Ағынды суды ластанудан тазарту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде.
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын құрудың
негативті зардаптары

Орындаған: ЖМФ 124-тобыбың
студенті Жарасқызы Ж.
Тексерген: Джакетаева Ш.Ж.

Қарағанды, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Су қорларының
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5
Су қорларының
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
Дүниежүзілік мұхит
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қолданылған ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..14

Кіріспе
Гидросфера – биосфераның элементі. Гидросфера – Жердің су қабығы, оның
құрамына мұхиттар, көлдер, теңіздер, өзендер, жерасты сулары және
мұздықтар, қар қабаты және атмосферадағы су булары кіреді. Жер
гидросферасының 94%-ы мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары, ал 75%-ы
Арктика мен Антарктиданың тұщы сулары.
№1 кесте. Жер гидросферасындағы су массаларының таралуы

Гидросфера Су көлем , мың.Жалпы су көлеміндегі
бөлігі км3 бөлігі, %
Дүниежүзілік 1 370 000 94,1
мұхит
Жерасты сулары 60 000 4,1
Мұздықтар 24 000 1,7
Көлдер 280 0,02
Құрлықтағы су 80 0,01
Атмосфера булары14 0,001
Өзендер 1,2 0,0001


Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен
бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын
сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде
қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер
шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және
литосфера қабаттарының аралығында орналасқан. Экватордың диаметрі 12760 км
болса, оның қойнауындағы мұхиттың орташа тереңдігі 3,7 км. Осыдан сұйық
күйдегі су қабатының қалыңдығы жер диаметрінің 0,03% ғанаалатының көреміз.
Шындығында жер бетінің бұл жұқа қабығының озон қабаты тәрізді биосфера
жүйесінде алатын орны өте ерекше.
Сусыз адамның, жануар және өсімдіктердің тіршілігі мүмкін болмас еді,
себебі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі судан тұрады. Сонымен
қатар, тіршілік үшін қажетті температура диапозоны 0-ден 100∙С, бұл сұйық
күйдегі судың температуралық шектеріне сәйкес келеді. Көптеген тіршілік
иелері үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Осылайша, судың ең басты
ерекшелігі ондағы тіршіліктің мүмкінділігі болып табылады.
Планетаның климатының тұрақтылығын ұстап тұруда да судың маңыздылығы
ерекше. Ол бір жағынан жылу аккумуляторы ретінде атмосфераның бірқалыпты
орташа температурасын ұстап тұрса, екінші жағынан ондағы фитопланктондар
атмосфераның оттегісінің жартысын өндіреді.
Сулы орта балық аулау, басқа теңіз өнімдерін өндіру, өсімдіктер қоры,
суастылық рудаларды (марганец, никель, кобальт) және мұнайды өндіру,
жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады. Адам өнідіріс және
шаруашылықта суды тазалау, жуу, құрал-саймандарды суыту, өсімдіктерді
суару, гидротранспортировка, электр энергиясын өндіру және т.б. мақсаттарды
пайдаланады.
Сулы ортаға тән маңызды жағдайдың бірі – ол арқылы инфекциялық
аурулардың таралуында (барлық аурулардың 80%-ға жуығы). Көмудің басқа
түрлеріне қарағанда суға батыру процесінің қарапайымдылығы адамзаттың суды
өндіріп-тұтынудың соңғы өнімдерін лақтыратын орынға айналдыруына алып
келді. Гидросфераны интенсивті антропогендік ластау оның геофизикалық
құрылымдарының өзгерісіне әкеліп, су экожүйесінің өліміне және адамға
қауіптілігін арттырды.
Гидросфераға төнген экологиялық қауіп халықаралық ұйымдар алдына тез
арада адамның қоршаған ортасын құтқару мәселесін тудырды. Бұл мәселенің
ерекшелігі – бір де бір мемлекет экологиялық қауіпті, тіпті қатаң шаралар
қолданса да, жекелей жоя алмайды. Сол себепті оптималды экологиялық
стратегия қабылдайтын халықаралық одақ аса қажет. Бұл шаралар халықаралық
құқықтардың бүгінгі қағидаларына сәйкес болуы керек.

Су қорларының қолданылуы
Су қорларын қалай пайдаланатына байланысты халық шаруашылығының
салалары екі категорияға жіктеледі:
1) су қолданушылар – бұл су қорларын әр түрлі мақсатта қолданып, бірақ
қайтымсыз су жиналғы жасамайтын салалар. Оларға гидроэнергетика, су көлігі,
суды халықтың қажеттілігіне пайдаланатын жергілікті органдар т.б. жатады.
2) су тұтынушылар – бұл суды су қоймаларынан алып, көбінесе қайтымсыз
қолданатын салалар. Ең iрi су тұтынушылар (әсiресе АЭС) теплоэнергетиктерi
болып табылады, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiптен - химия және металлургиялық.
1 миллион тұрғыны бар қазiргi қала 300 мың м3 суды 1 тәулiкте тұтынады,
оның 75-80% сарқынды суларға айналады.
Тұщы суды мақсатты пайдаланудың келесі классификациясы белгілі:
Табиғи суларды мақсатты пайдалану бойынша жіктеу

Ауыз суы - улағыш химиялық заттардың көрсеткіштері мен
бактериологиялық, органолептиялық көрсеткіштері ішуге жарайтын сумен
жабдықтаудың нормалары шегіндегі су.
Минералды су – компоненттік құрамы емдік талаптарына сәйкес су..
Өнеркәсіпті су – компоненттік құрамы мен ресурстары осы компоненттерді
өнеркәсіпті ауқымда алуға жеткілікті су.
Жылу энергетикалық су – халық шаруашылығының кез келген саласында жылу
энергетикалық ресурстары пайдаланыла алатын термиялық су.
Техникалық су – ішуге жарамды, минералды және өнеркәсіпті судан басқа,
халық шаруашылығында пайдалануға жарамды су. Сонымен қатар:
- шаруашылық-тұрмыстық сулар – тұрғындармен тұрмыстық және санитарлық-
гигиеналық мақсаттарға, сондай-ақ, кір жуатын орындармен, моншалармен,
асханалармен, ауруханалармен және т.б. пайдаланылатын сулар;
- жерді сулау және ауылшаруашылық өсімдіктерін суаруға пайдаланатын
суармалы су;
- буды алуға және жайларды, жабдықтарды, ортаны жылытуға, сондай-ақ,
жылуалмастыратын аппараттарда сұйық және газ тәрізді өнімдерді
суытуға, ал қатты денелерді – тікелей пайдаланатын, энергетикалық су.
Суды жылуалмастыратын аппараттарда сұйық және газ тәрізді өнімдерді
суыту үшін жиі пайдаланады. Бұл жағдайда ол материалдық легімен түйіспейді
және ластанбайды, тек жылынады. Өнеркәсіптегі су шығынының 65-80 % суытуға
пайдаланылады.

Технологиялық суды ортаны құратын, жуып-шаятын және реакциялық
түрлеріне бөледі. Орта құратын суды қойыртпақтарды жасауға және ерітуге,
кенді байыту мен өндеу кезінде, өндіріс өнімдері мен қалдықтарын
гидротранспорттауда;
жуып-шаятын суды газ тәрізді (абсорбция), сұйық (экстракция) және қатты
өнімдер мен бұйымдарды жуып-шаюға, сондай-ақ, реакциялық суды реагенттер
құрамында, айыру мен ұқсас үрдістерде пайдаланады. Сонымен, технологиялық
су өнімдермен және бұйымдармен тікелей байланысады.
Салқын суды пайдалануды азайтудың ең болашақты жолы – табиғи суды
пайдалануды 10-50 есе азайтуға мүмкіндік беретін, сумен жабдықтаудың
айналма және бекітулі жүйелерін құру.

Таза сумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізгі жолдары:
• Ағынды суды ластанудан тазарту;
• Тұтынушыға түсетін тұщы суды тазарту;
• Су нысандарындағы судың сапасын реттеу және тәртібін қамтамасыз
ету.

Су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары:

1. Үстіңгі сулардың артық жұмсалуы.
Ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде, өзен ағуы нормадан төмен деңгейге
дейін түсетін кезде, болмай қалмайтын құрғақшылық жылдарды есепке алу
қажет. Су тапшылығын бастан кешіру тәуекелсіз ортажылдық өзен ағуының 30%-
нан артық пайдалануға болмайды деп саналады. Кейбір өзендер қатарында
судағы қажетсінулер ортажылдық өзен ағудың 90% -нан асады.
Үстіңгі суларды артық жұмсаудың экологиялық салдары өзеннің өзіне ғана
емес, сонымен бірге өзенмен байланысты биоценозға (батпақтардың құрғауы,
өсімдіктер мен жануарлардың өлуі және т.б.) тиеді.
2. Жер астындағы сулардың артық жұмсалуы.
Жер астындағы су қоймалары, егер ондағы суларды жұмсау толықтырудан
тезірек жүрсе, басқалары сияқты, таусылады. Жауын-шашын мөлшері төмен
өңірлерде бұл проблема әсіресе қауіпті, себебі, толықтыру жылдамдығы зор
емес, ал үстіңгі су айдындарының жетіспеушілігінен су қажеттігі жоғары.
Жер астындағы сулар деңгейнің түсуі үстіңгі су айдындарына әсер етеді,
өйткені, бұл түсу, экологиялық проблемаларды ұлғайтатын, бұлақтар мен
олармен байланысты үстіңгі су айдындардың қысқартылуына әкеп соғады.
3. Жердің отыруы.
Жер астындағы сулар, жер қойнауындағы сумен толтырылатын қуыстарды
жуып шығарады. Судың өзі жоғарыда жатқан таужыныстар мен топырақты ұстап
тұрады. Жер астындағы сулар деңгейі түскен кезде, бұл тірек жоғалып кетеді,
және құрлықтың үстінгі қабатының бірте-бірте

төмендеуі болуы мүмкін, ол жердің отыруы деп аталады. Оның жылдамдығы
жылына 15-30 см. құрауы мүмкін.
Жердің отыруының ерекше түрі – карстты шұңқырлардың пайда болуы – кенет
және апатты салдарына әкеп соғуы мүмкін.
4. Ащы судың астына ағуы.
Жер астындағы сулар қорының таусылуынан тағы бір проблема туындайды –
ащы судын астына ағуы. Жер астындағы сулар деңгейінің төмендеуі немесе оны
пайдаланудың үлкен жылдамдығы сулы деңгейжиектегі қысымын төмендетуі
мүмкін, сондықтан да құдықтар мен артезианды скважиналарға тұзды судың
түсуі мүмкін.
5. Судың ластануы.

Су ресурстарының ластануы.

Су айдындарының тазалығына әсіресе мұнай майлары қауіп төндіреді.
Мұнайдан тазарту үшін бетінде қалқып жүрген жұқа қабықты ғана емес,
сонымен қатар мұнай эмульсиясының тұнбасын да ұстап алу қажет.
Ластаушылар ретінде целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ағынды сулары өте
қауіпті.Бұл мекемелердің ағындары органикалық заттардың тотығуы есебінен
оттегін жұтып алып, суды ерімейтін затармен және талшықтармен ластайды,
суға жағымсыз дәм мен иіс беріп, түсін өзгертеді, түбі мен жағалауы бойынша
саңырауқұлақтың қаптап өсуінің дамуына себептеседі.
Әсіресе су айдындарын түрлі химия зауыттарының ағынды сулары ластайды
және су организмдерінің дамуын құртуға әкеп соғады. ТЭЦ-тардың тастаулары
әдетте су айдындарының суымен салыстырғанда 8-10*С жоғары ысытылған болады.
Су айдындарының температурасы жоғарылаған кезде оларда микро- және
макропланктонның дамуы күшейе түседі, судың гүлденуі пайда болады, оның
иісі мен түсі өзгереді.
Өзендерді орманның күйе ағуы қатты ластайды. Орманның ағып жатқан
қоспасы балыққа жарақат келтіреді, уылдырық шашатын орынға жолды бөгейді,
балықтар уылдырық шашатын әдеттегі орнын көбінесе тастап кетеді. Қабықтар,
бұтақтар, су айдындарының түбін ластайды. Бөренелер мен ағаш қалдықтарынан
суға смола және балықтарға зиянды басқа да заттар бөлінеді. Ағаштан бөлініп
шыққан заттар, оттегін жұтып алып, суда шіриді де, балықтардың қырылуына
әкеп соғады. Әсіресе ағудың бірінші тәулігінде оттегінің жетіспеушілігінен
уылдырық пен балықтардың шабақтары, сондай-ақ, азық омыртқасыздар қырылады.

Бөлігінің көбі қойнаулар мен тармақтарда жиналып қалатын орман
зауыттарының қалдықтарын – жоңқаларды, қабықтарды және т.б.тастау
өзендердің ластануын күшейтеді. Орманның бөлігі батып кетеді, бөренелер
саны жылдан жылға көбейе береді. Шіріп жатқан ағаш сүрегі мен қабығы суды
улайды, ол өлі болып қалады.

Коммуналдық ағынды сулар (канализация, моншалар, кір жуатын орындар,
ауруханалар және т.б.) көптеген жағдайларда судың ластануының көзі болып
табылады.
Халық саны көбейіп келеді, ескі қалалар үлкейіп, жаңа қалалар пайда
болып жатыр. Өкінішке орай, тазартқыш ғимараттарын салу тұрғын үй
құрылысының қарқынына үлгере алмай келеді.
Соңғы жылдары ағынды сулар құрамында жуу құралдарының, органикалық
синтез өнімдерінің, радиоактивті заттардың және т.б. жаңа түрлері сияқты
биологиялық белсенді және тұрақты қоспалардың болуы кенет көбеюі, жағдайды
қиындата түсті.
Аудандардың қатарында, сусақтағыш қабаттарға үстінен ластаулардың кіріп
кетуімен байланысты, жер асты суларының ластануы байқалады. Су айдындарының
өмірі мен адамдардың денсаулығына ең үлкен қауіп-қатерді атом
өнеркәсібінің радиоактивті қалдықтары келтіреді. Уран кенін тазарту және
реакторларға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология және судың ластануы
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Мұнай өндіруші кәіпорындарды сумен қамтамасыз ету
Су дайындау технологиясында табиғи суды зарарсыздандыру әдістерін зерттеу
Қаскелең өзені ресурстарының су сапасын жақсартудың экологиялық – экономикалық тиімділігі
Ағынды суларды аэрациялау
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар
Лас суларды залалсыздандыру әдістері
Табиғи су көздерін санитарлық –гигиеналық тұрғыдан бағалау
Пәндер