Инвестициялық бизнес - жоспар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг Университеті
“Экономика және құқық” институты
“Экономика ” кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы инвестиция, оның экономикадағы рөлі
Орындаған:УА-07-3 тобының
студенті Кубжанова Ш. К.
Тексерген: аға оқытушы
Қонысбаева А. А
Ақтау 2008ж.
Жоспар
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Қазақстандағы инвестицияның экономикалық мағынасы
2. Кәсіпорының инвестициялық стратегиясы және
инвестициялық қызметі
3. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің
инвестициясының есебі
4. Инвестицияны қайта бағалау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор. Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал ретінде алынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесіеде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаржаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорының меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын-ала айқындайды.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептеледі, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатынад алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы девиденттерді бөлудің саясатына араласа кәсіпорын өз қызметін. Девиденттерді аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Егер де девиденд инвестицияны алынғанға дейін алса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Қазақстандағы инвестицияның экономикалық
мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экнонмикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “Жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіаорындардың кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалынатын барлық қаржылық құралдар түсіндіріледі.
Инвестициялар ақша құралдары, мақастты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақстаында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуіәкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық эконоимкалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайына инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатан залал ретінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжрибесі дәлелдеп орырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударуда, себебі, нарық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжрибеде екі термин қолданылады.
“Инвестиция” термині латынның investire - “жұмылдыру” сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
- инвестицилардың түрлері;
- ақша құралдарын салу объектілері;
- инвестицияландыруға қатысу сипаты;
- инвестицияландыру кезеңі;
- меншік түрлері;
- инвестордың қатысу түрлері;
- тәуекел дәрежесі;
- ұдайы өндіріс түрлері.
- Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
- ақша құралдары, саоымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжрибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығыжәне басқа да мүліктік құықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау”емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжрибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
- Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
- нақта инвестициялар немесе құралдардың материалды активреге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға түрлі ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
- Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
- Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша неғұрлым тиімді орналастыратын және аккуміляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асырады.
- инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөлуге болады:
- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ депозиттері) ;
- ұзақ иерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
- Меншік түрлері бойынша инвестициялар:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтіе емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
- Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір блігін иелену;
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруцашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу.
- Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады.
- Тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сиқты факторларға тәуелді.
Инвестициялық бизнес-жоспар
Қатарына еніп, іске кедергі келтіруде. “Техникалық-экономикалық дәлелдеме” дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда, оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде. Бұның неге әкеліп соғатыны шетелдік инвесторлврмен байланысқа түскен кезде белгілі болады. Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі кәсіпорындардың көп бөлігі ТЭД-ді біріншіден, жобалардың экономикалық тиімділігінің, өтімділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп түсінеді. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. «Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар.
Әрине көп жағадйда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап табатын бизнес-идеялардан басталады, дегенмен бизнес идеядан бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет.
«Бизнес жоспар» термині біздің тәжрибемізде 90-шы жылдардың басында өолданыла бастады, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорынарды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жекелей алсақ, материалдық өндіріс салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды және кәсіпорындардың көп бөлігінің алдында инвестицияға жету тұрды да, оның қайтарылуы талап етілді. Дүниежүзілік тәжрибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызда элементтердің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кәсіпкерлік іскерліктің жоспар» дегенді білдіреді және осы құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпрынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, маұқсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оларға ақша салушалардан бастап, одан жақсы нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын құжат.
Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатысушыларымен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге.
Бизнес-жосапрды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардық құпиялылығын білдіреді, әрине, бұл туралы арнайы жазбалар болуы тиіс.
Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық, құқықтық, экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.
Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет инвесторларлы тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның (потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында құжаттарды дайындауында өз стандарттары бар, бірақ жағдайда да мақсат бір - жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы келетіндігін дайындау керек. .
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егерде инвестордың қатысу үлесі 50% және оданда көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландыратын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншіліс серіктестігі болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 Инвестициялар бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 “Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар”, 142 “Тәуелді серіктестерге салынған инвестициялар”, 143 “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар”, 144 “Басқа инвестициялар”.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестицияны жүзеге асыруы
- бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестерге өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп аларды, жасалған шығындарды таниды және алынған табыстарды анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады:
-бірлесіп бақыланатын өндіріс;
-бірлесіп бақылайтын активтер;
Бірлесіп бақылайтын өндіріс- заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т. б. активтердің құнын әр қатысушы өз балансында тексереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер- жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушалар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде нешілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген.
Қа
тар
Сомасы
тенге
Еншілес, тәелді және бірлесіп бақыланатын сетіктестердің мына игіліктерді салу арқылы инвестициялары жасалынды:
-тауарлар, нег. Құралдар, материалдық емес активтер
-есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен
-заңды және жеке тұлғалардан
200 000
50 000
450 000
141-144
141-144
141-144
125, 101-104, 106
333
671, 687
Инвестицияларды қайта бағалау.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар қайта бағалау үшін бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онда ол шығынға жатқызылады.
Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz