Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І -тарау. Жеткіншектік шақтағы интелектілік даму ерекшеліктерін зерттеудің ғылыми-практикалық негіздері.
І. 1. Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері . . . 4
І. 2. Жеткіншектік шақтағы интеллектілік дамудың жалпы сипаттамасы . . . 14
ІІ-тарау. Жеткіншектік шақта интеллектілік дамудың зерттеу психодиагностикасы
ІІ. 1. Интеллектін зерттеудегі ШТУР әдістемесі . . . 31
ІІ. 2. Психодиагностикалық зерттеу нәтижелері . . . 43
Қорытынды . . . 47
Әдебиеттер тізімі . . . 50
Қосымшалар . . . 52
Кіріспе.
Тақырыптың көкейтестілігі: тұлғалық даму проблемасы қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңда психология ғылымының жетістіктерінің өркендеуіне сай, оның түрлі салаларының маңызы да арта түсуде. Тұлғаның даму деңгейі, оның интеллектуалдық әлеуметтік проблемаларды шешу және дамытуда негізгі зерттеу аясы болып табылады.
Жеткіншектік шақтағы интеллектілік дамудың теориясының негізгі әлі де болса зерттеу, талдау, жинақтау сатысында екенін атамай кету мүмкін емес. Психология ғылымының қорын көптеген авторлардың жеткіншектік шақта интеллектілік даму теориялары толықтырып келеді. Жеткіншектік шақтағы интеллектілік даму тұлға үшін де қоғам үшін де маңызды екендігі
К. Левин, М. А. Холодная, Г. С:Салливен, Р. Стеренберг, Л. Полани зерттеулерінде дәлелденген /1, 2, 3, 4, /.
Осы теориялық зерттеудегі негізге ала отырып ғылыми зерттеу жұмысының төмендегідей мақсаты анықталады.
Жеткіншектік шақта интеллектілік дамудың психологиялық ерекшеліктерін ашу, оны теориялық тұрғыда талдау, практикалық мәнін дәлелдеу.
Анықталған мақсатқа байланысты зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Психология ғылымындағы интеллектілік мәселесі теориясына жан-жақты талдау жасау.
2. Жеткіншектік шақты интеллектілік дамудың мәні мен ерекшеліктерін ашу.
3. Интеллектілік дамудың психологиялық ерекшеліктерінің мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу болжамы: жеткіншектік шақта интеллектік даму ерекшеліктері осы жаста жан-жақты психикалық дамудың негізін құрайды.
Ғылыми ізденіс жұмысында алдыңғы қатарлы теориялар қарастырылып, талдау жасалды. Сол теориялардың бірі Р. Стернбергтің «интеллектінің иерархиялық моделі» атты теориясы. Ол интеллектуалды даму өнімділігінің индивидтің когнитивті құрылымынан айырмашылығы бар екенін дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар «интеллект» түсінігіне анықтама беріп, интеллектуалды қылықтың формаларын көрсетті /4/.
Жеткіншектік шақта интеллектік даму мәселесі ары қарай зерттелетін мәселелердің біріне айналып отыр.
Зерттеу пәні: Жеткіншектік шақта интеллектік даму ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері : проблема төңірегіндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау жасау, психологиялық эксперимент, психодиогностика, математикалық өңдеу.
Зерттеу объектісі: 14-15 жас аралығындағы жеткіншектер.
Зерттеу әдісі ретінде : проблема төңірегіндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау жасау, психологиялық эксперимент, психодиогностика, математикалық өңдеу.
Дипломдық жұмыс құрылым: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізбегі және қосымша материалдардан тұрады.
І -тарау. Жеткіншектік шақтағы интелектілік даму ерекшеліктерін зерттеудің ғылыми-практикалық негіздері.
І . 1. Жеткіншектік шақтағы дамудың психологиялық ерекшеліктері.
Жеткіншектік шақ мәселелері психология ғылымы тарихында кең дамыған проблемалардың бірі. Ғылымдағы жеткіншектік шақ мәселелеріне теориялық көзқарас ғасырлар бойы қалыптасу тарихына ие болды.
Жаңа әлеуметтік құбылыс - дамудың жеткіншектік кезеңіне алғаш назар аударған Ж. Ж. Руссо. 1762 жылы шыққан өзінің «Эмиль» романында ол алғаш рет осы кезеңінің адам өмірінде алатын психиалогиялық мәніне назар аударды. Ж. Руссо жеткіншектік шақты адам өзінің «өмірге келуі» сияқты «екінші рет тууы» деп сипаттайды. Бірақ «эмиль» романы жеткіншектік шақ туралы елестердің қалыптасуына үлкен әсер етті. Ж. Ж. Руссоның ой пікілері С. Холлдың «есею оның психологиясы, сонымен қатар физиологиямен, антрапалогиямен, әлеуметтанумен, жыныстық қатынаспен, қылмыспен, дінмен және білім берумен байланысты» деген екі томдық жұмысында өзіндік ғылыми өңдеуге ие болды. 1904 жылы алғаш шыққан бұл еңбек бірнеше рет қайта басылып және халыққа әйгілі болды. С. Холлды өтпелі шақ психологиясының «атасы» деп атайды, өйткені ол бұл құбылысты түсіндіретін концепцияны ұсынып қана қойған жоқ, сонымен бірге жеткіншектік шақпен байланысты мәселелердің айналысын да анықтады /6/.
Дамудың жеткіншектік феноменің түсіндіре келе, С. Холл Э. Геккелдің «биогенетикалық заң» идеясына жүгінеді, ол бойынша онтогенез-түр эволюциясы индивидуалды дамуының қайталануы болып табылады. Биогенез моделіне ұқсас С. Холл өзінің социогенез моделін құрды, онда жеткіншектік шақ адамзат тарихындағы романтизм кезеңі делінеді, бұл балалық шақ пен ересектік шақ аралығындағы өтпелі кезең. Бірақ биологияда Э. Геккелдің заңы эмбриологға сүйенетін болса, психологияның, социологияның материалдары с. холлдың социогентикалық моделінің шеңберіне әр уақытта сия бермеді.
Кейінгі кезде жеткіншектік шақтың теориктектері социогенетикалық даму моделінен бас тартты, оның орнын эволюциялық даму моделі басты. С. Холдың концепсиясындағы жеткіншектік кезеңінің психологиясы қалай жалғасын тапты және одан не қалды? Біріншіден, бұл даму кезеңінің өтпелі екендігін елестету. Бұл елестетулермен келесі мінездемелер байланысты болады. Олар нашар тәрбиленушілік, жанжалшылдық, эмоциялық тұрақсыздық т. б. және сол арқылы жеткіншектік кезеңде индивид дамуының позитиві мазмұнының қиыншылықтары айқындалады. Берілген, «өзіндік сана» және «даралық сезім» типі даму кезеңінің мазмұңды позитвті сипаттамасы олардың эипипркалық өңдеу қиыншылығының тыс тыс қалды және де жеткіншектердің мазмұнды дамуы көпке дейін жеткіншектік кезеңнің негативті аспектілерін білдіретін «даму дағдарысы» түсінігі жалпылама термин түрінде көрсетілді.
Дағдарыс түсінігі С. Холлдың концепсиясының ең үлкен жетістіктері екенін айта кету керек. Бұл әртүрлі түсіндірілуіне қарамастан, қазіргі кезде тек батыста емес, сонымен қатар советтік жас ерекшелік психологиясында да қолданылады. Біріншіден, с. Холлдан кейінгі батыс теоретиктері есею кезеңіне көп жағдайда түсінікті құрылым ретінде дағдарыс түсінігіне негативті мазмұн енгізеді. Екіншіден, олар дағдарыс себептерін түсіндіруге көбінесе С. Холдың «буря және натиск» құбылысы жеткіншекте болатын драмалық сексуалдылық және физиологиялық өзгерістерден туындайды деп келіседі /7/.
Көрнекті кеңес психологы Л. С. Выготский дағдарыстың даму түсінігін басқаша береді. Негативті жағдаймен қатар бұл кезеңде үлкен позитивтік жұмыстар атқарылады. «дамудың мазмұнды маңыздылығы сыни жас ерекшелікте жаңа қалыптасудың пайда болумен аяқталады». С. Холлдың теориясын қазіргі кезде психологтар анахронизм ретінде қабылдайды. «Өтпелі» және «дағдарыс» түсініктерінің өзі жеткіншектік шақ психологиясының проблемасын анықтайды /8/.
Жеткіншектік дағдарыстың теориялық моделдері батыс психологиясының басты бағыттарында көрсетілген. З. Фрейд және А. Фрейд (психоанализ), К. Левин (гештальтпсихология) және Р. Бенедикт (бихевиоризм) теориялары өзара бөлінеді, оларды ештеңе біріктірмейтін сияқты, бірақ бұл теориялар онтогенетикалық даму-эволюциялық моделінен шығады /9, 10, 1, 11/.
Л. С. Выготский Арнольд Гезеллдің «педология раннего возраста» кітабының алғы сөзінде «көптеген буржуаздық психологтар баланың жеке тұлғасы әуелден бастап әлеуметтік болып келеді, бірақ бұл әлеуметтіктің өзі организмдерінің өзара әрекеттесігінен тұрады деген жай ғана схемамен әрекет ете отырып әлеуметтік биологиялықтың қарапайым түрі ретінде ашып көрсеткен» деп жазған. Бұл «әлеуметтік ортаның» факторлары бихевиоризм, психоанализ, гештальтпсихология және басқа да батыстық теориялар бірдей түсіндіреді дегенді білдірмейді /8/. Осылайша, бихевиористік бағдарды зерттеуші р. Бенедикт 30 жылдары жеткіншектің әр түрлі қоғамдағы психикалық даму ерекшелігін әлеуметтік стимуляция ұйыммен түсіндіретін үздіксіз және дискретті шартталу теориясынөңдеп шығарды. Р. Бенедикт канада және Америка, сонымен бірге Африка, Мексика және Жаңа Гвинея үндіс тайпаларының жеткіншектерін зерттеген, ал оның әріптестері М. Мид Самоа аралының жеткіншектеріне зерттеп жүргізген. Бұдан алынған тәрбиелеу формалары европалықтар мен американдықтардан ерекшеленеді.
Сонымен қатар, Р. Бенедикттің жүйелендірілген қызықты фактілері жас ерекшелік психологиясы игілігіне айналып жеткіншектер психологиясы мәселесін өңдеуге үлкен әсерін тигізді. Біріншіден, дамудың нақты формаларына оқыту мен тәрбиелеу технологиясы ерекшеліктерінің тәсілдік мәселесі қойылған; екіншіден, жеткіншектік дағдарыс себебі ересектер мен балалар үшін қылық нормаларының ерекшеліктерінен болады деген болжам шығарылды /11, 12/.
«Орта факторлары» түсінігіне К. Левин басқаша мазмұн берді. Ол жеткіншектік шақ феномендерін өзінің алаң теориясына сәйкес түсіндірді. Егер Р. Бенедикт балалық пен ересек өмір нормаларының сәйкес келмеуі туралы айтса, К. Левин бұл кезеңге тән «когнитивті дисбалансқа» назар аударды, яғни әлемдегі балалықтан ересектік мәртебесіне өту кезеңдегі бағдарлану тәсілдерінің анықсыздығы туралы айтты.
Жеткіншектік кезең географиялық мағына ретінде баланың өмірлік кеңістігінің кеңеюі, сондай-ақ әлеуметтік қоршаған ортаның кеңеюі мағынасы ретінде де пайда болады. Бірақ өмірлік кеңістікке өтудің ең тиімділігі уақытша өлшеу арқылы жүзеге асады. Бірінші рет жеке тұлғаның психалогиялық детерминантты ретінде болашағы көріне бастайды. Жасына қарай өмірлік перспективасы көбейеді және бұл жеке тұлға дамуының фундаменталды факторлерінің бірі болып табылады. Жеткіншектік кезең уақытша перспективаның өзгерістік кезеңі. Бұл өзгерісті масштаб өзгерісі ретінде сипаттауға болады. Бірақ көптеген өзгерістер даралықта болашақтың шынайы және идеалды мақсаттары көрінетін уақытша перспектива құрылымының тәсілінде пайда болады. Болашақ туралы бұрыңғы елестетулер алдағы міндеттерге дайындық туралы аз немесе көп нақты шешімдерді алмастырады. Басқаша айтқанда, индивидтің бойында жоспар қалыптасады. Уақытша перспективаны құра отырып, бұл жоспар тек қана мұратты мақсат пен құндылықты емес, сонымен қатар оның мәнділігін де қабылдайды. Ересектің жоспарлауы дәл солай болады, бірақ жеткіншек жағдайы ерекше, өйткені ол өзіне таныс емес алаңдағы уақытша перспективасын құру керек.
Жеткіншек жеке тұлғаның маргиналды жағдайында болады (бұл термин әлеуметтануда екі мәдениетке жататын жеке тұлға дегенді білдіреді) . Ол енді балалар бірлестігінде болғысы келмейді және осы уақытта ол әлі ересек еместігін біледі. Маргиналды жеке тұлға қылығына тән қасиеттер эмоционалды тұрақсыздық және сезімталдық, тұйықтық және агрессивтілік, қоршаған ортасымен конфликтілік қарым-қатынаста болу болып табылады.
Біздің алдымызда алаң теориясының күшті өзара әрекеттестік метофорасы терминінде жеткіншектік дағдарыс сипатталған. Онда эвалюциялық парадигмамен толық сәйкес келетін психиканың даму процесі сипатталады. Теориялық - алаңдық моделдер терминіндегі психикалық даму алаңның құрылымын күрделілендіре түседі. Күрделіленудің өзі екі топқа жататын өзгерістердің әсерінен болатын жеткіншектік дағдарыс жағдайында, орта факторлары әсерінен бейімделу үзілісінің нәтижесінде пайда болады.
К. Левин жасерекшелік психологиясының ең басты проблемасы дамудағы жаңа пайда болуларды шеше алмады. Дамуды күрделену ретінде айта келіп, ол алаң құрылымының сапалы күрделенуі нақты не нәрсемен көрінетінін жасырмайды және мәні бойынша бұл күрделену құрылымдағы үлкейтілген бөлшектерге әкеліп тіркейді. Ерекшелік және ұлғаю ретіндегі даму бұл тек қана сапалы басқаша құрылымы мен функциялық сипаттамасы болатын жаңа тұтастықты құру үшін дайындық этапты болып табылады.
Осы уақытта К. Левин жеткіншектік шақ психологиясына қатысты проблемаларды көтерді. Алдымен бұл ересектре әлеміне жеткіншектердің бағдарлану проблемасы, күрделі және қарама-қарсы әлем көзқарастары арасындағы құндылықты таңдау проблемасы, жеткіншектердің өз өмірлерінің жоспарлары мен мақсаттарын құру проблемасы. Бұл проблемалар Л. Айзенбергтің теориясында «Жеткіншектік шақ дамуының міндетттері» деп аталып әрі қарай зерттелді /1/.
Л. Айзенберг өз теориясында индивидуалды даму кезеңдерінің арасындағы функцияналдық байланысты қарастырды. Оның ойынша, жеткіншектік шақтағы оптималды даму нәрестелік пен балалық дамуындағы мәселелерді шешудің табыстылығына тәуелді. Өзінің клиникалық тәжірибесіне сүйене отырып, ол егер де балалық шақ дамудың белгілі бір жетіспеушіліктерімен байқалатын болса, онда жеткіншектік кезеңі созылмалы, күшті және сәтсіз болады деп жазады. Л. Айзенберг жеткіншектікті дағдарысты қысқа уақыт ішінде өте көп терең өзгерістер болатындығымен түсіндіреді. Осы өзгерістерге бейімделу жеткіншектің «даму мәселесін құрайды» /13/.
Э. Шпрангердің теориясы маңызды орынға ие болды. Э. Шпрангер өз теориясында индивидің ішкі әлемі қандай да бір болмасын табиғи және әлеуметтік детерминанттарға принципті тұрғыдан жатқызылмайды. Э. Шпрангер идеалисттік тұрғыдан, жеке тұрғыдан жеке тұлғаның дамуын тұлғаның және қоғамның шынайы қарым-қатынасымен, организмнің есею процесімен байланыссыз, таза «жанды процесс» ретінде елестетті.
Э. Шпрангер жеткіншектік кезең жасөспірім кезеңнің ішінде деп қарастырды және ол қыз балаларда 13-19 жаста, ал ер балаларда 14-22 жаста болады деп анықтады. Осы шақтың бірінші фазасы - өзіндік жеткіншектік - бұл 14-17 жаста болады. Бұл фаза балалық тәуелділіктен босатылуға ұмтылумен байланысты дағдарыспен сипатталады. Осы шақтың басты жаңа қалыптасу сапасы Э. Шпрангер бойынша жанды дамудың маңызды кезеңі «Меннің» қалыптасуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің даралығын сезіну. Бұл процесс «Меннің» ашылуының өмір іс-әрекеттерінің жан-жақты практикалық қосылуына дейін жүреді. Бірақ құндылық бағдар және өзіндік сана процестері жүйеленген түрде зерттеуден бастау алады. Э. Шпрангер бұл процесте практикалық іс-әрекет басты рөлді алтынын нақты бағалай алмады /14/.
Э. Шпрангердің теориялық көзқарасын Ш. Бюллер нақтылады. Ол жасөспірімдік кезеңнің екі фазасын бөліп көрсетті: негативті және позитивті. Жеткіншектік этап негативті фазаға жатады. Оған тән қасиеттер - мазасыздық, тітіркендіргіштік, агрессивтілік және өзбеттілікке ұмтылу. Ш. Бюллер бойынша бұл фаза қыз балаларда 11-13 жаста, ал ер балаларда 14-16 жаста басталады. /15/.
Психоаналитикалқы бағытта әлеуметтік ортаның факторлары ішкі жанұялық қатынасқа келіп тіреледі. Бұл бағытқа З. Фрейдтің көзқарастары жатады. З. Фрейд адамның индивуалды дамуын психосексуалды дамуы деп сипаттайды. Либидо энергиясы дамудың барлық өзгерістерінің себептері мен қоз, алыстары болып табылады. Кейде либидо тек жыныстық құштарлықпен шектеліп қоймайды және оны басқа биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктер қатарына да қояды. Либидо - бұл барлық қажеттіліктердің іщіндегі, соның ішінде өзіндік жыныстың ең негізгісі /9/.
Ж. Ж. Руссо және С. Холлмен салыстырғанда психоаналитиктердің айырмашылығы олар жеткіншектік өзгерістерді адам өміріндегі өте маңызды және қажетті деп санамайды. Барлық жыныстық дамудың ішіндегі маңыздысы тек қана жыныстық есею кезеңі болып табылады. Аналитикалық бағыт жеткіншектік шақтағы сексуалдылыққа қарағанда жеткіншектік шаққа дейінгі кезеңдегі жыныстық дамуына көп назар бөледі. Бірде А. Фрейд С. Холлдың жеткіншектік шақ - «буырқанған және шабуылды» кезең деген сөзімен келіскен. Осының себебін ол жыныстық есеюмен байланысты күшті сексуалды импульстердің пайда болуы баланың жеке тұлғасы ішінде құрылған теңдікті бұзатынынан және жекелік жүйенің қажетті инстинкті қайта құру «Ол», шынайы бағдары «Мен» және моралды «Жоғары-Мен» аспектілерімен негізделгенімнен табады.
Психоаналитиктер жеткіншектік кезеңдегі жыныстық өзгерістерді алдымен объектінің өзгерістерімен байланыстырады. Жеткіншектік шаққа дейінгі кезеңде құштарлық объектісі жанұя мүшелері болып табылады. Егер жеккіншектік өзгерістер басталса, онда сексуалды импульстердің қысымы да басталады. Олар біріншіден, сексуалды агрессивті қылық, ал екіншіден инцестті фантазиялар шақырады. Әлеуметтік қатынаста жеткіншектік өзгеріс жанұяішілік қатынасқа тікелей қатысты болады. Психосексуалдылықтың табиғи дамуына әлеуметтік табу әсерін тигізеді. Әлеуметтік адаптация және жекелік бұзылыстарының дәрежесін азайту үшін психологиялық қорғаныс деп аталатын механизм қолданылады (езгі, ығыстыру, проекция, идентификация, рационализм, сублимация) . А. Фрейд жеткіншектік дамудың сыни белгілерін таба отырып, осы жеткіншектік шақтағы феноменнің көріну дәрежесі жыныстық есеюдегі сексуалды мотивация күшіндегі және оған байланысты мазасыздықтағы индивидуалды ерекшеліктерге әсер етуі мүмкін деп санайды. Жеткіншектік дағдарыстың шынайы ағымы жанұяішілік қатынас нюансымен анықталады /10/. Сөйтіп, классикалық психоанализ жеткіншектік дағдарысты жыныстық есею фактілерімен байланыстырады. Бірақ мәдени антропологтардың бақылауында осы құбылыстардың арасындағы бір мәнді байланыстың жоқтығы дәлелденген болатын. Фрейдизмнің әдіснамалық күйчіздігі оның модернизация негізіне әкелді. К. Юнг, А. Адлер және басқалар З. Фрейдің пансексуализм түсінігін ысырып тастады, ал К. Хорни, Э. Фромм неофрейдизмнің тууына жағдай жасады. Осылайша, психоаналитикалық бағыт жеткіншектердің ата-аналарымен өзара қатынасын, олардың эмоциялық эмансипациясын және т. б. зерттеу белсенділігіне әсерін тигізді /16, 17, 9, 18, 19/.
Барлық көрсетілген бағыттың дамуын түсіндіру үшін эволюциялық модель толығымен қолданылды. Батыстық барлық жас ерекшелік психологиясында көп жылдар бойы кедергі болған биологиялық және әлеуметтік дуализм. Бұл дуализм әлеуметтік, мәдени-тарихи ассимилиациялаудың эволюциялық-биологиялық даму схемасынан шығады. Бұл модель үшін әлеуметтік және мәдени-тарихи кездер ортадағы шарт ретінде категориялармен сипаталады. Бірақ қоршаған орта дамуға әсер ететін биологиялық шартты жатқызды. Жеткіншектік шақ теориясының тарихи әрі қарай биологиялық және әлеуметтік дуализмнен қашу мақсатында қабылданған әртүрлі байқаулардан тұрады. Осындай байқаудың ішінен біреуін Г. С. Салливен көрсетті. Ол өзінің теориясында биологиялық емес қажеттіліктердің қорғаушы бастамасын жазып, монистикалық принципті жүзеге асырды. Жаңадан пайда болған жеке тұлғааралық қатынас теориясын пайдалана отырып, Г. С. Салливен фрейдтік теорияға ұқсас етіп өзінің жеткіншектік даму теориясын құрды. З. Фрейд сияқты дамудың көзі нақты біріншілік қажеттілік болып табылады (шынында да осындай қажеттілік Фрейдте екеу. Эрос және Танатос - өмірге құштарлық және өлімге құштарлық), бірақ оның айырмашылығы болып жеке тұлғааралық қатынас қажеттілігінің дамуын анықтайтын баланың өту кезеңінің этапын білдіреді.
Даму берілген қажеттіліктің туындау процесіне келіп тіреліп, жас ерекшелік стадиясының алмасуы қатынасқа қажеттіліктің жаңа типтерімен түсіндіріледі. Жеткіншектік кезеңде (10-12 жас) қарым-қатынас таңдалады, осы жыныстағы бір ғана досымен қарым-қатынас қажеттілігі қалыптасады. Г. С. Салливен осы стадияға тән индивидтердің ұқсас қарым-қатынас ерекшелігін көрсете отырып, оны изофилиялық қарым-қатынас қажеттілігінің даму стадиясы гетерофилиялық стадиясы деп атайды. Гетерофилиялық стадия жеткіншектік кезеңде басталады және қарама-қарсы жыныстағы адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігінің араласуымен сипатталады. Қарым-қатынас қажеттілігі досына қатысты сезімтал болу қабілеттілігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ ашыналық қарым-қатынас қажеттілігі досының қауіпсіздігіне қызығушылығы, оның мәртебесін қолдау және т. б. түсіндіріледі.
Индивид қылығының динамикасы екі тенденция - жеке тұлғааралық қатынасын шақыратын мазасыздық және жалғыздық жағдайдан қашумен анықталады. Г. С. Салливеннің пікірі бойынша барлық индивидтер кезеңнен-кезеңге сәтті жете алмайды және тек есею жағдайына қол жеткізе алатындар өте сирек кездеседі. Көп жағдайда индивидтің жеке тұлғалық сферасында сәтсіз әлеуметтік жағдайлар бұзылысы нәтижесінен туындаған алдыңғы даму стадиясында кідіреді. Инфантилділіктің әртүрлі формалары осы жас ерекшелік сатысындағы қарым-қатынас қажеттілігінің адекваттық қалыптасқан кідірумен байланысты. Сөйтіп, Г. С. Салливен теориясында жеткіншектік шақ психологиясының маңызды мәселесі генезисдік қарым-қатынас болып табылады. Бірақ Г. С. Салливен бағытының негізінде дамудың табиғи себептері туралы елестетулер жатыр. Мұндағы маңызды мәселе жеткіншектік шақтағы даму қарым-қатынасының құрылымы болып табылады /3/. Жеткіншектік дамудың интеллектуалды аспектісінің мәні Ж. Пиаже зерттеулерінде көрсетілген. Ж. Пиаже бойынша бұл шақ балада нақты объект қасиетіне қабілеттілігінің есеюімен, гипотетика-дедуктивті формасының дамуымен, жеткіншектің теориялық болжам құруға және т. б. алғырлығының көрінуімен сипатталады /20/.
Қорытындылай келе, жеткіншектік даму жыныстық даму арықылы (А. Фрейд), ересектермен, құрдастарымен, жеке тұлғааралық қатынастардың дамуы арқылы (Г. С. Салливен), кеңістікті өмірлік кеңейту мендифференциациялау арқылы (К. Левин) және интеллект құрылымы дамуы арқылы (Ж. Пиаже) көрсетіледі /10, 3, 1, 20/.
60-80 жылдары бірқатар эмиприкалық зеттеулер жүргізуде жеткіншектік шақты сәтті «дағдарыссыз даму» кезеңі ретінде сипаттап көруге байқаулар жасалды. Оған алғашқы бастама ретінде бірқатар ғалымдардың және әртүрлі теориялық тұрғыдан шыққан психологтардың еңбектері негіз болды.
1. 2. Жеткіншектік шақтағы интеллектілік дамудың жалпы сипаттамасы.
Интеллект өзгеріске ұшырайды: өмір сүру жолында тапсырмаларды шешу қабілеті бірдей өзгермейді. Көптеген зерттеушілер адам өмірінің алғашқы жиырма жылында интеллектуалдық дамудың негізі қалыптасады деген тұжырыммен келіседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz