Инженер психологиясының принциптері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы

НҰРҒАЛЫМ К. С.

Инженер қызметінің педагогикасы және психологиясы пәніне қосымша оқу құралы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

ИНЖЕНЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ. 4

1. Педогогика тәрбие туралы ғылым. Білімді түсіну, қабылдау. 5

2. Бүгінгі таңдағы психология пәні, құрылымы, методы мен зерттелуі. 5

3. Инженерді тәрбиелеуде және оқытуда педогогика мен психологияның өзара байланысы. 5

4. Қазақстанда педогогикамен психологиялық ойдың дамуы. 5

Ұлттық психология. 5

ЖЕКЕ АДАМ. 24

1. Жеке адамды зерттеуде педогогикалық және психологиялық жағын талдау. 24

2. Жеке адамның дамуында таным процесіндегі педогогикалық және психологиялық проблемалар. 24

3. Жеке адамның мұқтаждық туралы теориялар. 24

4. Дүниетаным сенім. 24

5. Психикалық процесстер. 24

6. Мінез және темперамент. 24

ИНЖЕНЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ32

1. Инженер психологиясына түсінік. 32

2. Инженер қызметінің педагогиялық және психологиялық байланысы. 32

3. Инженер психологиясының принциптері. 32

4. Инженер психологиясының методтары және зерттеу әдісі. 32

5. Еңбек психологиясы. 32

БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ39

1. Басқару ісінің әлеуметтік психологиялық негіздері. 39

2. Басқару тәсілі және психологиялық ахуал. 39

3. Бизнес психологиясы. 39

4. Нарықтық психология. 39

ӘДЕБИЕТТЕР50

АЛМАТЫ 2002

Құрастырған: Нұрғалым К. С.

Инженер қызметінің педагогикасы және психологиясы пәнінің ІV - V курс студенттеріне қосымша оқу құралы.

Қосымша оқу құралының құралуы мемлекеттік стандарт бойынша Инженер қызметінің педигогикасы және психологиясы пәнінің дәріс сабағына және ғылыми-зерттеу бағыты мен білім алу жүйесіне жөн сілтеу.

Рецензент: профессор Сыдықов Ұ. Е.

Қазақ Ұлттық техникалық университеті

АЛМАТЫ 2002

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні қоғамымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге сәйкес әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, бәсекелестікте жеңіп шығуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі қоғам экономикасындағы ауыртпалықтар мен дағдарыстар адам психикасына әсер ете отырып, адамдық құндылықтардың мәнінің төмендеуіне, білім алуға деген ынтаның азаюына, адамдардың бір-біріне деген жанашырлық сезімінің бұзылуына алып келіп отыр.

Мұндай кемшіліктердің алдын алу қоғамның әрбір мүшесін тәрбиелеуді, білім беру бағытында жаңаша мазмұнды жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Бұл бағытта әрбір адамның кәсіптік және өмірлік іс-әректтерін тиімді қарапайым болса да психология педагогтық білімдерді меңгеруі өте маңызды роль атқарады.

Педагогика ғылым ретіндегі басты мақсаты - адамның табиғи мүмкіндігін толық ашып, өмір талабына сай жаңа қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Демек, техникалық жоғарғы оқу орындары студенттердің мамандығы бойынша басқа адамдарды тәрбиелеу, білім беру ісімен тікелей айналысады, өзін жетілдіру, дамыту мақсатында белгілі бір педогогикалық білімдерді меңгеруінің қажеттіліктері байқалады.

Адамға ойлау қабілеті, басқа да психикалық құбылыстар туа сала берілмейді. Олар тәрбиелеу мен білім алу барысында қалыптасады. Бұл адам психологиясының педагогикалық білімдер саласымен байланыстылығын көрсетеді. Сондықтан техникалық университет студенттері үшін "педагогика және психология" курсын оқып үйрену өте қажет.

Рухани даму - адам дамуының жоғарғы шыңы ретінде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік-этикалық қатынастары мен адам (гуманды) қайырымды өзара қатынастар ережелерін меңгеру болып табылады.

"Педагогика және психология" курсын оқып үйрену мақсаты - адамның дамуы, жетілуі үшін қажетті психологиялық білімдер мен оның өмірлік және кәсіптік іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру мүмкіндігін беретін педогогикалық білімдерді меңгерту болып табылады.

ИНЖЕНЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ .

1. Педогогика тәрбие туралы ғылым. Білімді түсіну, қабылдау.

2. Бүгінгі таңдағы психология пәні, құрылымы, методы мен зерттелуі.

3. Инженерді тәрбиелеуде және оқытуда педогогика мен психологияның өзара байланысы.

4. Қазақстанда педогогикамен психологиялық ойдың дамуы.

Ұлттық психология.

Педогогика гректің екі сөзі "паис" және "эгеиін" балалар және тәрбиелеу жетектеу, оқыту, бағу.

Алғашқы мектептер Грецияда ашылды, олар сол кездегі Спарта және Афина қалаларында ашылды. Әр қала өз алдына бөлек мемлекет болып есептелді. Спартада Агилан және Эфебтер мектебі ашылды. 7 жастан 18 жас аралығында оқытты. Афинада Капарис және Палестра мектептері ашылды. Капарис мектебінде музыкаға, эстетикаға, жазуға, сызуға үйретті. Палестра мектебінде бес сайыс түрін үйретті, найзаласу, секіру, күресу, жүзу, садақ ату.

Қазақстанда мектептердің ашылуы ислам дінінің таралуына байланысты болды. Алғашқы діни мектептердің ашылуы Қазақстандың дамуына үлкен әсер етті.

Грек ойшылдарының оқыту туралы пікірі.

Сократ. Дүниенің құрылымын физиологиялық табиғатын танып білу мүмкін емес, адам өзін-өзі танып біле алады деді.

Платон. Тәрбие жүйесінде үстем тап өкілдерін қорғады.

  1. Басқаратын ақсүйектер өкілі.
  2. Әскери жауынгер және қоғамдағы тәртіпті қорғайтын адамдар.
  3. Қолөнершілер және егіншілер.

А. С. Макаренко коллектив теориясын ашты.

Коменский адам тәрбиелеуде бірінші өз тілін меңгеру керек, басқа тілді одан кейін меңгеру керек екенін айтады.

Ы. Алтынсарин, А. Байтурсынов ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген.

Аль-Фараби айтуынша адамның моральдық қасиеттерін өмір тәжірибесі қалыптастырады. Дүниеге зұлым не ақ ниетті, ақылды не ақылсыз бала келмейді. Баланың тек ойлау қабілетін байыту керек.

Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбиенің "кең және тар мағынасы". Өктем тәрбие Фридрих Гербарт. Еркін тәрбие Жан-Жак Руссо.

Маркстік педогогикалық психология туа біткен адамгершілік қасиеттердің болуын үзілді-кесілді жоққа шығарады (еңбек сүйгіштік, ізгілікке бейімділік немесе зұлымдыққа ойысу) бұлардың қалыптасуы өмір бойында болып жатқан, әрі тәрбие мен бүкіл қоршаған шындық өмірдің ықпал етуі арқасында ғана осы қасиеттерге бала өзінің жеке басының әлеуметтік тәжірибесі үстінде ие болады деп дәлелдейді.

"Білім беру" - бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру, адамның творчестволық күші мен қабілетін дамыту.

Жеке адамның қалыптасуына өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, өзін-өзі тәрбиелеу адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез құқыл дағдысына бағытталған жұмыс. Педагогика ғылымының танымының саласы да тәрбие беру болып табылады, сондықтан да педагогика адамды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде анықталады.

Оқыту мен тәрбиелеудің объектісі адам болып табылады. Сондықтан да қалай оқыту керектігін және жастарды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелерді шешкенде педагогика адамның дене күші және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтін ғылымдармен - физиологиямен, психологиямен қалтықсыз бірігіп отырады.

Педагогикаға жәрдемші пәндер:

  1. Анатомия.
  2. Физиология.
  3. Психология.
  4. Логика.
  5. Этика.
  6. Этнография.

Педагогика салалары:

  1. Жалпы педагогика.
  2. Жас ерекшелігіне сай педагогика.
  3. Кәсіптік білім беру педагогикасы.
  4. Оқыту методикасы.
  5. Педагогика тарихы.
  6. Арнаулы педагогика.

Интелегент өкіліне қойылатын талаптар:

  1. Ортаны коллективті құрметтеу.
  2. Жан-жақты терең білімді адам болуы керек, тікелей

өз саласында білімі жоғары, психологиядан, физиологиядан, гигиенадан білім болуы қажет.

  1. Моральдық жағынан таза, әділ, адал, шыншыл, принцип сақтағыш болуы керек.

4. Үздіксіз ізденіс үстінде өзінің кәсібін жоғары деңгелге жеткізу.

Дидактика педагогика пәнінің негізгі бөлімі, дидактика гректің сөзінен шыққан "оқытайын" - деген мағынаны береді. Бұл бөлім оқыту бөлімін оның заңдылықтарын, білім мазмұнын анықтайды. Оған қоса оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қарастырады.

Категориялары:

  1. Оқыту процесі (мазмұны, әдістері, ұйымдастырылуы) .
  2. Оқыту принциптері (уақытында бастау, программа

бойынша жүргізу) .

Психология адамның жанын, жан тұрмысын, ақыл-қайратын, көңілдің жайын баяндайтын пән.

Психология психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Ежелгі Грециядан шыққан "псюхе" (жан) екіншісі "логос" (сөз, ілім) деген мағынаны білдіреді.

Психологияда екі бағыт бар: материалистік және идеалистік.

Демокрит грек ойшылы сол кезде жан отын атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді, жанның мәңгі еместігін түсіндірді.

Платон керісінше жан мәңгі өлмейді деп тұжырым жасады.

Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-құлқын зерттеу.

Бихевиоризм ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық ағым. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп сипаттайды.

Гештальт ағымы. Германиядағы психологиялық ағым. Оның негізін қалаған Макс Ветгеймер. "Гештальт" немісше тұр, форма, құрылым деген мағына береді. Бұл ағымның мақсаты жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттейді.

Ш. Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы, оның таным-нанымы түсініктерімен тығыз ұштастырылады.

Абай туындылары да туған халқына жан түниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кеменгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді қарайды.

  1. Психикалық процесс.
  2. Психикалық жағдай (қуануы, қорқуы, үрей) .
  3. Психикалық қасиет (мінез, темперамент) .

Методы және зерттеу әдісі.

  1. Байқау.
  2. Эксперимент (лабораториялық, табиғи) В. Вундт негізін салды.
  3. Тест.

Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын (бет құбылысын) сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез - құлқын жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері темпераментті де байқау әдісі арқылы ажыратады.

Тәжірибелік.

Психологияда тәжірибелік әдіс лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Неміс ғалымы В. Вундт психологиялық тәжірибелік жол мен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Табиғи тәжірибе психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулеріне көп пайдаланған орыс психологы А. Ф. Лазурский болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мында тәжірибе жүргізуші өзіне керекті құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады.

Тест.

Қазіргі заманғы психологияда тест методын көп қолданады, тест жаңа психологиялық нәрселерді ашу үшін емес адамның білімінің қанша деңгейде жоғарылығын дамуның жоғарылығын және сол адамды орта білімді адамдар мен салыстыру, тест адамның икемділігін ойлау қабілетінің жоғары төмендігін, білімнің қандай деңгейде болғанын соны мен бірге психикалық өзінің ерекшелігін тексереді.

Психология салалары 40 тан асады.

Негізіне тоқталатын болсақ инженерлік психология, педагогикалық психология, ұлттық психология, медициналық психология, әскері психология, отбасы психологиясы т. б.

Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды. Психологиядан хабары бар адам өзін-өзі түсіне біледі, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады, яғни бұл ғылым адамның тек өзін-өзі танып білуі үшін ғана қажет емес, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеу, өз мінез-құлқын түзеу, өзіндік мінез, қабілет, икемділік, бейімділіктерін дамыта түсуге мүмкіндік береді. Психология ғылым-білімді саналылықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік-жігерің мен қажыр-қайратыңды шыңдай түсуге де бейімдейді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де - осы ғылым.

Психология міндеті.

Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезіндегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психологиясына қалайша әсер етіп отырғандығы: ұлттық оқу тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыда зерттеу және әлеуметтік ортада адамгершілік, дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру. Осы ғылымның басты міндеті болып табылады.

Абай сөздері:

"Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз . . . "

"Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?"

Абай шарттарының қысқаша мазмұны.

  1. Бірінші шарт: Білім-ғылымды ізденуде күнделікті ұсақ іске жарата қою үшін іздену болмау керек. Ғылымда алдымен берік ынта - білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек. Білмегенді білген сайын сол құмарлық арта береді. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.
  2. Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп, бос сөз таластыру үшін ғылымға қол созба, өз сөзін ғана іске асыру мақсатын қоюдың түбінен ғылыми шындық тумайды, өзімшілдік, күншілдік туады.
  3. Әрнәрсенінің шындығына өз көзің толық жеткенде ғана, сезімің берік болғанда ғана, соны ғылым тұт. Ақиқатына көзің жетсе онан ешуақытта айрылма.
  4. Ғылымды үздіксіз зорайтып, молайтып, көріктеп отыратын нәрсе керек - ол ақыл ойдың ісі. Ақыл ой арқылы көркейіп отырмаса ғылым дамымайды.
  5. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сақ болу керек.
  6. Ғылым - білімде ұстамдылық қажет, ақыл ойдың, мінездің беріктігі керек, ол ушін қайрат керек. Ғылымда да ақылды сақтайтын сауыт сол ұстамдылық, табандылық мінез.
  • Наданның ең басты белгісі "Бәрін білу" оның білмейтіні жоқ. Ол барлық дүниені өз пайдасына қарай бейімдеп шешуге тырысады. Ал оның пайдасының көлемі ішу, жеу, ұйықтау, мақтану.

Егер осындай надандардың қолына билік тиетін болса, олар дүниені ойран етеді, өздері де ойран болар еді.

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық және психологиялық көзқарасы.

Мағжан - поэзиясы адамның жан - дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтын, оның адам жанын дөп басып жататыны көпшілікке мәлім.

Қазіргі кезде психология ғылымының қырықтан астам жекелеген саласы бар. М. Жұмабаев осылардың ішінен оқу тәрбие ісіне тікелей қатысты педогогикалық және психологияғада ден қоюы да ерекше құптарлық. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және замандас қазақ зиялыларының туындылары Ұлттық психологиялық нақышта шеберлікпен пайдалана білу тәсілі қазіргіге өнеге.

Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп автор оларды есту, көру, қозғалу тағы басқа деп жеке-жеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгеріске түсетінін айта келіп, естің даму жолдарына тоқталды. М. Жұмабаев орыс педогогикасының білгірі К. Д. Ушинскийдің педогоикалық жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психология мен астарластыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшысы.

Ә. Алдамұратовтың "Жалпы психология" атты оқу құралы. Жантану жайындағы бірден-бір жетекші ғылым болғандықтан, оның қарастыратын мәселелері маңызды.

- Қазақ этносына тән өзіндік психологичлық ерекшеліктердің психология ғылымында бұрын соңды қамтылмағанды. Бұл оқу құралының авторлары осындай мәселелерді жалпы психологиялық мәселелермен байланыстыра отырып сөз етеді.

Педогогика инженерлерге тәрбиені, адамгершілікті, қоғамдық орында өзін қалай ұстауды, коллективті сыйлауды, жұмыс орнында, жақсы әдеттерді үйренуге (жұмыстан кешікпеу, сапалы өнім шығару, жұмыстан ерте кетпеу) коллективпен бірге жұмыс істеп - әр түрлі жат әрекет істеген адамдарды дұрыс жолға тәрбиелеу, мәдениетті болып саналады.

Ұлттық психология.

Этнопсихология - әлеуметтік психологияның аса маңызды, арналы салаларының бірі. Грек тілінен аударғанда ethnos- тайпа, халық; psyche-жан; logos-ілім, ғылым дегендерді білдіреді. Осыдан: психология - адамдардың өмірлік қызметінің ерекше формасы ретіндегі психиканы даму және қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым. Атынан көрініп тұрғандай этнопсихология алынып отырған ірі әлеуметтік топ - этностың қоғамдық тарихи қалыптасқан, тек өзіне ғана тән психологиялық-стилистикалық кешендерін зерттейді. Өзге жұрттарда кездесе бермейтін, кездескен күнде де алынып отырған тайпада, ұлыста немесе ұлтта, белең алған, сондықтан да, оның қоғамдық-әлеуметтік және мәдени дамуына белгілі бір дәрежеде әсер ете алатын, халық бұқарасының басым көпшілігіне тән мінездермен әдеттер, дәстүрлер, әдеп қалыптарының жиынтығы, ұлттық мүдде және оның түсінілуі мен қойылуы, ұлттық өздік сана деңгейі - осылардың бәрі этнопсихологиялық кешендер ретінде қарастырылады.

Этнопсихология дегенді қазақша шартты түрде ұлттық психология деп аударуға болады. Шартты түрде болуының екі түрлі себебі бар. Біріншіден, этнос ұғымы ру, тайпа, ұлыс сияқты, адамдар қауымдастығының ұлттан өзге түрлерін де сиғызады. Екіншіден, қазақ ұлт ретінде қалыптасу үрдісі жасанды түрде бұзылған этнос. Орасан зор сыртқы әсерлер ұлт болып келе жатқан этносты айрандай ірітіп, жүндей түтті. Қазақ ұлтқа тән қасиеттерінен көз алдыда айырылып, этнос ретінде жойылуға бет алды. Алайда, қазіргі кезде қазақтың ұлтқа тән ерекшеліктерінің жетімсіздігі бола тұрып, келешектегі перспектиасын ескере отырып, осы толыққанды ұлт ретінде қарастыруымыз керек. Ал ұлтқа дейінгі адамдар қауымдастарына - ру, тайпа, ұлысқа және құлға тән психологиялық кешендерді ұлттық тарихи даму үрдісінде жасанды бұрмалаушылардың салдары.

Ұлттық психологияның қалыптасуы - ұзаққа созылатын тарихи құбылыс. Бұл үрдіс ғасырларды, тіпті мыңдаған жылдарды қамтиды. Қазақ халқының мінезінде біздің эрамызға дейінгі қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың, осы жерлерде орта ғасырларда өмір сүрген ұлыстардың мінездерінің кейбір нышандары сақталған. Қазіргі қазақтардың бойынан біз кезінде осы ұлаңғайыр далалы, таулы, нулы өлкені мекен өткен сақтардың, массагеттердің, салт-дәстүрлерін ұштастырып отырмыз. Бұл - табиғи құбылыс, тарихи сабақтастығы. Дара индивидтің тарихи мүлдем өзінен бұрынғылардың немесе өзінің замандастарының тарихынан бөлініп қала алмайды, керісінше, солармен айқындалды. Даму эволюциясының заңдылықтары бойынша жақсы нышандар келер ұрпаққа беріліп, жалғастық тауып отыруы керек.

Ұлттық психология дегеніміз бірден және ғайыптан пайда бола қалмайтын құбылыс. Ол - халықтық ұлы ретінде бірігу үрдісіндегі нақты және тарихи жағдайлардың жемісі. Бұл жағдайлар зертеушіні әлеуметтік психология мәселелерін зерттеуде кең қолданылатын принциптердің бірі-нақты-тарихи келіс принципіне жүгінуге мәжбүр.

Ұлттық психология - көп қырлы, күрделі, сонымен қоса бір тұтас құбылыс. Оның көп қырлығын ұлттық мінездің алуан түрлі көріністерінен-ақ байқауға болады. Қазақ халқының мінезіндегі кейбір нышандардың рулық және феодалдық формациялардың тұсында, енді біреулері самодержава отаршылдық кезінде, ал кейбір мінездердің соңғы онжылдықтарда пайда болғанын аңғару қиынға соқпайды. Әйтсе де құбылысты аңғару бар және онымен қалай қатынас жасаудың жолын табу бар. Ұлттық психологияда мұндай диффузиялық құбылыстың мәнін түсіндіріп беру де оңай емес. Бұл мінездердің өзара байланыстары және олардың ұлттық мүдде мен өздік санаға қатыстылықтары кейде абстракті, кейде нақты әдістерді қолдана отырып зерттеуді қажет етеді. Ғылыми теориялық таным нақтының көп түрлілігін сезім арқылы қабылдаудың гөрі оның тұтастық ішіндегі барлық байланыстарына қарай ой қозғаудың нәтижелі болатынын айғақтайды. Ұлттық психологияның табиғатын нақты-тарихи принципін қолданудың маңызы осылармен анықталады.

Дегенмен, кез-келген қоғамдық әлеуметтік үрдісіне уақыт өзінің түзетулерін енгізбей қоймайды. Осыған орай, қазіргі 20 ғасырдың биігінен, соңғы белесінен қазақ халқының жүріп өткен қоғамдық даму жолына көз салар болсақ, оның мінезіне, салт-дәстүрлеріне, тұрмысына, тіліне әсер еткен тарихи факторлардың аз болмағанын көрер едік. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" атанған жүз жылдан астам уақытқа созылған жойқын соғыс, сонан кейінгі кезеңдегі, патшалық ресейге бағынышты болып, отарлық езгіге түсу жағдай халықтың санасына із қалдырмай кеткен жоқ. Кеңес билігі тұсындағы 74 жыл ішінің оқиғалары халықтың көкірегінде сайрап жатыр. Бұл оқиғалардың бәрі бірдей қанағаттанарлық психологиялық нышандарды орнықтырып қойған жоқ, кейбіреулері халықтың санасына бірқатар жағымсыз әдістерді де сіңіріп кетті. Қазақ халқының психологиясы - өзінің ұрпаққа созылған тарихи ауыр қалыптасу жолында басынан өткерген, кейде қуанышты, көбінесе мұңды тағдырының санада сақталған бейнесі. "Адамзат тарихының тұрақты алғышарты сияқты болып келетін адам, сонымен қоса, сол тарихтың жемісі және нәтижесі болып табылады", -деп Карл Маркстің "Капиталында" жазғандай шынында да ұлттың тарихын сол ұлттық психологиясының ғимаратының сәулетшісі деуге әбден болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженер психологиясына түсінік
Басқару психологиясының негізгі түсініктері
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Сараптау жүйелерін тұрғызуға қатысатын мамандар
Еңбек психологиясы және еңбек әрекеті
Кәсіби оқыту психологиясының мазмұны
: Басқару психологиясының даму тарихы
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz