Сауат ашу методикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Кіріспе. Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері2

2. Негізгі бөлім4

а) Бала психикасының дамуы. 4

ә) Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процестерінің кезеңдері. 6

б) Сауат ашу методикасы. Оқу мен жазуға үйрету әдісіне тарихи шолу. 9

3. Қорытынды12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:15

1 Кіріспе. Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері

Адамның психикасы ақыл, сезім ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп. атайды. Дүние тануға қажет ақыл - ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі - осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т. б. с. с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жасындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. б. )

Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі, немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жасында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.

Адамның нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндет - баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету. Сонымен психикалық даму дегеніміз жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиалық-физиологиялық есею, нерв жуйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дуниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етуді көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.

Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.

Мектепке алғаш келгенде ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп туады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекеле көз тоқтатады “оқу аумағы” тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанда тусіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың “көру, оқу аумағы” кеңейіп, бірте-бірте буындап оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.

Сауат ашу кезінде бала зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындылық келтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни “ақ аю”, “сары ала” сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланды.

Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер кездеседі. Алғашқы кезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау барысында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.

Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты іске асырады мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т. б) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақтап зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады, саусақ дағдыланады, ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды, сөйтіп бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады. Оқу жазу процестерін таңдаудан шығатын негізгі қорытынды.

  1. Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісты ең басты процестер; сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын буыннан сөз құрастыру. Егер мүғалім талдау жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріпті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланысиырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанда немесе жазылғанда бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттатырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді.
  2. Сауат аша бастаған бала жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын импульс жасалады. ) Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігері мұқайтпай алып шығу мұғілімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, тілінің дамуы жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана методикалық жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

2. Негізгі бөлім

а) Бала психикасының дамуы.

Баланың жан дүниесінің өсіп-даму зандарын білудің мағынасының ролі өте зор. Біріншіден, мұны зерттеу арқылы оның даму жолдары мен заңдарын, алғаш пайда болан адам санасының қалайша бірте-бірте күрделеніп, сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеріп, ересек адамдардың психикасына қалайша айналатынын, сондай-ақ ересектер психикасын зерттеу жұмысына мейлінше пйдалануға болады.

Екіншеден, бала психикалық әректтерінің мазмұнын және оның өсіп даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, оны дұрыс жолға қойюға болады. Себебі, әр жастағыны ғана емес, тіптен біркелкі жастағы балалардың да, әрқайсысының жеке өзгешеліктерін білмеінше, оқу-тәрбие жұмысын көңілдегідей жүргізуге болмайды. Үшіншіден, бала психикасының өсіп даму заңдарын білу дүниетану мәселелерін дұрыс түсінуге өте қажет.

Бала жан иесі болғандықтан тірі табиғаттың белгілі бір мүшесі.

Ал табиғаттың өсіп-даму заңдары мен баланың өсіп даму заңдары бір-біріне қайшы келмейді, қайта үйлесіп отырады. Табиғат та, адам баласы да диалектикалық жаймен дамиды. Баланың психикалық әрекеттері өзінен-өзі не болмаса, сыртқы бір күштің әсерінің нәтижесінен, секірмелі дамудың және бірнеше жағдайлардың күрделі неше түрлі қарым-қатынас байланыстарының нәтижесінен туады.

Бала психикасының дамуы биологиялық жағдайлар мен нақтылы тарихи әлеуметтік жағдайлар арқылы белгіленіп отырады. Бұл шарттар болмаған уақытта адамға тән психикалық әркеттер де дамымайды, бірақ бұл жағдайларды бір-бірінен бөліп алып, жеке-жеке механистік түрде қарауға болмайды, бұл екеуін тұтас бірге алып қарастыру керек.

Баланың психикалық әрекеттерінің сипаты олардың мазмұқнымен байланысты. Ал психикалық әрекеттердің мазмұны баланың тіршілігімен, оның айналасындағы адамдармен, дүниемен, ондағы байланыстармен қатысы арқылы белгіленіп оттырады.

Сондықтан баланың өзінің айналасындағы дүние мен ойын, оқу, еңбек, т. б арқылы байланысып, белсенді түрде әрекет етуі психикалық дамуына өте коректі шарт болып табылады.

Оқу мен тәрбие-қоғамның балаға тигізетін ең күшті әсерлерінің бірі. Оқу-тәрбие жұмысында балаларды адам баласы тарихында жиналған мәдениет мұрасымен (ғылым, техника, өнер) таныстырып, оларға бір жуйелі және тиянақты білім беру, адамгершілік рухында тәрбиелуі арқылы олардың психикасын дамытып отырған жөн. Баланың псикалық дамуындағы оқу-тәрбие жұмысының ролі жөнінде Швейцария психолыгы Ж. Пиаж былай дейді: “Даму процесі оқу-тәрбие процесінен тым күрделі, ол оқу тәрбие кезеңінен бұрын болады, яғни даму тәрбиенің, оқудың алдын ала жүреді. Бала оқу бастау үшін оның психикалық дамуы тиісті бір дәрежеге жетіп, пісіп туруы қажет. Оқу дамудың үстемешісі ғана болып табылады, ешбір өзгертпейді, себебі екеуі басқа процес”.

ә) Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процестерінің кезеңдері.

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды.

Атақты физик М. Лауэ оқу білім жөнінде айта келіп: “Білім -бүкіл оқығандардың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны”, - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне, нағыз білім - осылар! “Дағды, - деп көрсетеді психолог С. Л Рубинштейін - саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады”.

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әректтерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін он өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процес, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог

П. Я Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеу бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелденді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да,

оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы жене т. б) Ақыл ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:

  1. Ақыл ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптпастырудың өзі балаларға бағыт беру түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі.
  2. Әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі; басын қисайтып, иығын бүкірейтіп; бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып; шынтағын көтеріп; саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы) .
  3. Әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады) . Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп- бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады) .
  4. Әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады.
  5. Дағды мен шеберліктің толық қалыптасып бітеді.

Сауат ашу кезеңінде мұғалімднер балаларды оқу-жазу әрекетін үйретуге осы көрсетілген “атылы қалыптастыру” жүйесін сақтауға тиіс.

Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынандай шеберлік қалыптастыруға тиіс: 1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру; 2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу; 3) сөздердегі жуандық белгі; (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу; 4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу; 5) әліппедегі текстерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу; 6) қарапайым текстерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру; 7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу; 8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу.

Сауат ашу кезеңінде балаларда мынандай дағдылар қалыптасады:

  1. Сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;
  2. Көлемі шағын текстерді саналы, түсініп оқу
  3. айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу
  4. жазған сөздерін тексеріп отыру
  5. әріптерді бір-бірімен жалғап жазу оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынандай талаптар қойылады:

а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденен сызығынан ауытқымау

ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу

б) әріптердің бірін онға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпта сақтап (сөздер бір-бірінен м әріпінің көлемендей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г) бірте - бірте жазу қарқынын тездету .

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық кластарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар

а) дәптер партаның үстіне баланың кеудесінің қақ ортасына тұра келетіндей болып, көлбетіле қойылады.

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады.

Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б ) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа отырғаны дұрыс;

партаға көкіректі тіремеу керек, өйткені бұл тынысты тарылтады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады.

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғары жақ ұшы оң иықтың тұсына келетіндей жағдайда болғаны жөн

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см. cақтауға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элемент-терін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршамайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы ) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

б ) Сауат ашу методикасы. Оқу мен жазуға үйрету әдісіне тарихи шолу.

Ана тілі методикасының ең ежелгі түріне сауат ашу әдісі жатады. Хат тану, жаза білу, т. б халықтардың жалпы білім алу жолындағы ғасырлар бойы ізденісінің қайнар бұлағы іспетті өте маңызды роль атқарды. Хат танудың өмірдегі сан алуан қажеттілігіне қарай қоғам дамуының әр кезеңінде оқытудың әдіс тәсілдерін іздестіріп, он бірте-бірте жетілдіре, жеңілдете түсу амалдары қарастырылып отырған. Мектептердің жұмыс тәжірибесінде оқуға және жазуға үйрету методының үш тобы бар деп саналады. Олар:

  1. Синтетикалық
  2. Аналитикалық
  3. Аналитика-синтетикалық

Бұларды қазақша 1) жинақтау; 2) талдау ; 3) талдау-жинақтау әдістері деп атай береміз.

  1. Синтетикалық әдіс.

Бұл әдіс бойынша оқытқанда балаларға әуелі әріп көрсетіледі, әріптің дыбыстық мәні үйретіледі, әріптерден буын, буындардан сөз құрастырылады. Оқыту процесі бойынша қосу тәртібімен жүреді де, құрастырған буын да сөз де қайтадан дыбыстарға ажыратылмайды, яғни талдау жасалмайды. Егер әріптерден буын құрастыру жұмысы ғана жүргізілсе, әріптік жинақтау әдісі, ал, оқушыларға бір ден буындар көрсетіліп, қосып оқытылатын болса, ол буындық жинақтау әдісі деп. аталады.

  1. Аналитикалық әдіс.

Бұл әдіспен оқытқанда, балаларға әуелі тұтас тақтада жазылған сөз көрсетіледі, ол буындарға бөлінеді. Сөзді буындарға ажыратып, буындарды дыбыстарына зер салмастан жаттатып үйрететін әдісті буындық талдау әдісі деп. те атайды. Мұнда да буындар қайтадан жинақталмайды.

  1. Аналитика-синтетикалық оқыту әдісі.

Сөзді оны құрамды элементтеріне ажыратып, одан кейін сол сөз бөлшектерін қайтадан құрастырып, тиісті сөзді бастапқы қалпына келтіру түрінде жүргізіледі. Бұл әдісте қолданылу ерекшеліктеріне қарай буындық және дыбыстық болып бөлінеді. Егер сөз тек буынға ғана талданып, одан қайта тұтас сөз құрастырылса, онда буындық талдау-жинақтау әдісі де делінеді. Егер сөз буындарына ғана емес, одан әрі дыбысқа дейін ажыратылып, сол дыбыс әріптерінен буын, буындардан барып тұтас сөз жинақтауды дыбыстық талдау-жинақтау әдісі деп. атайды.

Сауат ашу әдістері тарихында қолданылған жоғарғы үш түрлі әдістің ішінде аналитика-синтетикалық әдіс кейінен қолданылады. Ал, синтетикалық және аналитикалық әдістер жеке -дара түрінде қолданылмайды.

Мектептерде ежелден бері қарай қолданылып келген оқуға және жазуға үйрету әдістерінің төрт түрі бар:

  1. әріп қосу әдісі
  2. буын әдісі
  3. дыбыс әдісі
  4. тұтас сөз әдісі

1. Әріп қосу әдісі . Ежелгі Грециямен Римде бұдан екі мың жыл бұрын пайда болып, оқу, жазу мәдениеті қалыптаса бастаған халықтардың көбіне тараған ең көне әдіс деп саналады. Әдіс Россия мектептерінде XVI ғасырдың орта шеніне дейін 300 жыл бойы қолданылды. Әріп қосу әдіснің негізгі объектісіне әріп алынады. әріп қосу әдісімен сауат ашуға үйрету жұмысы орыс мектептерінде төрт сатылы тәртіппен жүргізілген. Әуелі әріптен алфавит бойынша түгелдей жаттатылады. Әріптер екі славян сөздерімен аталады. Мысалы: а-аз, б-буки, в-веди, г-глагол әріп аты болатын сөздің бірінші әрпі белгілі бір әріппен сәйкес келетіндігіне қарай бұл әдісті азбука әдісі деп атаған. Ал қазақ жеріндегі ислам дініне негізделген медреселерде азбука әдісіне ұқсас Әліпби әдісімен оқытқан.

Екінші сатыға буындар жатады және буындар жаталады. Бұл жұмыс алдымен екі дыбысты ашық буын, содан соң тұйық буын, ақырында, үш дыбыстан құралған ашық буынды жаттаужолымен жүреді. Балалар мұғалімнің әріп аттарын атап буын құрауға ілесіп айту жаттығу арқылы көптеген буынды жатқа алып дағдыланған. Мысалы: бу-ки-аз-ба; веди-, аз-ва. Үшінші кезенде балалар ежіктеу жолымен тұтас сөзді оқиды. Төртінші сатыда буындарды әріптен құрамай-ақ тікелей оқыған. Одан әрі жатқа алған буындар арқылы құрастырылған сөздерді тұтас оқиды.

2 . Буын әдісі де әріп қосу әдісі, сияқты синтетикалық әдіске жатады. Буын қосу әдісінің ережесі: оқи алу үшін әріптерді тану, әріптерденбуын құрай білу, бундарды жаттау, содан соң ғана тексті оқуға кірісу . Бұл да римдіктер бастап қолданған көне әдіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Қазақ тілінің сарфы
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz