Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-Тарау. Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіндегі
ойлау әрекетін анықтау.
1. 1. Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың
маңыздылығы . . . 7
1. 2. Оқу процессіндегі төменгі сынып
оқушыларының ойлауын дамыту . . . 13
1. 3. Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман
психологтың қызыметі . . . 26
1. 4. Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы . . . 40
ІІ-Тарау. Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу.
2. 1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі . . . 57
2. 2. Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі . . . 58
2. 3. Зерттеудің нәтижесін өңдеу . . . 60
Қорытынды . . . 62
Қолданылатын әдебиеттер . . . 63
Қосымшалар . . . 66
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда адам қол еңбегінің нәтижесінде әлеумет пен эканомиканық түрлі саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Қазір адам үшін дүние танымдық процестерін терең танып, зерттеу басты мақсат болып отыр. Сол дүние танымдық процестердің ішіндегі ойлау өте күрделі. Оның ерекшелігі сол, бұл адамға ғана тән құбылыс. Сондықтан жастарды дұрыс ойлауға тәрбиелеп, мән-маңызын түсіндіру күттірмей зертелуді талап етеді. Балалардың ойлау әрекетінің дамытуын зерттеу, олардың интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қлаыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі. Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең - бастауыш мектеп кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады. Оқудың нәтижелі болуы балалардың жоғары психикалық функцияларының, әсіресе, есте сақтау және ойлаудың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Балалардың ойлау іс-әрекетінің оқытуда маңыздылығы өте зор.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесі нәтижелі болуына ес роцесінің алатын орны ерекше. Бұл салада Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьевтің еңбектері зор екенін атап айтуға болады. Ақыл-ой әрекетінің сатылап даму жолдары П. Я. Гальперин, Ю. А. Самарин, Л. И. Божович, Н. С. Лейтес ж„не Алдамуратов …. Ж, ШабельниковВ. К, Бердібаева С. Қ. еңбектерінде айқын көрсеткен. Ал, ойлау іс-әрекетінің маңыздылығын С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Ж. Пиаже, М. Вертгеймер, Дж. Брунер зерттесе, оқыту процесінде ойлауды іс-әрекет ретінде А. В. Брушлинский, ойлаудың даму деңгейі ретінде А. З. Зак зерттеген.
Зерттеудің мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану.
Зерттеу объектісі -Қазақ орта мектебіндегі бастауыш сыныптағы оқу процессіндегі ойлау іс-әрекетін дамытуда “оқушы “, оқытудың мазмұны, әдістері мен құралдары “, “оқытушы “ тәрізді жіктерінен тұратын құрылған оқытудың маңыздылығы мен мәнін ашып көрсететін оқыту процесі.
Зерттеу пәні - дамытушы танымдық іс-әрекеттің ұғымын оқыту процесіндегі ойлауды қалыптастыру мәселесін және аталған процестерді арнайы жоспар арқылы зерттеу.
Зерттеу болжамы : Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу процесі нәтижелі болу үшін, берілетін білім танымдық іс-әрекеттің негізінде қабылданса, онда білім өзінің мәні мен маңыздылығында көрсете алады.
Жанама болжамдар: 1. Арнайы бейімделген әдістеме арқылы төменгі сынып оқушыларының есте сақтау ерекшелігі сөздік-мағыналық және көрнекілік түрінің негізінде оқу-тәрбие процесінің мәнді жақтары ашылады.
2. Арнайы бейімделген әдістеме арқылы төменгі сынып оқушыларының ойлау іс-әрекетінің сөз-мағыналық, көрнекілік-бейнелік түрлері және ойлаудың қабілеттілігін дамыту негізінде баланың білімі оқытудың жоғарғы деңгейіне көтеріледі.
- Төменгі сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс- әрекеттің дамуын жүйелі диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру әрекеті -оқыту жоспарының мазмұнын анықтайды.
Зерттеу міндеттері : зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту. Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау) .
Зерттеудің әдіснамалық негізіне жеке адамның психологиалық іс-әрекетінің қалыптасу теориасы мен принцитерін қарастырған Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубенштейн, ойлау іс-әрекеті заңдылықтарын А. Н. Леонтьев, Н. А. Менчинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина және М. М. Мұқанов, С. М. Джакупов, Х. Т. Шерниязованың, жұмыстары алынды.
Зерттеудің жаңалықтары .
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау іс-әрекетін зерттеуге бейімделіп жасаған әдістемелер қолданысқа енгізілді. Балалардың ойлау іс-әрекетіне психологтың, мұғалімнің, ата-аналардың көмек көрсету жолдары белгіленіп, дамыту негіздері қарастырылды.
Зерттеудің теориалық маңызы .
Зерттеудің оқыту процесінде атқаратын қызметі мен түрлеріне байланысты жинақталған тұжырымдар қазақ тілі әдістемесінде білім қалыптастырудың қағидалары мен заңдылықтарын жетілдіре келіп, оқытудың салаларын жан-жақты дамытады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Эксперименттің барысында ойлау іс-әрекеттің деңгейін анықтайтын арнайы әдістемелер қазақ тілінде оқитын төртінші сынып оқушыларына бейімделіп пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 -Тарау. Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіндегі
ойлау әрекетін анықтау.
1. 1. Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың
маңыздылығы
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарамдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциалар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудң нәтижесінде адам санасына бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұны билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын-оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұраққа жауап іздеп, ой-әрекетімен шңғылдауға адамды итермелейді. Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Қазақстан психологі Ә. Алдамұратов ойлауға мынадай анықтама берген “Ойлау дегеніміз-әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүнйедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бґл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау-сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлде қайда асып түседі” -деген. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылс. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылыстарын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-бірене жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді дей келіп, Ә. Жарықпаев“ Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелнеуі”-дейді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымының бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер көп болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әде қайда төен. Ойлаудың қамтитын шеңері өте кең.
Көрнекті Кеңес психолог ғалымы А. Н. Леонтьев : “Менің өмірімдегі мен нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай . . . ” - деп, психология ғалымының “мен” мен “маңыз” деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген /1, 12-б, /. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын түсініп, оның ерекшеліктерімен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық /ойлау /іс-әрекетінің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен / шығармашылық, танымдық, қарам-қатынас, бағалау/ байланыстырса, онда “білсем” “маған керек”, “маған қажет”, деген сияқты мотивтерге “білгім келеді”, ”үйренгім келеді”, деген мотивтер ұласады.
Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуына бірталай әсер етеді, табиғат өзі жаратқандай ойлау процесіне сәйкестенеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық және практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.
Біздің негізгі міндетіміз - оқыту процесінің ішкі мазмұнын ашып ондағы мұғаліммен оқушының қызметіндегі өзара әсер, өзара әекетті көрсету, соның психологиялық негізін ашу, -деп көрсетті Джакупов С. М. /31-72 б/.
Бұл процесте тәрбиеде ие болатын мақсат жобасы, форманың бағыты анықталады: тек , біріншіден, білу керек, одан нені талап етеді, түсіну керек, оған қалай жету керек және қабылдау керек, бұл білім әрекетіне басшылық рөлінде көрінеді. Ал бұлның өзі - жеке адамның танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ең алдымен балалардан қандайда бір мінез-құлық нормаларын талап етпес бұрын, берілетін білім туралы хабарлау керек. Бірақ оның алдында бала білімді қабылдауға дайын ба, соған сенімді болу керек, ал егер жоқ болса, онда арнайы дайындауымыз қажет /2-7б/. Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен танымдық процесінің бірлігінде орындалады. Олар бір жүйелікті ұйымдастыра отырып, тегінде оқу процесіне психологиялық мазмұнда болып көрінеді.
Егер оқыту процесінің негізгі белгілері танымдық әс-әрекеттің маңызды формаларының бірі болса, онда мектептегі әлеуметтік мағынасы жағынан тианақты іске асыруды, іш түрлі қажеттілікке бөлуімізге болады: 1) танымдық қажеттіліктер, мәселеyні шешу тәсілі немесе оқыту процесінде жаңа мағұлыматтар алуды қанағаттандыру; 2) әлеуметтік қажеттіліктер, ” мұғалім-оқушы “ және “оқушы-оқушы “ қарым-қатынастары негізінде оқыту іс-әрекетінің барысы немесе қатынасын және оқыту іс-әрекетіне байланысты оның шешімін қанағаттандыру; 3) “мен “-ге байланысты қажеттілік, жетістікке жету қажеттілігі, оқу тапсырмаларының негізгі деңгейін арттыру/31, 56-б/.
Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі баға объективті қасиеттерді танып білудің негізінде беріледі және өз алдына бағалау танымы болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде оқытушының арасында біріккен-диологтық танымдық іс-әрекет жүзеге асады. Танымдық іс-әрекеттінің жалпы жүйелігі оқу - тәрбие процесі ретінде оның бір құрамды бөлігі бола отырып, қажетті және қажеттілікті талаптарға жауап береді.
Оқу - тәрбие процесінің оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бґл жеткіліксіз болар еді. Жеткіліксіздің бұл түрін формалдық білім деп атайды.
Баланың келешегі ішін ең қажетті нәрсе білім емес, алдымен оның ой-өрісін, ақылын дамыту болып табылады: егер баланың ұғымындағы, ой-өрісі ауқымды дәрежеде дамыған болса, ол кейін өз бетімен кітаптағы мазмұнды түсініп, соған мол ие бола алады.
Сонымен, оқытудың көздейтін құнды мақсаттарының бірі -баланың ой-өрісін кеңейту болып табылады.
Оқыту процесі -педагогикалық күрделі құбылыс, оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.
Л. С. Выготский оқыту барысында оқушының мүмкіндіктерін барынша ескеру керек, ең басты мақсат-осы мүмкіндіктерді дамыту, -деп санады.
Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Баланың интеллектуалдық даму деңгейі оқытудың сапсы мен мазмұны және оны меңгеру процесінің көмегі арқылы анықталады. Ол ішін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, бала психикасының дамуына және ішкі жоспарының қалыптасу процесі іс-әрекеттің өнімі ретінде қарастырылады, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты іс-әрекетте орындалады.
Оқытушы мен оқушылардың күнделікті ара қатынастарының бәрі сөз арқылы іске асады. Сондықтан, оқытушының шеберлік күрсете сөздерді үйлестіріп, мағынасын аша сөйлеуінің мәні зор.
Мұнда, мысалы Л. С. Выготсккий айтқан сөзін мысалға келтіруге болады, сөз ересектермен қарым-қатынас жасау негізінде туындайды және бірінші сөйлеу функциясы-коммуникация. /32, 76-б/.
В. В. Давыдовтың жасаған дамыта отырып оқыту концепциясы оқыту іс-әрекетін үш қатарда көрсетеді, рефлекцияның пайда болу аймағы біріншіден: ойлау іс- әрекеті, бұл оқытушы мен оқушының арасындағы біріккен іс-әрекет негізінде ғылыми түсінік жүйесінің жалпы әрекет тәсілін қарастырады. Екіншіден, коммуникация, коорпорация және позицияға қатысушылардың біріккен іс-әрекетті, оқу тапсырмаларын бірігіп шешетін топ, сынып арасында өтеді. ішіншіден, өзін басқару, бала бір позициядан(жасаған жолынан) келесі /4, 15-б/.
Жоғары психикалық функцияның өзі бастапқы біріккен іс-әрекетте қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол баладағы ішкі психикалық процеске айналады.
Л. С. Выотский тұжырымында былай деп көрсеткен: “қандайда функция баланың мәдениетті дамуында сахнаға екі рет шығады, екі жоспарда, біріншіден-әлеуметтік, екіншіден-психологиялық, біріншіден адамдар арасында, одан кейін бала ішінде /5, 3-б/.
Мысалы, бала сөзі бастапқыда қоршаған ортамен қарым-қатынас туралы болып табылады, дамудың ұзақ жолынан өткеннен кейін ол ойлау туралы және ішкі сөйлеу болып қалыптасады. Оқыту процесі негізінде жоғарғы психикалық функция қалыптасуы, үлкендер мен баланың біріккен іс-әрекетінен көрінеді.
Сонымен қорыта айтқанда бала есейген сайын оның іс-әрекеті түрлерін меңгеру көбейеді. Бірақ түрлі іс-әрекет дамуға түрліше әсер етеді.
Оқыту баланың мүмкіндігіне және белгілі даму деңгейіне сәйкес келуі керек. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқыту барысында жаңа оданда жоғары деңгейдегі келесі мүмкіндіктер туындайды. “Бала тәрбиелену мен оқытуда дамиды” деп жазған С. Л. Рубенштейн /5, 361-б/.
1. 2. Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту.
Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлекция туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға арақатынаста болуды бастайды/33, 43-б/.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекеттерін дамыту арқылы оқыту процестерін түсіндіреміз. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Оқу бала танымына көптеген қиындқтарды келтірген соң, балалардың кейбіреулерінің оқуға ынтасы болмайды. Оларды оқуға реттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан ојуЈа деген ынтасын тудыру ішін психологиялық тренингтер, тесттер, сауалнама, әдістемелер пайдаланған жөн. Балаларға берілетін жаңа білім жас ерекшелігіне сай болуы керек.
Г. С. Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдерінің қалыптасуын былай сатылап көрсетті:
0-1 жаста қасақана істелген әрекет, еліктеу.
1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана сезім.
3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диологтық бағыт.
6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексін(іштей өзіне-өзі сынмен қарау) .
11-15 жаста ”өзін сезіну“ достық кодексі дағдылану, интеллектуалдық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету.
15-18 жаста өзіндік сана -сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады /34, 203-б/.
Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп бөліп қарауға болмайды. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші ролді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйрену, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкүндік жасаймыз.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуға едәуір мүмкіншілігі бар, себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанмен, қазіргі мәдени тарихи теорияны жақтаушылардың ( Л. С. Выготский) пікірі бойынша оқымай келген бала оқуға кірген соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды: бала қарапайым, яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы ойлауға көшеді деген пікір басшылыққа алыныды/6, 15-б/.
Бастауыш мектеп жасындығы балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне қарай құынуында салыстыру ой операциясы негізгі ролді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрлері кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.
Жапонияда оқыту мен тәрбиенің негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда : “Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды “ -деп айтпайды. “Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың”, “сенің қабілетің жетеді” тағы басқа осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс - әрекеттері мен сыртқы даулы жағдайды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады/7, 16-б/.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытумен тәрбие берудің үздіксіз процесі деп атап көрсетті/35, 101-б/.
Кеңестік психологияда психикалық даму түсінігі ішкі әрекеттің қалыптасуы ретінде қарау қабылдаған. Психикалық функция немесе процесс - бұл ішкі әрекет А. Н. Леонтьев былай деп жазады: интериоризация процесі санадағы ішкі жоспар сыртқы іс - әрекетке айналғанда орындалмайды, бґл процесс ішкі жоспар қалыптасқанда орындалады /8, 19-б/.
Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай -ақ танымдық іс-әрекеттің процессінің жүйелі қалыптасатын кезеңі. Бастауыш мектеп жасының ерекшелігі мен маңыздылығын терең зерттеген Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов олардың ісін жалғастырушылар Л. И. Айдарова, А. К. Дусавицкий, Г. А. Цукерман, және тағы басјалары.
В. В. Давыдов пен Д. Б. ЭльконинніЎ еңбектерінде оқыту іс-әрекеті мынандай компоненттерден тұрады : 1. Оқыту тапсырмасы. 2. Оқыту әрекеті. 3. Бақылау /9, 9-б/.
Осы компоненттер арқылы оқушының психикалық дамуын жетекші рөлді алады. Бастауыш мектеп оқушыларының теориялық білімінің шеберлігіне сүйсініп іс қылуын меңгеру (оқи алу -шеберлігі), болашақтағы қылынның негізі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz