Еңбек дағдыларының мардымсыздығы төменгі сынып оқушыларына тән қасиет


Жоспар
Кіріспе3
II. Негізгі бөлім4
I. Еңбек. Шаршау мен болдыру4
II. Еңбек тәрбиесі6
III. Қорытынды8
Қолданылған әдебиеттер9
Кіріспе
Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, нанаым- сеніміне, мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу - келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.
Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өңдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б ) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.
Еңбек- адамның рухани және ден күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірбиені пайдаланып, тиісті құралсаймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі. Осылайша еңбектің адамның өзінің өмірлік қажетің қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіреді.
Өзектілік: демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған . Адамзат еңбекті, еңбекті құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп, кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болар еді. Өйткені ерте замандарда еңбек түрлері, еңбек құралдары мен еңбек ету жағдайлары қазіргідей емес, мүлде қарапайым, жабайы сипатта болғаны, ақын айтқандай, «тек бір тамақ деп жорта берудің» шеңберінде болғаны белгілі. Тек бертінде, келе- келе ғана, еңбек бөлінісі негізінде, тек қана күнкөріс талабын қанағаттандыру аясынан босануға мүмкіндік туды. Ол өз ретімен басы артық құлқыннан құтылу( өлтіру) сияқты қатыгез салт-ғұрыптардын қолданудан шығып қалуына алып келді. Оған адамнын басқалар үшін де өндіруді үйренуі себеп болды.
Өндіргіш күштердін одан әрі дамып, өркендеуіне байланысты еңбек бөлінісі терендей, тармақтала түсіп, еңбектің түр- түрін көбейтті. Және оның саны ай сайын, жыл сайын дегендей, тоқтаусыз артып, молайып барады. Сонымен қатар еңбектің жана түрлерінің шығыуымен көне түрлері қолданудан қалыпта жатыр.
Мақсаты: адамның жеке тұлға ретіндегі мінез-құлқының қалыптасуы, оның өзін-өзі басқару мен тұрмыста тәлтіректемей, табанына тік басып, мығым тұра біліуі іс - қимыл шеберлігінің дамуына байланысты. Адамның осы сапалық қалыптасуындағы шешуші фактор- еңбек болып табылады. Ерікті еңбек адамның шығармашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып, оны жүзеге асыруға жігірлендіреді.
II. Негізгі бөлім
I. Еңбек. Шаршау мен болдыру
Адам психологиясын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі- еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: « …Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетіліуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантынтудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағна болса ғана туады». Ұлы педагог еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым - қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі - оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметтерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейіпділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.
Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, нанаым- сеніміне, мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу - келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналығымен сезіну еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.
Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғасға қажетті материалдық игіліктерді өңдірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.
Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой- санасының өсуі, білім жүйесі мен дағдының оөдағыдай қалыптасуы еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді, техниканың тетігін біліп, оны басқару оңайланады. Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі есзініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, ұқыпты адамның қолынан ғана келеді. Оған күшті ерік жігер, қажыр - қайрат керек. Жалқау, керенау адамда творчестволық еңбек болмайды. Әрбір ынтымақты ұжымда еңбек өнімділігін арртыру - ең негізгі мәселе. Мұндайда адам еңбекке ынталы кірісетін болады, еңбекке байланысты тұрақты қызығу қалыптаса бастайды. Адамда еңбек дағдылары мен іскерлік, шеберліктің жақсы ұштасып келуі, адамдардың өнердегі өнертапқыштығын, творчествосын арттырады, оның ақыл-ой әрекеті жан-жақты дами бастайды. Мұғалімдер балаларды еңбектің кез-келген түріне, одан шығатын нәтижелерге сый -құрмет көрсету рухын да (еңбекке өте ұқыптылықпен қарау, онын ысырабына жол бермеу, еңбек үстінде болатын барлық берекесіздікке қарсы аяусыз күресу) тәрбиелеп отыруы тиіс.
Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуі де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі - еңбек процесінің нақты көріністері. Баланың жасы өскен сайын, еңбек дағдылары да қатая түседі, оның шеңбері кеңіп, мазмұны тереңдейді.
Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі - баланы жүйелі түрде еңбек дағдыларына үйретудің бірінші қадамы. Оқушының еңбекке дағдылануы бірден дамымайды. Өйткені бала бірден өзінің еңбек етудегі мақсатын түсіне қоймайды және одан нәтиже шығарамын деп те ойламайды. Еңбектің адамның қандай қажетіне жарайтының, оның қоғамдық мәнін бала айқын түсінетін болуы қажет. Еңбек сабағы зейінді тәрбиелеудің де ең жақсы құралы. Өйткені тіпті кішкентай еңбектің өзі(инені сабақтау) зейіннің бір жерге жиналуын, дәлдікті, күш салуды қажет етеді. Еңбек дағдыларының мардымсыздығы төменгі сынып оқушыларына тән қасиет. Мұндай жағдайды, мәселен жазу дағдысын қалыптастыру кезеніңде де байқауға болады. Ол жазуға бүкіл денесін (ауыз жыбырлату, көзін шүйілту, аяғын тіреу, мезгіл - мезгіл дем алу т. б. ) қатыстырады. Осы жайт еңбек сабағында да байқалады. Бұл оның организмін тез шаршатады.
Қарапайым еңбек құралдарына (қайшы, ине, жіп, желім, түйреуіш т. б. ) машықтанған оқушылар бүтіндей күрделі аспаптармен жұмыс істей алуға біртіндеп үйреніп кетеді. Адамның балғын кезінде алған еңбектік дағдылары өмір бойына сақталады. Сондықтан төменгі сыныптарда осы дағдылардың әдемі де оңтайлы берік болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлу қажет. Егер еңбек сабағы белгілі жоспармен педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, балалар оған бар ынтасымен кірісетін болады. Төменгі сынып оқушылары көбінесе еңбектің нәтижесінен гөрі, оның өзіне (қайшы мен қағаз қию, инемен тігу т. б. ) қатты зейін қояды. Оларда еңбек мотивтері көріне бастайды. Бала нендей зат болса да өз кәдесіне жаратуды ұнатады. Біраз уақыт бойына баланы еңбек етуге итермелейтін осындай мотивтерді қолданған дұрыс. Өйткені бұл оның еңбекке деген икемділігін, ықыласын арттыра түседі. Бұл кезде еңбектің қоғамдық мәнің көп сөзбен айтуға бара бермеу керек. Бала заттарды өзім тұтынам деген ниетпен істейтін болса, оны барынша жақсы жасауға тырысады. Кейін үшінші, төртінші сынптарға барғанда, еңбектегі жеке мотивтер қоғамдық мотивтерге жол бере бастайды. Оқушы біртіндеп өз еңбегінің қоғамдық мәніні түсіне бастайды.
II. Еңбек тәрбиесі
Төменгі сынып оқушылары шаршағанына қарамай қимылдайды. Өйткені олар шамасының келу-келмеуіне қарамастан, іске қызу кіріседі. Көбінесе еңбек тәртібі сақтала бермейді. Олардың бірі қағаз қиса екіншісі желімдейді, үшіншісі тағы бір іспен айналысады. Істелген істің сапасына мән беріп жатпайды, жаман болсын жақсы бір зат істеп шығардық деп ойлайды. Бұл - көбінесе бірінші сыныптағыларға тән қасиет.
Бала біртіндеп еңбек ету арқылы көп нәрсені үйреніп білетініне көзі жете бастайды. Мәселен үшінші сыныптағы балада “осы мен не істей аламын екен?” деген ой туады да, осыған байланысты әрекет ету басталады. Оның өзіне-өзі үңілуі, өзінің қабылетін сынап көруі - өте құптарлық іс. Егер ол өз қолынан бір нәрсе істеп шығарса, “Ту мен де істей алады екем ғой”, - деп төбесі көкке жеткендей масаттанады. Бұл оның психологиясына жағымды әсер етеді. Еңбек тапсырмаларын орындау кезінде оқушыларды өзін-өзі бақылай білуге үйретудің маңызды екені белгілі. Өзіне-өзі бақылау жасап, өзіне-өзі есеп беру еңбек әрекетінде қажетті психологиялық сапалардың (жауап-кершілік, инициативалық, дербестік, белсенділік, тәртіптілік т. б. ) қалыптаса түсуіне де көмектеседі. Бастауыш сынып мұғалімдері сыныпта өтетін еңбек сабақтарын қоғамдық пайдалы еңбекпен тығыз ұштастыру арқылы үлкен тәрбиелік мәні бір жұмыстар істейді. Мәселен, оқушы тіккен кестелі орамалды Халықаралық әйелдер мерекесі күні анасына сыйласа, өз еңбегінің кәдеге жарағанына қатты риза болып, алдағы уақыттарда бұдан да жақсы істеуге талпынатын болады. Әрине, мұндай істерге мұғалімдердің ақыл-кеңестері керек-ақ.
Кейбір мектептерде еңбек сабақтарына немқұрайды қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Ал осындай мұғалімдердің оқушылары сабақтан тыс кездерде болатын қоғамдық пайдалы жұмыстарда тәртіпсіздік жасауға дейін барады. Әрине, мұндай ұйымдаспаған, мақсатсыз еңбек оқушыларда (әсіресе отбасында еңбек тәрбиесін жөнді көрмеген балаларда) салдыр-салақтық, тәртіпсіздік, әдепсіздік сияқты теріс мінездің орныға түсуіне итермелейді де, үлгерімі мен тәртібі жақсы деп жүрген балаларға кері әсер етіп, оларды енжар, селсоқтық жағдайға түсіретін болады. Кейбір мұғалімдердің осындай ісіне қынжылу жеткіліксіз, ондайлармен басқаша сөйлескен ұрыс. Бастауыш сыныптарда еңбек сабағын ұйымдастыру мұғалімнің методикалық шеберлігін аса қажет етеді. Мәселен, мұғалім балаға жөнді талап қоймайтын болса, бала бұған “еті өліп” үйреніп кетеді де, еңбек сабағын “дем алудың”, “тыныстаудың” бір түрі деп ойлайтын болады. Сондықтан басқа сабақтарға қандай талаптар қойылатын болса, еңбек сабағына да сондай талаптар қойылуы қажет. Мұғалім еңбек сабағының баланы табандылыққа, мақсатқа ұмьылуына, өз бетіменістеуге талпынушылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуде басқа “пәндік” сабақтардан гөрі біраз артықшылығы бар екенің үнемі есінен шығармауы тиіс. Өйткені оқу мен тәрбиенің егіздігі, бізге әр нәрсенің тәрбиелік жағынанбаса назар аударып отыруды қажет етеді. Мұғалім сондай-ақ кейбір оқушылардың еңбекке икемсіздігінің нақты себептерін тауып, олардың еңбекке көз-қарасын дұрыс арнаға түсірумен қатар тиісті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды ойластыруы қажет. Еңбек сабақтары оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек балаларды ұйымшылдық пен тәртіптілікке, зейінділікпен бақылағыштыққа баулиды. Мұғалім еңбек үстінде өзі оқытып, тәрбиелеп жүрген шәкірттерін жан -жақты зерттеп білуге мүмкіндік алады, олардың творчестволық мүмкіндіктері мен қабілеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілікпен қосарластыра дамытатын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz