Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Білім және ғылым министрлігі

Еуразия академиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: « Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау»

Орындаған: 513-топ студенті Сисенғалиева Р. Ш

Тексерген: Исмагулова А. И

Орал 2009 ж

Бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау

Бухгалтерлік қызметтер қазіргі таңда көрсетіліп отырған қызметтер түрі тұрғысынан қарайтын болсақ ең тиімді ұсыныс болып табылады. Біз Шымкент қаласы аймағында сіздің ұйымыңыздың бухгалтерлік есебін жүргізу және бухгалтерлік сүйемелдеу бойынша қызметтерді ұсынамыз. Бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымдардың көрсетуінің артықшылығы мынады - әркім өз ісімен кәсіби тұрғыда айналысады.

Біз бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингін ұсынамыз : сіз кәсіпорыныңызға бухгалтерлік қызмет көрсету қызметін біздің компанияға тапсырасыз. Табысты бизнесмендер түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін бірнеше заңды тұлғаларды құрған кезде немесе дара кәсіпкер үшін бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингі Шымкентте ерекше өзекті мәселе болып табылады және олардың бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру қажет болады, ал, бұл қосымша, тіпті кейді болмайтын шығындарға алып барады.

Бізбен сіздің ұйымыңызға бухгалтерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасып, сіз бас бухгалтердің жалақысына, оның жұмыс орнын ұйымдастыруға, бағдарламалық қамсыздандыруға және оған қызмет көрсетуге кететін қаражатты үнемдеп, есептілік туралы абыржымайтын боласыз.

Бухгалтерлік қызмет көрсете отырып, біз өз ісімізге жауап береміз, сапасына және коммерциялық ақпараттың құпиялылығына, есепті толассыз жүргізу, салық салуды кемелдендіруге, біздің жұмысымыздың нәтижелерінің сыртқы (мемлекеттік органдар, инвесторлар, кредиторлар және т. с. с. ) және ішкі пайдаланушылар алдында сенімді және сақ болатындығына кепілдік береміз.

Кәсіби бухгалтерлік қызметтер сізге басқарушылық шешім қабылдау үшін өз ұйымыңыздың қаржылық ахуалы туралы шұғыл ақпарат алуға, қажет болған жағдайда - бухгалтерлік және салық есептері сұрақтары бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік қызмет көрсету барысында біздің мамандарымыз сіздің бизнесіңізді дамыту үшін барлық жағдайларды жасауға тырысады.

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты - ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

  • Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
  • Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
  • Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
  • Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
  • Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
  • Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
  • Типтік шаруашылық шарттар альбомы
  • Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
  • Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
  • Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
  • Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
  • Өзге де құжаттар

2. Бухгалтерлік есепті жүргізу

Бухгалтерлік есеп дегеніміз - мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:

  • есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
  • есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін
  • есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін

Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:

  • бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
  • жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну
  • ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
  • барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
  • банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу
  • типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
  • есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
  • жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
  • тіркелген активтерді есептеу
  • жалақыларды есептеу
  • ішкі қаржы есептерін жасау
  • барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.
  • бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау

3. Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Каспий - Балық өндірістік кооперативі
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
Бухгалтерлік есеп және аудит
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы туралы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау
Қаржылық есеп беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz