Бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік есептің мәні


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Атырау политехникалық колледжі
Реферат
Пәні : «Бухгалтерлік есеп»
Тақырыбы : «Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары»
Дайындаған:
Тексерген:
Атырау -2008
Есептік өлшеуіштер
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т. с. с. шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көметімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын рпайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын) шаруашылық құралддарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс - әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Есеп түрлері
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп - кәсіпорынның іс - әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы - мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспетчерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.
Статистикалық есеп - экономиканың әртүрлі саларында жалпылама - көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп - кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай - ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқалары арттылады.
Салықтық есеп - бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есебі кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
- Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және
басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым - қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:
- Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және
басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, траспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым - қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:
- өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға
байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленеуі:
- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері: өткізу жөніндегі шығындар (буын -
түю, орау, іріктеу, тасымалдау) : субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте- бірте тозады, жөңдеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте - бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер - бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай - ақ рецентура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте - бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыноктағы да сату - сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында « тұрақты, белгіленген активтер » (Салық кодексінің 105- бабы) белгіленген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар - субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе процент түрінде қосыма экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.
Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады.
Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру немесе оларды сол кәсіпорынға бекіту белгілі ретінде санынан.
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу
Жарға капитал
Резервтік капитал
Бөлңнбеген кіріс (жабылмаған шығын)
Қарыздар (қысқа және ұзақ мерзімді
Жабдықтаушылар мен және мердігер лермен есеп айырысулар
Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысулар
Жинақтаушы зейнет ақы қорларымен есеп айырысулар
Жинақтаушы зейнет ақы қорларынсыз есеп айырысулар
Қызметкерлермен еңбек ақы және басқа да кредиторлармен есеп айырысулар
2-сызбаның мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың келесі көрсетілген бөліктерге байқалады:
Меншікті капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (арғы капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс)
Жарғылық капитал - құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде болған сомасы және жарғыда көрсетіледі, мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы ғана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс- әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын отыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) - барлық шығыстар мен салық кейінгі шығарылатын кірістін қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т. б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қайтарылуға тиісті.
Қаражат түрлері мен пайда болу көздері бойынша топтастырайық
1. «Ғимараттар мен үйлер»
2. «Бітпеген өндіріс»
3. «Ағымдық шоттағы ақша»
4. «Кассадағы колма қол ұлттық валюта»
5. «Шикізат пен материалдар»
6. «Отын»
7. «Басқа дебиторлармен есептесулер»
8. «Дайын өнім»
754000
25000
62410
1090
80300
92800
2000
55600
1. «Қызметкерлер мен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар»
2. «Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есептеу»
3. «Жарғы капиталына салымдар мен есептеулер»
4. «резервтік капитал»
5. «Бактің қысқа мерзімдік қарызы»
6. Басқа кредиторлармен есептесулер»
7. «Жабдықтаушылармен есептеулер»
8. «Бөлінбеген табыс»
9. «Бюджетпен есептесулер»
14000
1400
787000
55000
16000
2500
42300
15000
6
Бухгалтерлік есеп тәсілі
Бухгалтерлік есеп тәсіл деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп тәсілінін элементтері:
1. Құжаттама - шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есепетің басы) дұрыс негіздей. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат - бұл белгіленген тәртіпен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазын қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
2. Түгендеу - мүліктін іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түтендеудің мақсаты - құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
3. Бағалау - белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау занды және затқа айналған еңбеке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық - материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс- әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны (объектіні жұмыс жағдайына дейін жеткізуге байлансты барлық шығыстармен бірге сатып алынатын құны) салынған.
Кәсіпорын мүлкінін маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:
- негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
- материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
- дайын өнім нақты өзіндік құны бойынша;
- әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
4. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
5. Шоттар - қаржы жағдайы, міндетемелр және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайттын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады - бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz