Сезгіштік және түйсік табалдырығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

ТҮЙСІК3

1. Түйсік туралы түсінік3

2. Түйсіктің физиологиялық негіздері4

3. Түйсіктің жалпы заңдылықтары5

ҚАБЫЛДАУ7

1. Қабылдау және оның физиологиялық негізі7

2. Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар8

3. Балаларда қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы9

ОЙЛАУ10

1. Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы10

2. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы11

ЕС13

Ес жайындағы теориялар13

Қорытынды15

Қолданылған әдебиеттер16

Кіріспе

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол - күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психолгияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып атылады. Оған психикалық әрекеттер әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне тән.

Психология, психика деген түсініктер гректің «псюха» - жан деген сөзінен шығады. «Логия» - ілім. Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ψ (псю деп аталатын грек әрпі) . Сонымен, психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз.

ТҮЙСІК

1. Түйсік туралы түсінік

Түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеудің процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шьшдықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелерін көрсетіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі - диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік - тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер - ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол - адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады. Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ. Алайда, сезімдік бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.

Дүниетанудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы - абстрактылы - теориялық ойлау. Ол - тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы - теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, езі танып білген бейнелердің мән - мазмұнын еңбектену процесіндегі іс - әрекеттерімен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын керсетеді.

2. Түйсіктің физиологиялық негіздері

Түйсіктің табиғи - физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы іске асады. Қибернетика ғылымының анықтауынша, адам өзін - өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сейтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.

Бірінші бөлік - рецепторлар - түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады.

Екінші бөлік - өткізгіш бөлім - сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен козу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады.

Үшінші бөлік - мидағы орталықтар. Бұл - талдағыштардың негізгі бөлімі. Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше - мидағы осы орталықтар.

Функциялардың динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алкап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қарым - қатынаста, өзара тығыз байланыста болады. Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін кбрсетеді. Ми қабығының мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.

3. Түйсіктің жалпы заңдылықтары

Біз түйсіктердің заңдылықтарын мынадай екі түрге бөліп қарастырамыз. Бірінші - түйсіктер мен тітіркен - діргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалык заңдылықтар; екінші - түйсіктер мен сезім мүшелерініц қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар.

Сезгіштік және түйсік табалдырығы. Талдағыштардың рецепторларына осер еткен тітіркендіргіштердің бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштіц белгілі бір дәрежелік мөлшері және күші болуы керек. Бұл жардай түйсіну процесіндегі түйсік табалдырығына байланысты. Түйсіну табалдырығының шегі - абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы деп өте нәзік сезілетін түйсік туған кездегі тітіркендіргіштің азғана шамасын айтады. Түйсік табалдырығы екіге бөлінеді, яғни: төменгі минималдық табалдырық және жоғарғы максималдық табалдырық. Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің төменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Мәселен, бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықылын естімейді. Себебі, сағат тықылының күші абсолюттік табалдырыққа жетпейді. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, өткір болады. Басқаша айтқанда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолюттік табалдырығының мөлшеріне кері пропорциялы болады.

Түйсінудің абсолюттік табалдырығы төмен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады. Мұны мынадай формуламен көрсетуге болады:

Е- абсолюттік сезгіштік; Р - абсолюттік түйсіну табалдырығы; 1-ге бөлінген. Формула анықтамасы мынадай: егер абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары болады. Абсолюттік сезгіштіктің, саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты. Ондай себептерге адамның іс-әрекеті, жасының ерекшелігі, рецепторлардын, қызметі, тітіркендіргіштердің күші мен әсері, мерзім үзақтығы жатады.

Табалдырық түрлерінің абсолюттік сезгіштігі әр адамда әр түрлі. Мәселен, сіздің сыбырлап айтқан сөзіңізді бір бала едәуір алыста тұрып естиді, ал екінші бір бала ондай аралықтағы сөзді ести алмайды. Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің екінші баланыкіне қарағанда күштірек екендігін көрсетеді. Адам талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары ексндігін академик С. И. Вавилов зерттей отырып, адамның көзі жарық қуатының 7-8 квантасына (квантаны фон деп те атайды, ол - жарық энергиясының ете кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір атмосфера жағдайында көздің 1 км жерден шамның мыңнан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы дәлелденді.

Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан әрі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен 1 секунт ішінде 20 000 герцке тең. Алайда, адамның даралық ерекшелігіне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғарғы абсолюттік табалдырығы 15 000 герцтен аспайды.

Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырыгы делінеді. Айыру табалдырыры дегеніміз - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердіц минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір лкжс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецепторы үшін айыру табалдырығы болады екен. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса, хор аздап қана артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатынаста болып, егер одан аз мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды. Сондай-ақ, қолға түсірілетін салмакты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрып, оның ауырлаған салмағын байқау үшін оған тағы да 3-4 грамм салмак косу керек, ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34 грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағанын түйсіну кинестезиялық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің айыру формуласын Вебер - Фехнер мынадай етіп қүрған: S=КlgІ+С

S - түйсіну қарқыны; I - тітіркендіргіштің күші; К және С - тұрақтылық (константтар) .

Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анық. Мұны - психофизикалық заңдылық деп атаймыз. Бүл заңдылықты тұңғыш рет ашқан - неміс физиологі Э. Вебер (1795-1878) және неміс физигі Г. Фехнер (1801 - 1887) . Сондықтан бұл заң психологияда Вебер - Фехнер заңы деп аталады. Осы заң бойынша, егер тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен өсіп отырады. Бүдан түйсіктің күшеюі тітіркендіргіштің үлкеюіне пропорциялы емес, анағұрлым баяу өсіп отыратынын көруге болады. Мысалы, шартты түрде тітіркендіргіштерді 10, 100, 1000, 1 деген цифрлармен көрсетсек, түйсік күшінің өсу қарқының 1, 2, 3, 4 деп сипаттауға болады.

ҚАБЫЛДАУ

1. Қабылдау және оның физиологиялық негізі

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы, «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған суық бір нәрсе жармасты» деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп түрған жеміс ағашы. Қабылдау - затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, үстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидың қабығында қосылып, біртұтас болып бірігеді. Сөйтіп, біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес процесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттандырып, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортқа жататыны туралы ойланып, өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және қимыл - қозғалыс , кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.

2. Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар

Қабылдау барлық адамдарда бірдей бола бермейді. Мұнда топ адамдарға тән типтік айырмашылықтар да бар. Француз психологі А. Бине адамдардың қабылдауын арнайы зерттеп, оның типтік сипатта болатынын әдейі жүргізген тәжірибелер арқылы көрсетеді. Мысалы, біреулер езі тартқан шылымына қарап отырып, оның түрін, сипат - ерекшелігін тәптіштеп айтып береді. Ал, екінші біреулер шылым туралы керген - білгенін әңгіме етеді. А. Биненің зерттеуі бойынша, алғашқылары - баяндау типі, екіншілері - түсіндіруші тип.

Қабылдауда кабылданған нәрселердің қасиет - сипаттарына, ұсақ - түйектеріне мән бермеу сияқты біріктіруші (синтездік) және заттардьщ ұсақ - түйегінен шыға алмау тәрізді талдаушы типтер де кездеседі. Халық даналығында бүл типтер - «Көрмес түйені де көрмес», «Түймедей нәрсені түйедей етіп керсету» дегендей анықтамаларға ие. Икемді тип - талдағыштық-біріктіруші тип. Қабылдаудағы объективтік және субъективтік типтер де өмірде кездесе береді.

3. Балаларда қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы

Баланың қабылдауы түйсіну, ойлау процестерімен қатар дамып, қабылдаған нәрселердің атын, мәнін біліп отырады. Бұл - қабылдау процесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың өмір тәжірибесі аз болғандықтан, қабылдауы үстірт болады. Мысалы, 4-5 жасар бала уақыт пен кеңістікті, алыс-қашықтықты нашар ажыратады. Балалардың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбие, мен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.

Балалар қабылдауының күрделене түсуі оның бақылағыштығымен тығыз үштасып жатады. Байқаудың қарапайым түрі 1-сынып оқушыларында да бар. Мысалы, олар қоңыздың мүртшасы, көзі, табаны бар деп көргендерін тізбелеп айтады.

Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаптар мен шарттар мектепте бірізділікпен жүйлі түрде жүргізіліп отырылуы кажет және ондай талаптардың максат-міндеті - шәкірттердің танымдық процестерін неғұрлым жетілдіре түсу болуы шарт. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:

1. Көрнекі құралдарды колдану (модельдер, суреттер мен кестелер, коллекциялар мен муляждар, сызбалар т. б. ) .

2. Қабылданған нәрселердің мән-жайын, жалпы, ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру. Әдебиеттегі жеке кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау.

3 Дабылданған нәрселерді салыстырып отыру. Осы әдістің білімдік-тәрбиелік мәнін толық пайдалану.

4. Қабылданған нәрселердің мән-мазмұнын, түр-сипатын өздеріне кайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.

5. Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру. Ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру. Дұрыс қабылдауға әдеттендіру.

Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру баска да психикалық процестермен (ойлану, сейлеу, есте сақтау, сезім-эмоциялармен) тығыз үштастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау түйсікпен салыстырғанда, әлдекайда күрделі және ол адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады. Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мүғалімі, мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Үлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегені осыны білдіреді.

ОЙЛАУ

1. Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы

Адамның өз өмір-тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді. шешу жолында кезлесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім қүбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының қүпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді.

Сонымен, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

2. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы

Дүниетану тікелей сезімдік процестер - түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер - түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты. Елес - заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі - сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің шындығы және оның санамызда бейнеленуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін, сол қасиеттердің жиынтығы арқылы нәрселердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестеді. Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі-қасиеттері мен мән-жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және де заттар мен құбылыстардың езара байланыстарын, бір тектес нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Мысалы, заттардың, әсер еткен нәрселердің жылылығын, оньщ температурасын тек жанама әдіспен, термометр арқылы ғана анықтауға болады. Ал ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайға түспейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Түйсіктің психофизикалық теориясы
Дəм түйсіктері
Түйсік туралы ақпарат
Түйсіктің қасиеттері
Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
Түйсіктер туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz