Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Бөлім Алкоголизм мен шизофрения жайлы негізгі
клиникалық-психологиялық сипаттамалар
1. 1. Алкоголизм және шизофренияның теориясына шолу . . . 6
1 . 2. Алкоголизм және шизофренияның клиникалық көріністері,
түрлері, этиологиялары мен патогенездері . . . 19
1 . 3. Алкоголизм мен шизофренияның байланысы . . . 43
ІІ. Бөлім Психологияда тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен
теориялық мәселелеріне шолу.
2 . 1. Тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктерінің
кеңес психологиясында зерттелуі . . . 51
2 . 2. Тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктеріне сипаттама,
оның түрлері . . . 53
2 . 3. Өзін-өзі бағалау - тұлғаның индивидуалдық қасиет-
терінің объектісі ретінде . . . 62
ІІІ. Бөлім Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын
адамдардың типологиялық ерекшеліктерінің өзін-өзі
бағалауға ықпалын эксперименталды зерттеу.
3. 1. Зерттеудің мақсаты, міндетті, болжамы . . . 67
3. 2 Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама . . . 68
3. 3. Зерттеудің нәтижелерін талдау . . . 69
Қорытынды . . . 75
Әдебиеттер тізімі . . . 76
Қосымшалар . . . 79
Кіріспе
Қазіргі күнге дейін ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың "ауқымды мәселесі" анықталмаған. Қазіргі уақытқа дейін отандық және шетелдік әдебиеттерде тек осы патологияны таратушы экстенсивті көрсеткіштер ғана болған. Көптеген зерттеушілер өздерінің зейіндерін осы әр түрлі микстегі (сұйық дәрі) клиникалық көріністерінің ерекшеліктеріне кеңірек тараған екі формасына маңызды патопсихологиялық өзара әрекетті бағыттады. ( Белов Б. С. 1978; Ростовцева Т. И. 1983; Королева Е. В. 1987) .
Сол сияқты шизофренияның алкоголизмге жағымды әсер дәрежесінің көрінісі әр түрлі түсіндіріледі. Зерттеудің маңызды аспектісі микстік ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың реабилитациясының оптималдық жоспарын іздеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Соңғы он жылда клиниканы зерттеу мен ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратындарға қызығушылық жойылған. Патологияның осы түрін терең зерттеуінің қажеттілігі халықтың арасында алкоголизмнің жан-жақты таралуымен және клиникадағы ішімдікке салынған шизофренияның ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бірінші кезекте бұл ремиссиялық сапасы төмен ауруларға қатысты. Ішімдікке салынған шизофрения мен ауыратын адамдар бұрыннан К. Кальбаума (1874), В. Х. Кандинский (1882), С. С. Корсаков (1891), С. А. Суханованың классификациясынан өзінің бейнесін тапты. Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың өзара қатынасына арналған алғашқы бөлшектік зерттеу К. Гретердің (1909) жұмысы болды. К. Гретердің көзқарасы F. Chotzen (1909), W. Stocker (1910), P. Schroeder (1912), W. Nothaas (1920) және т. б. зерттеулерінде өз бейнесін тапты.
Кейіннен, әсіресе С. Г. Жислиннің (1955, 1940, 1965) жұмысынан кейін екі аурудың өзара қатынасының жеке аспектілерін бейнелейтін сансыз көп отандық зерттеулер пайда болды.
Зерттеудің мәселесіне маңызды қор енгізген Д. Р. Лунц (1941, 1970), И. В. Стрельчук (1956 - 1970), Г. С. Воронцова (1959 - 1968), И. И. Лукомский (1959-1971), А. Г. Гофман (1959-1983), С. П. Позднякова (1970-1978), В. М. Шумаков (1970-1983) және т. б. Клиникада ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдарды одан да толығырақ зерттеуге талпыныстар жасалды. (И. В. Павлов, 1960, Ю. С. Вишнякова, 1972 ) . Бірақ бірде бір отандық және шетелдік авторлардың жұмысында клиникалық - эпидемиологиялық тәсіл ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдарды зерттеуде өз бейнесін таба алмады.
Біздің тақырыбымыздың өзектілігі ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың қазіргі кезде халқымыздың арасында кең етек алуы психологиялық кеңңес беруді керек ететіні өз алдына үлкен зерттеу проблемасын керек етеді, және алғаш қазақ тілінде қарастырылып лтыр.
- Зерттеу жұмысының мақсаты:Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың индивидуалдық типологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің өзгерісін анықтау.
- Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Алкоголизм мен шизофренияның негізгі клиникалық-психологиялық сипаттамаларына теориялық талдау жасау.
- Психологияда тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен теориялық мәселелеріне талдау жасау.
- Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың типологиялық ерекшеліктерінің өзін-өзі бағалауға ықпалын эксперименталды зерттеу.
- Зерттеудің объектісі:Ішімдікке салынған шизофрениямен
ауыратын адамдар.
- Зерттеудің пәні:Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.
- Зерттеу жұмысының болжамы:Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдардың өзін-өзі бағалау өзгерістері индивидуалдық типологияның ерекшеліктеріне байланысты.
- Зерттеу жұмысының базасы:Алматы облыстық рухани денсаулық және ішімдік-есіртке кеселдерінің орталығы. (Талғар қаласы) .
І. Бөлім Алкоголизм мен шизофрения жайлы негізгі
клиникалық-психологиялық сипаттамалар.
І. 1. Алкоголизм және шизофренияның теориясына
шолу.
Маскүнемдікті аурудың көрінісі, емдеу тәсілін жоюда талап ету сияқты еске түсіру көне заманның ескерткіштерінде ауызша да, жазбаша да сақталған.
Гиппократ пен Галеннің еңбектерінен біз орынсыз маскүнемдік зардабының денсаулықты жоюға бағытталатынын қарастырады. Кейбір мәліметтер бойынша ақылсыздық пен маскүнемдікті санскриттік тілде сол бір сөзбен түсіндірілді. (Керр “ Пьянство, его причины, лечение и юридическое значение”. Харьков, 1889г) .
Бірақ алкогольдік клиниканың патологиясын өңдеуге күрделі ғылыми тәсіл кейінірек ХІХ ғасырдың басында пайда болды.
Алкоголизм бойынша бірден-бір маңызды жұмыс деп Англия интернисті Томас Гроттердің 1804 ж шыққан “ішімдік және оның адам ағзасына әсері жайлы” кітабын айтуға болады.
Бұл кітапта орынсыз маскүнемдіктің клиникасына көзқарасы баяндалады. “Меніңше ішімдік, қатал айтқанда, ағзада пайда болған және денсаулықтың қызметін бұзатын жеке себептерден пайда болатын ауру”, - деп Гроттер жазады. Ол бұл жекеленген себептерді спирттік ішімдікті шамадан тыс, ұзақ және жүйелі теріс пайдалану деп атайды.
Гроттер “маскүнемдік” түсінігін бірінші рет дәстүрлі әлеуметтік
мағынада емес, биологиялық мағынада пайдаланады.
Бірақ бұл терминнің қалыптасқан дәстүрлі мағынасы клиницистерді қанағаттандырмады, ішімдікпен құмарлықты айтты. /4;
130-133/
Маскүнемдікті ауру сияқты зерттеу бағытына жаңа қадам жасаған мәскеулік дәрігер К. М. Бриль-Крамер, бұрын маскүнемдік, ойномания және алкоголизм деп аталып жүрген терминдердің орнына науқастың негізін анықтау үшін алғаш “запой” ( салынып ішу) терминін қолданды.
“Бриль-Крамер жазды - запой - бұрынғылар ойлаған сияқты құлықтылықтың бұзылуы емес, еріксіз бәле. Запой ауыр уайымдармен, кедейлікпен, мейраммен байланысты кең таралған ашты шырындарды пайдаланудын тарайды. Содан кейін болмастық маскүнемдіктің жоғарғы деңгейінде, спирттік маскүнемдіктің ғана “қажет болып қалатын” кезеңі туады”.
Осы запой Бриль-Крамер бойынша жан мен тәнге қатты әсер ететін және өзінің даму заңдылықтарымен әсер ететін өзгеше ауру. Бриль-Крамердің 1819 ж шыққан “Запой и лечение онаго” деген кітабы уақыты бойына алкоголизмнің клиникасын реалистикалық толық сипаттаған болып табылады. Шынында да автор запоойға оның басқа белгілеріне зейін аудармай, ішімдікке салынғандардың ауруының негізгі формасының көрінісі сияқты тоқталды.
Сонымен қатар өткен ғасырдың 20-шы жылдарында екі клиникалық ұғым пайда болды: қандай да бір психоздың базасында пайда болған, маскүнемдік алкогольді шектен тыс қолданудан пайда болған бірінші ауру сияқты, және дипсомания мастықтың екінші формасы сияқты.
Бірақ бұл терминдер тек 1849 ж Стокгольмде Магнус Гусстың “Хронический алкоголизм или алкогольная болезнь” деген классикалық кітабы шыққанша ғана сақталды. Асқынған алкоголизм немесе алкогольдік ауру терминдерімен, М. Гусс яғни жүйке жүйесінің байлнысты патологиялық көріністің топтарын білдіруді қалайтын медициналық ұғыммен түсіндіріледі. Осы бағытта өткен ғасырдың басында бірнеше әрекеттер жасалды.
1817 ж мәскеулік дәрігер А. М. Сальватори ішімдікке құмарлық ауруын “ ойномания” терминімен түсіндіруді ұсынды (грек тілінен аударғанда - “ойно” - вино) .
Ойномания - бұл белгілі бір болмастың көрінісі сияқты маскүнемдіктің синонимі емес, осы көріністен туған патологиялық жағдай лихорадка сияқты өнімсіз, болмай қалмайтындық болып табылады.
Сонымен бірге Эскироль өзінің сезім түршігуінің жүйесінде “алкоголемания” термині келтіреді. Бұл терминге Сальватори сияқты айтылған аурудың басты ерекшілігі сияқты спирттік ішімдікке құмарлығы тежей алмауды қарастыра отырып, мазмұнды да енгізді.
Бұл “ойномания” мен “алкоголемания” терминдері болмастығы маскүнемдік пен ауру сияқты маскүнемдікті айыруға тырысу, спирттік ішімдікті шамадан тыс пайдаланумен байланысты аурудың толық медициналық ұғымын түсіну үшін, белгілі өңдеудегі қатынастың прогрессі болды.
Бірақ олар өздерінің авторларынан көп өмір сүрді және олар аморфтілікті айтпағанда олардың белгілі бір жақтарымен байланысты. Мысалы, ойноманияны алкогольді пайдалануы бойынша үздіксіз, ремиттириялық деп бөле отырып, олардың арасындағы анық клиникалық дифференцияны жүргізген жоқ.
Дәл солай Эскироль да мания ұғымын шектен тыс кеңейте отырып, сонымен қатар алкоголеманияның нақты клиникалық сипаттамасын келтірмей, патологиялық әуестікті разрядқа, алкогольге тоқтатылмас органикалық өзгерісімен тікелей байланыстың жоқтығы брендиді ұзақ көп мөлшерде қолданған адамда асқынған форманың көрінетінін айтты.
Асқынған алкоголизмді анықтаудан бастай отырып, М. Гусс былай деп жазды: “Ағзадағы патологиялық өзгерістер шектен тыс алкогольдің әрекеттерінен пайда болғандықтан қандай да бір спецификалық формалардан емес, көптеген басқа себептерден тұруы мүмкін, яғни оларды жалпы комплекс ретінде аурудың спецификасы сияқты сипаттау дәлелсіз. Брендиді қолданғаннан асқазан және ішектер, семіру немесе бүйрек циррозы асқынуы мүмкін, бәрақ басқа да негіздер әсер етуі мүмкін. Жүйке жүйесінің бұзылыстарының белгілері ішкі анықтаушы құрылымнан тұрады. Бұл белгілерде, яғни мидың қандайда бір аймақтарында, ұқсастықтар болмайды. Бұлар мынандай жағдайда пайда болады, яғни өз-өздеріне ауру топтарын тудырады және осылай тәуелсіз ауру сияқты сипатталуы мүмкін. Осындай белгілердің топтарын мен асқынған алкоголизм деген атпен сипаттағым келеді” М. Гусс дәрігер интернист болады, сондай-ақ психиаторлық тәжірибиесі де бар. Сондықтан да оның зейіні ішектер мен бүйрек бұзылыстарын клиникалық бақылауға аударылады. 1894 ж Крафт-Эбинг асқынған алкоголизмге келесі формулировканы аша отырып, ол мынаны көрсетеді, мысалы этикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі сияқты психикалық мұндай бұзылыстары тітіркенішктік патологиялық қызғаныштық және еріктің әлсіздігі. 1862 ж асқынған алкоголизмді дәл осы жоспарда Марсе де анықтаған, яғни ішімдікті пайдаланған тұлға ғана асқынған дипсолан немесе ішкіш деп аталады, және олар интеллектуалдық әлсіздіктің басын байқай бастайды.
Еріктің уайымы асқынған алкоголизмнің негізгі белгісі болады дей отырып, 1888 ж Шюле аналогиялық пікір айтады. С. С. Корсаковтан біз осы ауруға келесі анықтаманы табамыз:” асқынған алкоголизм - бұл ішімдікті ұзақ пайдаланғаннан ағзада қайталанған бұзылыстардың жиынтығы”. Сонымен қатар негізгі психологиялық бұзылыстардың қатарына ішімдіктердің моральдық және интеллектуалдық деградациясы қатысты. Асқынған алкоголизм түсінігімен бірге С. С. Корсаков мастық түсінігін де пайдаланады. Мысалы, асқынған алкоголизмге қатысты барлық бұзылыстардың себебі көп жағдайда маскүнемдікке байланысты, сонымен бірге ішімдікке бейімділік, деп ол жазады, яғни “маскүнемдік өте күрделі ауру болып табылады”. /17; 80-86/
Маскүнемдіктің әртүрлі формаларын талдай отырып (кездейсоқ, үйреншікті, салынып ішу), С. С. Корсаков асқынған алкоголизм және мастық жайлы өзінің түсінігін анықтайды, және кездейсоқ маскүнемдіктің нәтижесі ”асқынған алкоголизм формасының барлық зардаптары күнделікті үйреншікті маскүнемдіктің картиналары дамиды. ” Егер Корсаковтан біз алкоголизм клиникасын козғалыста және даму тенденцияда қарастырсақ, ал басқа көптеген жұмыстарда сөнген немесе қозғалмайтын ауру сияқты қарастырылады.
Э. Крепелин үшін созылмалы алкоголизм - бұл алкогольдің жаңа дозасын қабылдау. Бұл белгісіз критерийге сүйенетіндіктен, осы анықтаманы қанағаттанарлық деп санауға болмайды.
Крепелимен келісе отырып К. Бонгеффер патологиялық құмарлық созылмалы алкоголизмге тән құбылыс деп көрсетеді. Осындай белгілердің бірден - бірі мастық кезінде сананың жоғалуы болып табылады. Олардың мәні былай қорытындыланады, яғни адам соңғы ішімдікті қай уақытта ішкенін нақты есіне түсіре алмайды.
Кейбір автор созылмалы алкоголиктерге тек өз-өздеріне, жанұясына зиян келтіретін, алкогольді пайдаланатын адамдарды жатқызады, яғни осы аурудың әлеуметтік - этикалық жағын айтады. Мысалы, И. В. Стрельчук келесі анықтаманы береді: “созылмалы алкоголиктерге алкогольге құмарлықты басынан өткізгендерді, алкогольді шектен тыс пайдаланудың нәтижесінде әртүрлі интенсивті психикалық және соматикалық бұзылыстар пайда болатындарды жатқызады”. Кейінгі жылдары қалыптасып қалған жағдайды өзгерту мақсатында аз мақала шыққан жоқ. Мысалы, Еллинек пен Келлер былай ойлайды, яғни алкоголиктерге ішімдікті шектен тыс пайдаланғандарда психикалық және соматикалық бұзылыстар көрінетіндерді, ұжыммен өзара қатынасы өзгергендерді жатқызады. /6; 13-15/
Ал Айви алкоголизмнің кез келген формасының ауру болып табылатынына сенімді.
В. Майер-Гросс, Э. Слейтер және М. Рот психиатрия бойынша өздерінің белгілі басшылықтарында созылмалы алкоголизм туралы былай дейді - ішімдікті шектен тыс пайдалануды әдетке айналдыру жұмыста эффективтілікті болмауына және жанұя мен қоғамдық өмірдің бұзылуына немесе денсаулықтың психикалық және физикалық бұзылыстарына әкеледі (1959ж) . Бұл созылмалы алкоголизмнің кең тараған, жаңаша анықтамалары, бірақ олар да көп жағдайда күдікті. Мысалы, Еллинек пен Келлердің формулировкасын осыған қатысты айтсақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен қабылданған. Қорыта айтқанда бұл формулировка кез келген нашақорлыққа қатысты, сонымен қатар алкоголизм үшін спецификалық болып табылмайды. Сондай-ақ, бұл формулировка “алкогольге деген құмарлық” созылмалы алкоголизмге әкеледі деп көрсетіледі. Егер конституционалдық және тұқым қуалағыш алкоголизм жайлы жазған Гофф, Лундквист және тағы басқалардың көзқарасымен келіспесе, алкогольге деген құмарлық бұрыннан созылмалы алкоголизмнің көрінісі болып табылады. 1959 ж біз өзіміздің жұмысымызда созылмалы алкоголизмді түсіну үшін пайдаланылған терминдердің қатарын сыни тұрғыда қарастырдық.
Біз көрсетуге тырысқандай осы терминдердің әрқайсысы мынаған куә, яғни олардың авторлары алкоголизмнің анықтамасын қандай да бір диагностикалық критерилердің тар позициясынан қарастырады. Мысалы, алкоголизм клиникасының абстиненттік синдромының негізінде А. Н. Зимин алкогольдік наркомания терминін ұсынады.
Сонымен қатар И. В. Стрельчук алкоголизм дамуының негізгі патогенетикалық факторын айта отырып, созылмалы алкоголизм интоксикация терминін пайдаланады. Камерер, Томази, Энкин бас миының органикалық зақымдануының симптомдарына тән ауруды айта отырып, алкогольдік энцефалопатия терминін ұсынады. /6; 20-
22/
Корыта келгенде Лекок алкоголизм - биологиялық мәселе деп, Магнус-Гусстың - алкогольдік ауру деген екі терминінің біреуін қайта
жаңғыртады.
Шизофренияның теориясына шолу.
Шетелдік авторлар мен біздің отандық психиатрия шизофренияның мәселесін дамыта отырып, оны барлық бас миы мен
толық ағзаның ауруы сияқты түсінеді.
Сонымен патопсихологияны зерттейтін отандық психиатрияның бастаушы позициясы оның ескерілген патофизиологиялық мойындауына негізделген.
В. Х. Кандинский кейін шизофрения деген атпен белгілі болған ауруды идеофрения атымен қарастыра отырып, осы аурудың көптеген симптомдарының сезімталдығын талап етті. Сандырақты абстрактылы ой қорытындысын бейнелейтін интеллектуалдық және әр түрлі елестермен байланысты сезімталдыққа бөле отырып, В. Х. Кандинский А. В. Снежневский сияқты сандырақтың пайда болуын барлық таным сферасының, ең алдымен оның сезімталдық зақымдануына негізделуі деп санайды.
Павловтың бас миының гипноидтық жағдайы сияқты шизофренияға қатысты идеясын дамытушылардың қатарында В. Л. Протопованың, Е. А. Попованың, Н. П. Татаренконың, А. Г. Иванова-Смоленскаяның, О. В. Кербикованың, Е. Н. Каменеваның және басқа да совет авторларының жұмысында бас ми ағымындағы рефлекторлық процестің барлық деңгейіндегі патофизиологиялық қозғалыстың бар болуы дәлелденеді.
Шизофрениямен ауыратындардың психикалық “бөлшектенуі” шындықтағы бірінші және екінші сигналдық жүйедегі өзара әрекеттің бұзылысына сүйенеді.
В. А. Гиляровский бойынша шизофрениямен ауыратындардың танымдық іс-әрекетінің бұзылысы қабылдаудың кезеңінде байқалады. Қабылдау ыдырайды да, тұтастық пен бірліктегі кемтарлық, сандырақ идеясының негізі болып табылатын барлық айналадағылардың күңгірттік, өзгерушілік әсерін туғызады.
А. А. Портнованың және Д. Д. Федотованың айтуынша шизофренияның алғашқы кезеңінің дамуында эмоционалдықтың өзгеруі өзін түйсіну және айналадағыларды қабылдау бұзылыстарымен тығыз байланысты; аурудың өрлеу кезеңінде галлюцинация мен псевдогаллюцинация жиі болады. Е. Н. Каменева сандырақ пен қабылдау бұзылыстарының тығыз байланысын қарастыра отырып, бір жағдайда экстерорецепторлардың, басқа жағдайда-интерорецепторлардың басымдылығы жайлы айтады
Дегенмен сезім бұзылыстарының рөлі жайлы сұрақ көп жағдайда әлі түсініксіз болып қалады. Сондай-ақ бірінші сигнал жүйесіндегі рефлекторлық аппараттардың мамандандырылғаны сияқты, анализаторлардың патологиялық рөлі жайлы сұрақ пайда болады.
Шизофренияның мәселесіне арналған невропатологтар мен психиатрлардың 1936 жылғы 2-ші Бүкілодақтық осы мәселе белгілі нәтижеге қол жеткізді. Богословскийдің басшылығымен О. А. Добрякова көздің электрлік сезімталдығын зерттей отырып, шизофрениямен ауыратындардан қалыпты эффектінің жоқтылығынан бір көзді жарықтандырғанда, екінші көздің сезімталдығының жоғары болатынын байқады. Емдегеннен кейін психиканы қалыптастырғанда көздің электрлі сезімталдығы жоғарылайды. Л. С. Выготский, М. С. Лебединский, В. Д. Азбукина, Е. Н. Артюх және т. б. шизофрениямен ауыратын адамдардан басқа зерттеу әдістерінің көмегімен көру анализаторындағы іс-әрекеттің өзгерісін тапты.
В. П. Протопопов және Е. А. Рушкевич шизофрениямен ауыратын адамдардың ойлауын зерттей отырып мынандай қорытындыға келді, яғни абстрактілігі ойлау екінші сигналдық жүйенің зақымдауына ғана емес, біріншінің зақымдануынан да бұзылады.
Шизофрениямен ауыратындардың иіс сезу анализаторының бұзылысы В. Е. Рожнованың жұмысында мұқият зерттелген.
Шизофрениямен ауыратын адамдардың көру және иіс сезу анализаторлардың функционалдық өзара әрекетінің бұзылысы жайлы И. М. Фейгенбергтің зерттеуінде айтылады. Ол клиникалық картинада байқалған естілген сөздердің визуальдық көрінісі мен әр түрлі галлюцинация шизофрениямен ауыратындарда тимолмен иіс сезу тітіркендіргішінен кейін көру хронакциясында маңызды ұзартылу болатынын қалыптастырды.
Шизофренияның көптеген көріністерін А. В. Гилфровский өз кезегінде субъектитік және объективтік әлемнің қабілетін бұзатын экстеро мен интероцептивтік жүйелердің өзара әрекет бұзылыстарының нәтижесі сияқты қарастырады.
Шизофрениямен ауыратындардың терісіндегі өзгеріс жайлы қызықты мәліметті Музумечи баяндайды. Терінің сыртқы қалыпты түрі патогистологиялық өзгерістің ауырлығына сәйкес келмейді. Аурудың басында ұсақ клеткалы инфильтраттар пайда болады, Басты жағдайда қан тамырларының айналасында, одан кейін олар жоғалып, диффузиялық терілік мезенхимопатия дамиды. Бұл өзгерістерді автор нервнотрофикалық процестермен емес, зат алмасу бұзылыстарымен байланыстырады.
Клиника мен психопатологияда шизофрения кезінде кейбір нервно-психикалық бұзылыстарда үлкен рөлді двигательді-кинестетикалық анализаторлардың патологиясы иемденеді. Бұл мәселеге үлкен зейін аударған В. Х. Кандинский болды.
Клод пен Клерамбо шизофренияның психопатологиялық негізінде ерік мақсатқа бағыттылық және мақсатқа бағытталған, күрделі іс-әрекетті бұзатын және тежейтін өзімсіздік, іс-әрекет арасындағы байланыстың бұзылыстарын көреді. Клерамбо бойынша автоматизмнің бұл процестері психологиялық түрде түсіндірілмей, таза органикалық, неврологиялық түрде баяндалады.
Клейстаның көзқарасынша шизофрения тұқым қуалаушылық ауруына негізделген мидың белгілі бір аймағындағы өзгерістің күшінде дамиды. Процестің локализациясына байланысты шизофренияның сол немесе басқа картинасы дамиды. Осыған байланысты шизофренияның клиникалық картинасын психмоторлық-кататониялық бұзылыстарға, аффективтіліктің гебефрендік мінез-құлықпен өзгерісіне және ойлау мен сөйлеудің бұзылысына бөледі.
С. С. Корсаков күшейтілген ептілікті көрсететін психикалық ауру кезіндегі қозғалыстың бұзылысын байқай отырып, ептілік неғұрлым көп күшейсе, соғұрлым қылықтар ретсіз болатынын, сондай-ақ оларда өнімді іс-әрекет сипатының байқалатынын ескереді. Әрекеттің саналы мотивтері аз байқалады, және қозғалыс қозуының өсуінен, құрысумен-психомоторлық ми қабығының қозуындағы таза физикалық көрініс бүйір-бүйірмен тұратын қарапайым қозғалыс пайда болады. Сондықтан Корсаков, псимоторлық қозудың клиникалық қарастыра отырып, моторлық бұзылыстарға жалғаспалы мәнді емес, патогенетикалық фактордың мәнін береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz