Халық санының өсу тенденциясы



Кіріспе
1. Халықтың саны және ұдайы өсуі.
1.1 Қазақстанның 2009.2010 жылдары арасындағы
халық саны мен табиғи өсімі
1.2 Әлемде 2008.2011 жылдары арысында діндердің дамуына байланысты халық санының өсуі
1.3 Халық саны өсуінің әлеуметтік проблемалары
2. Дүние жүзінің халқы
2.1 Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі.
2.2 Халық санағы
2.3 Дуниежүзі халқының саны
2.4 Адам капиталы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография» пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия
. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009
2. Әлемдік әлеуметтану антологиясыМ.С.Әшімбаев;А.А.Асқаров.-Алматы:Қазақстан. (Мәдени мұра). 10-том:10 томдық.-2008.-344б.

3. Гулиев М.А. Этноконфликтология.-М:МарТ,2007.-224с (Учебный курс).

4. Добреньков В.И. Социология:Учеб .-М:ИФРА-М, 2009 .-624с (Высшее образование).

5. Бутов В.И. Демография:Учеб. пособие .-М:ИКЦ"МарТ", 2008 576с.-(Учебный курс).

6. Демография:Учеб.пособие/Под ред.:В.Г. Глушковой, Ю. А.
Симагина.-4-е изд./перераб. и доп.-М:КНОРУС, 2008.-288с.

7. Клупт М. Демография регионов Земли .-СПб:Питер, 2008 -347с.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Халықтың саны және ұдайы өсуі.
1.1 Қазақстанның 2009-2010 жылдары арасындағы
халық саны мен табиғи өсімі
1.2 Әлемде 2008-2011 жылдары арысында діндердің дамуына байланысты
халық санының өсуі
1.3 Халық саны өсуінің әлеуметтік проблемалары
2. Дүние жүзінің халқы
2.1 Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі.
2.2 Халық санағы
2.3 Дуниежүзі халқының саны
2.4 Адам капиталы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының
қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны
зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,
оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.
Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы
ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы демография
және этнография пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте
орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман –
географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы
айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы
мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында
әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары,
әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай
қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі
дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар ойлау қабілеті бар адам
ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан
пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн
аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық
жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен
Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны
жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге
тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік
бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам
бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс
Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ
алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға
дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ.
Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер
шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт
мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп
егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни
ойкумендердің негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда
болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол
кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік
туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап
білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және
Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер
шары халқының 34 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол
кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық
саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді.
Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды.
Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы
немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі
біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция
кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр
түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай
айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана
мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық
жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы
айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде
тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн),
АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн)
және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127
млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр. Халықты
санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік
құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға
дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия
аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде
санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана
басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған
кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959,
1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына
сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау
сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт
аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы
халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі
мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді
мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған
мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін
жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді.
Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда –
түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен
басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу
қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін
болды. 1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның ижеке аймақтары
тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне
қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан
бастап, бұл Комиссия жыл сайын Демографиялық жылнама басып шығарып
отырды. Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзінің халқы туралы
өте кең мәліметтер берілді. Сол сияқты дүние жүзі халқының өсіміне
байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халық
санағы әр кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып
отыратын мұндағы материалдардың бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде
қазірге дейін халықтың ұлттық немесе нәсілдік құрамы және халықтың
күнделіктері есептері дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың
жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы
социалистік жүйе елдерінде) құрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан
есептеу мәліметтері шын мәніндегі жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия
елдерді жікетеп топқа бөлгенде, олардың экономикалық - әлеуметтік
белгілеріне емес, демографиялық негізіне, әсіресе халықтың табиғи өсімі
тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссияның
жарияланып отыратын материалдары – халықтар туралы біршама толық деректер
көзі болып табылады.

1. Халықтың саны және ұдайы өсуі.

Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың
ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы
өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның
бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі
немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда
халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу
көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде
келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде
туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары
деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын
Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады. Адамзат қоғамының
ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде жүзеге асып, оның саны
жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер шарында халықтың
ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. Әрі қарай қалай болады? деген
заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс артық көбею қаупі
төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз емес қой! Осы
саулнамалық сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана жер шарының ресурсын ғана
біліп қоймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын да білу қажет.
Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты олардың
арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға
шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп:
туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім – 18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне
бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа
біріктіріледі:
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі – биологиялық
құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат
жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс.
Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан
немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи
ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек ауруы,
тропикада – ұйқы ауруы т.б.
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың
тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының дамуы,
әйелдердің қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі,
шұғылданатын кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның
ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі –
демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық
құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі – ол
мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу,
әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады.
Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды.
Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант,
провославие діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды
соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың
зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн—нан аса адам
көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты.
Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-
жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады.
Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,
үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің
азаюына алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну, су тасу, дауыл,
құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын
мыңдаған адам өмірін қиюда. Демографиялық саясат және халықтың өсуін
реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде
мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп
отыр. Бұл жүйелі түрде – халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу
мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал
ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-
насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы
өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат
белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты
қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы
елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біздің елімізде де
демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденцияларды
болдыриауға боғытталған қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда оған үкімет
тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы, ал 2001
жылғы 30 қазанда ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму
бағдарламасыжайлы қаулылар қабылданды. Республикамыздың демографиялық хал
– ахуалын сауықтыру барысында және оны жүзеге асыруда, Көші – қон және
демография жөніндегі агенттік ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Дамушы
елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен олардағы
туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары
болады. Бұл құқбылыс демографиялық жарылыс деп аталды. Оның нәтижесінде ,
мұнда тұратын жер шары халқының 23 бөлігі жылына 25-30‰ шамасында өсіп,
дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай уавытта екі еседен аса өсірді. Мысалы,
дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны
6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы
елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар.
Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз
демографы А. Ландри демографиялық төңкеріс деп атады. Сонымен бірге
демографиялық дағдарыс ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән
болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады.
Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың көбею
қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді.
Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол Азияда
– 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді. Халықтың
ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен,
өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады.

1.1 Қазақстанның 2009-2010 жылдары арасындағы
халық саны мен табиғи өсімі
Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып
табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі
пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез
келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады. Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы,
демография мен этнография зерттейді.
1 Халық саны және динамикалық өсу қарқыны
2 Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция
3 Халықтың көші-қоны (миграция)
4 Пайдаланған әдебиет
Халық саны және динамикалық өсу қарқыны
Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға
жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа
тәуелділік, сондай-ақ жұмыс 0олының жетіспеуі, соған байланысты қажетті
аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі.
Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі.
Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық
саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі
бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр
санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық
санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз
аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның
динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып
келіп отырды.
Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге
(факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ,
ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден
екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық
қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын
көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның
көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері -
туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының
айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың
табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді
абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ
көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о
белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2
типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық
болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір
типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.
Халықтың көші-қоны (миграция)
Халықтың көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру
үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі
әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана
көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі
ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы,
шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады.
Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді.
Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына,
мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән
берілуде:
1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының
толықтырылуы;
3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың
алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон
- халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың
көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп
аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда
керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып,
көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан
халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім
жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.
Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-
қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция
немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта
оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың
механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық)
деп атайды. Он, белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс
белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең
көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру
деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына
барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда
соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы
немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға
болады.
Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен
экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон
ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға -
вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды
игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл
шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек
отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына
қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Ерікті түрде көшу - өз
еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан
көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет
елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған
жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға
кәрістер, поляктар, немістер, чечендер, ингуштар, балкарлар және басқа
халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-
қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.
Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі
(репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ
бар. Көшіп келушілердің 910 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және
Монғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-
батыс аймақтарда қоныстануда.
Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге,
немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық
Қазақстан тұрғындары. Олардың 910 бөлігі Ресейде орналасуда.
Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ
өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-
қоннан үш есе артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 13 бөлігі
мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың
бірі болып шықты.
Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:
1) ауыл халқының қалаға көшуі;
2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.
Қаладан - ауылға, ауылдан - ауылға ағымдарының мөлшері әте
аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және
Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті
жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта
бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.
Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша
көтеру:
1) репатрианттар - қандастар;
2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;
3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан
көшіру.
Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді
орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан
Нұрлы көш бағдарламасында қарастырылған.

1.2 Әлемде 2008-2011 жылдары арысында діндердің дамуына байланысты
халық санының өсуі
Бүгінгі күні Жер шарында 6 055 049 000 адам өмір сүреді. ХХ ғасыр
ішінде адамдар саны 4 есе өсті, ал соңғы 50 жыл ішінде тағы үштен бірге
өседі. Мамандар есептеуі бойынша 2050 жылға қарай Жер бетінде шамамен 9 000
000 000 адам тұратын болады.
Ең үлкен, бірақ басым түспейтін дін Христиандық (жалпы халықтың33.0
%) болып табылады.
Жер халқының бесінші бөлігі Исламды (Жер халқының 19.6 %) уағыздайды.
13.4 % Индуизм.
6.4 % Кытай этникалық діні
5.9 % Буддистер.
3.6 % Этникалық діндер.
1.7 % Жаңа азия діндері.
Бір пайыздан азды мынадай діни топтар құрайды
Сикхисттер (Sikhs) - 23 млн. адам, шамамен 0.3 %.
Иудаисттер - 14 млн. адам, шамамен 0.2 %.
Бахаисттер - 7 млн. адам, шамамен 0.1 %.
Әр діннің әрбірі орташа еуропа елінің халқына сәйкеседі немесе асады.
Мысалы иудаистер орташа бір жарым есе Австрия, Греция немесе Португалия
елдерінің халқынан асады. Діни өмір жиегінде квази-діндер жатыр- 80 млн.,
шамамен Жер халқының 1.4 %.
Діннен тыс Жер халқының 12.7 % жатыр. Ешбір дінді уағыздамайтын
адамдарды атеистер деп атауға болмайды. Діннен тыс адамдар дін саласынан
тыс болмауы да мүмкін. Бұл топқа түрлі себептермен өздерін қандай да бір
конфессия мүшелеріне жатқызбайтын және өзінің діни тағылымы мен өзінің діни
қатынастарын дәл анықтай алмайтын адамдар кіреді. Осы топқа діннен тыс және
тұтас дін саласынан тыс адамдар кіруі мүмкін. Олар үшін дін жоқ, себебі
діншілдік жоқ.
Діннен тыс халыққа дінге қарсы тек - атеизм (жер халқының 2.5 %)
жатады. Барлық дінге қарсы шыға отырып олар діни сенімнің көптеген
белгілеріне ие. Атеизм жоқтыққа, дін барға сенеді.
Діннен тыстар мен атеистер бірлесіп Жер халқының 15.2 % құрайды.
Берілген сандар әлемде діннің таралуын нақты көрсетеді. Алайда дін
өсіп отырады. Дін туралы толық білу үшін оның даму үрдісін және оны өзге
дін өсуімен салыстыру мүмкіндігін білу керек. Осы үлгімен біздің дініміздің
өміршеңдігін және дін саласында болып жатқан ғаламдық процестер туралы біле
аламыз.
Негізгі сандар мен процестер:
I. Жер халқы
Жыл сайын 124.3 млн. адам туады, олар Жер халқының 2.05 % құрайды.
Жыл сайын 52.7 млн. адам өледі - Жер халқының 0.87 %.
Туу мен өлім айырмашылығы біздерге халықтың нақты өсу санын береді -
71.6 млн. адам немесе жылына 1.18 % Жер халқы.
II. Христиандық
Христиандардың таза өсуін анықтау барынша күрделі. Көрсету үшін
христиандарға Жер халқының барлық қалғандарын, яғни христиан еместерді
қарсы қояйық.
жыл сайын христиан отбасында 36.6 млн. адам (1.83 % христиан) дүниеге
келеді, Христиандыққа 19.0 млн. адам (0.95 %) кіреді, Христиандықтан өзге
діндерге 16.5 млн. адам (0.83 %) кетеді, 18.4 млн. христиан (0.92 %) өледі.
Осы үлгімен туылғандар мен христиандыққа өткендерді қосып және кеткендер
мен өлшендерді алып тастап әлемде христиандардың 20.7 млн. адамға таза
өсуін аламыз (жылына 1.04 % христиан немесе жылына Жер халқының 0.34 %).
Осы сызба бойынша Жердің христиан емес халықтардың өсу статистикасын
есептейік.
Христиан еместер жыл сайын: 87.7 млн. (Жер халқының 2.16 %) туылады,
христиандықтан 16.5 млн. (0.41 %) келеді, христиандыққа 19.0 млн. (0.47 %)
кетеді және 34.3 млн. (0.85 %) өледі. Христиан еместердің таза өсуі 50.9
(1.26 % христиан еместер, немесе Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық дағдарыс және оның салдары
Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай
Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоңы түрлері мен себептері
Қызылорда облысының халқы
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жұмыссыздық туралы
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім жайлы
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
Пәндер