүйесі едәуір өзгеріске ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Акттеориясының қан айналыс түтіктерінің диаметрі өседі. Осының нәтжесінде жүрек қанды көп айналдырады. Түтік тесігінің көлемі кішкентай болғандықтан қанның қысымы көбейеді. Сөйтіп, жүрек тынысы нашар болады. Бірақ қан қысымы жоғарылап, көпке дейін жоғары болып тұрады.

Қан қысымының жүйек жүйесіне әсер етіп жеткіншектер қызба, ашуланшақ, ызақор болып келуі мүмкін. Ми қабілеттерінің клеткасы тітіркендіргіштерге әсерленгіш болады. Жеткіншектің дене құрылысы физиологиялық қызметінің жастық ерекшелігіне орай едәуір өзгерістер кезек-кезек отырғанымен олардың морфологиялық және физиологиялық қызметтерде тәртіп бұзуға немесе үлкендердің сөзіне көнбей еш нәрсе жоқ.

Балалық кезең кеткенін онымен орнына жаңа қасиеттер болғанын үлкен балам есейіп қалды деген мағынаны білдіреді. Қазіргі әлеуметтік психологияда «қымбат нәрсені көздеу» деген термин бар. Мұның мағынасы мынадай әркімнің өмірінде өзіне қымбат тілек көздейтін мақсаты бар, бірақ қымбат дейтін әркімнің жағынан ең жақын нәрсе үнемі өзгеріп отырады. Балалық әр жас кезіне өткен сайын, оның «мен» деген қасиеті өзгеріп оның үнемі жағынан мазмұнына өзі отырады. Жеткіншектің «Мен» деген қасиетін түсіну үшін, оның үлкендермен қарым-қатынас, яғни екі ортада қарама-қайшылыққа пайда болып отырады. Дағдарыс деген мағынасы қиын жағдайда тап болған кезде одан қалай шығуды білмеуді білдіреді. Жеткіншек үлкендерден өзінің есеюімен өз бетімен санасуын әр сала талап етеді. Неміс пихологы Курт Левин осындай қайшылықтарды ойлық бөгет деп атайды. Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі жан-жаққа немесе серсенденсе апарып соғады. Жеткіншектің «Мен» деген қасиеті өзінің кім екенін біліп күшіне сеніп, өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Мұны тән қасиет деп атайды. Жеткіншектің өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап өзіне дербес қаралуы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап соларды жақсы білуден пайда болады. Өзін-өзі білгісі келу жеткіншек кез қажет бірлігі болып саналады. Қажеттіліктің бұл түрінің пайда болуы үлкендердің немесе құбыларының жеткіншекке талабы дұрыс па, бұрыс па соны білуге арналған. Жеткіншектің идеясына келсек мұның өзі түрліше кездеседі. Еліктейтін бейне өзіне ұнайтын адам болса, барлық күшін оның үстіне еліктей салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады.

Жеткіншектің өзге тобы соңғы саланы өткенін көрмесе де есею деген сөздің мағынасын фантастикалық кітаптардың сан алуан түрлерін соның ішінде Азимов (Американың фон жағынан жазушысы), Бредберидің немесе Стругадскийдің, Лемнің т. б. фантасттикалық шығармаларын оқып, сондағы ғылыми техника ғажайыптарына ие болсам деп армандайды. Есеюдің техниканың жетістігімен танысудан деп түсінеді. Бұладың техниканың саласындағы білімдерге ұмтылуы кеңес космос техникасының жетістігі туралы хабарда болуы, оны оқытатын мектеп мұғалімдерінен Элькониннің айтуынша, артық болмаса кем емес екенін тексеріп біледі.

Жеткіншектің өз құрбыларымен қатынасы түрлі дәрежеде кездеседі. Сыныптағы баламен тек достық қатынаста болса, өзгесімен жолдастық қатынаста олады. Достық қатынас бірнеше жағдайда болады. Мысалы: жеткіншек бәлендей құрбысымен дос болғаның өзінде де соған өзінің ішкі сырын бәрін айтпай, достарының ішіндегі ең жақын дасына айта алады. Бұл екі бала достық қатынасы бола алады. Мұнша әлеуметтік психологияда микротоп деп атайды. Микротопқа яғни жақын достық қатынас болатынын анықтау үшін осыны былайша білуге болады. Мысалы: екі бала сырласып тұрғанда қасына үшінші бала келе қалса, әңгімелерін тоқтатып, өзге мәселеге көшеді. Достық қатынас дегеннің өзі екі жақты процесс. Жеткіншек кім болса, сонымен дос бола алмайды. Дос болу үшін оның құрбысы қабылдап ұнату тиіс. Егер құрбысы дос болуға даяр болса, онда дос болғысы келетін жеткіншек қалай да соған жанға әрекет жасап соның сөзін қолдайтын болады.

Жеткіншек кіші оқушыларға қарағанда оқуға едәуір төсеп қалады. Бірақ осылардың оқуы кейде ойдағыдай жүзеге аспайтыны болады. Осының бірнеше себептері бар:

1. Егер осы уақытқа дейін төменгі кластарда бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, орта сыныптарда жеткіншектерді ең кемінде 5-6 мұғалім оқытады. Бұл мұғалімдермен жеткіншектер бұрын кездесіп көрген.

2. Төменгі сыныптағылар үшін оқу көбінесе қызықты болып келсе, орта сыныптағы барлық сабақтың күрделі болып, қиындай түседі. Сондықтан, оларды игеру қиынға соғады.

3. Бастауыш сыныптағыларда мұғалімнің сөзі мен ісіне сын көзімен қарамайтын болса, енді жеткіншекті сабақты мұғалім қалай түсіндіретіндігіне мән береді.

4. Жеткіншектің ілгеріде айтылғандай құрбылармен достығы үстем орындалып, осынау нәтижесінде оқу оның өмірінде негізі рөл атқара алмауы мүмкін.

1. 2 Жеткіншектер қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері

Адамның жеке тұлға болып тумайтындығы баршамызға белгілі. Ол тұлға болып, басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Адам қандай әрекет жасаса да (көп жағдайда мақсатсыз) қоршаған орта бұны қабылдай ма? - деген сұрақ маза бермейді. Басқаша айтқанда ол басқа адамдардың талап-мүдделерін көзқарасын, сезімдерін өзіне «салып өлшейді». Айналасындағылардың көзқарасынан адам бойындағы өз жүріс-тұрысын реттейтін өзіндік бағалау атты механизмін қалыптастырады.

Жеке адамаралық қарым-қатынас азаматтық қоғамның өмірлік қажеттіліктерімен бір уақытта жүзеге асырылатыны сөзсіз. Адамның әлеуметтік-тарихының тәжірибесін игеру барысындағы жеткіншектің тұлғалық қалыптасуындағы жолдастарымен қарым-қатынасы біріккен іс-әрекет ретінде жеткіншектің тұлғалық қалыптасуының маңызды алғышарты. Қарым-қатынас процесінде ол коммуникативті дағды және икемін жаттықтыра отырып, өз «Менін» қоршаған ортадағы жолдастырмен салыстыра отырып қалыптастырады.

Психология ғылымында жеке адамаралық қарым-қатынастың үш жақтылығы мәлім /6/. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы ақпараттық алмасуымен байланысты, жора-жолдасының жинақтаған білімдерін бір-бірімен толықтырып отырады. Қарым-қатынастың интерактивті жағы біріккен іс-әрекет процесінде құрбы-құрдастарының өзара практикалық, өзара әсерін қарастырады. Бұнда олардың бір-біріне көмектесу, бір-бірімен келісу, яғни жеткіншектерде өз құрбы-жолдастырмен бірігіп жұмыс атқару қабілеті пайда болады.

Қарым-қатынас икемділігі мен дағдысының жоқ болуы немесе олардың құрастыру, тұжырымдаудың жеткіліксіз болуы - жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына кері әсерін тигізеді және тәрбиелеуде қиындықтарға әкеледі.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы жеткіншектің жолдастарын, құрдастарын қабылдау және олардың индивидуалды қасиеттерін және ерекшеліктерін тану процесін сипаттайды. Бірін-бірі тану және қабылдау процесінің негізгі механизмдері - идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия және стереотипизация болып табылады.

Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті жақтарының бірлігі - балалардың өмірлік іс-әрекетінің рөлі мен формасын және мағынасын анықтайды. Жеткіншектердің өз құрбы-жолдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынасы жеке адам дамуының өмірлік қажетті алғы шарты болып табылады /6/, /7/.

Қарым-қатынастың интенсивтілігі, формасы, мағынасы жасқа байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай жеткіншек балалардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы бір үлкен ортақ құндылықты білдіреді. Олардың бір-біріне қызығушылығының өсуі және өзін құрбы-құрдастарымен салыстыруы, олармен интимдік достықты игеруге орнатуға ұмтылады.

Ересек адам жеткіншек үшін мінез-құлық эталоны еліктеудің үлгісі болып табылады. Ал, құрбы-құрдастары - бұл біріккен іс-әрекеттегі серіктестер рөлін атқарады. Жеткіншектер ересектер мен құрбы жолдастарына жаңа талаптар қойып өзара қатынастың көп түрлілігін тудырады.

Егер төменгі сынып баланың жағдайы үлгерімінің негізіне баййланысты болса және ересек адамдардың талаптарын орындаудағы мінез-құлқына тәуелді. Жеткіншектердің көбісі құрбы-жолдасының топтық жетілуіне өзінің сәйкестенуіне маңызды ден қояды. Осыдан келіп, батылдық аңғарымпаздық, зеректік, өз досын түсіну және оған көмек көрсету икемділігі сияқты қасиеттер жеткіншектер үшін құндылықтың негізі болып табылады.

Жеткіншек өзінің құрбы-жолдасына көмек көрсетуге, тірегі болуына дайындығын білдіреді және жолдасынан да сондай көмекті күтеді, яғни әділеттілікке ұмтылады. Жеткіншектер арасындағы қатынастардың күрделенуі жүреді. Жеткіншек құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасынан әлеуметтік және моралды есеюінің жаңа деңгейінің көтерілу мүмкіндігіне ие болады. Жеткіншек кезінде құрбы-жолдастарымен қарым-қатынас екі тенденцияны құрайды: қарым-қатынасқа ұмтылу және берілген топқа мүшелікке қабылдануға ұмтылу.

Жеке даралықты игеру, қажеттілікті және оларды сыртқы ортаның қабылдануына жету, ересек болуға ұмтылу бұл кезеңнің негізгі қажеттілігі. Құрбы-жолдасының ұйымдасқан құрылымда әртүрлі қоғамдық ұйым және ресми емес топтар жеткіншекті өзіне тартады және мұнда олардың қызығушылығы, құндылықтары мен симпатиялары бірігіп жалпыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек дамуындағы қарым - қатынастың маңызы
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Физикалық вербальды агрессия
Мектеп психолог қызметінің ерекшеліктері
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz