Жоғарғы сынып оқушылары


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І тарау. Жоғарғы сынып оқушыларының стресстік жағдайларының теориялық негіздері.
1. 1. Стресс туралы жалпы түсінік . . . 7
1. 2. Жоғарғы сынып оқушыларының оқу әрекеті және жасөспірімдік дағдарыс . . . 12
1. 3. Жоғарғы сынып оқушыларының оқу үрдісінде стресске ұшырауының себептері . . . 23
ІІ тарау. Жоғарғы сынып оқушыларындағы стресстік жағдайлардың алдын алу жолдары.
2. 1. Жоғарғы сынып оқушыларының стресстік деңгейлерінің көрсеткіштері . . . 31
2. 2. Стресстік жағдайларды алдын алудың және жеңудің жолдары . . . 37
Қорытынды . . . 42
Әдебиеттер тізімі . . . 44
Қосымша . . . 47
Кіріспе
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени-әлеуметтік болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр.
Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының денсаулығына, әсіресе балалар мен жастарға теріс әсерін тигізуде.
Балалардың денсаулық күйінің нашарлауының негізгі себебі, оқушылардың имандылық-рухани құндылығының күрт төмендеуі, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан болып отыр. Балалар мен жасөспірімдерді барлық деңгейде оқытып, тәрбиелеу кезінде тиісті дәрежеде салауаттануды оқытуға, салауатты өмір салтын бұзбауға дағдыландыру болмағандықтан, үйлесімді мінез-құлық уәждігі кеміген.
Ел президентінің «Қазақстан-2030» жолдамасының ұзақ мерзімді басымдықтың бірі- «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында « . . . азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және олардың қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін»азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет. [12; 3-5]
Үлкен адамдар, мұғалімдер, ата-аналар - балаларды денелік және психикалық жағынан дені сау болғанын қалайды. «Дені сау тәнде - дені сау рух болады» - деп түсінді ежелгі ойшылдар. Балаларда барлық ішкі күштер мен психикалық процестер тепе-тең сақталған дені сау психикасы болуы қажет. Ол адам әректетінің және мінез-құлық пен қызметтің адекватты сыртқы жағдайларын қамтамасыз етеді.
Шығыстың ойшылдары психика денсаулығына сәттіліктің 90, тіпті кейде 100% тәуелді екенін айтады. «Жағымсыз импульстер» - ашу, қорқыныш, үрей, қызғаныш, писсимизм және біздің оқушыларымызға тән басқа да ішкі жағдайлар психиканың белгілі бір дәрежеде ауруға ұшырағанның белгісі.
Барлығымызбен бақыланып, көріп жүрген фактілерді келтірейік:
- зақымданған жүйке жүйесі барлық қажетті мүшелердің жұмысының бұзылуына алып келеді. Бұның өзі жүрек ауруы, қан айналымның, ішкі секреция бездерінің және т. б. аурулар пайда болуы мүмкін.
- ағзаның қызмет жасауы эмоция ауыспалығына тәуелді. Тіпті дені сау адам жағымсыз хабарлар алғанда белгілі бір физикалық өзгерістерді бастан кешеді.
- өмірлік күштердің шектен тыс қысымға түсуінен дене азып, ағзаның қарсы тұру күші төмендейді. Бұдан- туберкулез, аллергия, неврастения, дипрессия.
- Қорқыныш, ішкі психикалық бұзылыстарды тудырады. Ананың қорқынышы балаларға беріледі. Балаларды қорқытады (ата -аналар, мұғалімдер) - бұның өзі ағзаны бұзады, психикаға кері әсерін береді. Адамзаттың 80 % қорқыныш пен үрейде өмір сүруде. Осыдан келіп жүрек, ішек ауруларының көбеюі байқалуда. Ресей Федерациясының балалар және жасөспірімдер физиологиясы ғылыми- зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда 1 сынып оқушыларының денсаулығында 30 % -ға дейін, ал 10-11 сыныптағыларда 80-85%-дай физиологиялық ауытқулар болады екен. [13; 5-6] . Мектеп оқушыларының 67 % -інде озбырлық, жабығу, ішкі және сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптардың бұзылуы арқылы білінетін «мектептік абыржу» байқалады.
Бұндай аурулардың, ауытқушылықтардың пайда болуына және дамуына бірден-бір себепші болып табылатын бұл - стресс. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша, барлық аурулардың 45 %- і осы стресспен байланысты болмақ. [11; 19] .
Олай болса, мектеп оқушыларының соның ішінде жоғарғы сынып оқушыларының мұндай қасіретке ұшыратпауын қадағалау алдыңғы қатарлы мәселелерге шығады.
Оыс жасөспірімдік кездің (жоғарғы сынып оқушысы) өте ауыр дағдарыс, дүрбелең кезең ретінде суреттеу бірнеше ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Олардың алдыңғыларының бірі Жан Жак Руссо болды. Ол бұл кезді стресс қорқыныш және қарама-қайшылық кезең ретінде көрсетсе, ал неміс романтиктері адамның қайғылы тағдыр уақыты ретінде суреттейді.
Жасөспірімдік кезеңге денелік жетілу, патология және құқықбұзушылық әрекеттер тән деп Стэили Холл мен И. Вайнер өз еңбектерінде жазды.
Жасөспірімдерде стресстің пайда болуына мектептегі, жанұядағы драмалық өмір (У. Хадженс 1974) ; экспериалды локусына (Л. Зигель, Н. Гриффин, 1984) ; жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің өзгермеуі мен сәтсіздіктері әсер етеді. (М. Селигман, Г. Элдер, 1986) ; көптеген өмірдегі жағдайлар (БТ. Вонк) әсер етеді.
Жасөспірімдік кезеңнің үлкен дағдарыс кезеңі ретінде суреттеуде көптеген ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. (А. Н. Леонтьев, А. В. Запарожец, Д. Б. Эльконин, Э. Шпрангер, Ш. Бюлер және т. б. ) .
Э. Шпрангер және Ш. Бюлердің пайымдауынша, бұл кездегі дағдарыстың пайда болуының себебі- балалық тәуелділік қатынастарынан босану.
Э. Шпрангер және Ш. Бюлердің пайымдауынша, бұл кездегі дағдарыстың пайда болуының себебі- балалық тәуелділік қатынастарынан босануға ұмтылысына байланысты дейді.
Жасөспірімдік дағдарыс денсаулыққа және психикаға өте қауіпті екенін Розен, И. Вайнер, Мастерсон және тағы да басқа еңбектерінен көреміз.
Жасөспірімдік кезде кездесетін ауытқушылықтар: алкоголизм, наркомания агрессивті мінез-құлық, суицидтік мінез-құлық және психикалық бұзылыстар туралы Ф. С. Махов, М. Бэкон, Г. Барри, А. Бойко, А. Е. Личко, П. Нобла, К. Хоутен, Г. Отто, Н. Кил, Ю. А. Азаров, В. В. Шкловский, Б. Брехт, Ю. Л. Нулер және т. б. өз еңбектерінде жазды.
Осындай қалыптасқан жағдайда жасөспірімдердің бұл ауыр кезеңнен өз денсаулықтарына және психикасына еш зиянсыз өтуін қамтамасыз ететін тәсілдер мен жолдарын қарастыру таңдалған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Осы уақытқа шейін жарияланған ғылыми әдебиеттерде және жалпы орта білім беретін мектептердің оқу үрдісіне байланысты оқушылардың стресске ұшырау мәселелері қарастыра келіп, бүгінгі таңда оның алдын -алудың және шығу жолдарының толық ақталмағанадығы арасында қарама-қайшылық туындайды.
Аталған қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындайды.
Ол - жалпы орта білім беретін мектептердің оқу үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларының стресске ұшырауының себептерін айқындай отырып, бұл мәселенің алдын-алу жолдарын қарастыру.
Осы жоғарыда айталған жайттар дипломдық жұмысымның тақырыбын: «Жоғарғы сынып оқушыларының оқу үрдісінде стресске ұшырауының психологиялық сипаты» деп таңдап алуға мүмкіншілік берді.
Зерттеу нысаны: Жоғарғы сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Жоғарғы сынып оқушыларындағы стрессті алдын -алу және жеңу процесі.
Зерттеу мақсаты - Жоғарғы сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесінде стресске ұшырау себептерін және олардың алдын алу жолдарын қарастыру.
Бұл мақсат келесі міндеттерді айқындайды:
-стрессті теориялық жағынан жан-жақты қарастыру;
- жоғарғы сынып оқушыларының стресстік деңгейлерін анықтау;
- оқу үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларының стресске ұшырау себептерін талқылау;
- стрессті болдырмаудың шарттарын белгілеу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де жалпы орта білім беретін мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының стресске ұшырауының себептерін анықтау ҰТБ, мамандық таңдау, қарым-қатынас жағдайында және тұлғалық ерекшеліктерінде байқалуы мүмкін екендігі болжалды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізіне философия, тарих, педагогика, психолгия, тәрбие және білім беру мәселелері туралы теориялық-әдіснамалық еңбектер жатады.
Зерттеу көздері педагог, психолог, философ, тарихшы ғалымдардың стресс, жоғарғы сынып оқушыларының оқу әрекеті, жасөспірімдік
дағдарыс, жасөспірімдердің стресске ұшырауының себептері. Қазақтан Республикасының ресми құжаттары, әртүрлі статистикалық жинақтар, мектеп документациясы, ғылыми-педагогикалық еңбектер мен диссертациялық жұмыстар зерттелініп, пайдаланылды.
Зерттеу базасы: Алматы қаласының № 42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясы
І тарау. Жоғарғы сынып оқушыларының стресстік жағдайларының теориялық негіздері.
1. 1. Стресс туралы түсінік
Санамыздан мықтап орын алған әлеуметтік- психологиялық және экономикалық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкестесті проблемаларымызбен бірге ХХІ ғасырға да еніп барамыз. Жұмысссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, зорлық -зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы- бәрі-бәрі қоғамның жүйкесін тоздырып, адамдар арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде стресстік жағдайды үдете түсуде.
Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «кернеу, қысым» дегенді аңғартады. Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыдан сипаттаған канадалық ғалым Ганс Селье болатын (1936) .
Стресс - кез келегн сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни стресс -тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану.
Ғалымның айтуынша, стресстің негізінен алғанда, мынадай 3 белгісі бар: бүйрік үсті бездері белсенділігінің артуы және соның салдарынан қанға кортикойдтардың бөлінуі: айырша бездің (тимус) жиырылуы және соның салдарынан лимфатикалық бездердің семуі немесе кішіреюі қоздырғыш әсерден тежелуі және қанттың бөлініп шығуы; асқазан шырышты қабығының нүктелі қан кету және қанталаған кішкене жаралардың пайда болуы.
Физиологияда, психологияда, медицинада бұл ұғым әр түрлі келеңсіз ықпалдарда жауап ретінде пайда болатын адамның жағдайының кең шеңберін белгілеу үшін қолданылады. Алғашқыда стресс
физиологияда ағзаның кез келген жайсыз ықпалдарға жауабының спецификалық емес реакцияларын белгілеу үшін пайда болды. Кейіннен индивидтің экстремалды жағдайларды физиологиялық, биохимиялық, психологиялық, мінез-құлықтық деңгейлердегі қалпын суреттеу үшін қолданыла бастады, қарама -қайшылық, фрустрация және экстрималды жағдай түсініктерімен тең.
Алдыңғы қатарлы стресс зерттеушілердің бірі Т. Кокс пікірінше (1981), қазіргі таңдағы кез келген стресс туралы анықтамалар мен суреттеулер әлі жеткіліксіз және толымсыз болып табылады, оларды тек пікірталас үшін тізгін ретінде санауға болады деп көрсетеді.
Ал Р. Лазарустың айтуынша, әртүрлі стресстің мәні туралы теориялар және модельдер көп жағдайда бір-біріне қайшы. Бұл салада нақты қалыптасқан терминология жоқ. Стресс түсінігі әрқалай түсініледі. Г. Селье еңбектерінде де нақты анықтама берілмеген. Г. Сельенің соңғы еңбектерінде (1982) стрессті, күшті, өте күшті, экстремалды ықпалдармен пайда болатын ағзаның қорғаныс күштерін қайта жасаумен жүретін деп анықтайды. 1971 жылы ол стрессті - ағзаның кез келген ықпалға спецификалық емес жауабы деп қарастырады.
Г. Селье стресстің дамуының мынадай үш сатысын атап көрсетеді:
Стресс интенсивтілігі
C
B
Фондық
Белсенді- A D
лік Бірінші Екінші Үшінші
деңгейі кезең кезең кезең
Стресс дамуының кезеңдері [35; 15] стресс ұзақтығы
Бірінші кезең (АВ) «үрей сатысы » деп аталады. Бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы, бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс. Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады. Егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз, тіпті өліп кетуіңіз де мүмкін. Мұндай жағдай шығыстың ұлы ғұлама дәрігері Әбу Әли Ибн Сина тарапынан да сипатталған. Ол мынадай қызық жайтты баяндайды. Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылған. Жыртқыштың тор қақ маңдайына байланған қой шеттен тыс қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді де, ал қасқырдың тасасында оны көрмей тұрған қой аман қалады.
Екінші кезең (ВС) - стресстің жүзеге асуы. Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажет арнаға бағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі, өзіңе деген сенімді арттырады, қанағаттанушылық сезімін туындатады. Сол арқылы алғашқы қорғаныш сезімін жеңесіз. Ал егер қысым ұзақ уақыт бойы бой бермесе, тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді. Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.
Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады, өйткені «бейімделу қуаты да шексіз емес».
Сөйтіп ұзақ стресс және үрейлі жағдай ауруға алып келеді, ал қысқа мерзімді стресс керісінше, тәннің белсенділігін арттырып, ширата түседі. Мәселен, спортшы жарысқа қатысу арқылы, артист сахнаға шығу кезінде қорқыныш не толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.
Үшінші кезең (СД) -діңкенің құру кезеңі. Стрессті жайттардың ұзақ уақытқа созылуы, үздіксіз қысым жасалуы жүйкені әбден діңкелетіп, денсаулықты бұзады. Қазіргі күнде белгілі болғандай, көптеген аурулар тәндегі гомеостаздың (бейімделу тепе-теңдігінің) бұзылуына алып келетін толассыз стресстік жағдайлардан туындап отыр. Сонымен бірге стресстен кейін жүрек талмасы, қан қысымы, невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес, асқазанның ойық жарасы да туындайтыны белгілі. Стресстік әсер алдымен орталық жүйке жүйесін қоздырады, симпатикалық жүйке жүйесінің қозуын күшейтеді, бұлардың ықпалынан туатын гуморалдық буынын, яғни гармондардың бөлінуін күшейтеді, нақты айтсақ, адреналиннің бөлінуі күшейеді. Бұған гипоталамус пен гипофиз жүйесі қосылады. Гипоталамустан кортиколиберин бөлініп, гипофиздің адренкортикотролин гармонының қанға шығуын жоғарлатады. Ол бүйрек үсті бездерінің глюкокортикоидты гармондардың бөлінуін үдетіп, организмнің стресстік әсерге жалпы тұрақтылығын жоғарлатады. Залалды әсер созылып кетсе, организм әлсірей бастайды, адреналиннің бөлінуі қатты жоғарылайды, бұл адамды одан әрі әлсірете түседі. Созылмалы стресс адамның көңіл-күйінің бұзылуына, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуіне, сылбырлықтың пайда болуына, ұйқының бұзылуына әкеліп соғады.
Стресстер жиі қайталанса, организмде бұрынғы қалып орнына келмейді, дәрменсіздік бой алып, адам торығады. Психикалық- соматикалық аурулар пайда болады. Жалпы әлсіздік көрініс бере бастайды.
Тым интенсивті ұзаққа созылған стресс мүшелер мен жүйелер функцияларының бұзылу патогенезінде ерекше орын алады. Бұл-жүрек ауруы (Мирсон, 1978, 1981), артериалдық гипертензия (Судаков. 1975, 1976), диффуздық токсикалық ісік (Фурдуй, 1963, 1967, 1969) және т. б. зерттеулермен дәлелденді.
Академик К. Н. Быков жазғандай, «көңілсіздік жаспен көрініс бермейтін басқа мүшелерді жылатады» [26; 265] Ресей ҒА -ның терапия институтынң мәліметі бойынша миокард инфарктың 80% жағдайында күшті психикалық жарақат немесе ұзаққа созылған психикалық қысым әсер етеді.
Неліктен стресс соматикалық аурулардың пайда болуына әсер етеді?
Жоғарыда айтылғандай, күшті эмоция кезіндегі физиологиялық өзгерістер энергетикалық қамсыздандырудың таусылуымен байланысты.
Дәрігерлер ертеректен көңіл аударған нәрсесі бұл белгілі бір нақты эмоцияның басымдылығы белгілі бір ауруға бағытталатындығы арасындағы байланыс. Мысалы, М. И. Аствацатуров пікірінше, жүрек көп жағдайда қорқынышпен зақымданады, бауыр- ашу мен ыза, асқазан - апатия және басыңқы көңіл-күй, ал қозу тынышсыздық кезінде пайда болады.
Психологтар және психиатрлар адамның соматикалық ауруларымен және оның тұлғалық ерекшеліктері, сонымен бірге өзі өмір сүретін және жұмыс жасайтын орнының психологиялық климаты арасындағы тәуелділікті дәлелдеді.
Егерде адам өзінің нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтын ұжымдағы орынға талпынса, онда жүрек-тамыр патологиясының дамуына ұшырауы мүмкін. Созылмалы коронарлық аурулар көп жағдайда мақсатты бағытталған, таза және қоршаған ортасына шыдамсыз тұлғалар да кездеседі.
Егер де адамды әркез басып, шеттетіп отыратын болса, онда бұл адамда өз -өзіне көңіл толмау сезімі пайда болады. Бұл мәліметтер бізге мына жағдайды түсінуге мүмкіндік береді. АҚШ-та ақ нәсілдерге қарағанда негрлер арасында гипертониктер саны үш есе көп.
Осыған орай орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл Фарабидің мынадай пікірін келтіргеніміз жөн: «Денсаулықты сақтау үшін барлық нәрседе де қалыпты өлшемді сақтау қажет. Өйткені, шектен тыс жеген тамақ қарынға салмақ түсіріп, семіздікке алып келсе, толық тамақтанбай әлсіздікке алып келеді де, ол да денсаулықты бұзады. ». стресс те сондай.
1. 2. Жоғарғы сынып оқушыларының оқу әрекеті және жасөспірімдік дағдарыс
Жоғарғы сынып оқушысы - балалық шақпен ересектік арасында жатқан адамның дамуы мен жетілуінің белгілі - бір кезеңі. Ол 16 - 18 жас аралығын қамтиды, яғни сәйкесінше Х - ХІ сынып оқушылары болып табылады.
«Жасөспірім» ( «юность» ) сөзі тәуелді балалық шақпен өздік және жауапкершілікті үлкен өмірге ауысудың фазасы ретінде белгіленеді. Бұл бір жағынан денелік, соның ішінде жыныстық жетілудің аяқталғандығын білдірсе, екінші жағынан - әлеуметтік жетілуге қол жеткізуді білдіреді.
Жоғарғы сынып жасында жеке тұлға дамуы ерекше мәнге ие болады. Өмірдің және қызметтік жаңа жағдайлары, ұжымдағы, мектептегі жаңа қалпы, жоғарғы сынып оқушысына жаңа және белгілі дәрежеде жоғары талаптар қояды. Оның ықпалдары мен жеке тұлғасы қалыптасады. Мектепте жоғарғы сынып оқушылары жаңа және жауапкершілік рөлде ойнай бастайды - ұжымдастырушы басшы, тіпті тәрбиеші ( төменгі сынып оқушыларына қатынасы бойынша ) .
Жоғарғы сынып оқушыларының психикалық дамуының қозғаушы күші жоғарғы сынып оқушыларына қоғам, мектеп ұжымы, оқу әрекеті қоя бастайтын деңгейіне тез жоғарлауымен бірге ол қол жеткізген психалық даму деңгейі арасындағы қарама - қайшылық болып табылады.
Бұл қарама - қайшылық жоғарғы сынып оқушыларының адамгершілік, ақыл - ой және шығармашылық күшінің дамуы арқылы шешіледі.
Жоғарғы сынып жасынын соңына қарай денелік жетілу толық аяқталады. Олардың денелік дамуы ересек адамның дамуынан кем түспейді.
Жасөспірім жасқа тән ағзаның сапранды және бір деңгейсіз өсу мен даму кезеңі аяқталып, денелік дамудың салыстырмалы тыныш кезеңі басталады.
Жоғарғы сынып жасында адамның интенсивті моралдық күші дамиды, рухани бет - бейнесі қалыптасады, мінез - құлық белгілері анықталады, дүниетаным қалыптасуы жүреді.
Жоғарғы сынып жасындағылардың жеке тұлғалық процесінің негізгі ерекшелігі қандай? Ең алдымен бозбала мен бойжеткендерде өзіндік сана қалыптасады. Дегенмен ол тек өсіп қана қоймайды. Сонымен бірге нақты өмірлік мақсаттар мен ұмтылыстар көзқарасы бойынша өзінің тұлғасының моралдық - психологиялық қасиеттерін бағалау және сезіну қажеттілігімен байланысты. Ол сапалы - спецификалық сипатқа ие болады. Міне осынысымен жоғарғы сынып оқушысының өзіндік санасы жеткіншек санасынан ерекшеленеді. Онымен жоғарғы сынып оқушыларында өзінің психикалық өміріне, тұлғалық сапаларына, қабілеттеріне терең қызығушылықтың тууына, сонымен бірге өзінің мінез - құлқына қарау қажеттілігі, өз сезімін, уайымдауларын талдауға әсер етеді.
Өзіндік сана оқушының ішкі қиналыс әлеміне кетуімен байланысты емес және керексіз, толымсыз өзіндік талдау болып табылмайды. Өзіндік сана өмір мен қызмет талабынан пайда болады. Ұжымдағы жаңа жағдай, қоршаған ортамен жаңа қатынас оқушыға өзінің мүмкіндіктерін, тұлғалық ерекшеліктерін бағалауға әкеледі.
Өзіндік сана негізінде жоғарғы сынып оқушыларында өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі дамиды. Ол негізінен мінездің кейбір кемшіліктерін тек жоюға немесе бөлек жағымды сапаларды дамытуға бағытталмай, сонымен бірге бозбала мен бойжеткендерде жасалатын жалпыланған идеяларға сәйкес тұлғаны тұтас қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезеңдік жоғарғы сынып оқушының мектептегі статусы бір жақты емес. Бір жағынан жасының үлкендігіне байланысты бозбалаға қосымша жауапкершіліктер артылады, алдына күрделі міндеттер қойылады, көп сұралады. Екінші жағынан өз ережелері бойынша ол толығымен мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне тәуелді. Ол оларды сынауға құқығы жоқ, оған басшылық жасайды. [ 18; 119]
Жоғарғы сынып оқушысының мектепке деген қатынасы бойынша ішкі позициясы мектепті мекеме, оқыту және білім беру процесі, мұғалімдер мен сыныптастары ретінде қарауы қалыптасады. Кіші мектеп жасындағылар жеке, тіпті жеткіншектер бұл моменттерді әлі айыра алмайды, олар тек мектепті «ұнатады» немесе «ұнатпайды». Ал оқу жоғарғы сынып оқушысы үшін ең алдымен болашақ қызметке дайындық тәсіліне айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz