Меңгеру процесіндегі дағды


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Меңгеру - студенттің оқу іс- әрекетіндегі бөлім орталығы.
Орындаған: Батырбаева А. М.
Тобы: Фқ-001-5к
Тексерген: Ахтаева Н. С.
Алматы 2004ж.
Жоспар
Меңгерудің жалпы түсінігі. 1
Меңгерудің құрылымдық негізі. 2
Меңгерудің этапы мен стадиясы4
Меңгеру процесіндегі дағды6
Дағдының қалыптасу заңдылықтары10
Дағдының қалыптасуына әсер ететін факторлар11
Дағдының қалыптасқан белгілері13
Меңгерудің жалпы түсінігі.
Меңгеру-барлық оқу барысындағы теориялардың негізгі ұғымы (білім алу, оқу іс-әрекеті) болып табылады. Меңгеру, ол күрделі, көп мағыналы ұғымды білдіре отырып, әр түрлі позицияда, әр жағынан көрсетіледі.
Біріншіден, меңгеру - ол иемдену арқылы адамның жеке тәжірибесінің қалыптасу жолы, механизмі “иемдену”, А. Н. Леонтьевтің терминдарында, білімнің жиынтығы ретінде социо-мәдени, қоғамдық-тарихи тәжірибені қарастырады. Бұндай меңгеру адамның өмір бойы бақылау барысында қалыптасады.
Екіншіден, меңгеру - ол адамның күрделі интеллектуалды іс-әрекеті, оған барлық танымдық процестерді, мағыналы өңдеу, қабылданған материалдарды сақтау мен шығаруды жатқызады.
Үшіншіден, меңгеру - ол оқу барысындағы білім алудың нәтижесі. Төзімділік, жүйелілік оқу материалын меңгерудегі сапалық туралы айтсақ, зерттеушілер көбінесе нәтижелік жағын ескереді. С. Л. Рубинштейн бойынша оқу әрекетіне байланысты меңгеру, оның оқу процесінің орталық бөлігінің мазмұны ретінде көрінеді. В. В. Давыдов бойынша, “ғылыми білімді меңгеру қызметінің негізгі мақсаты мен маңызды нәтижесі” ретінде көрсетіледі.
Меңгерудің жалпы түрі, алынған білімдерді сақтау, мағыналы өңдеу, қабылдау процесі және оларды практикалық және теориялық мәселені шешу жағдайында қолданылатын, яғни жаңа мәселелерді шешу негізінде осы білімдерді қолдана білу ретінде қарастырады.
Меңгерудің құрылымдық негізі.
Меңгерудің барлық зерттеушілері, өзіндегі бірнеше компоненттерді, сатылармен фазаларды қосқандағы бір жақтылық процесс емес, - дейді. Сонымен, меңгерудің “психологиялық компоненттер” ұғымына Н. Д. Левитов төрт процесті қолданады:
- Студенттердің жақсы қарым - қатынасы;
- Материалмен тікелей танысу процесі;
- Қабылданған материалдарды ойлау процесі ретінде қайта өңдеу;
- Қабылданған және өңделген ақпаратты есте сақтау процесі.
Меңгерудің бірінші компоненті-студенттердің жақсы жағы, сабақтың мазмұнына қызығушылық, олардың назар аударуында байқалады. Ол әр қайсысының нақты жағындағы оқу жұмысының қарқынымен студенттердің оқу материалдарын меңгеру үшін ең жақсы дидактикалық түрде байланысады. Сабақтын материалымен тікелей танысу процесінің ролін қарастыра, В. А. Крутецкий олардың меңгеру процесін ұйымдастырудың екі маңызды кезеңін көрсетеді:
- Материалдың өзінің көрнекілігі;
- Студенттердің тәрбиесін бақылау.
Сонымен бірге пәндік, бейнелеушілік, ауызша көрнекілік байланыстын қажеттілігін көрсетеді. Ойлау процесі меңгерудің үшінші компоненті ретінде барлық байланыстар мен қарым-қатынастарды терминінде түсіну, оқыту жүйесінде тәжірибесі бар жаңа материалдардың енгізілуін қарастырады.
Меңгерудің төртінші компоненті оқу материалын есте сақтаумен байланысты. Бұл тұрғыда көптеген зерттеулер осы процестердің көптеген нәтижелігін былай анықтайды:
- Есте сақтау жағдайына нақтылық құру (уақыт, мақсат, практикада қолдану тәсілі т. б ) ;
- Студенттің өзіндік белсенді қызметіне қосылуы.
Меңгерудің этапы мен стадиясы
Рубинштейн, меңгеру процесінің келесі стадиясын бөліп көрсетеді: “ . . . материалмен бірінші рет танысу, немесе кең мағынада қабылдауы, оның мәнін түсіну, оны қорытындылау үшін арнайы жұмыс және материалмен қамтамасыз етіледі ”. Осы стадиялардың әрқайсысы басқалармен байланысты және оқытушы мен студенттің өзара әрекетімен келіседі. Осылардың әр қайсысы меңгеру салдары оқу материалымен танысудың бастапқы этапы немесе онымен бірінші рет кездесу, барлық меңгеру процесі үшін үлкен мағына береді. Қабылдаудың өзі, өзінде ұғыну болып табылады. Қабылдау - ол екіші этап. Ол біріншіге қарағанда үшінші этаптың негізі ретінде есте сақтау болып табылады. Оқу материалын есте сақтау С. Л. Рубинштейн бойынша, тек қабылдау ғана емес, жаңа мағыналы байланысты да қосу және осы материалды қайта қабылдау болып табылады.
“Адам өзінің ойын нақтылап, тұжырымдап айта, оны қалыптастырады, сонымен бірге ол оны өз ойында сақтайды. ” С. Л. Рубинштейннің бұл жағдайы меңгеру үшін негізін қалау болып табылады. Бұдан екі қорытынды шығаруға болады: студенттердің өздерінің баяндамаларын оқу барысында арнайы қарастырылуы керек және студенттердің оқыған материалдарының өз бетімен еске түсіруін ерекше атап өту керек.
Меңгерудің төртінші этапы практикада қолдану тек білім алудың ғана нәтижесі емес, білім алу тәсілі, оларды қорытындылап жақсы әдетін қалыптастыру болып келеді. С. Л. Рубинштейннің маңызды ойы, бұл этапта білім алуды меңгеру оқуға емес, басқа практикалық мақсаттарға бағытталған. Көрсетілген менгерудің схемасы бірінші оқу материалымен танысқаннан практикада әр түрлі жағдайларда қолданылғанға дейін меңгерудің жалпы стратегиясын құрайды.
Н. Ф. Талызин бойынша, қарастырылып отырған теория меңгеру процесінде жаңа принципиалды бес әрекет этапын көрсетеді. Біріншіден, танысу этапында студенттер іс-әрекет мақсаты туралы қажетті түсініктемелер алады. Оларға қызметін орындау үшін қандай жаққа көп көңіл бөлу керектігін, қалай орындау керектігін көрсетеді. Екінші этапта, материалды әрекетті, студенттер сыртқы материалды формада орындайды. Бұл этап, оқушыларға іс-әрекеттің мазмұнын оқып үйренуге мүмкіндік береді, ал студенттерге әр қызметке қосылған операцияларға объективті контроль жүргізеді. Үшінші этап - сырттай сөйлеу, бұл жерде барлық іс-әрекет элементтері сырттай сөйлеу (ауызша немесе жазбаша) түрінде көрсетілген. Төртінші этап - “өзінен сырттай сөйлеу”, өз ішінен айтып салу формасында орындалатын әрекет. Соңғы іс-әрекетінің қалыптасуы бесінші этап - ақыл-ойда пайда болады. Іс-әрекет ішкі сөйлеу формасында пайда болады.
Меңгеру процесіндегі дағды
Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, білім жүйесін игеру, арнайы дағдыны иемденумен байланысты “білім берудің мәселесі мен негізгі мазмұны” ретінде қарастырады (С. Л. Рубинштейн) . Дағды ол меңгеру процесінде орталық орындардың бірін алады. Кең тараған анықтамалардың бірі - дағды - ол нығаю, іс-әрекетті орындауға дейін бағытталған жаттығулардың көптеген нәтижелерге жеткізуі болып табылады.
Н. А. Бернштейн бойынша дағдының қалыптасуы, оның құрылуының күрделі процесі, ол барлық сенсомоторлық дәрежедегі жүйелерді қосады.
Олардың барлығы (А, В, С, Д, Е, т. б. ) әр түрлі дағдыны басқару координациялық жүйесін күрделендіріп отырады(жаяу жүру, велосипед айдау, т. б. ) . Н. А. Бернштейн әр түрлі дағдының құрылуына екі периодты бөліп қарастырады. Бірінші периоды-дағдыны белгілеу - төрт фазаны көрсетеді:
- Жүргізу дәрежесін белгілеу;
- Қозғалыстың қозғалтқыш құрамының анықталуы басқа адамның қозғалысының анализі мен бақылау дәрежесінде болуы мүмкін;
- Іштей осы қозғалыстарды өзіндік сезіну ретінде адекваттық коррекциясын көрсетуі. Бұл фаза өмір бойына сақталады(егер жүзуді үйренсе, ол өмір бойына солай қалады) ;
- Төменгі дәрежеге фондық коррекциялардың ауысуы, яғни автоматизация процесі .
Екінші период дағдыны тұрақтандыруда фазаларға бөлінеді:
1. әр түрлі дәрежелерді бірге жасау (синергетикалық) ;
2. стандарттау;
3. тұрақтандыру. Әр түрлі дағдының қалыптасу үшін манызды дәрежелердің ауысу концепциясы болып табылады, жүргізуші дәрежеден автоматизмге, фондық автоматизмге және де ұғымның белгіленуіне ауысады.
Егер қарастырылған дағдының құрылу периодтарын салыстырсақ Н. А. Бернштейннің ұсынғаны және дағдының даму этапы Л. Б. Ительсон бойынша дағдынын қалыптасуы өзіне күрделі қозғалыс жүйесі ретінде өзіне ортақ тәсілге көңіл бөледі, бірақ Ительсон бұл құрылымның психология жағын қарастырған. Маңыздылығы, Л. Б. Ительсон бойынша, дағдының даму этапы, меңгеру кестесінің жалпы проекциясының маңызы болып табылады.
Бұл білімді меңгерудің ортақ процесіне мысал келтіреді.
Л. Б. Ительсон бойынша дағдының дамуы
Дайындық (аналитика-
лық)
Стандарттау (синтетика-
лық)
Тұтас іс-әрекеттегі элементарлы қозғалыстың
бірігуі мен сәйкестігі
Қозғалыстың сапасын көтеру олардың бірігуі, артығын алып
тастау, нәтижесіне көңіл бөлу, бақылауды жақсарту
Түрлендіру
(ситуациялы)
Дағдының қалыптасу заңдылықтары
Дағдыны өңдеу процесінде кейде қозғалудың салыстырмалы тұрақтандырылуы болады: студент не алға жүрмейді, не кері жүрмейді ол “бір орында тұр”. Бұндай тоқтам, сызықтың өзгермейтін параллельді абсцисса формасында белгіленуі, “плато’’ деп аталады. Бұл құбылыс мазмұнын немесе білім беру жолдары, жұмыс формасы осының бәрі бірге алынып, өздерін жоюға алып келеді. Дағдылар бір-біріне әсер етеді алдындағы соңғысына өңделген оң жақ әсері тасымалдау деп (трансфермен ), теріс жағы - интерференция деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz