Экономикалық болжаудың мәні


Экономикалық болжаудың мәні, ғылыми әдістемелік негіздері және оның рөлі
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Болжау - экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде
- Экономикалық болжаудың мәні
- Экономикалық болжаудың ғылыми әдістемелік негіздері
- Экономикалық жоспарлаудың ел экономикасындағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегиялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы болжамды баға болатын баяндама ұсынады. Жапонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологияны ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.
Кез келген қоғам, мейлі оны капиталистік дейік, мейлі социалистік дейік, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа, мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Өндірісті басқару тек қана тиімді шешімдерді таңдап, іске асыруы керек, өйткені тиянақтаусыз, қате қабылданған шешімдердің залалы, әсіресе қазіргі кезде өте үлкен.
Сондықтан, қоғамның даму үдерістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады. Енді сол туралы толығырақ тоқталып кетейік:
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау - қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашақтағы перспективасын, жай-күйін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық информацияны тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау. Сондықтан, болжау мәселесіне біз екі тұрғыдан - теоретикалық-танымдық және басқару тұрғысынан қараймыз.
Болжаудың бірнеше анықтамаларына тоқталып кетсек:
Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағыдалары, әдістері туралы ғылым.
Болжау - объектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.
Болжау - стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы, алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.
Ұлттық болжаудың мақсаты мыналар:
- Экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышартты құру;
- Қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы;
- Қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;
- Басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағытын негіздеу.
Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау объектісі - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі. Ал зерттеу заты - экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жай-күйдің айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар. Олар гипотеза (жалпығылымдық болжау), болжам, жоспар. Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді. Болжам, гипотезамен салыстырғанда, әлдеқайда нақты сипаттама береді, өйткені ол сапалық қана емес, сандық өлшемдерге негізделген.
Дегенмен, болжау мен зерттеу объектісінің арасындағы байланыс қатаң, бір мағыналы болмайды.
Сондықтан болжам ықтималдық сипатта болады. Жоспар - алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Экономикалық болжаулар төмендегі классификацияға сәйкес төрт топқа жіктеледі:
Болжау кеңістігіне байланысты: макроэкономикалық (халық шаруашылығының) ; құрылымдық (салааралық және аймақаралық) ; экономикалық кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, т. б. ), салалық және аймақтық болжамдар.
Болжау мерзіміне байланысты: оперативті (1 айға дейін) ; қысқа мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ұзақ мерзімдік (5-15-20 жылға дейін) ; алыс мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге) болжамдар.
Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму болжамы; ғылыми-техникалық прогрестің даму болжамы; халық шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы т. б.
Функционалдық белгісі бойынша: барлау болжамдары; нормативтік болжамдар.
Барлау болжамдары зерттеу объектісінде бұрын және қазіргі кезде қалыптасқан тенденциялар келешекте де өзгермейтіндегіне негізделген.
Нормативтік болжам алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу объектісінің ықтимал хал-күйіне қанша мерзімде, қандай жолдармен жететіндігін анықтауға арналған.
Болжамдар жіктелуі мен болжау әдістері және керекті мәлімет алу туралы мәселеге тығыз байланысты. Болжам жасау ісінде жалпығылымдық әдістермен бірге болжау мен жоспарлауға тән, спецификалық өзіндік әдіс-амалдар қолданылады.
Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде көп қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалық әдіс.
Интуициялық әдістер екі топқа бөлінеді: дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру әдістері. Бірінші топқа: интервью жүргізу; логикалық анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру; коллективтік идеяны жинақтау және «Дельфи» әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер құру әдістері. Бірінші топқа ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа құрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құралымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
- Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
- Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткіштерді орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
- Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы керек.
- Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
- Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
- Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу үшін, көрсеткіштер біріңғай, яғни әр көрсеткіш бір ғана мағынада қолданылуы шарт.
Жоспар көрсеткіші дегеніміз - Басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың және т. б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердің сапалық белгілерін көрсетеді. (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы, т. б. )
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі. Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстардың натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әр түрлі салалар өнімедерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т. б. көлемдерін көрсетеді. Ал салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді.
Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер.
Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Енді жалпымемлекеттік жоспарлаудың ғылыми әдістемелік негіздеріне тоқтала кетсек.
Жоспарлау - экономиканың объекивті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қаматамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Экономикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну құрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар. Саналы түрде құрылған пропорционалдық - жоспарлық болып табылады.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы бағыттарын анықтау;
- жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
- материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
- жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын анықтау т. с. с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешендік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.
Жоспар жасау логикасы - барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
а) жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін қалыптастыру;
ә) базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
б) қоғамның қор көлемі, қаржылық мүмкіндіктерін анықтау;
в) жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын анықтау;
г) қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
д) жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негіздерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымның жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлаудағы жағымпаздықпен сиыспайды.
- Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан құрылуы тиіс.
- Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
- Жетекші салаларды белгілеу арқылы экономикада тиімді үйлесімділікті қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басыңқыларды белгілеу - бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
- Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі - жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінің бірлігі, екіншіден - материалдық бірлігі. Жоспарлардың кешенді болуы кез келген деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалық анализ, нормативтік, баланстық, экономикалық-математикалық, бағдарламалық-мақсаттық, т. б. әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалық даму деңгейін, пайлаланылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффиценттерді есептеу, т. б. статистикалық талдау әдістері қолданылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрсеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланылатын материалдар мен шикізат ресурстарының қажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтері пайдаланылады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстару үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып санлады. Жоспарлау ісінде баланстардың қалыптасқан жүйесі қолданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді Олар: материалдық, еңбек ресурстары, құндық баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.
Жоспардың экономикалық тиімділік тұрығысынан оптималды вариантын анықтау үшін экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері құрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралық өнім өндіру және тұтыну балансының оделі, т. б.
Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі экономикадағы құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың - шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салаға әр түрлі қызмет көрсететін салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан, алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанада қолданылады. Бағдарламаларда алға қойған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі. Кез келген ірі бағдарлама бірнеше кіші бағдарламалардан тұрады. Бұл бағдарламалардың өзіндік маңызы болады, өзіндік экокномикалық тиімді жолдары көрсетіледі.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативтік, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы зор болып отыр.
Индикативтік жоспарлау - жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттері, басыңқыларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - Ұлттық экономиканың бір қалыпты дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан индикативтік жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz