Теоретикалық ойлау - заңдарды, ережелерді тану
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ _______ факультеті
___________________________________ _______ кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:___________________________________ ____________
___________________________________ ________________________________________
Оқытушы: ________________
Студент:__________________
Мамандығы:_______________
Тобы:_____________________
Алматы 2006
Психология тарихының бастапқы кезеңінде, әсіресе оның Европада ХХғ.
аяғында қайта өрлеуі барысында ойлауға деген қызығушылық үстем болды. Ерте
кездегі зерттеушілер ( мысалы, Кюльпе) бақылау ғылыми әдіс болғандықтан,
ойлауды зерттеушілерге ойлап, өз ойын суреттеуді ұсына отырып зерттеген жөн
деп санады.
ХХ ғасыр бойында атақты психологтар, соның ішінде Вундт, Джеймс,
Торндайк, Дьюи, Уотсон және Вертгеймер әрқайсысы өз теориялық моделін
таңдай отырып, ойлау тақырыбына назар аударды.
Соңғы 20 жыл ішінде ойлау психологиялық зерттеулердің заңды тақырыбы
ретінде тағы да өрлеу дәуірін басынан кешіруде.
Ойлау – бұл жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын үрдіс; бұл талқылау,
дерексіздендіру, елестету және міндеттерді шешудің ойша атрибуттарының
күрделі өзара әрекеті барысында қол жеткізген мәліметтердің қайта жасалуы
жолымен іске асады. Ойлау – ақыл-ой әрекетін құрайтындардың үшеуінің
ішіндегі анағұрлым мазмұнды элемент және ол шектіліктен гөрі барлығын
қамтушылығымен сипатталады.
Әдетте ойлау үш негізгі сәтпен сипатталады (Mayer,1983):
1. Ойлау когнитивті, яғни “іштей”, ақылда өтетін үрдіс, бірақ ол
туралы тұжырымды іс-әрекетке қарап жасаймыз. Мысалы, шахмат
ойыншысы өз ойын жүріс барысында танытады.
2. Ойлау – бұл когнитивті жүйеде білімдердің қандай да бір дәрежеде
қорытындыланып қолданылуы (манипуляция) іске асатын үрдіс. Өз
жүрісін алдын ала ойлай отырып, шахмат ойыншысы алдыңғы
мәліметтермен байланысты өткен естеліктерді біріктіреді және осы
жағдай туралы білімін өзгертеді.
3. Ойлау бағытталған және оның нәтижелері кейбір мәселелерді шешетін
немесе оның шешілуіне бағытталған іс-әрекеттен көрініс табады.
Шахматшының ойында әрбір келесі жүріс ойында жеңіске жетуге
бағытталған. Барлық әрекет табысты емес, бірақ жалпы алғанда
ойыншының ойында олардың барлығы шешімге бағытталған.* Біз жоғарыда
психолог Р.Л.Солсоның ойлау туралы пайымдарымен таныстық. Ойлау
туралы Л.Д.Столяренконың пікірі төмендегідей. Біздің қоршаған
ортаны тануымыз сезу мен қабылдаудан басталып, ойлауға өтеді. Ойлау
функциясы – таным шекарасының сезімдік қабылдау шектерінен шыға
отырып кеңеюі. Ойлау міндеті – заттар арасындағы қатынастарды ашу,
байланыстарды көрсету және оларды кездейсоқ сәйкестіктен ажырату.
Ойлау – танылған объектілер арасындағы байланыстар мен қатынастарды
қалыптастыратын, психикалық бейнелеудің анағұрлым жинақталып, жалпыланған
және орталықтанған түрі.
Адамзат мәдениетінен толық алшақтықта өскен адам, біздіңше, дұрыс
ойлауға сол қалпы ешқашан да үйренбейді. Бұл – белгілі жайт.
* Солсо Р.Л. Когнитивная психология. – Москва: Тривола, Либерея,
2002, 422-423бб.
Ж.Годфруа суреттеген джунглиде өскен Виктор есімді бала дәл осындай
жағдайда. Осылайша, ойлау дағдылары мен тәсілдері адам бойында
онтогенезде ортаның – адамзат қоғамының әсер етуі барысында дамып,
жетіледі.
Адамның ойлауының қоғам мәдениеті бекіткен формалары тарихи тұрғыдан
қалай өзгерді? Ойлау қоғам дамуымен дамиды және неғұрлым ұғымдағы
жалпыланған, теориялық ойлауға өтеді. Санның, кеңістіктің және уақыттың
дерексізденуі пайда болып, дамиды.
Өзінің қалыптасуында ойлау екі кезеңнен өтеді: ұғынуға дейінгі және
ұғымдық.
Ұғынауға дейінгі ойлау – бұл баладағы ойлаудың дамуының бастапқы
кезеңі, бұл кезде оның ойлауының ұйымдастырылуы үлкендердікінен өзгеше:
балалардың тұжырым жасауы белгілі бір нақты зат жөнінде біркелкі. Қандай
да бір нәрсені түсіндіруде барлығы да жекелеген, таныс нәрсеге келіп
тіреледі. Тұжырымдаудың көбі – ұқсастыққа немесе аналогияға байланысты
тұжырымдар, өйткені ойлаудың бұл кезеңінде ең басты рөлді ес атқарады.
Дәлелдеудің ең көне формасы – мысал. Баланың ойлауының осы ерекшелігін
ескере отырып, оны бір нәрсеге сендіру немесе бір нәрсені түсіндіру
кезінде адам өз сөзін байқалатын мысалдар арқылы бекітуі керек. Ұғынуға
дейінгі ойлаудың негізгі ерекшелігі болып эгоцентризм (эгоизммен
шатастырмау керек) танылады. Эгоцентризм нәтижесінде бала 5 жасқа дейін
өзіне сырт көзбен қарай алмайды, өзінің жеке көзқарасын пайымдау мен өзге
адамдардың ұстанымын қабылдай алуды талап ететін жағдайларды дұрыс түсіне
алмайды. Эгоцентризм бала логикасының мынадай ерекшеліктеріне жағдай
жасайды: 1) қайшылықтарды сезінбеу; 2) синкретизм (барлығын барлығымен
байланыстыру тенденциясы); 3) трансдукция (жалпыны айналып өтіп, жекеден-
жекеге өту); 4) көлемнің сақталуы туралы ұғымның жоқтығы. Ұғынуға дейінгі
ойлауда компоненттер ретінде нақты бейнелер танылса, ұғымдық ойлаудың
компоненттері ұғым-түсініктер болып табылады.
Ұғымдық ойлау бірден келмейді, біртіндеп, аралық этаптар қатары арқылы
келеді.Л.С.Выготский ұғым-түсініктердің қалыптасуына өтуде 5 этапты бөліп
көрсетті:
1. Бала – 2-3 жаста: бір біріне сәйкес келетін, ұқсас заттарды бірге қоюды
өтінген кезде бала бірге тұрғанның бәрі ұқсас деп есептеп, кез келгенін
бірге қоя береді – бұл бала ойлауының синкреттизмі.
2. Бала екі заттың объективті ұқсастығының элементтерін
қолданады,бірақ үшінші зат осы жұптың біреуіне ғана ұқсас бола
алады – жұптық ұқсастық қатары туындайды.
3. 6-8 жастағы бала заттарды ұқсастығы бойынша топқа біріктіре
алады, осы топты сипаттайтын белгілерді ажырата және атай
алмайды.
4. 9-12 жастағы жасөспірімде ұғымдық ойлау пайда болады, алайда анық
емес, өйткені алғашқы ұғым-түсініктер тірлік барысындағы тәжірибе
қорында қалыптасады және ғылыми дәйектермен бекітілмейді.
5. 14-18 жаста анық ұғым-түсінік қалыптасады, бұл кезде теориялық
пайымдарды қолдану өзіндік тәжірибе шекарасынан шыға білуге
мүмкіндік береді. Сонымен, ойлау нақты бейнелерден бастап, сөзбен
білдірілетін анық ұғым-түсініктерге дейін дамиды.
Ойлаудың түрлері:
1. Байқау әрекет ету ойлауы – заттардың еш дәнекерсіз қабылдануына,
заттармен әреке жасау үрдісінде нақты қай,та туындауға сүйенетін ойлау
түрі.
2. Байқау – бейнелеу ойлауды – елестеу мен бейнелерге тірек ретінде
сипатталатын ойлау түрі.
3. Сөйлеу – логикалық ойлау – ұғымдарымен логикалық операциялардың көмегі
барысында жүзеге асатын ойлау түрі.
4. Теоретикалық және практикалық ойлаудың шешілетін міндеттерімен осыдан
туындайтын құрылымдық және динамикалық ерекшеліктердің типі бойынша
ажыратамыз. Теоретикалық ойлау – заңдарды, ережелерді тану. Практикалық
ойлау негізгі міндеті – шындықты физикалық тұрғыдан қайта туындатуға
даярлық: мақсат қою, жоспар, сызба құру. Практикалық ойлау маңызды
ережелердің бірі ол уақыттың жетіспеушілігі жағдайларында өтед.
5. Индуктивті және аналитикалық (логикалық) ойлау арасындағы айырмашылықтар
да ажыратылады. Әдетте 3 белгі қолданылады: уақыттың ( үрдістің өту
уақыты), құрылымдық (кееңдерге жіктелу), өту деңгейі (танылу немесе
танылмау) . Аналитикалық ойлау уақытқа телулі, нақты этаптары бар,
белгілі бір деңгейде ойлаушы адамның санасында көрініс табады.
Индуктивті ойлау өту жылдамдығымен, нақты этаптарының жоқтығымен
сипатталады, аз танылған болып табылады.
6. Реалистік ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдар
арқылы реттеледі, ал акустикалық ойлау адам тілектрінің жүзеге
асырылуымен байланысты.
7. кейде эгоцентристік ойлау деген термин де қолданылады, ол, ең
алдымен, өзге адам көзқарасын қабылдауға мүмкіндіктің жоқтығымен
сипатталады.
8. Маңыздысы - өнімді және өнімсіз ойлау түрлерін ажырату, олар ойлау
әрекеті үрдісінде алынған өнімнің субъектінің немен шұғылданатынына
қатысты алғндағы жаңашылдық деңгейіне негізделген.
Когнитивистердің ойынша, ойлаудың дамуы ұғым – түсініктерді қолдану
сияқты символикалық үрдістердің дамуымен байланысты. Дәл сол ұғым –
түсініктердің арқасында ғана бала мәліметтерді ұйымдастыра алады және
қоршаған әлемдегі өз әрекетінің нәтижелерін алдын ала бағамдай алады.
Сондықтан когнитивистер, ең алдымен, балалық шақтан ересектікке дейінгі
аралықта бұл ойлау үрдістері қалай өңделетініне, дамитынына және қайта
туындайтынына назар ауарады. Когнитивистік теорияны тұжырымдағандар: Брунер
(1966), Пиаже (1966).
Брунер концепциясы. Брунер, негізінен, саналы өмір мазмұнына қызығушылық
танытады, сонымен қатар оның көзқарастары, Пиажемен салыстырғанда,
әлдеқайда стуктуралистік сипатқа ие.
*Столяренко Л.Д. Основы психологии.- Ростов-на – Дону: Феникс, 2006,
170-176 б.б
Брунер бойынша, біздің әлемді тануымыз, ең алдымен, сезімдік,
қозғалыстық сипат алады. Ешнәрсе де алдымен біздің сезімдеріміз және сыртқы
әлемге бағытталған қозғалыстық белсенділігіміз арқылы өтпей, ойға
бекітілмейді.
Бұл жағдайда шындықтың сенсормоторлық бейнеленуі алғашқы жылдары
қалыптаспайды. Ол бізің бүкіл өміріміздің бойында дамуды жалғастыра береді
– біз жүруді, шаңғы тебуді, сыра мен шарап дәміне қарай сортын ажыратуды,
бүкіл әлемді телескоп немесе компьютер көмегімен зерттеуді үйренген кезде.
Жасөспірімдік және жігіттік кезеңдерде бейнелер әлемі біртіндеп
ұғымдық – түсініктерге, яғни заттардың симолдық елестетугеөтудің стимулы
(итермелеуші күші) ретінде сөйлеу танылады. Брунер бойынша, тіл когнитивті
үрдістерді дамытудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай көзқарасты 1934
жылы Выготский де пайымдаған болатын.
Пиаже концепциясы. Бұл – ойлауды дамыту туралы аағұлым қолданбалы
концепция, ол ағза мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекетке негізделген.
Пиаже бойынша, когнитивті үрдістерді дамуы индивидуумның (тұлғаның) үнемі
оны тепе – теңдіктен алшақтататын қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуге
және сол арқылы осы өзгерістерді бейтараптандыруға деген ұмтылыстарының
нәтижесін білдіреді. Осылайша, сыртқы әсерлер ағзаны, егер белсенділік
құрылымдары бейімделу талаптарын қанағаттандырмаса,оларды неге өзгертуге,не
жаңа құрылымдарды өңдеп шығаруға мәжбүрлейді. Пиаже бойынша ағзадағы
белсенділік құрылымымен қоршаған ортаға бейімдеу екі механизмнің көмегімен
жүзеге асырылады:
1.Ассимиляция, мұнда индивидуум (тұлға) жаңа жағдайды өзінде бар
қрылымға икемдеуге тырысады.
2.Аккомодация, мұнда, керіснше, ескі схемаларды жаңа жағдайға
бейімдейді.
Пиаже танымдық үрдістердің дамуының 3 негігі кезеңін бөліп көрсетеді:
І. Сенсомоторлы кезеңге, ең алдымен, сезімдік және қозғалыстық
құрылымдардың қалыптасуы мен дамуы тән. Бұл кезеңде бала қарайды, естиді,
түртіп, ұстап көреді, иіскейді, дәмін татады, бір затты жыртады, т.б. (2
жас)
ІІ. Нақты операциялар кезеңінде (2-12 жас аралығы) символдық
әрекет көрініс табады. Мұнда символдық ойлау ым-ишара көмегімен, түсінікпен
және тілмен байланысты. Бұл кезең соңында бала нақты шындықты объективті
тұрғыдан талқылау қабілетіне ие болады. Бұл қабілет өсе келіп, келесі кезең
басталады.
ІІІ. Формалды операциялар кезеңі. Мұнда ойлауда өсіп-өрлеу рөлін
болжам жасау мен дедуктивті қорытындылар жасау атқарады. Бұл кезеңде
ұғымдық ойлау қалыптасады*.
* Годфуруа Ж.. Что такое психология? Т.1. – москва: Мир, 1992, 366-373 б.б.
Ойлауды дамытудың тағы бір жолын психолог ғалымдар В.И. Чупрасова,
Н.С. Верешагина көрсетеді. Олар студенттің педагогикалық ойлауын белсендіру
құралы ретінде іскерлік ойынды ұсынады. Іскерлік ойын маманның болашақ
кәсіби әрекетінің затық және әлеуметтік мазмұнын қайта тудырудың, осы
әрекетке тән қатынастар жүйесін модельдеудің формасы болып табылады.
Оқу іскерлік ойыны өндірістің емес, оқыту мен тәрбиелеудің
мақсаттарына бағытталған педагогикалық үрдіс болып қала отырып, болашақ
еңбек контексін тудыру болып табылады.
Маман тұлғасын іскерлік ойында дамыту мыналарға негізделген:
1. оқудың әлеуметтік және тұлғалық жағынан менді уәжділіктері жүйесіне
(ойнау қызықты, оған қоса мамандықпен танысу да қызықты);
2. ұжымдық әрекетте мақсаттың туындауымен мақсаттың жүзеге асырылу
мүмкіндігіне (бірге ойлану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz