Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
әл-Фараби атындаәы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және
саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1- курс магистранты Муса
Құндыздың “Ауылдық және қалалық жерлердегі жоәарәы сынып оқушыларының
этникалық таптауырындарды қабылдау ерекшеліктерінің салыстырмалы
талдауы. – деген тақырыптағы курстық жұмысына
Пікір
Бұл жұмыс өзекті мәселелердің бірі – әртүрлі этникалық топтарәа
жататын жеткіншектердің өзара әрекеттесу үрдісіндегі этникалық
таптауырындарын зерттеуге, сонымен қатар еліміздегі ауылдық және қалалық
жер тұрғындарының этнотаптауырындарды қабылдау ерекшеліктерін анықтауға
арналәан.
Бірінші бөлімде этникалық таптауырындар мәселесін зерттеген Отандық
және Шетелдік авторлардың еңбектеріне теориялық шолу жасалған. Бұнда
сонымен бірге, авто – және гетеротаптауырындар талдамы жасалып, мәдениеттер
арасындағы қарым-қатынастағы этникалық таптауырындардың көрінуі орын алады.
Екінші бөлімде қолданылған әдістемелер: Т.В. Иванованың этникалық
таптауырындарды проектілік суреттер көмегімен зерттеу әдістемесі; ойын
нәтижесін фиксациялау әдістемесі; іс-әрекет жемісін талдау әдістемесі
(оқушылардың шығармалары), Кэтеллдың тұлғалық сұрақтамасы, алынған ұлттарды
төрт негізгі қасиет бойынша бағалау әдістемесі.
Зерттеу үшін алынған әдістемелер дұрыс таңдалған, қазірдің өзінде
зерттеу жартылай жүргізіліп қойған.
Зертеу нәтижелерінде автордың тікелей және жанама өзара
әрекеттестіктегі этникалық таптауырындардың әртүрлі көрінуі туралы жорамалы
дәлелденген. Тікелей қарым-қатынас болатын ортадағы этникалық таптауырындар
жанама өзара әрекеттестіктегілерге қарағанда үлкен дифференциялылыәымен
және консервативтілігімен сипатталады. Жанама өзара әрекеттестіктегі
этникалық таптауырындар жоғары идеалдануымен және динамикалылығымен
ерекшеленеді, өмір жағдайларына тәуелді болып табылады.
Жұмыс ғылыми, әрі практикалық тұрғыда мәнді болып табылады. Автор “5” деген
баәаәа бағаланады. Ғылыми жетекші: жалпы психология кафедрасының
доценті, псих. ғ. канд. Ташимова Ф.С.
МАЗМҰНЫ
Алматы 2003 11
1 Теориялық бөлім 11
1.1Таптауырындар этникалық өзіндік сананың құрамдас бөлігі 11
ретінде 11
1.2 Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы 23
1.3 Этникалық таптауырындардың зерттелу тарихы 26
1.4 Автотаптауырындар, гетеротаптауырындар және мәдениет аралық түсіністік
40
Кіріспе
3
1.Теориялық бөлім.
1.1. Таптауырындар этникалық өзіндік сананың
құрамдас бөлігі ретінде.
8
1.2. Этникалық таптауырындардың жалпы
сипаттамасы.
20
3. Этникалық таптауырындардың зерттелу
тарихы.
23
4. Автотаптауырындар, гетеротаптауырындар
және мәдениет аралық түсіністік. 36
2.Эксперименттік бөлім.
2.1. ұдістер мен әдістемелердің сипаттамасы. 43
Қорытынды
46
Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық
тізімі.
50
ұл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ФИЛОСОФИЯ ЖұНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ауылдық және қалалық жерлердегі жоәарәы сынып оқушыларының
этникалық таптауырындарын қабылдау ерекшеліктерін салыстырмалы талдау
Орындаәан: 1-курс магистрант Муса Қ.М.
ұылыми жетекші: п.ә.к.,
доцент
Ташимова Ф.С.
Қорәауәа жіберілді ң_____ңң_________________ң 2003 ж
Кафедра меңгерушісі: п.ә.д.,
профессор
Логинова Н.А.
Алматы 2003
1 Теориялық бөлім
1.1Таптауырындар этникалық өзіндік сананың құрамдас бөлігі
ретінде
Субъективтілік пен рухани элементтер ұлттық қауымның қалыптасуында
және оның күнделікті іс- әрекетінде үлкен орын алады. Онда қауымның идеясы,
бағыт – бағдары мен ұлттық даму құндылықтары, қоршаған ортаны тануы мен
қабылдауы бейнеленеді. Этникалық қауымның субъективтілігін этникалық
психология деп атау кейбір еңбектерде кездеседі.
Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа
ұлттармен қарым- қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан, ұлттар мен
халықтардың мәдени даму кезеңдерінен, олардың өзара қатынасынан байқауға
болады. Шын мәнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, түсініктері,
сезімдері этникалық қауымды біріктіреді. Оларды тарихи үрдістің
субъектілері деп қарауға болады. Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен
қарым – қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі гуманитарлық
ғылымдардың қызығушылығын туғызады. Бірақ, қаншалықты қызығушылық
болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұны әлі де жан-жақты,
жүйелі, жеткілікті зерттелмеген. Осыған қарамастан, этнопсихологияның да
өзіндік тарихи, даму бел – белестері бар.
Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті. Ол
басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы
онжылдығында да белгілі орынға ие бола алмады. Ғылым болмай, жай пән ғана
ретінде, этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет
Е.А. Будилованың еңбегінде жазылған.
Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этникалық айырмашылық мәселесі және
оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс - әрекетіне
әсері көптеген ғылымдарды қызықтырған. Мәселен, Гиппократ өзінің О
воздухах, водах, местностях (Ауа, су, тұрғылықты жер туралы) атты
еңбегінде (б.э.д. шамамен 424 жылдары) халықтар арасындағы этникалық
айырмашылықтың себебін елдің мекен – жайына, климаты мен басқа табиғи
факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.
Этнопсихологияға түбегейлі қызығудың жаңа кезеңі XYІІІ ғасырдың
ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын
Ш.Монтескье, И.Фихте, И. Кант, И. Гердер, Г.Гегель еңбектерінен
кездестіруге болады.
Ш. Монтескьенің географиялық детерминизм принципіне сүйеніп, ұлттық
мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын
білдік. Белгілі жағдайда қалыптасатын мінез ұлттың қандай халық болатынына,
оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берілген.
Мінез теориясын жасауға белгілі үлес қосқан ағылшын философы Д.Юм О
национальных характерах (Ұлттық мінез туралы) атты еңбегінде халық
мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен. Ғалымның
ойынша, ол физикалық және моральдық факторлар. Физикалық факторлар
түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.
Ал, моральдыққа – халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы
әлеуметтік – саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.
Сондай – ақ, философ Д. Юм кез –келген ұлт топтарының өз психологиясы,
мінезі, бейімділігі, дағдысы, руханияты болатындығы олардың кәсіби
топтардан тұратындығы туралы айтқан. Оның халық психологиясы, сол халықтың
тілі мен рухани өмірі, сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы
пікірі ой салады.
XVІІІ ғасырдың аяғында, XІX ғасырдың бірінші жартысында немістің
философ ғалымдары – И.Гердер, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихтелердің зерттеу
еңбектерінен этнопсихологиялық материалдарды кездестіруге болады.
Адам қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады,-
деген И.Гердер. Ол географиялық жағдайдың рөлін жете түйсініп, оны
мойындамау – танту немесе сандырақ,- деп өз ойын айқындаған. Сонымен
қатар, ойшыл бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін, олардың салт-
дәстүрін зерттеген. Ұлттардың белгілі климатқа тән екенін, халықтардың
арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.
Оның ойынша, тек қана халық мінезіне, қоғамдық қатынастарға климаттың
оңтайлы әсері ғана емес, сонымен бірге, кері әсер тигізетіндігі туралы ойы
да маңызды.
И. Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық зерттеулер тарихында үлкен
орын алады. Ғалым өзінің Антропология с прагматической точки зрения
(Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас антропология) атты еңбегінде
халық, ұлт, халық мінезі деген ұғымдарды қарастырды. Халық өз
мінезіне ие екеніне тоқталған. Ол эмоциялық қобалжуда (аффектацияда),
басқа мәдениетті қабылдауда және өзге халықтарға қатынасында байқалатынын
айтқан.
Автор ұлттық мінездің негізгі бағыты – басқа халықтарға деген
қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.
Ол халықтың географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтың мінезін
ашатын кілті деп санамайды.
Ұлы философтың кейбір еуропалық халықтардың ұлттық мінезіне
салыстырмалы талдау жасауға ұмтылысы этникалық психологияда ерекше қызығуды
тудырып отыр. Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие
екенін айтып кеткен. Себебі, ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс
ұлттары өкілдерінің мінез- құлқының салыстырмалы талдауын жасап,
объективтілік принципін сақтап отырған. Бұл өз кезеңінде халықтану
жүйесіндегі тағы бір даму сатысы болды.
Ұлттық мінез туралы білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық
көзқарасы Философия духа (Рух философиясы) атты еңбегінде орын алған.
Ғалымның пікірі бойынша, халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүзілік
рухтың даму сатысы ретінде көрсетілген. Халық рухы белгілі қызметті
атқарады. Ол өзіне өмірдің мәдениетін, дінін, салт- дәстүрін құрып,
мемлекеттік құрылысты, оның заңдарын, адамдардың мінез- құлқын анықтап,
қалыптастырған. Ұлт тағдырын, тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің
негізінде ұлттық рух жатыр. Барлық халықтар рухты тасымалдаушылар, басқаша
айтатын болсақ, ол дүние жүзінде тарихи болуы мүмкін емес. Міне, осыдан
Гегельдің көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.
Оларды бір-біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі
аңғарылады. Ғұлама ғалым көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде
өркениетті дамудағы 4 кезеңнің ішінен – Германдық кезеңге ерекше мән
бергені дәлел. Ол өз еңбегінде халық мінезін ұлттық қауымның қасиеттері, ал
темпераментті индивидумның қасиеттері деп, осы мәселенің әдіснамалық жағын
шешуге тырысқан.
Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М. Лацарус пен
Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы Психологии народов и языкознания
(Халықтар психологиясы және тіл білімі) атты журнал шығарды. Оның алғашқы
нөміріндегі Мысли о народной психологии (Халық психологиясы туралы
ойлар) деген мақаласында психологияға жаңа ғылым ретінде “Халықтар
психологиясынң кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.
Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қарамай, оны жалпы бүтін орта
ретінде зерттеу қажет екенін жазды. Сөйтіп, 1860 жылы халықтар психологиясы
пән ретінде дүниеге келді. М.Лацарус пен Х.Штейнталь осы жаңа ғылымның
негізгі міндеттерін былай деп анықтаған:
1) халық рухының психологиялық мәнін табу;
2) халықтардың өмір сүру заңдылықтарын ашу;
3) қандай да бір халықтың пайда болу, даму, жоғалып кету ерекшеліктерінің
себептерін айқындау.
Ғалымдардың ойынша, Халықтар психологиясы ұғымы – жалпы тілдің,
діннің, өнердің, ғылыми заңдардың және басқа да мәдени, рухани
элементтердің психологиялық мәнін түсіндіретін ғылым.
Олардың пікірінше, халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:
біріншісі, Халық рухы деген не? деген сұраққа жауап беретін
абстрактілік бөлік;
екіншісі, нақты белгілі халықтарды зерттейтін бөлік.
Авторлар айтқан: Біріншісі барлық халықтар үшін қажетті заңдарды
қояды, екіншісі іс-әрекеттегі жалпылама заңдардың көрінісі ретінде бөлек
халықтарды бейнелеп, сипаттайды. Біріншісі – халықтық- тарихи психология
болса, екіншісі- психологиялық этнология.
Этнопсихология ұғымы Батыстағы ғылыми әдебиеттерде жиі кездесе
бермейді. Ол психологияға В.Вундт еңбектері арқылы енді. Неміс ғалымы
сананың эксперименттік психологиясын құрумен қоса, әлеуметтік психологиялық
білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған.
1886 жылы психологтың алғашқы этнопсихологиялық мақаласы жарық көрді.
Психология кітап ретінде өңделіп, 1912 жылы орыс тілінде баспадан шықты.
Ғылым өзінің он томдық Психология народов (Халықтар психологиясы)
еңбегін өмірінің соңғы жылдарында жазып қалдырды. Халықтар психологиясын өз
бетінше дербес ғылым деп санаған. Ол тілді, аңызды, салт- дәстүрлерді
халықтардың шығармашылық рухына жатқызады.
Атақты ғалымның айтуынша, негізгі халық азығына жататын тілді,
аңыздарды, салт-дәстүрлерді зерттеу – халық рухын жеткілікті түсінуге
кепілдік береді. Жеке психологияда тіл-ақылмен, аңыз-сезіммен, салт-дәстүр-
ерікпен сәйкес келетінін атаған.
ұз тұжырымдамасын талдау барысында, осы ғылымның пәнін нақты анықтап,
халық (әлеуметтік) психологиясы және индивидуальдық (жекелік)
психологиялардың арасын айқын бөлді. В.Вундт: Халықтар психологиясын,
индивидуальдық (жекелік) психологиямен қатарлас болатын, өз бетінше ғылым,
сондай-ақ , ол соңғының (жекелік психологияның ) көмегін қолданады. Алайда,
өзі де осы психологияға көмектеседі,-деп жазды.
Оның идеясы этникалық психологияның ғылым ретінде ары қарай дамуына
шығармашылық әсер еткенін С.Л.Рубинштейнннің пікірінен байқауға болады.
В.Вундтың ұжымдық сананы зерттеуді анықтағаны, тарихи әдісті кіргізгені-
оның үлкен үлесі,- деп айтқаны бекер емес.
Халық рухының тұжырымдамасы француз ғалымы Г.Лебонның идеясында
жаңғырды. Ол этникалық психологияның негізгі міндеті – нәсілдер мен жан
құрылысының сипаттамасы болып табылады деді. Француз ғалымы Психология
народов и рас (Халықтар және нәсілдер психологиясы) атты кітабында жан
мен нәсіл туралы айта отырып, олардың арасында айырмашылықтар бар екенін
жазған. Оның ойынша, халықтардың физиологиялық, анатомиялық, нәсілдік
ерекшелігі, тұқым қуалаушылық қасиеттің, психологиялық айырмашылығының
мәнімен толықтырылады.
1846 жылы Ресейдегі көптеген халықтардың өмірі мен тұрмысын зерттеу
мақсатында Орыс географиялық қоғамы құрылды. Оның ең белсенді мүшесінің
бірі – Н.И.Надеждин. Этнографияның бір бөлігі ретінде психикалық
этнографияны ұсынғанын Е.А.Будилова өз шығармасында атап кеткен. Мұндағы
негізгі міндеттің бірі – адам табиғатының рухани тұрғысын – ақыл- ой
қабілетін, мінезі мен ерік- күшін, өзінің адамгершілігін сезіну мен
жетілдіруге ұмтылуын зерттеу керек деп санаған.
Осыған орай, орыс психологиясының тарихшысы Е.А.Будилова
этнопсихологиялық мәселелердің бастамасы ең алғаш 60-жылдарда Германияда
емес, 40- жылдарда Ресейде басталғанын өз еңбегінде әр қырынан дәлелдеп
жазған.
Ресейдің әр түрлі бағыттағы қоғамдық ойшылдарының ішінен
В.Г.Белинскийдің, Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің және тағы да басқа
ғалымдардың еңбектерінде кейбір этникалық психологиялық мәселелер
қамтылған.
Олардың жұмыстарында халықтар мінезінің спецификасы мен оның
қалыптасуына ықпалын тигізетін факторларымен танысуға болады. Орыстардың
ұлттық мінезінің басқа халықтар мінезімен, олардың жалпы адамзаттық
қасиеттері мен ара қатынасы туралы көптеген пікірлер аңғарылады.
Революциялық демократтардың ұлттық мінезіндегі мәселелерді қарау негізінде,
жалпы социологиялық теория, соның ішінде халық тұжырымдамасы жатыр.
Н.А.Бердяевтің ғылыми жұмыстарында ұлт және сенім туралы абстрактілік
ойлар ғана емес, сонымен қатар халық психологиясын (мысалы, орыстардың) іс
жүзінде зерттегендегі көрінеді. Еңбектерінде әр түрлі халықтардың
руханилығы бойынша салыстырма ізденістері шебер жүргізілген. Оның көптеген
зерттеулері маңызды, әрі қызықты деректерімен таң қалдырады.
В.Соловьевтың тұжырымдамасы-орыс халқының мінезін және оның дамуының
негізгі кезеңдерін айқын байқатады.
Этникалық психология мәселелері А.АПотебняның назарынан да тыс
қалмады. Ол тілді халық психологиясының өзегі, тіл кез-келген этностың тек
этнодифференциалданған белгісі ғана емес, этноқалыптасушы белгісі деп
қарағанын В.Н.Павленко мен С.А.Таглиндердің еңбектерінде таныстық.
ХХ ғасырдың басында ұлттық мәселе Ресейде үлкен талқылауда болғаны
көпшілікке мәлім. Мәскеу университетінде революцияға дейінгі жылдары
этникалық психологиядан курсты философ Г.Г.Шпет жүргізді. 1927 жылы ол
Введение в этническую психологию (Этникалық психологияға кіріспе) атты
кітабын шығарды. Автор этникалық психологияны – ұжымның көпшілікке тән
әсерленушіліктерін зерттейтін сипаттамалық психология деп атады.
ұткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары ол өзінің ғылыми жоспарын іске
асыру үшін Ресейдегі МГУ-де алғаш этнопсихология кабинетін ашты. Этникалық
психологияны ұжымдылықтың белгілі типі ретінде қараған. Ол өзіне дейінгі
аталған ғалымдардың (Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вундт) идеяларын бірталай
дамытып, этникалық психологияның негізгі міндеттерін, пәнін, қайнар көзін
анықтады.
1927 жылы Г.Шпеттің айтқан ойы жалпы психологиядағы жетістікте,
этнопсихологияда орнын таба алмай жатқандығы бүгінгі күнге дейін өзекті
мәселелерді бірі болып отыр.
М.Лацарус пен Х.Штейнтальдің, В.Вундтың, Г.Г.Шпеттің көзқарастары көп
жағдайда тек түсіндірмелік бағыт деңгейінде ғана болып, ал олардың
концептуалдық үлгілері нақты психологиялық зерттеулерде іс жүзіне аспай
қалған. Алайда, алғашқы этнопсихологтардың мұраттары, әсіресе В.Вундтың осы
ғылыми саладағы бастауы басқа ғылымдарда, мәдени антропологияда жалғасын
тапқан.
Этникалық псилогияның дамуы екі бағытта жүрді:
- бірінші бағыт - этнографиялық материалдарды жинақтау, жинау барысында әр
түрлі халықтар өмірін сипаттаудың психологиялық мәселелері;
- екінші бағыт - тіл білімдеріне байланысты, алуан түрлі халықтардың
тілдеріндегі психикалық тұрпат бірлігінің негізін көрсетті.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Кеңес Одағында этнопсихология
саласында этникалық зерттеулердің терең жүргізілгендігін байқауға болады.
Бұған осы кезеңдегі дәйекті теориялық және тәжірибелік ізденіс жұмыстары
дәлел. Әсіресе, Л.С. Выготскийдің этникалық психологиялық зерттеу
жұмыстарының негізі саналатын мәдени - тарихи теориясын ерекше атауға
болады. Ғұлама ғалым жеке адамның ерекшеліктерін анықтауда сыртқы және ішкі
жағдайлардың арақатынасын көрсететін "дамудағы әлеуметтік ситуация" ұғымын
нақтылап берген.
70-ші жылдардың ортасында Кеңес елінде этникалық идентификацияның өсуі
байқалады. Субъект - ол өзінің ұлттық тобының басқа өкілдерімен біріккен
эмоциялық когнитивтік үрдісі мен өз халқының тарихын, мәдени құндылығын
тасымалдаушы. Оның адамгершілік мұраттары мен қызығуы, дәстүрі, салты,
тілі, территориясы және ұлтының мемлекеттілігі саналы қатынас ретінде
қабылданды.
1983 жылғы "Советская этнография" журналында этнопсихологияның нені
зерттейтіні туралы пікір - талас материалдары жарық көрді. Талқылауға
қатысушылар бірауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін
салт - дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім мен көңіл - күй және тағы басқаларының
назар аударатынын білдірген. Соның ішінде этникалық таптауырындар мен
өзіндік сана, құндылықтар ерекше көрсетілген.
Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін талқылаған А.Ф.
Дашдамировтың (1983) Этнопсихологияның міндеті - ұлттық өзіндік сана,
ұлттық сезім және көңіл - күй қалай қалыптасады, әрі қалай көрінеді? -
деген сұрағының мәні зор.
Г.В. Старовойтованың пікірі бойынша, этнопсихология ғылым ретінде жалпы
психологияның бір бөлігіне жатады. Этнопсихологиялық зерттеулердің аясына
барлық психикалық функциялардың ерекшеліктері кіреді, әрі олар онтогенез
бен филогенезде қалыптасады. Ал, бұл этнопсихологиялық проблематикаға
психиканың дамуындағы жалпы психологиялық мәселелердің тікелей байланысы
бар екендігін көрсетеді 20.
А.А. Реанның этникалық психологияны жеке ғылым ретінде қарау керек деген
пікіріне қосыла отырып, оның маңызды этнопсихологиялық зерттеулерін кеңінен
дамыту қажет 45.
Этнопсихологияның әдіснамалық негізі, психикалық құбылыстарды зерттеудің
іс - әрекеттік жолы болып табылады. Осы бағытты дамытқан- Л.С.
Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің мектептері. Ұлттық мінез туралы айтатын
болсақ, оған тұлғаның жүйелі іс- әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау
керек.
70–80 жылдарда КСРО – дағы этнопсихологиялық ізденіс саласында серпіліс
болғанын байқаймыз. Мысалы, Б.Ф. Поршневтың этнопсихологиялық зерттеуінің
зор маңызын атап кетуге болады. Оған ғалым жасаған этнос пен этногенездің
биологиялық, географиялық тұжырымдамасы дәлел.
Тұлғаның өміріндегі ұлттық мінездің байқалуының А.Г. Асмоловтың
тұжырымдамасы ашады. Тұлғаның құрылымдық бірлігінде ұлттық мінез
айқындалады.
Сонымен, этнопсихологияның тарихи дамуын талдай отырып, этнография мен
социологияда (С.А. Арутюнов 46, Л.М. Дробижева 19, В.И. Козлов 27,
Г.В. Старовойтова 20 және басқалары), филология мен лингвистикада (Д.И.
Овсянинко – Куликовский, А.А. Потебня және басқалары) зерттеулер
жүргізілгенін, ал этнопсихологияның проблематикасына әлі де болса назар
аудару қажет екендігін көреміз.
А.В. Сухарев индивидтің психикалық және психологиялық бейімделуін жан-
жақты зерттеген. Оның этнофункционалдық келісілген элементтердің шамамен
үлкен санынан тұратын, психикасы өте бейімделген, - деген ойын құптау
орынды.
Соңғы 10 жыл төңірегіндегі зерттеулердің нәтижесінде этникалық өзіндік
сананың қалыптасуы жөнінде ұлтаралық бөліну маңыздылығын дәлелдейтін
байлығы мол деректі материалдар жинақталған жұмысты Т.Г. Иванованың
мақаласында таныстық 4.
1961 жылы Х. Вернер этнопсихология ұғымын ғылым ретінде қолдануды
енгізді. Оның ойынша, бұл түсінік нақты қоғамның көзқарастарын, ұмтылыс пен
импульске тән заңдылықтарды және тағы сол сияқтыларды зертейді.
Бүгінгі шетел этнопсихологиясы эмпирикалық мәліметтерді талдау мен
интерпретация тәсіліне ізін қалдыратын психология, биология, психиатрия,
социология, антропология элементтерін қамтыған. Эмпирикалық және теориялық
білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған. Ұлттық үрдістерді талдау әртүрлі
бағытта, эмпирикалық жолмен жүргізілуде.
Батыс ұлттық психологиясының дамуында екі фактор бар.
Олар:
- жеке – тұлғалық тұрғыны көздеп, этникалық ортаның барлық мәселелерін
біріктіруге ұмтылуы;
- зерттеушілердің философиялық әдіснамалық серпіліс көрінісінің
басымдылығы.
Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселелер:
- ұлттық мінездің қалыптасу ерекшеліктері;
- әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияның ара қатысы;
- тұлғаның қалыптасуына жас кезіндегі тәжірибенің мағынасы.
Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірнеше бағытты
айқындайды:
- психоаналитикалық;
- әртүрлі мәдениеттегі тұлғаны зерттеу;
- әлеуметтік психологиялық
80-ші жылдардың екінші жартысы – 90-шы жылдардың басында шетелде
''ұлттық мінез'' тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып, оған деген
қызығушылық артты. Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми –
публицистикалық түрде талданып жүрді. Тұлғаның этникалық - мәдени
ерекшеліктерін, қолайлы және қолайсыз қасиеттердің қандай да бір түрін
ұлттық мінезге қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ.
Тұлғаның ішкі дүнесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті
американдықтар өз негізіне айналдырған. Солардың бірі – АҚШ – тың мәдени
антропологиясының негізін салушы, Германияда туған – Ф. Боас.
Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі біздегі
этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты. Адам туралы әртүрлі
ғылымдардың өзара әдіснамалық принципі мен зерттеу әдістерін қамтиды.
Гетеротаптауырын – басқа топпен байланысты, үміттермен сәйкестіктегі
құрылған, басқа этникалық топ бейнесі. Бұл сонымен қатар өз қатынасын
көрсету жолының бірі.
Этникалық таптауырын – тек арнайы жолмен жасалған ақпараттар жүйесі ғана
емес, сонымен қатар ол қарым – қатынас мақсаты үшін де пайдаланылады.
Мәдени байланыстардың шекаралық аймағында қалыптаса отырып өзінің және
басқа топтардың ойдан шығарылған және шын мәнісіндегі қасиеттері туралы
этникалық елестердің жүйесінің негізінде, таптауырын өзінің этникалық
тобына қатынасын, этникалық топтар арасындағы қатынастарды, оның жеке
өкілдеріне қатынасын психологиялық бекітеді. Сондықтан этникалық
таптауырынның функциялану аймағына танымдық сферадан басқа коммуникативті
сфера да енеді.
Этникалық таптауырындар этникалық өзіндік сананың реттеуші элементі
ретінде үш негізгі қызметті атқарады: танымдық, коммуникативті және
қорғаныс қызметтері.
Этникалық таптауырынның танымдық қызметі стереотипизацияны зерртеуге
когнитивті ыңғай негізінде кеңінен зерттелді.
Этникалық таптауырындардың барлық қызметтерінің көрінуі ұлтаралық
қатынастар контекстінде іске асады және “билік - бағынушылықң, әлеуметтік
істі бөлу және табиғи байлықтарды, этникалық топтың дәрежелік сипатын,
олардың әрекеттестігінің мақсаттары мен шарттарын бөлу жүйесіндегі
этникалық “көпшіліктерң мен “азшылықтардыңң болу ерекшеліктерімен
анықталынады.
1.2 Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Адамзаттың бүгінгі таңдағы даму этапы ұлттық мәселердің асқынуымен
сипатталады. Бүгінгі таңда ұлттық қарама – қайшылықтар дүние жүзінің
көптеген елдерінде байқалып отыр. Ұлттық және этникалық қатынастар әр
жағдайда белгілі – бір спецификаға ие екендігі сөзсіз, бірақ сонда да
ұлтаралық қатынастарды асқындыратын, бірнеше константаларды бөлуге болады.
Жекелеп айтқанда бұған ұлттық сана – сезімнің қалыптасу процессі, тіл
мәселесі және ұлттық мәдениеттің көріну мүмкіндіктері, яғни адамның ұлттық
тұрпатын анықтайтын факторлар жатады 4.
Эмнирикалық зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, жағымсыз этникалық
бейненің кристаллизациясы жағдайды конфликтлі түрде саналаумен сәйкес
келеді. Бұл процесске параллель ұлттар арасындағы түсініспеушілік өседі.
Оның негізі топ аралық қатынастар шындықтың өзіне қарағанда, шындықты
қабылдаумен белгілі дәрежеде анықталатындығында жатыр. Бұл деңгейде
этникалық бірдейлік құрамындағы орталық мән ұлтаралық бағдарлық құрылымдар
мен “мәдени көлемділіктерің формасындағы этникалық бейнелерге ие болады
5.
Отандық ғылыми әдебиеттерде ұлттық қатынастар күйін, ұлттық мәдениеттің,
тілдің, салт – дәстүрлердің түрлі аспектлерін және т.б. зеттеу жұмыстары
жеткілікті 6,7,8. Бұндай зерттеулердің ерекшелігі, олардың ұлттың
экономикалық және әлеуметтік дамуын анализдеумен ғана шектелетіндігі болып
табылады. Ұлттық сана – сезімнің даму деңгейімен, авто- және гетеро-
таптауырындардың ерекшеліктерімен байланысты тікелей ұлт-аралық қатынастар
мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеген.
Бірақ, соңғы жылдарда, ұлттық сана – сезімнің конфликтлі жағдайдағы этно-
таптауырындардың өсуі, ұлттық қарама – қайшылық пен сендірулерді тереңдете
отырып, деструктивті ролге ие бола алады. Бүгінгі таңда, біз ұлттық
жаңарулардың (возрождение) түрлі формаларын бақылай аламыз. Жалғасып келе
жатқан, “суверенизацияң ұлттық мәселелерді объективті зерттеу міндетін
қояды. Бұл, әсіресе, этникалық мәселелердің психологиялық аспектлерін
зерттеу қажеттілігіне қатысты. Ұлттық сана – сезімнің қалыптасуындағы
жағымсыз сәттерді дер кезінде фиксациялау ұлтаралық конфликтлерді тоқтату
және ұлттық – экстремизмнің көріну шараларын жасауға көмектеседі 4.
Ұлтаралық бағыт – бағдарлардың ішінде этникалық таптауырындар негізгі
орын алады. Американдық журналист, әрі социолог Уолтер Липпманның 1922 жылы
Қоғамдық ой – пікір (Общественное мнение) деген атақты еңбегі жарық
көрді. Осы кезден бастап таптауырындарға зерттеушілер тарапынан зейін
аударыла бастады. Ол таптауырындарды ғылымға 9 бастағы суреттер деген
атпен енгізеді.
Этникалық мәдениет жеткілікті консервативті болып табылады. Әсіресе, бұл
модалды адамның бейнесін анықтайтын, әлеуметтік таптауырындар жүйесіне
қатысты. Кез – келген адам, соның ішінде тәрбиеші де өз елінің өкілі
ретінде, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, этношарттанған таптауырындарды
тасымалдаушы болып табылады 10.
Этникалық таптауырындардың мәнін ұғу үшін, ең алдымен, әлеуметтік
таптауырындар түсінігінің мәнін білген жөн. Ең алдымен таптауырындар
деген сөздің мәні неде деген сұрақ туындайды. Таптауырындар –
стандартталынған, тұрақты, эмоциялық бояуы бар, әлеумметтік тұғырықың ақ-
қарасын айыратын белгілі құнды бейне. Осындай көріністегі таптауырындар
иланғыштық тәрізді адамның қатаң, бір мағынадағы әрекетін тудыратын, адам
психика бағасының нақтылығына икемдейтін негіздегі күрделі құбылыстың бір,
жеке формасын көрсетеді. Таптауырындар – бұл бағалау белгісі бойынша
полярлы, қатаң тексерілген және оның ақиқаттығын да еш күмәндәнуді
болдырмайтын бейне.
Таптауырындар адам санасының екі тенденциясының әрекет күшінде пайда
болады. Олар:
біріншіден, нақтылаулар –
қандай да бір нақты бейнемен абстрактілік түсініктердің ассоциациясына
ұмтылыс (қазақ этномәдениеті тұрғысынан алғанда, мысалы сегіз қырлы, бір
сырлы);
екіншіден, жеңілдету - өте күрделі құбылыстарды белгілеу үшін басты
ретіндегі бірнеше белгілерді бөлу 2.
Таптауырындардың бірнеше интерпретациялары бар. Бір бағытта таптауырын
бір жақты, әсіреленген және, міндетті түрде, көзқарастардың алдын – ала
болжамдарына негізделген, әлеуметтік этникалық топқа немесе классқа тән
ретінде анықталынады. Бұндай топтаудың құрамына бұл құбылыстың жағымсыз
бағасы енеді және таптауырындарды иланғыштыққа алып келеді 11.
Этникалық топтар туралы менталды суреттер зерттеушілерді ұлтаралық
қатынастардың жағымсыз контекстінде қызықтырды. Бұл жердегі әлеуметтік
өзара әрекеттің негізгі формалары бақталастық, конфликт, дискриминация
болады. Сондықтан зерттеушілердің этникалық таптауырындарға қатынасы
негізінен жағымсыз сипат алды. Олар практикалық тұрғыда ие этникалық
иланғыштықтармен теңестірілді, немесе олардың когнитивті компоненттері
ретінде қарастырылды.
Зерттеушілердің басым көпшілігі этникалық таптауырындарды, білім
жеткіліксіздігі, ригидтілік, этноцентризм негізінде пайда болатын,
дұрыс емес бейне ретінде қарастыра бастады. Этникалық таптаурындар
айналасындағы пікірталастардың негізгі тақырыбы олардың жалғандығы,
иллюзиялық сипаты мәселесі болды. Бұндай бағыт этникалық
таптауырындардағы шындық дәнін іздестіруді, олардың негізделгендігінің
критерилерін анықтады және зерттеушілерді реалды мәселелерден алып кетті
5
1.3 Этникалық таптауырындардың зерттелу тарихы
У.Липманның пікірін қолдай отырып, Дейкер Х.,Н. Фрейда таптауырындарға
күрделі әлеуметтік объектілерді қабылдауында адамның күш салуын үнемдейтін
және оның құндылығын, позицияларын, құқықтарын қорғайтын оның басындағы
дүниенің мәдиниетімен ретке келтірілетін, схемаланәан, детерминделген
суреттер деген анықтама берген 12.
Кез – келген таптауырындық бейне шындықтың дәнін тасиды, деп А.Н.
Леонтьев орынды есерту жасаған 13.
Этникалық таптауырындар ұлттық мінездің көрінісінің формасы болып қызмет
етеді. Олар адамның әртүрлі жағдайдағы мінез-құлқын анықтайды. Этносаралық
өзара әрекетті анықтайтын этникалық симпатиялар мен антипатияларға, ұлттық
нанымға әсер етеді. З.В.Сикевич бұл таптауырындар өзінің немесе басқа
этностардың стандартты схемалық бейнесі деп қарады 14.
Әлеуметтік таптауырындарды қандай да болмасын әлеуметтік топтағы немесе
қауымдағы өкілдерде еркін тарайтын жеңілдетілген, схема түріндегі,
эмоциялық жағынан бояуы бар, төтенше де, тұрақты бейне, – деп түсінуге
болады. Әлеуметтік таптауырынды анықтағанда, оның біртұтастығын, ашық анық
бағалануы мен құнды бояуын және де оның қате компонент деп аталып жүктелуін
жиі атайды. Басқа жағдайда кез – келген хабарды өзгертуге бағыттаған сәтті
қабілеті туралы оның динамикалық сипатына, тұрақтылығына, ригидтілік
консерватизміне мән берудің айғағы болып отыр.
Әлеуметтік таптауырынның жалпы орны адамдардың толық, орынды өзара
ұғынуының бар екенін, оның жағымсыз феноменінің басымдылығын, әлеуметтік
шындықтың көрінісін бұрмалануы, айрықша қысылып – қыстырылу ретінде
түсіндірілуі оның анықтамасы ретінде түсінуге болады.
Этникалық топ өзін басқа топтардан жағымды айырмашылығымен көрсетуге
ұмтылады. Мұндай жағдайда психологиялық үрдістердің ортасында топтық
айырмашылығын білдіретін стереотипизация жетекші рөлді атқарады. Оның
үрдісі психологиялық топтық ерекшелік пен бөтен этникалық топтың
айырмашылық констатациясын қамтамасыз ету ғана емес, сондай – ақ, оларға
эмоциялық аффектілік қатынасын да білдіреді.
В.С. Агеевтің айтуынша, стереотипизация үрдісі өзінше жақсы, сондай – ақ
жаман да емес. Оның жақын, әрі бірталай алшақтаған әлеуметтік қоршауды тез,
жәй әншейін, жеткілікті, сенімді түрде қатегориялайтын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz