Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың психологиялық мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және Саясаттану факультеті
Жалпы психология кафедрасы

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

ТАҚЫРЫБЫ: Жоғары әскери оқу орындарындағы курсанттардың кәсіби әрекетке
бағыттылығын зерттеу

Орындаған: 1-курс магистранты
Оразалы Анар
Ғылыми жетекші: п.ғ.к, доцент
Дүйсенбеков Д.Д.

Қорғауға жіберілді: " " " " 2004ж
кафедра меңгерушісі, психол.ғылым.
кандидаты, доцент Ташимова Ф. С.

Алматы, 2004

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Әскери психологияның даму тарихына теориялық шолу 6
1.2. Әскери қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың психологиялық
мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі көптеген Қарулы күштердің жұмысында және олардың іс-
әрекетінде әлеуметтік-психологиялық қызметтің қажет екендігіне куә боламыз.
Біздің Қарулы күштер қатарында әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету
қажеттілігі әлдеқашан қалыптасқан. Бұл тәжірибелік мәселелерді шешуде
бірқатар әрекеттер жасалынғанымен, нақты қажеттілікті жүзеге асыру тек
соңғы уақытта мүмкін болып отыр.
Жұмыстың өзектілігі — Қазақстан Республикасының Қарулы күштері оның
егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, армияның беделі мен әскери
қызметтің мәртебесін көтеру. Әскери қызметке дайындықты арттыруды көздейді.
Қарулы күштердің басшыларының шешімімен бүгіндері әскерлер қатарында
әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету орталықтары құрылуда. Әскери және
теңіз флоты штаттар құрамында әскери психологтар жұмыс жасауда. Нақты
мамандыққа офицерлік кадрларды қайта даярлау, іріктеу, жұмыстары
жүргізілуде. Қарулы күштер қатарында психологиялық қызмет көрсету мәселесін
шешу үшін психологтармен және басқа да мамандық иелерімен, жұмыс жасағанда
арнайы білімді, дағдыларды, және жауынгерлік жағдайда адамдардың жүріс-
тұрысын басқару аймағында іскерлікті қажет етеді.
Біздің болашақ әскерлеріміздің 1990 жыл оқу барысында әскери оқу
орындағылардың сабақ үлгерімі төмен дәрежеде екені анық болды. Әскери
мамандыққа бейім болудың ең негізгі жағы жастар арасынан әскермен флоттың
болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру. Елімізде және қарулы күштерде
бұл мәселе әлі түсінісу немесе эксперименттік сатыда тұр.
Қазіргі кездегі Қарулы күштерде болып жатқан ең басты өзгерістер оның
барлық әрекет өрісінің өміріне қатысты мәселені қорғайды. Әскердегі
өзгерістердің сәттілігі әскери құрылыстың жауапты бөлімдеріне әскери
корпустарға және теңіз флоттарына жаңа жас интеллект жағынан дамыған
мамандармен қамту мәселесін түгелдей шешіп беруге тәуелді. Өкінішке орай
қазіргі кезде өкіметіміздегі елеулі өзгерістерге байланысты офицер
маманының жалпы Отан қорғаушының беделі едәуір төмендеді. Оның орнына
мамандықтарға деген сұраныс өсе түсуде. Бұл жерде қоғамдағы құқықтық
бастаулардың бұзылуы, әскери қызмет туралы бұрмаланған түсініктер. Отан
тағдыры үшін өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашу басты себеп болып отыр.
Халқымыздың батыры Б.Момышұлы “Солдаттың бойында жауынгерлік қасиетті
тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық
дәстүрлердің маңызы аса зор екендігіне көзім жетті” - деп ағынан жарылады.
Демек осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның жауынгерлік дәстүрі ерлікке
баулуда тарихи майдандағы сынға түсу нәтижесінде қайталанбас ерекше
сипатымен көріне білген.
Жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу
орнындағы курсанттарды кәсіптік даярлау жағдайында олардың тұлғалық кәсіби
бағыттылығының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-
әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту
мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген
зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды
дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен
ерекшеленеді.

І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Әскери психологияның даму тарихына теориялық шолу

Батыс Европа және АҚШ елдерінде әскери психология өз алдына дербес
ғылым болып ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. Оның пайда болуына әсер еткен
жағдайлар әскерде техникалық жабдықтар, Қарулы күштер арасындағы
қайшылықтар себеп болды. Әскери психологиялық зерттеулердің жеделдеуіне
әсер еткен алғышарттардың бірі сол кездегі жалпы психология ғылымының дамуы
және бірқатар теориялық және эксперименттік тәсілдермен әскери мәселелерді
шешуге көмектескен.
Францияда әскери психология идеалистік әлеуметтік психологиялық
иірімде пайда болды. Француз әскери психологтары қарулы күштердегі күрделі
мәселелерді шешуде көп көмектесті. ХХ ғасырдың басында франсузда әскери
психологияда іс жүзінде қолданатын әскерге алуда мамандыққа іріктеу
мәселелерін шешуге көмектесетін бағы дами бастады. Әскери психологтар
әскери мамандықтың ерекшеліктерін кейбір жауынгерлік іс-әрекетке
психофизиологиялық талдау беру ақыл-ой деңгейінің дамуын анықтайтын және
солдаттың ерекшеліктерін анықтайтын негізге жолдама салды. І дүниежүзілік
соғыс Франция әскери солдаттарының алдына соғыс жағдайлары жауынгер
психикасына қалай әсер етеді деген сұрақ қойды.
Соғыстан кейін әскери психологтар әскердің жеке құрамын идеологиялық
өңдеуден және саяси сенімді мамандарды дайындауға күш салды. Бұл аймақта
Грамон және А. Пирон деген психологтар көп еңбек сіңірді. Соңғысы А.Биненің
тестерін әскерге жаңадан алынғандар мен әскери мамандыққа іріктеу үшін
маңызды қасиеттерді көрсететіндей етіп бейімдеуге тырысты. Әскердегі күзет
орындарында болатын жағымсыз жағдайларды болдырмауға және әскери
қызметкерлерге қандай қасиеттердің болуы керек екендігін анықтауға әрекет
жасады. Полковник Тулорж және капитан Кастекс штаб офицерлеріне қажетті
қасиеттерді жүйелі зерек ой, салмақы, әділ, білімді, ынтымақта бөліп
шығарды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция әскери психологиясында
көптеген жұмыстар жүзеге асты. Әскери психологияның негізгі қазіргі
замандағы соғыста адамгершілік және психологиялық факторлардың ролін
анықтауға бағытталды. Соңғы кезде Француз әскери психологтары қазіргі заман
соғысында жалпы адамгершілік рухтың жауынгердің нақты психикалық жағдайын
зерттеу, ядролық құралдың адам писхикасына әсер етуін сипаттауды көздеп
отыр. Әскери психолог Монор екінші дүниежүзілік соғыстағы тәжірибеге сүйене
отырып қорқынышты жеңу — ең күрделі мәселелердің бірі деген тұжырым жасады.

Әскери психологияның ең негізгі міндеті жауынгерлерді дайындауда
қорқынышты баса білуге үйрету. Франция қарулы күштерінде әскери психология
мәселесімен айналысатын штаттағы қызметкерлер қызмет етеді. Әскери
психологтар соғысқа психологизмнің дайындық жасау, оқу орындарында ішкі
істер бөлімінде әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Германияда әскери психология ХІХ ғасырдың аяғына қарай дами бастады. Бұл
Германияда әскери машина құрылысының басталуымен байланысты. Неміс әскери
психологтары неміс ғалымдарының теориялық және эксперименттік зерттеулеріне
өзге елдердің әскери психологтарының жетістіктеріне сүйене жұмыс жасады.
Психологиялық зерттеу идеалистік реалистік бағытта болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басындағы Германия әскерлерінің
қолбасшылары әскери психологиялық теорияға ие болған. Оның негізі Мюллердің
“Моральные воспитание воиск” және Ронден Гольстің “Солдат в бои”
кітаптарында көрініс тапқан. Осы теорияларды тәжірибе жүзінде қолдану
Қарулы Күштерді құруда психологиялық лабораторияда жүзеге асты.
Лабораторияда соғыс кезінде жауынгерлердің жүріс-тұрысы, психикасы,
ерекшеліктері зерттелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс
психологтары әскерге шақыру пункттерінде, психиатриялық ауруханаларда және
тәртіп сақтайтын жерлерде үлкен жұмыстар атқарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Германияда
миллитаризм өрлеуі мен бірге неміс әскери психологиясы шапшаңдықпен дамып
отырды. Әскери қызметке жарамдылықты анықтайтын әдістемелер жасалынды. Бұл
лабораторияда әйгілі неміс психологтары Геннинк, Кунце, Зимонайд бірге
жұмыс істеді. Эксперименттік техниканы қолдана отырып адамның соғысқа жақын
кездегі жүріс-тұрысын зерттеді. Әскери психолог полковник Альтрихтер
офицерлерге қол астында бұлардың жеке басының қажеттілігімен қызығушылығына
сүйене отырып тәрбиелеуді ұсынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
әскери психологтар қолдарындағы бар мәліметтерді әскерларге және гитлерге
қарсы шыққан адамдарға қалай психологиялық әсер етуді үлкен қолбасшыларға
беріп отырған. Олар абақтыға жабылған адамдарға эксперименттік зерттеулер
жүргізген. Америка құрама штатында әскери психология бірінші дүниежүзілік
соғыс кезінде қалыптасқан. Бұның дамуына сол кездегі индустралық психология
мектебінің қалыптасуы және жұмысшыларды қолдану мәселелерді шешуді күшейту.
Ол психологияның ең күшті эксперименттік негізі бар болатын. Сондықтан оны
әскери психологтар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға қолданып отыр.
Америкалық әскери психологияның әртүрлі буржуазиялық психология соның
ішінде бихевиоризм бағытының теориялық негізінде болды. АҚШ-та бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында әскери психология мәселелерін шешетін совет
құрылған. Ол жай психологтардың әскери керекті зерттеулерін басқарып
отырды. Советтің ішінде нақты әскери психологиялық мәселелерді қарастыратын
17 комитет жұмыс істеді. Советте әскерден жаңадан келген жауынгерлерді
психологиялық зерттеулерден өткізу, оларды талдап бөлу және офицерлік
қызметке жарамдылықтарын тексерумен айналысты. Бұл зерттеулердің басты
мақсаты әскерде өзінің қарсыласына таяп беретін бағыт орнату еді.
Советтерде және оның комиттетерінде 500-дей әскери психологтар жұмыс
істейді.
Сонымен бірге Қарулы Күштер қарамағында арнайы лаборатория да және
бөлімше де құрылды. Оларда басқа да әскери психологиялық мәселелелерді
көздейтін 1918 жылы Ақш әскерлерінің моральдық жағдайын және тәртібін
көтеруде американ психологы Р.Иеркстің жұмысы тәжірибеге көмектесті.
Р.Иеркстің “Моральная служба” деген еңбегі әскери құрал ретінде болды. Оның
жұмыстары Мюнсонның “Руководство людьми”, Иеркстің “Война и психология”
кітаптарда айтылған. Американың әскери психологиясы соғысқа және солдаттың
психикасына прагматикалық бағытта сипатталған АҚШ-тағы әскери
психологтардың жұмыстарының көлемі. 1917-1918 жылдарда екі миллион солдат
офицерлер психологиялық сынақтан өткенін көруге болады.
Соғыстан кейін Қарулы Күштерде әскери психологиямен айналысатын
жұмысшылар қысқартылды. Бірақ та олардың атқаратын қызметі түгелдей
сақталып қалды. Жоғары әскери оқу орындарында әскери психология курсынан
лекция оқылуын кіргізді. Штабтың басқару колледжінің және теңіз
академисының тыңдаушыларының үстінен психологиялық бақылау жүргізіліп отыр.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен әскери психологиялық ақпарат
миллиондаған әскерлерге қызмет етуге қайта қаратылды.
Әскери психология мәселелерімен айналысатын советтің орнына ұлттық
қауіпсіздікті сақтайтын тәжірибелік психология секциясы құрылды. У.Бреяның
“Психология и военное мастерство” деген кітабында айтылған барлық
университеттік психологиялық лабораториялар солдаттар мен матростарды
тәрбиелеу және үйрету қарулар мен техниканы жақсарту психологиялық
сынақтарды сынау және әскери психологиялық зертеулер жүргізуді үдете түсті.
Бұл секцияның қарамағында мыңнан артық психологтар жұмыс істеді. Қарулы
күштер қарамағында психологиялық сынақтар жүргізу мәселесімен айналысатын
арнайы бөлімдер болды. Бұл бөлімдерде тоғыз жүзден астам әскери психологтар
істеді. Әскерді жұмылдыруға 133-ке жуық психологтар қатысты. 1942–45 жылдар
арасында 7 миллион адам психотехникалық сынақтан өтті. Әсіресе, оның ішінде
авиация және су асты флотында психологиялық зертеулер мен су асты сынақтар
белсенді жүргізілді.
1942 жылы “Моральдық қызмет” көрсету, хабарландыру және ағарту
басқармасына көшірілді. Бұл басқарманың зерттеушілік бөлімі жауынгерлердің
моральдық жағдайына психологиялық талдау жүлргізу және насихаттау тәсілі
мен әсеріне анықтама жүргізілді. Бұл осы қызметтегі офицерлік солдаттардың
моральдық жағдайына әсер ететін себептер және әсер етудегі тиімді жолын
іздеп табу үшін әскери бөлімшелерге барды.
Басқару ұжымдарының әскери психологиялық зертеулер жұмысы 4 томдық
“американский солдат” деген еңбекте жарыққа шыққан. АҚШ-та соғыстан кейінгі
кезеңде әскери психологиялық зерттеулер кең ауқымға ие болды. Психологиялық
сынақтарға және теориялық шешімдерді тексеру үшін әрбір әскери шиеленістер
қолданылып отырды. Кореядағы соғысқа қатысатын американ солдаттары түгел
әскери психологиялық тексеруден өтті. АҚШ-тың әскери психологтары ракеталық
ядролық соғыс жағдайында болатын әрекеттерге дайындық және оның жеке
мүшелерін жүйелі түрде үйретуді көздеді. Американ әскери психологиясы
солдаттардың санасына империалистік идеяны енгізуге көп көңіл бөлді. Олар
қарсы жаудың әскерін және халқының соғысты жүогізу қабілетін жоюдың
амалдарын іздеді. Бұл ізденістегі кейбір әдістер Лайнбарджердің
“Психологическая война” деген кітабында берілген.
Англияда әскери психологияның дамуына қатты көңіл бөлінген. Соғыстан
кейінгі жылдарда ағылшын әскери психологтары жауынгерлердің соғыс
майданындағы әрекетінде психиканың ролі және моральдық факторларды зертеуді
жалғастырды. Бұл зерттеулердің нәтижелері Кембридж университетінде 1927
жылы Бартледтің “Психология и солдат” деген кітабында көрсетілген. Әсіресе,
әскери әуе күштерінде үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. ұшқыштардың
эмоциялық реакцияларын анықтайтын эксперименттік әдістемелер жасалынды.
Екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейінгі жылдарда медицина
ғылыми зерттеу советі тәжірибелі психологияның топтары әскери психологиялық
зерттеулермен айналысты. Бұл топ әскерге жаңа келген жастарға талдау
әдістемелерді жасады. Бұл әдістемелер алғашқыда тек ВВС-те одан кейін
әскери түрлерде қолданылды. Көптеген мәселелерді шешуге Кембридждің
психологиялық лабораториясы белсенді қатысып отырды. Бұл жерде ұшқыштардың
самолетпен ұшқан кезде жіберетін қателері, әртүрлі жағдайлардағы ұшқыштың
жұмысқа қабілеттілігінің шектеуін зеттеу.
Зерттеулер арнайы эксперименттік тіркелініп отыратын құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілген кабиналарда жүргізілді. Кабинада ұзақ
уақытқа арналған ұшу жағдайлары жасалынды.
Ағылшындар соғыс кезінде өздерінің қарсыластарына моральдық әсер ету
мәселелеріне көп көңіл бөлді. Қарулы күштер қатарына шақырылған ағылшын
психологтарының бірқатары барлау және контразведкада істеді.
Қазіргі кезде ағылшын әскери психологтары ұшудағы біліктілік пен
жылдамдықтың су асты жүзудің жаңа техникасының, қарудың адам психикасына
әсерін зерттеуге үлкен мән берді.
НАТО блогының құрылуымен әскери психологияның үйлестік зерттеу
тенденциялары пайда болды. 1957 жылы Брюссель қаласында әскери
психологиядан халықаралық кеңесте капиталистік елдерден он үш әскери
өкілдер қатысқан. Әскери психологтардың барлық жұмыстары солдаттар құрамын
идеологиялық талдаудан өткізуге бағытталған. Әскери психологияның
методологиялық негізі идеалистік философия және империалистік және әскери
идеология болып саналады.

Ресейдегі әскери психологиялық ойдың дамуы
Ресейдегі әскери психологиялық ойдың жетістіктері ең алдымен І-Петр
Руменцевтің, Суворовтың, Кутузовтың, Ушаковтың, Нахимовтың, Бутаковтың,
Макаровтың және т.б. белгілі қолбасшылардың іс-әрекеттері мен тығыз
байланысты. Олар көбінесе сарбаздық қасиеттерге оның ішінде батылдық,
жігерлік сияқты нақты жағдайда шаруалардың батыр ержүрек жауынгерлер
дайындауға үлкен мән берген. Орыс қолбасшылары әскерлерді үйреткен кезде
соғыстың әскерге қойатын талаптарын есепке алып отырды. Жауынгерлер мен
әскерлерде патриоттық сезімдерді дамытып отырды. Қорғаныста әртүрлі
тәсілдерді соның ішінде жауынгерлердің рухын көтеру үшін психикасына әсер
ететін тәсілдерді қолданып отырды
Петр әскери психологиялық көзқарастары оның әскерге және әскери флотқа
беріп отырған бҒйрықтары мен өсиеттрінде көрініп отырды. Петр І соғыста
шешуші ролді атқарған қорғаныс қабілеттері жауынгерлердің қызметіне деген
қатынасына байланысты екенін түсініп отырды. Ол сарбаздарда патриоттық
сезімді шақыруға сонымен бірге адамгершілік және дене еңбегінің күшін
көтеруге тырысты. І Петр жауынгерлерді соғысқа дайындаған кезде
психологиялық дайындыққа үлкен мән бере отырып оларда ынтымақтылық,
белсенділік, икемділік қасиеттерін дамытып отыру керектігін айтты. Ол
офицерлерден “соғыста қалай істеу керектігін жалықпай үйретіп” тек қана
қағиданы бетке ұстап отырмай батыл тәуекелге бел байлап жауды жеңіп жеңіске
жетуді талап етеді.
І Петр ойларын жалғастырушы генерал-фельдмаршал П.П.Румянцев болды. ІІ
Екатерина заманында орыс әскерлері Прустық соғыс әдістерімен қанағаттанып
отырды. Ол кезде жауынгерлерді жау оғына қарағанда таяқтан қорқатын етіп
тәрбиелейтін қорғанысқа қажетті қасиеттер қорқыту арқылы жүзеге асатын
Румянцев жауынгерлерге дейін мынандай қарым-қатынасқа қарсы болатын. Ол
жауынгерлерге деген құрметпен әділдікті талап етті. Қолбасшы жауынгерлер
өздерін отан қорғаушылары ретінде маңызды роль атқаратынын түсінуі керек
деп ойлады. Румянцев өзінің ойларын “Инструкции” және “Обряды службы” деген
еңбектерінде жазған. І Петр және Румянцевтің ойлары А.В.Суворовпен
М.И.Кутузовтарға үлкен әсерін тигізді.
А.В.Суворов соғысты жүргізу өнершісі мен соғысты басқара білушісі ғана
емес көрнекті психолог болған. Ол шаруалардан шыққан солдаттардан
ықыластылықты, табандылықты, жеңіске деген ерікті дамыта білді. Суворов
сарбаздарда қорғаныс кезінде ең көрнекті қасиет бұл Отанға деген
сүйіспеншілік, Отан алдынды борышын өтеу, жеңіске сенімділік, қолдау,
қажырлы ерікті, ептілікті, ынтымақты, тапқырлықты, қулықты шеберлік деді.
Әскери оқытудың мақсаты жауынгерлерді қорғанысқа дайындау деп түсінді.
Сонымен Суворов жауынгерлердің оларды нені үйреніп жатқанын түсіндірудің
қамын ойлады. ұлы қолбасшы жауынгерлердің психологиялық жағдайларын есепке
ала отырып, олардың зейінін уақытында аудара білді. Шаршау мен қорқынышқа
қарсы тұруға көмектесті. Суворовтың әскери психологиялық көзқарастарын әрі
қарай дамытушы М.И.Кутузовтың жеңіске жетуде жауынгерлермен әскерлердің
Отанға деген сүйіспеншілік сезімінің үлкен орын алатынын түсінген. Ол
Суворов сияқты жағымды үлгілерге жоғары мән беріп отырды.
Кутузов жауынгерлер мен әскерлерге қажет қасиеттердің ішінде ең
маңыздысы беріктік, табандылық, жеңіске деген сенімділік, атқарушылық пен
ынталылықты ерекше атап көрсетті. Кутузовтың басқаруындағы орыс әскерлері
крепостнойлық жағдай да жоғары адамгершілік жауынгерлік қасиеттерге ие
болды. Әскери психологиялық ойлар алдыңғы қатардағы орыс әскери теңіз
флотының қайраткерімен бірге дамып отырды. Орыс қолбасшылары жауынгерлердің
моралдық жағдайының жоғарлығы соғыста жеңіске жетудің кепілі деп санаған
Лазаревтің ізбасары адмирал Г.И.Бутаков жаңа мектептің негізін салушысы
болған. Бутаковтың айтуынша бейбітшілік уақытта да қорғаныс жаттығуларын
жүргізіп отыру қажет деді. Бутаков басқарған Балтық флотын “ақыл-ой
лабораториясы” деп атаған.
Әскери психологияның дамуына көп көңіл бөлген Г.И.Бутаковтың ізбасары
С.О.Макаров болды. Әскери істері дамуының негізгі ойын түсіне отырып әскери
теңіз психологиясы мен бірге педагогиканы теңізде жүретін қорғаныс
әдістерінің бөліспейтін бөлігі ретінде қарастырған. Макаров әскерге деген
қарым-қатынаста гуманитарлық бағыттың жалғастырушысы болды. Ол өз
еңбектерінде барлық жауынгерлік қасиеттер отбасындағы тәрбие мектепте және
әскерде қалыптасады деп жазады. Ресейде революцияға дейінгі уақытта әскери
психологиялық білімнің дамуына үлкен үлес қосқан генерал М.Драгомиров
болды. Ол Суворовтың әскери-психологиялық көзқарастарын әрі қарай дамытуды
үндеді. Драгомиров орыс әскерлеріне прусстық үйрету жүйесін орнатуға қарсы
шықты. Ол “жеке адамның ішкі қасиеттері мен адамгершілік қуаты бағаланбай
тек сыртқы көрінісін көздеген мақсатқа жетуі басым” деп жазда.
Драгомировтың ойынша қолбасшылар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс: әскери
істі білу, тәртіпті сақтай білу, жауапкершіліктен қорықпауы тиіс, әрекеттің
мақсатын нақты түсінуі әскери қызметін атқарғанда өзіне сенімді болуы тиіс
деді.
Әскери психологиялық көзқарастар жүйесінде Драгомировтың жаны
ашымастың және өз-өзін сақтап қалу ұғымдары ең басты орында болды. Бұл
ұғымдар әскердің соғыс кезіндегі жүріс-тұрысын түсіндіруде, әскерлерді
дайындауда үлкен көмегін тигізді. Драгомировтың әскери психологиялық
көзқарасына жақын подполковник, штаб генералы Н.Н.Головен тұрды. Ол
жауынгер қандай психологиялық қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа
идеалистік теория тұрғысынан жауап іздеді. А.Дмитриевский қорқыныш сезімін
жеңу мәселесіне жауап іздеу де бірнеше жұмыстар жазған “Қорқыныш және
онымен күрес” деген мақаласында сезімдердің ішінде қорқу қатты әсер етеді,
және қарқынды көп уақытқа созылатынын көрсеткен. Осы сезімдерді жеңбей
соғысқа баруға болмайды деп тұжырымдаған. Батылдық, ержүректілік — бұл
қорқынышты жеңудің нәтижесі. Әрбір адам қорқынышқа шалдыққыш. Алайда
батырлар мен айбынды жауынгерлер ол сезімді жеңу және көрсетпеуге тырысады.
Дмитриевский “Ерлікке тәрбиелеудің өзі осы қорқыныш сезімін жеңуге
көмектеседі. Жауапкершілік сезімін арттыруға өзінің жанындағыларға сенім
пайда болуға әкеледі” деп айтты. Дмитриевский “Сезімталдықты тәрбиелеу
невроастениға жол” деген мақаласында ерік сезімін бағындыру тәрбиесіне
қарсы шыққан. Оның айтуы бойынша ерік бұл ойдың күші, ақыл-ойдың бұйрығын
орындаушысы “Әскер мәселелерді ақыл-ой арқылы шешеді, сезімдермен емес”
деді. Дмитриевскии идеалист болғандықтан жанды ең жоғарғы мән деп
қарастырған. “Жан бастағы ми мен жүйкелер арқылы хабардар болып, жан
құбылыстарының аппараты сияқты” деген әскери психолог Г.Е.Шумаковтың
жұмыстарының маңызы зор.
Г.Е.Шумаков әскери психологияға анықтама беруге және оның тақырыбы мен
міндетін негіздеуге тырысты. Оның айтуынша әскери психология
жауынгерлердің ұрыс жағдайында жұмысқа жарамдылық немесе күшін зерттейді.
Бұл зерттеу психофизиологиялық болу керек деген. Шумаковтың іс-әрекетіндегі
жақсы жағы әскери психологиялық әдістердің тиімділігін іздеу. Шумаков
байқау, әңгімелесу әдістері арқылы соғыс ардагерлерінің әңгімелерінің
жауынгерлердің соғыс кезіндегі күйзелістеріне зерттеу жүргізген. Ол Өзінің
“Соғыс алдындағы қобалжу, эмоциялық басым сезім” деген еңбегінде қобалжу
сезімдерін басынан өткізгендер өздерін шаршаңқы сезінеді. Әсіресе,
жауынгерлердің организмдері жүдейді. Шумаков жауынгерлерді алдын ала
соғыста олардың міндеттерімен таныстыру, бұл жауынгерлерді соғысқа
психологиялық дайындық болады деген шешімге келді. Ол жауынгерлер
психикасын соғыс кезінде зерттеуге тырысты. Ол Өзінің бірқатар
мақалаларында орыс, жапон жауынгерлерінің айырмашылығын көрсетуге тырысты.
Жоғарыда аталғандардың бәрі де Ресейде революцияға дейінгі кездің Өзінде-ақ
әскери психологиялық мәселелерге мән бергендігін көрсетеді. Әскери
психологиямен үлкен қолбасшылар, теңіз қолбасшылары және әскери ойшылдар
айналысқан. Алайда олар бірқатар мәселелерді дұрыс шешті.

1.2. Әскери қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны

Әскери әрекет құрылымына қарап жекелік, топтық, мүшелік болып өзгеріп
отырады. Әскери іс-әрекетінің барлық жағдайында да ұжымдық пен жеке адамның
олардың ақыл-ойлары, сезімдері мен көңіл күйлері, ерік-жігері, қабілеттері
тәжірибеде көрініп отырады. Әскери іс-әрекет өзінің қызметіне қарай оқулық,
тұрмыстық және күнделікті қызмет, жауынгерлік іс-әрекет болып бөлінеді.
Алайда қазіргі кезде әскери іс-әрекеттің түрлері өзгеруде. Әскери іс-
әрекеттің түрлерінің көптігіне қарамастан оның негізгі түрі жауынгерлік
оқулық және жауынгерлік іс-әрекет болып саналады. Әскери іс-әрекетті
ұйымдастыру мен мазмұнының даму тарихы қарулар мен жауынгерлік
техникаларды жетік меңгеру болып саналады.
Әскери іс-әрекет жауынгерлік жағдайда шектен тыс күрделі шиеленіс
жайында тез ауысып отыратын болғандықтан, жауынгерлік іс-әрекеттің жүзеге
асуына күшті түрткілер, танымдық процестің дамуы, эмоциялық ерік,
тұрақтылық, шеберлік қажет. Әскери қызметкерлердің іс-әрекеті процесінің
тиімділігін асыру және оптималандыруға бағыттау кезінде әр түрлі шараларды
қолдануды қажет етеді.
Ғылыми-техникалық өрлеу әскери іс-әрекетті мамандандыру,
автоматтандыру және ойшылдықпен бірге оны ғылыми ұйымдасуының мәні күшейді.
Қазіргі әскери іс-әрекеттің тиімділігі әскери қызметкерлердің атқаратын
міндеттеріне жауынгерлерді мамандықтарына қарай орналастыру әскери
ұжымдарда жағымды адамгершілік психологиялық қарым-қатынасты орнату,
адамның қабылдау, ойлау, зейін, ес қабілетінің мүмкіншіліктерін есепке ала
отырып, іс-әрекетке жұмылдыру. Әскери әрекетті кең мағынада алатын болса
адамдар арасындағы қоғамдық әрекет түріне жатады. Әскери әрекет арқылы
Отанды, халықты, елді қорғау жүзеге асады.
Қазақстан жауынгерлерінің әрекеті осы мемлекет халқының қауіпсіздігін
қаматамасыз етеді. Ал әскери әрекеттің өзін алатын болса бұл әскери
қызметкерлердің өз міндеттерін атқару, жауынгерлік техникалар мен қаруларды
тексеру, жауынгерлік күзетті алып бару, жауға қарсы жауынгерлік
әрекеттердің процесі болып табылады, әскери әрекет қарым-қатынаста қызмет
бабына қатаң бағыну ерекшеліктерімен сипатталады. Әскери әрекет өзінің
құрылымына, мақсатына, түрткілері мен тәсілдеріне, ішкі және сыртқы
жағдайларға байланысты бірқатар өзгешелікке ие болады.
Бейбітшілік уақытта әскери әрекеттің мақсаты жауға қарсы жауынгерлік
әрекетке үйреті болып табылады. Әскери әрекеттің құралы жауынгерлік
техника мен қаруларды пайдалана білу. Әскери әрекеттегі нақты процеске
әскери қызметкерлер алдындағы тапсырманы жетік сезіну жасалатын әрекеттің
нәтижесін алдын ала жоспарлау, түрткі қалыптастыру, әрекеттің әдіс-
тәсілдері мен құралдарын қолдану жасалған қимылдарды бағдарлауды айтады.
Әскери іс-әрекет және адамды ғылым мен техникалық жетістіктерімен
жүздестіру бірлігінде деп саналады. Жауынгерлік кезде іс-әрекеттің түрлі
деңгейі кездесуі мүмкін. Төтенше жағдай кезінде эмоционалды еріктілік,
тұрақтылықтың тапшылығынан және жауынгерлік іс-әрекетке деген жағымсыз
эмоциялардың болуы салдарынан өз қызметінің міндетін атқаруда қателіктерге
әкеледі. Бұл ойлаудың еріктің шеберліктің тапмырманы орындауға тырысу
негізінде көрініп отырады. Бұл іс-әрекеттің ең жоғары деңгейі. Осыған
байланысты ұжымдық іс-әрекеттің деңгейі оның қасиетіне, тәрбиесіне, көңіл
күйіне, байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Жауынгерлік іс-әрекетті басқарудың психологиялық жағы бұл оның
мазмҒнына жоспарлы түрде әсер ету оның құрылымы мен алғышартының тиімді
болуы. Барлық психикалық құбылыстардың ішінде жауынгерлік іс-әрекет
негізінде түрткілер мен психикалық ахуалдар маңызды орын алады. Олар іс-
қимылдары мен қылықтарға тікелей себепті болады. Басқару командирдің
шешімінің негізінде нақты жағдайға байланысты ұжым мен жеке адам әреетінің
тәсілдерін қолдануды іздестіру соғыс алдында басшылар адамдардың қал-
жағдайын оның іс-әрекетінің шындығымен санасып отыруы тиіс. Жауынгерлік
әрекет адамды ең жақсы, қасиеттерді патриоттық, борыштық, отаншылдық
сезімін, ұлттық қалыпты қорғауға ниетін жандандыру қажет. Соғыста
шапшаңдылық, жүйелілік, ақпарат алудың ең негізгі мәселесі болып саналады.
Хабардың мазмұнына соғыс мақсаттарын ашық көрсететін жеңіске жетелейтін
сенімдерді қалыптастыру тиіс.

Жауынгерлік жаттығу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Жауынгерлік жаттығу іс-әрекеті әскери іс-әрекеттің, әскер құрамын
соғыс жағдайында болатын жауынгерлік іс-қимылдарға дайындау түрі. Қазіргі
кезде бұл іс-әрекет былай сипатталады.
а) мақсаттармен нәтижелердің өзгешелігімен санасу, жауынгерлік
техникалар мен қаруларды игеру, бөлімшедегі жауынгерлер бірлігі
б) шынайы жауынгерлік жағдайда жұмыс жасауға бейімделу, үйрену.
в) ұғымның және жеке адамның жауынгерлік іс-әрекетіне әртүрлі
негіздегі тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін моралды саяси және психологиялық
дайындау талаптарын ескеру және жүзеге асыру. Қатардағы жауынгерлермен
команда құрылымы күштерін біріктіру. Жауынгерлік жаттығу іс-әрекеті кезінде
соғыста қойылатын талаптардың жеке адамда қалыптастыру, ең алдымен
түрткілеріне әскерлерді үйрету. Сапалы түрдегі қатынасына тапсырмалар мен
жаттығуларына байланысты. Қазіргі жағдайға байланысты жауынгерлік
тапсырмалар мен жаттығулардың түрлерін өзгертіп отыру және оны орындаудағы
жауынгерлер әрекеті табыстылығына ынталануы қажет. Қазақстандағы әскери
психология әскерлердің жауынгерлік қасиеттерін қалыптастыру табыстылығын
соғыстың психологиялық моделін құрастыру арқылы мүмкіндік жасайды.
Әскерлердің мақсаты, мотивтерінің активизациялау жауынгерлік іс-әрекетінің
жағдайы мен міндеттерінің тәрбиелік күшін жоғарылатады.
Жауынгерлік шеберлікті қалыптастырудың психологиялық негізі,
жауынгерлік шеберлікті қалыптастыру дегеніміз — әскерді нақты білім
жүйесімен қаруландыру, іскерліктер мен дағдыны қалыптастыру, жеке адамға
тән қасиеттерді дамыту. Әскери білімді қалыптастыруда психикалық таным
процестері: түйсік, қабылдау, елестеу, ес, зейін, ойлау үлкен орын алады.
Әскери білімді қалыптастыру жағдайында әскери қару-жарақпен жауынгерлік
техникамен жұмыс жасағанда, арнайы тапсырмаларды орындағанда, тактикалық
сабақтар мен жаттығуларға қатысқанда және әскери іс-әрекеттің барысында
таныс болуына қалыптасады. Жауынгердің білімінің мазмұны нақты болу қажет
жауынгерлер білім алу негізінде зерттеліп жатқан пәнді, құбылыстар мен
заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, олардың арасындағы байланыстарды
анықтап қортынды жасауы тиіс.
Білімді меңгеру процесі оларды практика жүзінде қолданумен аяқталады.
Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қағидалар мен, заңдылықтарды,
ұғымдарды меңгеру жүзеге асады. Білімнің тереңдігі үйретіллген нақты сапа
бойынша білімнің деңгейінен оқытудың мақсаты мен міндетіне, үйрену
ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ең маңыздысы әскер өзінің жауынгерлік
мамандығында кездесетін құбылыстар жайлы білімді игеруі қажет. Оқу іс-
әрекетінің негізгі сапасы — еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті,
білімді дағдымен икемділікті жүйелі түрде меңгеру. Жауынгерлерде нақты және
терең білімнің болуы олардағы дағды мен іскерліктің тез қалыптастыруына
көмектеседі. Әскер таңдаған мандығы бойынша терең білімге дағды мен
икемділікке ие болса, онда оны өз жұмысының шебері деуге болады.
Оқытудың мақсаты: оқытуды жүргізудің әдіс-тәсілдері жауынгерлерге
қандай іскерлік, дағдыларды қалыптастыру қажеттілігіне тікелей тәуелді
болады. Ғылыми техникалық өрлеуге байланысты қимыл-қозғалыс, дағдылары мен
іскерліктерінің орнына интеллектуалды қабілеттер ауысуда. Қазіргі кездегі
техника мен жұмыс жасаудағы негізгі қиындықтар қайшылықты ақпараттар мен
оларды қорыту мәселесі. Жауынгерлер жаңа заман техникасымен айналысқанда,
бірқатар күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуге тура келеді. Бұл жұмыс
жауынгерден келіп түскен ақпаратты қайта өңдеу тәсілдерімен машинаның
басқаруына сәйкес келетін шешімдерді талап етеді. Сол себептен де жауынгер
жаңа әскери техникамен жұмыс жасағанда, интеллектуалды сенсорлық
дағдылармен іскерліктер жоғары деңгейде дамыған болуы тиіс. Адамныың үйрену
тәсілінің жетістігі оның дағдыға тезірек туған қажетті білімдерді меңгеруге
жәрдемдеседі. Екінші жағынан адамда дағды мен білімнің жетпей жатуы оның
икемділігінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Тәжірибелі командирлер
жауынгерлерді пайдаланылған іс-қимылдарды салыстыруға, шешім шығаруға өз
жолдастарының жетістіктерін бағалауға, олардың әрекетін өз бетінше бақылап
түсіндіруге үйретеді.

1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері

Психология ғылымында бағыттылық деп-бұл даралық қасиет ізденіс
жүйесіне қосатын адамның белсенділігін анықтайтын және оның қатынастарын
таңдауды айтады. Әрекет немесе жұмыс істегенде әртүрлі ізденістерді бастан
кешіреді. Әскери қызметтің борыштық санасы ұжымдық сезім болып табылады.
Әскери қызмет процесінде жауынгрелер өз алдына әртүрлі мақсаттар
қояды, өздерін қоршаған ортадағы әлеуметтік-құндылықты таңдау мен қарайды.
Сана және борыштық сезім, қажеттілік және сенімділік әдеттермен дағды,
бағыттылық мҒның бәрі жеке даралық бағыттылықтың әртүрлі элесенттері болып
саналады. Әлеуметтік және адамгершілік тәжірибесінде әр әскер Өзінің
адамгершілік бейнесі, өмірлік мақсаты, оның жүріс-тұрысының негізінің
айқындалатын қасиеті болады. Әскерлердің күнделікті қарапайым өмірдегі
бағыттылығы — бұл материалдық күнделікті тұрмыстық мәдениетке және
эстетикалық даралық ұмтылыстарының көрінісі. Ол әскери мамандыққа сай келуі
немесе келмеуі мүмкін.
Әскерлердің кәсіптік бағдары бұл жеке даралық құрылымының қиын және
көп жоспарлы ерекшелігі ол өзіне әртүрлі өзара байланысты компоненттерден
тұрады. Бөлімшенің қоғамдық өміріне қатысты нақты әлеуметтік және
психологиялық зерттеулерде әскери оқу орнын курсанттардың әскери мамандықты
таңдауының маңыздылығымен өлшенеді. Сондықтан әскерді тәрбиелеудің маңызы
неғұрлым күшейсе, әскери мамандыққа бейімделу тұрақтылығы соғұрлым
күшейеді. Жауынгердің жеке адамдық бағыттылығында мынандай түрткілер,
қызығу, идеал, дүниетаным т.б. ерекше орын алады. Әскерлердің жауынгерлік
әрекетіне қызығушылары әртүрлі. Олардың көрінуі де түрлі мазмұнда өтеді.
Бейімділік — тұрақты және күшті түрткі жауынгер айтылған бейімділікпен
өз мамандығына әрқашанда мәнді қортындыларға жетеді немесе бейімділіктің
дамуына деген сүйіспеншілік, еңбек сүйгіштік туғызады. Бейімділік
мазмұнымен сипатталады. Жауынгредің іс-әрекетін қызметтен және оқудан ұйымы
оны өз ісімен қанағаттанарлықтай жағдайға шақырады. Материалдық оқудағы
айқындық пен жаңалық жауынгер әрекетінің тапсырмаларынан қиындай түсуі
байқалады.
Саяси жұмыскер мен командирдің жұмысын меңгерудегі солдаттың
қатынасына өз жеке басының үлгісі. Қазақстан жауынгрелерінің жастық
ерекшеліктеріне көп жағдайда тәуелді. Олардың мақсаттары өз құрылымында
бірдей емес болған жағдайда мүмкін. Жауынгер мен сержанттардың тәрбие
жоғары өнегелі қасиеттері жауынгерлердің өмірлік мақсатын және оның ролінің
мәнін анықтауға мүмкіндік туғызады. Мәнді көрсету сол саяси адамгершілік
немесе соғыста жеңіске жету үшін әскери қасиеттердің тапсырманы үлгерімді
орындай ұмтылысмен сипатталады.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери санын көбейту. Адамның дүниетанымы
бұл жеке адамның әлеуметтік-психологиялық негізгі көрсеткіштері алып
жүретін бастапқы түрткі оның іс-әрекеті. Адамның даму ерекшеліктері оның
дүниетанымының мазмұнына тәуелді. Командирлер мен саяси жұмыскердің алдында
қиын іс тұрады. Әр жауынгердің әскери қызметіне сенімділігі, қазіргі
кездегі жауынгердің мінезіне және адамның ортадағы ролін, бағыттылығын,
көзқарастарын қолайсыздығы позицияларына көмектеседі. Іс-әрекет пен сөз
арасындағы сәйкестіліктер күшіне тәуелді болады.
Жауынгерлердің мақсаты мен перспективаларының қалыптасуында
командирлер мен саяси жұмыскерлер жауынгерлердің қоғамдық және адамның
мақсаты мен перспективаларының алыс мақсаттарын игеріп алу сипатына ие
болады. Саналы бағдар адамның тек шешімін табу, тапсырманы ұғыну мен қатар
сол тапсырманы шешу жолында өз күш-жігерін жұмылдыру қажет екенін сезінумен
сипатталады. Оларға жүріс-тұрысының белгілі принципі ретінде көрінетін
өнегелі және сананалы бағдары жатады. Алайда әрбір саналы бағдар адамның
күштері мен санасын жұмылдыру құрылымына енеді. Жауынгердің жүріс-тұрысынан
мына жағдайда анықтауға болады. Командирлер мен саяси жұмыскер
жауынгерлердің әскери қызметке деген қатынасын және әскерге дейінгі
қалыптасқан бағдарын анықтайды.
Жауынгерлердің іс-әрекетінің түрткісі мамандыққа теңестіру мәселесі —
бұл динамикалық тенденция, ең басты сұрақ болып табылады. Адамның іс-
әрекетінің анықталған түрткілерінің сапасы ретінде анықталады. Түрткі
адамның іс-әрекетінің бағыттылығы мен ізденістерімен шектеліп қоймай,
субьектиаті іс-әрекетіне мағына береді. Істелінген істің формасы кейде
қарама-қарсы түрткі мен Өзінің жүріс-тұрысының жеке даралық мазмұнын
анықтайды. Түрткілер өз құрылымында өте қозғалмалы деп санауға болады.
Әскери қызмет процесінде өзгеру басқа түрде ауысады. Және өзінің ары қарай
дамуына бірқатар жағдай әсер етеді. Командир мен жауынгерлердің әсер
етуінен басқа әскерлер тәрбиесімен, өз қимыл әрекетімен бағаланады. Іс-
әрекет аяқталған кезде түрткілердің қайта құрылуы болып отырады. Бұл қайта
құрылуы жауынгердің өз қызметіне құнды қатынасын анықтайды.
Қазақстан әскерлері қазіргі замандағы соғыста сәтті жауынгерлік
әрекеттер жасау үшін, жоғарғы моральдың саяси жауынгерлік әскери
профессионалды дене шынықтыру және жоғары психологиялық тұрақтылыққа ие
болу керек. Жауынгерлердің рухтық кейпінде моральдық саяси қасиет ең басты
болып саналады. Олар болып жатқан оқиғалардың куәсі болуға жауынгерлік
кезде керек тұрақтылықпен белсенділіктің ішкі тірегі іс жасайды. Әскерде
жауынгерлік әскери профессионалдық қасиеттердің болуы соғыс майданында
қаруларды тактиканың әрекеттерді тиімді пайдалануға көмектеседі.
Қазіргі замандағы соғыс Қазақстан әскерлері мен жауынгерлік және
әскери профессионалдық, жоғары әскери шеберлік, ерлік, қайраттылық,
ұйымшылдық, тапқырлық, ынталық, шыдамдылық, табандылық қасиеттерінің болуын
талап етеді. Жауынгрелерде дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру зерттелетін
әрекеттердің бейнесін жасаудан басталады. Осы мақсат командирлерден іс-
қимылдар орындауды, баяндамалар немесе әдістемелер, тәсілдер арқылы
көрсетіп беруді талап етеді. Бұдан кейін жауынгер әрекеті орындауда ойлау
образы эталон ретінде қолдануға тырысады. Дағдылар мен іскерлікті
қалыптастырудың сәтті жауынгерлер мен командирлерде қандай кәсіби маңызды
сапалар дамыту керек екенін біліп отырса, онда жауынгерлерден шебер маман
болып шығуына көмектеседі. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру процесі бір
қалыпты дамымайды. Оны қалыптастыруда жауынгерлерді әртүрлі қиын және
қауіпті жағдайларда тӨзімділік сақтауға үйрету қажет.
Жауынгерлерге үйретілген жағдайды барынша күрделендіре түсу керек. Тек
соғыс жағдайына неғұрлым ұқсас оқыту, қазіргі замандағы соғыста сәтті іс-
әрекет жасау үшін қажет мықты, тұрақты іскерліктер мен дағдылардың
жауынгерлерде қалыптасуына әкеледі. Егер үйретілетіндер де осыған ұқсас іс-
қимылдар немесе әрекеттердің тәжірибесі болса, онда дағдылар мен
іскерліктер алғашқы жаттығудан оңай және тез қалыптасады. Бұл жерде бҒрынғы
дағдылар мен іскерліктер жаңа тапсырмаларды шешуге бейімделеді. Кейде
дағдының дамуына пайда болады. Бұл кезде дамыту тоқтатылған сияқты болады.
Үйретілуші белгілі бір нәтижеге жетеді де оны әрі қарай жақсарта алмайды.
Бұл үйрету кезінде үйренушілерде іске деген қызығушылықтарын жақсарта
алмайды. Үйрету кезінде үйренушілерде іске деген қызығушылықтарын алып
келуі мүмкін. Әрекеттің толық жетілген түрлерін меңгеру немесе әдістемеге
жауынгердің белсенділігі мен саналылығын арттырып үйрету әдістемелерін
енгізу әрекет нәтижелерін шоғырлануға алып келеді. Әрекеттер арасындағы
үзілістерді қысқартады, көру қызметінің орнына қимыл-қозғалыс қызметін
бақылауы өседі, басында қабылдау пайда болады, содан кейін әрекет жүзеге
асады. Егер дағдылар мен іскерліктер қалыптасуы бір мезгілде және біртіндеп
үш формада: материалды, сөйлеу және ойлау формасы арқылы жүзеге асады.
Материалды формада тапсырманың жоспарын схема, сызулар, суреттер,
модельдерін арнайы құралдар көзделеді. Бұл жауынгерлердің әрекетін
ұйымдастыруға және оны түзетуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу формасындағы тапсырмалар мен операциялардың мазмұнын алдын-ала
айту, сонымен бірге айту әрекеттің мағынасы дәл болуы тиіс. Ойлау
формасында үйретілуші тапсырманы орындай отырып, әрекет жолын ойша
елестетеді. Қазіргі жағдайда дағдылар мен іскерліктер қалыптасу процесінде
оқу құралдары мен оқулықтар қолдануды жоғары бағалауға болады. Оқу
құралдарын жауынгерлік жаттығу жағдайына жақындатады, үйретілуші дағды мен
іскерліктерді қалай меңгеруді оның жетістіктері мен кемшіліктерін айқын
көрсеуге тырысады. КӨрнекі құралдар оқу барысын жақсартады. Олар
жауынгерлер әрекетті орындаған кезде қатысты болатын елестетуді
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Әскери техникалар құралдандырумен тактикалық әрекеттің күрделене
түсуіне байланысты дағдылар мен іскерліктерді меңгеруге жаттықтырушылар
ерекше орын алады. Ол үйретушіге іскерлік пен дағдылану процесін басқарып
отыруға үйретушінің қажеттіліктерін өз уақытында түзеуге, онда қазіргі
заман соғысына сай күшті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға
көмектеседі. Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру барысында
жаттықтырулар мен оқытудың техникалық тәсілдері және басқа да оқу
құралдарын жетік меңгеру, офицерлерде жауынгерлік және саяси дайындықтың
икемділігін арттырады. Жауынгерлерде дағдылар мен іскерліктерді
қалыптастыруды жазықта, суда, теңізде, әуеде үйретудің маңызы ерекше, дәл
осындай жағдайларда жауынгерлерде қазіргі заман соғыс жағдайы үшін керек
іскерліктер мен дағдылар анықталады. Сондықтан дағдылар мен іскерліктерді
көтеріп отыру үшін ылғи да жауынгерлік жаттығулар жүргізіп отыру керек.
Бұл жерде әскери іс-әрекеттің әртүрлі аймақтарында дағдылар мен
іскерліктерді қалыптастыру процесінің психологиялық бітістері
қарастырылады. Сондықтан жауынгерлерде сенімділіктің қалыптасуында олардың
еріктік жүріс-тұрыс тәжірибесінің жинақталуына ерекше көңіл аудару қажет.
Адамның мақсаты мен перспективалары жеке адам бағыттылығының дамуын
айқындайды. Бұл адамның атқарған әрекетімен көрініс тауып отырады.
Қазақстан Қарулы күштер санында қызмет ету кейбір жастардың өмірлік
мақсатына айналады. Ол жастардың бойында әскери іс-әрекетке деген
қызығушылықтың пайда болуы, кәсіби білім алуға ұмтылу, кәсіби маңызды
қасиеттерді игеру, алға қойған мақсаттарға жету жолында табандылыққа
әкеледі.
Кәсіптік әрекетті психологиялық жағынан зерттеу жеке адам
психологиясының мәселелерімен тығыз байланысты. Анығырақ айтқанда, екеуінің
өзара байланыстылығын айтқан жөн. Бір жағынан, жұмысшының жеке адамдық
ерекшелігі кәсіптік әрекеттегі процестің қорытындыларына елеулі әсерін
тигізеді. Екінші жағынан, адамда жекелеген қасиеттер кәсіптік әрекетте және
оның әсерінде белгілі дәрежеде қалыптасады (Ананьев 1969. Платонов 1976).
Бірқатар зерттеушілер кәсіптік әрекеттің зор мәні бар екенін айтады.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде кәсіптік әрекет және адамның барлық негізгі
қажеттіліктерін қанағаттандыруға барынша потенциалды мүмкіндіктер береді.
Қауіпсіздік, қажеттілік, өзін-өзі сыйлау. Әлеуметтік мойындау және
басқалары. Жеке адамның өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруы осы кәсіптік
әрекетте жемісті болады. Осыған байланысты 1940 жылдардың басында мамандық
психологиясының зерттеушілер қызығушылықтары жұмысшының психофизиологиялық
қасиеттері және психикалық процестерінің ерекшеліктерін зерттеуден жеке
адамға ауысты. Осыған орай мамандардың жеке адамдық қасиеттерін зерттеу
нәтижелерін эксперименттік жұмыстардан көруге болады.
Біріншіден жеке адамның ерекшеліктері жұмыста да ең негізгі қасиет
болуы мүмкін, кәсіптік әрекет барысында сенімді, жемісті көрсеткіштерге ие
болатынын айтуға болады. Мұндай заңдылық әртүрлі еңбек әрекетінде
байқалғаны көрініп отырады (Корнеева 1984, Фирсова 1989 ж.).
Екіншіден жеке адамдық ерекшеліктер мамандықты игерген кезде ең
негізгі себеп болады. Мамандық шеберлігіне және дайындықта осыған тәуелді
болады.
Үшіншіден жеке адамдық ерекшеліктері кәсіптік әрекеттің субьективті
көріністеріне еңбекке көңілі толу сияқты қасиеттерге әсерін тигізеді.
Төртіншіден жұмысшылар арасында жақсы және төмен жұмыс жасайтын топтар
арасын әрекеттік жағынан ажырату мүмкін емес. Бұл жерде жеке адамдық
қасиеттерді салыстыру ғана іске асады. Ол дәстүрлі түрде төменгі деңгейдегі
психологиялық қасиеттер деп саналатын әрекет түрлерінде көрінеді.
Бесіншіден ғылыми техниканың дамуына байланысты мамандық түрлерінің
көбеюімен жауапкершіліктің артуына байланысты ешқандай да
психофизиологиялық іріктеулер әрекеттегі бұл мәселені шешуге кепіл бола
алмайды. Тек қана мамандардағы жеке адамдық қасиеттеріне көңіл бөлу арқылы
еңбекке деген сенімділігін арттыруға болады. Бұл тіпті психофизиологиялық
қасиеттермен психикалық процестердің ерекшеліктерінің ролі басым болатын
кезде жеке адамдық құрылымның қалыптасуында елеулі орын алады.
Алтыншыдан, кәсіпкерлердің жекелік қасиеттерін мақсатты түрде қалыпқа
келтіру мүмкін екенін көрсетеді. Бұл жерде тек қана мамандыққа іріктеудің
қатал қағидаларын сақтау маңызды. Осы бағытта кәсіптік әрекеттің
психологиялық потенциалдарын оптималандыруға болатынына көз жеткізуге
болады.
Мамандыққа бейімделуді қарастыру аймағының теориялық жұмыстары біздің
елімізде 20-жылдардан басталған. Алайда қазіргі кезде бұл жұмыстардың
қарқыны бірқатар себептерге байланысты қарулы күштердің қажеттілігіне және
басқа дамыған мемлекеттердің әскеріндегі мамандыққа бейімделу жұмыстарымен
сәйкес келмейтіндігін айту қажет. Соңғы жылдар біздің офицерлік корпус
еліміздің жас мандармен толысып келеді деп айта алмаймыз. Себебі көптеген
талапты адамдардың материалдық жетістікке жетуге тырысуы әскери қызметте
кездесетін қиындықтардан қашу көп орын алады. Біздің болашақ
әскерлеріміздің 1990 жылы оқу барысында әскери оқу орындағылардың сабақ
үлгерімі төменгі дәрежеде екені анық болды. Әскери мандыққа бейімделудің ең
негізгі жағы жастар арасынан әскери флоттың болашақ интеллектуалды элитасын
қалыптастыру.
Елімізде және қарулы күштерде бұл мәселе әлі түсінісу немесе
эксперименттік сатыда тұр. АҚШ-та 1972 жылдың Өзінде-ақ Білім
минстирлігінде дарынды және талантты балаларды оқыту мәселесімен
айналысатын федералдық басқарма болған. Бұған қоса 14 өкіметтен тыс
ұйымдасқан ассоциациялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастапқы әскери даярлық
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
Кадрлар органы қызметінің бірыңғай стандарты
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Дене шынықтыру шаралары
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Пәндер