Қиялдың зияны халықта



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
  
1. Қиял жөнiнде түсiнiк 2
2. Қиялдың физиологиялық негiздерi 3
3. Қиял түрлерi 4
4. Шығармашыл қиял әдiстерi 6
5. Қиял және  жеке адам 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10

 

1. Қиял жөнiнде түсiнiк

         Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен
құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей
қабылданбаған, мысалы, тарих тұүғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы
суреттемелер; көрiп, бiлмеген, тiптi болуы мүмкiн емес оқиғалар, көрмеген
мақұлықтар енуi мүмкiн. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңiстiк
аясындағы нақты болмыстан шығып, шексiздiк әлемiне есiк ашады. Адам
тәжiрибесiн түрлендiрушi және өзгерiске келтiрушi тосын бейнелер қиялдың
негiзгi сипатын құрайды.
         Әдетте, күнделiктi өмiрдегi қиял не фантазия мәнi ғылымдағы осы
сөздермен берiлетiн ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бiз шындыққа сай
келмейтiн, практикалық маңызмағынаға  ие болмағанның бәрiн қиял не фантазия
деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық iсәрекеттiң
негiзi ретiнде көркемөнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау
болумен мәдени өмiрдiң барша салаларында көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың
бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемiнiң бәрi дерлiк
қиял мен осы қиялға негiзделген шығармашылықтың  жемiсi.
         "Әрқандай бейне, мейлi iрi, мейлi кiшi болсын, нақты қалыпқа
келiп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзiлген жаңа байланыстар мен
қатынастар негiзiнде жасалған қиял түрiнде iске асады" (Рибо). Алайда, қиял
қандай түрде көрiнiс бермесiн, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздiк
ерекшелiгiн жоймайды әрi тек өзiне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял
бейнелерiнiң естегi суреттемелерден негiзгi айырмашылығы олардың нақты
болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелерiөткен тәжiрибенiң
қайта жаңғыруы, сондықтан да естiң негiзгi қызметi өткен тәжiрибе
нәтижелерiн мүмкiндiгiнше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесiнде қай
бейне болмасын, өзгерiске түседi, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық
ұмтылыстың мiндеттi шартын құрайды.
         Сонымен бiрге, қиял арқасында адам өз iсiн бастамай тұрыпақ,
болашақ еңбегiнiң нәтижесiн күнi бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемiмен
болашақ нәтиженi күтудiң өзi адам еңбегiнiң жануарлар тума қылығынан
түпкiлiктi өзгешелiгiн танытады. Қиялдың алдағы iсәрекет өнiмiн
болжастыруға мүмкiндiк ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа
жетудегi ынтажiгерiне  қосымша қуат қосады.
         Кейде фантазия керi ықпал да жасауы мүмкiн. Алдағы күтiлген
жағымсыз жағдайлар немесе қауiпқатер мен бақытсыздықтар адамды күштi
күйзелiске тап қылып, оны нақты  оқиғаға сай келмейтiн, шектен тыс, орынсыз
қимыл әрекетке келтiредi. Мұның дәлелi кенеттен болған өрт кезiнде кей
адамдар көрiнiп тұрған көмектi шыдаммен күтудiң орнына көп қабат үйлердiң
жоғарғы қабаттарынан өзiн тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта
"Қорыққанға қос көрiнедi" мәтелiнде дәл айтылған. Қиялдың бүгiнгi өмiрден
арқан бойы алда болып, болашақта күтiлген кей оқиғаларды күнi бұрын танытуы
қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын бiлдiредi. Ойлау сияқты
қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсiнуiнен, қоғамдық сананың
даму деңгейiне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгi дүние адамдары арасында
жаратылыстың пайда болуын түсiндiру қажетiнен дiни бейнелер келiп шықса,
бүгiнгi күнде бұл үшiн космостық келгiндiлердiң фантастикалық көрiнiстерi
қолданылады.
         Бiрақ, қиял дүниенi жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық
мазмұнды негiз еткен ойлаудан ерекшеленедi, себебi ол жарқын елестер
түрiнде көрiнiп, нақты бейнелi формада жасалады. Қиялда түзiлетiн нақты,
дәл бейнелерде көбiне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып
отырады. Әрбiр қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегiнде өз ойын басқаларға
дерексiзденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсiндiруге тырысады. Мұның
дәлелi тымсал, ертегi, мақалмәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында бiз
көрнекi бейнемен ашылатын негiзгi ой, идеяны iздестiретiнiмiз табиғи нәрсе.
         Қиялға тән және бiр ерекше белгi оның бастау деректерi толық әрi
дәл талдауға келмейтiн, мазмұны өте күмiлжi жағдайларды болжастыруда
қолданылуы. Мұндай да белгiлi деректерде қатаң заңдылықтарға негiзделетiн
ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бiр "орынбасар"
формасы ретiнде қызмет атқарады.
         Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.
Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял ақылдылықтың нышаны", деген.
         Сонымен, қиял алда күтiлген проблемдiк жағдайлар анық болмаған
кездерде оқиғаның соңғы нәтижесiн күнi бұрын болжастырумен қандай да әрекет
бағдарламасын түзуге жәрдемдесетiн психикалық процесс.
         Адам қиялы бұрын көрiп, бiлмеген заттар мен құбылыстарды
өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердiң бейнесi
өзiмiз күнделiктi көрiп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерiнiң
қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен
бұрыннан таныс, өзi пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз
ойында құрайды. Сондықтан адамның бiлiмi неғұрлым мол, өмiр тәжiрибесi
ауқымды, өзi зерделi және сезiмтал келсе, оның қиялы ғажайып әрi қызық
бейнелер жасауға бейiм келедi.
         Л. С. Рубинштейннiң пiкiрiне зер салсақ, шығармашылық қиялдың
қуаты мен деңгейi келесi екi белгiмен анықталады: 1) қиял туындысы мәндiк
және мағыналық шарттардан асып кетпеуi лазым; 2) қиял өзiне негiз болған
деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуi тиiс. Осы екi
талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бiрақ тәжiрибелiк жағынан
пайдасыз.
         Қиял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейiпкерлер бейнесiн
жасауға не суретшiге болашақ картинасының сюжетiн iздестiруге қажеттiгiмен
ғана шектелмейдi. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептерi  жөнiнде
болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалiм дәрiс барысын, шәкiрттердiң оқуға
деген қатынасын күнi бұрын қияли талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы
оқу процесiнiң өзi қиялсыз шектеулi болар едi, тарих, география, астрономия
және басқа пәндер тек қиял қанатында ғана игерiледi.
 

2. Қиялдың физиологиялық негiздерi

         Барша психикалық процесстер секiлдi қиял да үлкен ми сыңарлары
қабығының өнiмi. Қиял бейнелерi оң және сол ми сыңарының жұмысына
байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көрiнiстерiн қарапайым түрге
келтiрiп, олардың бiртұтастығы мен үйлесiмдiлiгiнен, композициялық
бiрлестiгiнен хабар бередi, осыдан адамда әрқилы бейнелер негiзiнде
эстетикалық сезiмдер өрiстейдi. Ал сол тараптағы ми сыңары келiп түскен
ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметiн атқарады, осыдан бейне
мен ой  ажырамас бiрлiкте екенiн байқаймыз. "Ақылдан ажыратылған фантазия
құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия өнер атасы, ғажайыптар
бұлағы" (Ф. Гойя).
         Қиялдың физиологиялық негiзi жүйке байланыстарының iске қосылуы,
бұзылуы, қайта түзiлуi мен жаңа жүйелерге бiрiгуi. Осының арқасында бұрынғы
тәжiрибеден өзгеше, бiрақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келiп
шығады. Қиялдың сонша күрделi болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын
болжастырудың қиындығы, қиялдың көңiлкүймен байланыстылығы қиял жасаушы
тетiктердiң тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөлiктерiнде
жайғасатынын пайымдатады.
         Сонымен бiрге, мида пайда болған бейнелер шеткi процестердiң
қызметтерiн өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша
психикалық процестердiң арасында қиял денедегi органикалық процестермен аса
тығыз байланысқан әрi оларды әсерлi өзгерiстерге келтiрiп отырады.
Қапелiмде қиялына бiрдеңе түсе кетiп, адамның өзiнен өзi шошынып, терге
малынып, қызарып-бозарып, дiрiлдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай
қиялдың әсерiнен кей кездерi адам өзiн сырқатқа да ұрындырады. Тiптi,
дәрiгерлiк институттардың төменгi сынып студенттерi оқылып жатқан
дәрiстердiң әсерiнен қиялға енiп, өздерiнде болмаған аурулардың белгiлерiн
iздеп, әлек болады. Мұндай өзiнөзi қияли сендiрудiң салдарынан адам қатерлi
жағдайға душар болуы мүмкiн. Мажар психиатры  Иштван Гарди осының дәлелi
ретiнде мынадай болған оқиғаны келтiредi: суытқыштар зауытының жұмыскерi
рефрежератор машинаның қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе
iске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесiнiң асқына суынуынан
өлген мәйiтiнiн тауып алып, болған жағдайдың себептерiн тексергенде, 
рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлiм суықтан емес, суытқыш
iшiнде адамның тоңып өлетiнiн қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.
         Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалдығудың себебi маман,
өрнек тұтқан адамдардың сөзiн дұрыс қабылдамаудан да болады. Ойланбай айтып
салған дәрiгердiң бiр ауыз сөзi шипа iздеп алдына келген адамда ауыр сырқат
күмәнiн туғызған жағдайлар  болған. Осы күмәннiң кесiрiнен кешегi сапсау
адамда сырқат белгiлерi қозып, ятрогендiк деп аталатын науқас өршiп кеткен.
         Осындай психикалық зақымдану кейбiр ойсыз, педагогикалық мәдениетi
кем мұғалiмдердiң оқушыға айтылған ескертулерiнен де туындайды. Осының
салдарынан жас шәкiртте дидактогендiк ауру меңдейдi, яғни бала мұғалiмдi
көруден қорқып, қалтырай бастайды, тақтаға шықса күмiлжiп, сөйлей алмайды,
оқу жұмысын орындау қабiлетiнен айрылады.
         Сонымен бiрге, қиял бейнелерiн орынды, дұрыс қолдану арқылы адам
денесiнде жүрiп жатқан табиғи процестердi басқарып, дамытуға да болады.
Шынында да, әжеңiздiң дайындаған майлы құртының қышқыл дәмiн қиялдап,
есiңiзге алып көрiңiзшi, сол бойда тап сол құрт  аузыңызға түскендей,
сiлекейiңiз шұбырып бередi. Қызығы, сол сiлекейдi өзiңiзге өзiңiз бұйырып,
ағыза алмайсыз.
         Қиял күшiн арқау еткен француз аптекарi Эмиль Куэ "Саналы сендiру
арқылы өзiн өзi  басқару мектебi" деп аталған жаңа емдеу әдiсiн ашқан.
Сырқат адам өзiне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйi), өзiн
ешқандай сырқаты жоқтай сезiнiп, 2030 мәрте өзiн өзi сендiрудiң келесiдей
формуласын қайталайды: "Мен тәуiр боламын, мен тәуiрмiн... . Сырқат
бәсеңдедi. Сырқат кеттi...". Бiрнеше минутқа созылған осындай сеанстер
күнiне 34 рет, әсiресе ұйқыға кетер  алдындағы сабырға түсiп, босаңсыған
күйде орындалады. Осы күндегi аутогендiк емдеу әдiсi осы Эмиль Куэ
жаңалығына негiзделген.
         Адам өзiнiң iшкi дене мүшелерiнiң қалпын елестетумен қатар, қиял
арқылы өз дене мүшелерiнiң қимылын да (қол, аяқ, асқазан, жүрек соғысы және
т.б.) қажеттi жағдайға келтiре алады. Зерттеулер барысында осындай қиял
басқарымындағы бұлшық еттерде нақты әрекеттер жасалып жатқандағыдай
импульстер пайда болатыны дәлелденген. Қиял негiзiнде бұлшық еттерде
туындайтын мұндай әрекеттердi ғылымда идеомоторлық деп атау қабылданған.
 

3. Қиял түрлерi

         Қиял қызметi әрқилы деңгейде көрiнуi мүмкiн. Оның көп түрлi
болуының басты себебi ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген
саналы бағытынан. Әрекет дәрежесiне орай қиял енжар және белсендi болып,
екiге бөлiнедi. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсiз не болуы мүмкiн
емес бейнелер қалыптасады.  Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет
қажеттiгiнен ажыратады. Бұған мысал ретiнде жатып алып, бос қиялмен нәтиже
бермес арманға шомған Н. Гогольдiң "өлi жандар" поэмасындағы Манилов
бейнесiн келтiруге болады. Ш. Айтматовтың "Ақiрет" романындағы Авдий
Каллистратов та осындай кейiпкерге меңзес.
         Енжар қиял ниеттелген не ниетсiз болуы мүмкiн. Ниеттелген енжар
қиял ерiк күшiмен байланыспаған бейнелер пайда етедi. Мұндай бейнелер әлi
болары не болмасы белгiсiз армандаудан келiп шығады, ол жеке адамның
қажетсiнуiне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетiн спортшы, емтиханға бара
жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгiлi. Әлбетте, бiрi жеңiс
тұғырына көтерiлгенiн, екiншiсi "5" алғанын елестетедi.
         Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзiне жағымды, ұнамды арманға
түседi. Ал егер мұндай арманшылдық өнiмдi iсәрекетпен ұштаспай, адамның
психикалық өмiрiнде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да 
кесапатқа ұшырағаны.
         Ниетсiз енжар қиял сана қызметiнiң босаңсып, не зақымдануынан,
мүлгiген хәлде, ұйқыда және т.б. жағдайларда белгi бередi. Ниетсiз қиялдың
аса жарқын көрiнiсi галлюцинациялық кейiпте, адамның жоқ затты бар етiп,
одан шошынып, не қорқып, күйзелiске түскенiнен байқауға болады.
         Енжар қиялға қарағанда белсендi қиял жасампаз және шығармашыл
келедi. Жасампаз қиял негiзiнде алдын ала берiлген көрсетпелердi басшылыққа
ұстаумен қандай да бейнелердi түзу жатады. Бұл қиял түрi қалаған оқу
жұмысының тiрегi ретiнде көркем әдебиет оқығанда, географиялық не тарихи
карталармен танысқанда, сызылмалар мен iс жобаларын оқығанда өте қажет.
Жасампаз қиял бейнелерiн жазба не заттық құжаттар күйiнде берiлген басқа
адамдар сөзiнен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық
жүйедегi (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) iздердi өзiнде бұрыннан
қорытылған бiлiмдерiмен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейiпкердi
жасауда автордың көркемдiк шеберлiгi, образ құрастырудағы әдiстерi мен
тәсiл байлығы үлкен рөл ойнайды.
         Сондайақ жасампаздық қиял бейнелерiн тұрғызуда адамның көңiл күй
жағдайын да ескермеске болмайды. Күштi эмоциональдық кейiп жасампаздыққа
кедергi ықпалын тигiзедi. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсiп, өзiнiң не
оқып отырғанын түсiнбей, мәнiн, мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа енедi.
Сырқаттан, наша не  iшiмдiк әсерiнен болған психикалық ауытқулар да
бастапқы мазмұнға сай келмейтiн бейнелердiң тууына себепшi болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзi.
Мұндағы ''жаңа'' түсiнiгi екiталай мәнге ие: объективтi жаңалық және
субъективтi жаңалық. Объективтi жаңа бейне бұл заттық не идея күйiнде
дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне әрбiр жеке
адамның оқу, тәрбие, күнделiктi тұрмыс жағдайында өз басы үшiн ашатын
жаңалығы. Қажеттiктердi қанағаттандыру жолында көрнекi елес туындыларын
белсендi, мақсат бағдарлы пайдалану шығармашыл қиялдың негiзгi қасиетi.
         Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзiлiп жатқан бейне нақты 
болмыс дүниеде әлi жоқ, ол ендi ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай
жаңа бейненiң жасалуы тек жеке адамға керектiлiгiнен ғана емес, сонымен
бiрге қоғам мүддесiне, сол қоғамның даму деңгейiне тәуелдi келедi.
Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың
болуы мүмкiн емес. Шығармашыл қиял өнiмi бiрдейiне заттасқан күйде бола
бермейдi, бiрақ сол зат бейнесi оның сол уақыт не дәуiрде практикалық iске
аспауынан саналық қалыпта сақталады.
         Жасампаздық және шығармашыл қиялдар арасындағы айырмашылықты
салыстырмалы сипатта деп түсiнген жөн. Жасампаз қиялда да  шығармашыл
қиялдағыдай нысан бейнелерi жасалып, жаңаланады. Шынында да, жаңа сана
өнiмiн бермейтiн, шығармашылықпен ұштаспаған қиял болмайды. Әр адам өз
Қамар сұлуын, Әйгерiмiн, Төлегенi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиялды зерттеу және дамыту әдістер
Қиялдың физиологиялық негіздері
Қиял жөнінде түсінік
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Жан қуаттары
Қиял – психикалық процесс ретінде
Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде қиялдың дамуы
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Қиялды дамыту жолдары
Қиял және оның бала психологиясындағы ролі
Пәндер