Экология және экологиялық мәдениет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мазмұны

Кіріспе
1. Экология ғылымының қалыптасу тарихы
1.1.Ежелгі қазақ халқының табиғат пен
экологияны қорғауы туралы түсінік
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің
қазіргі таңдағы міндеттері
2. Экология ғылымының қоғамдағы ролі
2.1 Қазақстан табиғатының экологиялық
жағдайының зерттелуі
2.2 Географ-эколог ғалым, профессор
А.С.Бейсенованың зерттеудегі еңбегінің ролі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Дәріс №1. Экология пәніне кіріспе.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін биология ғылымының саласы. Экология (гр. oikos – үй, тұрақ,
мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест
Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция,
биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері
жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай
отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера
арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені
динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу,
индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын
зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке
ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары
Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы,
Аристотель Жануарлар тарихы деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден
астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы
өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.
XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады.
1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж.
португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті.
Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын
айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта
түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген
зерттеулері негізінде Өсімдіктер географиясы туралы ойлар еңбегін жарыққа
шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына,
температураға байланысты екенін ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің,
А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан
әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев,
Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп,
өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық,
нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес
келеді.
Экология гректің oicos - үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-
дәл мағынасы экология – өз үйіңдегі ағзалар туралы ғылым.
Экономика сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй
шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл
көзқарас мағынасын жойған.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу
жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент
(лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін
ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ
ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және
тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында
қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың
практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды.
Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени
дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді.
Біздің планетамызда экологиялық мәдениет европа елдерінде қалыптасқан
техника культіне қарсы нақты дәрежеде дамып келеді.
Сонымен биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бұл
экологиялық мәдениеттің бірінші принципі. Экологиялық мәдениеттің екінші
маңызды принципі – биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен
қорғау, адамды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмұнынан ада физика-
техникалық теориялардан қорғау.
Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы
оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:
- мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті –
қайырымды). бұл рухты көтеру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми дүниетаным және экологиялық мәдениет
Сыныптан тыс сабақты ұйымдастыру әдісі
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологияның ғаламдық мәселелері
Қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологиялық оқыту
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Пәндер