Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері.

  1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі

және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде . . . 6

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін

қалыптастыру - педагогика ғылымының маңызды мәселесі . . . 20

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін

қалыптастыруда олардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеру . . . 26

II тарау. Оқушыларды оқу іс-әрекет мотивациясын қалыптастыру жолдары.

2. 1. Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастырудағы педагогтің іс-әрекеті . . . 35

2. 2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастырудағы тәжірибелік жұмысы . . . 46

Қорытынды . . . 53

Әдебиеттер тізімі . . . 55

Қосымша

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымызда болып жатырған сапалы өзгерістер, экономикалық қаоқынды дамуы білім беру жүйесіне үлкен талаптар қоюда. Мұндай үлкен өзгерістер оқушылардың оқуға көзқарасына, мотивациясына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі талап ететін білімді, жылдан жылға көлемі артып келе жатырған ақпаратты меңгеруде оқушылардың осы білімді игеруге деген қызығушылығының, оқуға мотивациясының алатын орны ерекше. Әсіресе, білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын бастауыш мектепте оқушылардың оқуға оң мотивациясын қалыптастыру оқыту үрдісінің нәтижелі, жемісті жүргізілуінің басты шарттарының бірі.

Адам іс-әрекетінің мотивациямы туралы көптеген ой-пікірлер, теориялар Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Платон, Сократ секілді ежелгі философтардың еңбектерінде-ақ пайда болды. Олардың пікірі бойынша өмірдің оқытушысы «қажеттілік» болып есептеледі.

Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туған ошақтардан іздеген жөн. Ол, әсіресе, XIX ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни, олардың пікірінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы - оның ақыл-ойы, санасы және ерік-жігері [1; 137]

Жеке тұлғаның қажеттілік-мотивациялық сферасын қалыптастырудың қажеттігі В. Р. Асеев, А. Н. Леонтьев, Н. А. Бекшаева, М. С. Искакова, Т. К. Құдайбердиева, А. Маслоу, Н. А. Тернова, А. Ю. Тимакова, Х. Хекхаузен және т. б. еңбектерінде көрініс тапты [2; 96]

Мотивация және мотив мәселелерін дүние жүзінің көптеген ғалымдары зерттеп, өз тұжырымдамаларын жасаған (В. К. Вилюнас, Д. Н. Узнадзе, В. И. Ковалев, А. К. Маркова, Т. А. Матис, П. В. Симонов, Д. Н. Узнадзе, Г. Холл, К. Е. Ахметов) [5; 105]

Адамдардың және жануарлардың іс-әрекетіндегі белсенділіктерінің себептерін ғылыми зерттеудің негізін ежелгі ойшылдар салды (Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Плаон, Сократ) .

XX ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда органикалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетілді.

Оқу мотивациясы көбіне арнайы мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс ретінде емес, стихиялы түрде қалыптасады. Оқудың мотивациялық сферасын жүйелі басқармаған жағдайда мотивацияның регресі, оның деңгейінің төмендеуі пайда болады, оқу іс-әрекеттің мотивтері өзінің әрекеттілігінен айырылады. (Мектептердің оқу мотивтерін тәрбиелеуге дұрыс көңіл бөлмеуі бұл мәселенің күрделілігін, әлі толық талқыланбағандығын көрсетеді) [6; 255] . Кез-келген іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекетінің нәтижелі жүргізілуі мотивацияның деңгейіне тәуелді екендігі белгілі. Қоғамның дамуы ең алдымен білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей басланысты болса, білімнің алғашқы баспалдағы бастауыш мектеп. Мұның барлығы қоғамымыздың қазіргі даму жағдайында кіші оқушылардың оқу іс-әрекет мотивтерін қалыптастыру мәселесін қайта зерттеудің өзектілігін көрсетеді

Қазіргі кезде елімізде және әлемде болып жатырған көптеген өзгерістер сензитивтік кезең болып саналатын бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқуға мотивациясына өз ықпалын тигізбей қоймайтындығы белгілі. Кеңестік дәуір кезеңінде оқу іс-әрекетінің мотивтерін зерттеуге едәуір жұмыстар жүргізілгенмен (А. К. Маркова, Т. А. Матис, А. Б. Орлов, т. б. ), соңғы өзгерістер бес жылдағы әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық және психологиялық өзгерістер оқу іс-әрекеті мотивтерін қайта зерттеуді талап етуде. Бұл мәселе тақырыптың көкейкестілігін анықтап, дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекет мотивтерін қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеудің болжамы: егер жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында педагогикалық іс-әрекеттің принциптері негізінде оқу-тәрбие үрдісінде танымдық процестерді, сапалы тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығулар жүйелі өткізілсе, интерактивті оқыту әдістері қолданылса - бұл бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне белсенді араласуына, танымдық қызығушылығының артуына және оқу іс-әрекет мотивтерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Зерттеу нысанасы - жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушылары.

Зерттеу пәні - бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекет мотивтері.

Зерттеу мақсаты:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің оқу-тәрбие үрдісіндегі мәнін және оны қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін знрттеу;
  2. Қоғамның қазіргі дамуы кезеңіндегі бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің ерекшеліктерін зерттеу;
  3. Оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыруды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан жүйелі ұйымдастырудың моделін жасау;
  4. Оқу мотивтерін арттырудағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеу базасы:

I тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері.

1. 1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы және мотиві, әсіресе, оқу іс-әрекетінің мотивтері мәселесі әрбір адамды, соның ішінде педагогтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Кез-келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын педагог ең алдымен оқушылардың оған деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп-тамырын іздеуге талпынады.

Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталатын орталығы болады. Л. И. Божовичтің пікірінше мұндай орталық адамның мотивациялық-қажеттілік сферасы болып саналады [1; 145] . Демокрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға, адамның ойлауға, сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп түсіндірді. Яғни, оның пікірінше егер адамда қажеттілік болмаса, ол сол жабайы күйінде қалар еді.

Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған ошақтардан іздеген жөн. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм мен иррационализм ағымдарының арасында орналасты. Рационалистік позиция бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе XIX ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни, олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы, оның ақыл-ойы, санасы және ерік-жігер.

Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда жануарлардың мінез-құлқы адамдармен салыстырғанда санасыз, биологиялық күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі [19] ; 179.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория XVII-XVIII ғасырларда механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс алып дамыған автоматтылық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге беретін механикалық, автоматтылық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі мотивациялық теория философияны екі қарама-қарсы ағымға, идеализм мен материализмге бөлу XIX ғасырдың соңына дейін созылды.

XIX ғасырдың екінші жартысы түрлі ғылымдарда ашылған жаңалықтармен есте қалды. Соның ішінде Ч. Дарвиннің биологиядағы эволюция теориясының орны ерекше. Ч. Дарвин өз ілімін көптеген ғасырлар бойы анатомиялық, физиологиялық және психологиялық жағынан мүлде ерекше бөлек болып саналып келген адамдар арасындағы шыңырау үстіне көпір салғандай болды. Ол бұл тіршілік иелерін өзара мінез-құлықтық және мотивациялық жақындастыруда, әсіресе эмоционалды экспрессивті көріністері, қажеттіліктері мен инстинктілері тәрізді ортақ мінез-құлық формалары бар екенін көрсетті.

Иррационалистік, адам мінез-құлқына мәні жағынан биоголизаторлық көзқарас ұстанған инстинкт теориясын XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында З. Фрейд пен У. Макдауголл ұсынды.

Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке іс-әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Д. Уотсон мен Э. Толманнан басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға болады.

XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың алғашқысын К. Левин ұсынды. Содан кейін А. Маслоу, К. Роджерс сияқты гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде жариялана бастады.

А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты практикалық іс-әрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-әрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сәйкес, олармен функционалды және генетикалық байланысты құрамаларды байқауға болады [19; 63] .

XX ғасырдың ортасында мотивацияның бірнеше теориясы бөлініп шықты. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл теориялардың барлығын жеке-жеке қарайтын болсақ, мотивация феномендерінің кейбір жақтарын ғана түсіндіруге қабілетті. Дегенмен, адам мотивациясы туралы нақты фактілердің жетіспеушілігінен, зерттеу әдістерінің әртүрлілігінен оларды жақындастыру қиындыққа алып келеді.

Адамдарда мұқтаждық қажеттілікті тудыратындығы барлығымызға мәлім. Адамдар қандай да бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажеттілікті сезінеді. Демокриттің пікірінше қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі. Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады және, әдетте, тумыстан пайда болады. Бұған мысал ретінде тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтауға, жыныстық қарым-қатынас жасауға және т. б. қажеттіліктер жатады. Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, үйірсектікке, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық. Бірінші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісі өмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болғандықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.

Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талаптану күйі сезіледі. Талаптану - бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, бедгілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез-құлықтағы қажеттілік көрінісі, әрі мақсатқа жету ниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырғанда мақсат - бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде, оның қажеттілігіне қанағаттанады, не қанағаттанбайтын болады [2; 125] .

Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін. Сонымен қоса, ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация теориясы іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі - осының барлығы мотивацияны күрделендіре түседі.

П. Гольбах қажеттіліктер біздің еркіміздің, ақыл-ой белсенділігіміздің қозғаушы факторы деп санап, сананың спонтанды белсенділігін, танымдық, эмоционалдық және еріктік әрекетті мойындады.

Адам мінез-құлқын түсіндіруде Н. Г. Чернышевский де қажеттіліктердің рөлін мойындады. Ол ағзалық қажеттіліктерді өтеу адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктің пайда болуына алып келеді деп санайды.

Р. Вудвортс та адамның психикалық белсенділігіне қажеттіліктердің орнын мойындай отырып, соның арқасында ағза бір стимулға сезімтал болып, басқаларын байқамауы мүмкін, сол себептен ол тек қозғалыс реакциясының сипатын анықтап қана қоймай, қоршаған дүниені қабылдауға әсерін тигізеді деп санайды. Бұл жерде Р. Вудвортс пен А. А. Ухтомскийдің көзқарастары сәйкес келіп, қажеттілікті қозудың доминанты ретінде қарастырады [19; 10] .

XX ғасырдың 20-шы жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі. Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, афиллиация, агрессия, сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен сәтсіздіктерден қашу т. б. қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар, А. Маслоу да адам қажеттіліктерінің классификациясын ұсынды[19; 9-11] . А. Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындады. А. Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға ( 1-сурет ) бөледі:

  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.
  2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашаққа физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.
  3. Әлеуметтік қажеттілік - бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
  4. Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өіз құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреудің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.
  5. Өзін-өзі көрсету, өзектендіру қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін, жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Өзін-өзі өзектендірудің көптеген міндеттері тұлғаішілік болып келеді. Оларға: көрсету, өмірлік позицияны қалыптастыру жатады.

Сурет 1.

А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы.

Өзін-өзі көрсету: Өзін-өзі көрсету
Құрметтеу: Құрметтеу
Қауіпсіздік және қорғану:

Қауіпсіздік және қорғану

Физиологиялық:

Физиологиялық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігі
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын экспериментальды зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдірудің ғылыми-теориялық әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Оқушының оқу мотивациясын мұғалімдердің зерттеуі
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz