Алқа шешімінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басшылықты, сондай-ақ
заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық
атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік
бақылау комитеті, Салық комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті, Қаржы мониторингі комитеті.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне,
өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен
мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса,
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Министрліктің толық атауы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
мемлекеттік мекемесі.

Осы курстық жұмысымның басты мақсаты:
Қаржылық құқық пәні бойынша алған білімімді одан әрі толықтыра
дамыту, Қаржы министрлігінің мән-жайын ұғыну, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің міндеттері мен функцияларын тәжірибелік көрсеткіштер
түрінде ұсыну және түсіндіру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің құрылымы және комитеттері, комитеттердің негізгi мiндеттерi
мен функциялары, атқаратын қызметтері жайлы толық мағлұмат беру.
Басты міндеті:
Курстық жұмыс жазу барысында материалдардың мазмұнды әрі соңғы
жаңартылған ақпараттармен қамтылуы, дұрыстылығы мен шынайлығын қамтамасыз
ету, яғни мақсатына жету.
Бұл курстық жұмысты жазуда Қазақстан Республикасының Президентінің
жарлығына, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
туралы ережелеріне, ҚР Қаржы министрлігінің нұсқаулықтарына және басқа да
нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып материалдарды қысқа әрі нұсқа
ете жазып, өзімнің білімімді осы беріліп отырған тақырып шеңберінде
тереңдеттім.

1.1 Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
 
Министрліктің негізгі міндеттері бюджеттердің, бюджеттік есеп пен
бюджеттердің атқарылуы туралы есептіліктің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептіліктің атқарылуы, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды
аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, этил спирті мен
алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі
мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің
өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық
мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген
борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, дәрменсіз борышкерді соттан тыс
тарату рәсімінде (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және
жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің
жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы
қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен
кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін
жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы
мониторингін жүзеге асыру.
Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген
тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы
есептілік, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласындағы мемлекеттік
саясатты қалыптастыру және іске асыру, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің
өндірілуін мемлекеттік реттеу, темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын
мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік
реттеу саласындағы, кеден ісі, республикалық мемлекеттік меншікке иелік
ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет
алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, дәрменсіз борышкерді
соттан тыс тарату рәсімінде (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау
рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік,
меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы, заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке түсетін
кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын анықтауға қатысу;
бюджеттердің атқарылуы, бюджеттердің атқарылуы туралы бюджеттік есеп пен
есептілік, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен
есептілік, кеден ісі, бақылаудың тиімділігін арттыру саласында салааралық
үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті даярлау,
жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық
жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді бойынша мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның түсуі мен
жұмсалуы жоспарларының атқарылуы туралы, қайырымдылық және демеушілік
көмектен ақшаның түсімі мен мемлекеттік мекемелердің жұмсауы туралы
есептерді жасау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларына қорытындылар
дайындау;
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттерді беру,
оларға қызмет көрсету, оларды есепке алудың мониторингін және қайтаруды
қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертке
республикалық бюджет мұқтажының көлемін ай сайынғы болжамдау;
келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз шарттарына
қол қою, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығару;
конкурстық негізде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен келісім бойынша екінші деңгейдегі банктерді іріктеу,
олармен үкіметтік қарыздарға, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік
қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға,
бюджеттік кредиттерге, бастапқы дилерлерге қызмет көрсетуге арналған
шарттар жасасу;
конкурстық массаны іске асырудың ерекше шарттары мен тәртібі жөнінде
ұсыныстарды және осыған ұқсас тәртіп Банкроттық туралы Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген ұйымдарды банкроттау кезінде конкурстық
масса объектілерінің сатып алушыларына қойылатын қосымша талаптарды
әзірлеу;
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға Мемлекеттік кәсіпорын
туралы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда
мүлікті иеліктен айыру немесе өзге тәсілмен оған иелік ету жөніндегі
мәселелерді келісу;
шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдіктер мен еншілес кәсіпорындар құруын
келісу;
республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату
кезінде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерімдерін, сондай-ақ беру
актілерін бекіту;
қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде
немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды
әзірлеу;
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақтамаған
жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасау;
республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік
(уәкілетті орган) құқығының субъектісі болып әрекет ету;
мемлекеттік басқару органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік
кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау;
шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық
мемлекеттік кәсіпорынға Мемлекеттік кәсіпорын туралы республикалық
мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға беруді, мемлекеттік
мүлікті мүліктік жалға алуға, қайтарусыз пайдалануға өткізуді ұйымдастыру
және жүзеге асыру;
мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды
жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды
объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру үшін шешім қабылдауы
үшін алдағы жекешелендіру туралы уақтылы хабардар ету;
Қазақстан Республикасының аумағына таралатын, белгіленген тәртіппен
нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқық алған мерзімді баспа
басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бухгалтерлердің
кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны
беру, одан айыру, тоқтатып қою және әрекет етуін тоқтату туралы мәліметтер
жариялау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын мемлекет
қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаның құрылтайшысы ретінде әрекет ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық
меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану
құқықтарын өзге мемлекеттік органға беру;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес
ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
жоқ борышкердің мүлкі болмаған немесе оның құны конкурстық іс жүргізуге
байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ
борышкерді конкурстық іс қозғамай банкрот деп тануды келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді,
байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың
техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау
және пайдалану;
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңда көзделген есептілікті, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинауды,
қорытуды және талдауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін
және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь
өнімдерін бір немесе өзге түрге жатқызу;
Қазақстан Республикасының салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес
мәселелері жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан
түсімдер сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шотына аудару;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және
жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық
бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;
жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді дайындау және
жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
ұсыну;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша
ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге
асыру;
Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамасы
саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және болдырмауда
салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
мемлекеттік қаржылық бақылау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау
органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
салықтардың, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелген сомасы
бөлігінде, сондай-ақ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде)
белгіленген тәртіпте салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының
әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша
хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
тапсырыс берушіге және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға
әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат
беру фактісі туралы осы фактілердің анықталған күнінен бастап үш күннен
кешіктірмей хабарлау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары қызметінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеден органдарының лауазымды тұлғаларын және
олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
кедендік істер саласындағы жасалған құқық бұзушылықтар, оның ішінде
солар бойынша тексеру жүргізу сатысында, сондай-ақ олар бойынша іс жүргізу
шешімі қабылданған барлық фактілер туралы статистикалық және жедел
ақпаратты жинау, қорыту және талдау жасау;
ішкі аудит қызметтерінің Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын
сақтауын бақылау;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшасы өздерінің
иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің ақшаны қалыптастыруын және
пайдалануын бақылау;
мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне жіберілетін нұсқамалардың және
бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша олар қабылдаған шешімдердің
орындалуын бақылау;
бюджеттік кредиттердің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың,
мемлекеттік кепілдемелердің, байланысты гранттардың және мемлекет
активтерінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда
белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын конкурс
тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайларда жоспардан тыс
тексеруді жүзеге асыру;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне белгі қоюды және акциз
бекеттерін орнатуды;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс
есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері жөніндегі
уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылауды жүзеге асыру;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін
көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;

1.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алқасы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алқасы (бұдан әрі – Алқа)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі (бұдан әрі – Министр) жанындағы
консультативтік-кеңес органы болып табылады және өз қызметін оның
басшылығымен жүзеге асырады.
Алқа өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(бұдан әрі – Министрлік) құзыретіне кіретін және ұжымдық талқылауды талап
ететін барлық мәселелер бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды.
Алқа жұмысын қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібі
Министр Алқа төрайымы болып табылады.
Алқа төрайымы:
Алқаның қарауына енгізілетін мәселелерді, Алқа отырысын өткізу күнін,
уақытын және орнын бекітеді;
Алқа мүшелерінің арасынан Алқаның қарауына енгізілетін мәселелер
бойынша баяндамашыны (қосымша баяндамашыны) белгілейді;
Алқаның қызметіне басшылық жасайды, оның шешімдерінің іске асырылуына
жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Алқа төрайымы болмаған уақытта міндеттерді белгіленген тәртіппен Алқа
мүшелерінің бірі атқарады.
Алқа мүшелерінің:
Алқаның практикалық қызметінің мәселелерін талқылауға;
Қазақстан Республикасының қажетті нормативтік құқықтық актілерін
әзірлеу туралы бастамашылық жасауға құқығы бар.
Шешім қабылдаған кезде Алқаның әрбір мүшесі тең дауысқа ие. Алқа
мүшесінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Алқа мүшелері оның
отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Қадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Алқаның жұмыс
органы болып табылады.
Қадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментімен бірлесіп,
Алқа отырысында қаралатын мәселе құзырына кіретін тиісті құрылымдық
бөлімше, ведомство Алқа отырысын дайындауды жүргізеді.
Алқа отырысында қаралатын мәселе құзырына кіретін тиісті құрылымдық
бөлімше, ведомство:
Алқа отырысын өткізуге дейін бес күн бұрын Алқа отырысының күн тәртібі
бойынша ұсыныстарды дайындайды;
Алқа мүшелеріне жіберу үшін құжаттар мен материалдарды қажетті
мөлшерде дайындайды және Алқа хатшысына ұсынады;
Алқа отырысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі бірінші бейсенбі
күні өткізіледі және өз отырыстарында алдын ала дайындалған жоспарлы
мәселелерді қарайды. Алқа төрайымының шешімі бойынша кезектен тыс
отырыстар, сондай-ақ басқа министрліктермен және агенттіктермен бірлескен
отырыстар өткізіле алады.
Алқа шешімдері оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Алқа Төрағасы дауыс берген шешім қабылданған
болып саналады.
Алқа жұмысына, мүшелерден басқа, мәселелері қаралып жатқан Министрлік
пен оның ведомстволарының жауапты қызметкерлері (жеке тізім бойынша),
сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатыса алады.
Алқа шешімі хаттамамен ресімделеді және қажет болған жағдайда
Министрдің бұйрығымен іске асырыла алады.
Алқа жұмысын қамтамасыз ету
Алқа жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Алқа отырысында қаралатын мәселелер тізбесі Алқа мүшелерінің,
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша
жасалады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Алқада қарауға
жататын өз ұсыныстарын ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін 20 күннен
кешіктірмей мерзімде Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы
департаментіне береді.
Алқа отырыстарында қарауға жататын материалдарды уақытылы дайындауды
бақылау жетекшілік етілетін мәселелер блогына байланысты вице-министрлерге
және Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментіне жүктеледі.
Мәселені дайындап жатқан Министрліктің құрылымдық бөлімшесі Алқа
отырысына дейін қажет 5 күннен кешіктірмей талқыланатын мәселе бойынша
дайындалған материалды (шақырылғандар тізімінің жобасын, анықтаманы,
жетекшілік ететін вице-министр, сондай-ақ осы мәселеге қатысы бар
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бұрыштама қойған Алқаның
хаттамалық тапсырмасының жобасын) Кадрлық қамтамасыз ету және құжат
айналымы департаментіне беруге міндетті.
Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті қажет болған
жағдайда Алқаның хаттамалық шешімін тіркеген күннен бастап бес күн ішінде
Министр бұйрығының жобасын дайындайды, ол Министрге қол қоюға берілместен
бұрын Алқа мүшелерімен келісіледі және оған бұрыштама қойылады.
Алқа шешімінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру
Алқа шешімінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру Министрліктің
құрылымдық бөлімшелерінің Алқа хаттамаларының негізінде қабылданған Министр
бұйрықтарының орындалуын кезеңді және қорытынды (мерзімі өткеннен кейін)
тексеруді көздейді.
Министр бұйрықтарының уақытылы орындалуын бақылау жетекшілік ететін
вице-министрлерге жүктеледі, Алқа шешімдерінің (Министр бұйрықтарының)
орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
(орындаушылар) болып табылады).
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (орындаушылар)
белгіленген мерзімде Алқа шешімінің орындалуы туралы есепті Алқа шешімінің
іске асырылу барысын бақылау жүктелген вице-министрге беруге міндетті,
резолюциясы бар есеп Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы
департаментіне беріледі.
Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Алқа шешімдері
бойынша қабылданған Министрлік бұйрықтарының уақытылы және сапалы орындалу
орындалуын бағалаумен жасалған жұмыс туралы есепті Алқа Төрағасына
кезеңімен береді.
Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Алқа шешімінің
орындалмауы, уақытылы орындалмауы немесе толық (сапасыз) орындалмауының
барлық жағдайлары туралы Алқа Төрағасына жазбаша ақпарат беруге міндетті.

II.БӨЛІМ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымы және
комитеттері.
2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің комитеттері.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi
(бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының
кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып
табылады.
Комитеттiң негізгi мiндеттерi мен функциялары:
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгiн, ұлттық және
экономикалық қауiпсiздiгiн, сондай-ақ адамның өмiрi мен денсаулығының
қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға
болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлері және
мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң
органдарында бюджеттiк шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық
қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса,
мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып
табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, заңсыз әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдарды уақытылы
және объективтi түрде қарауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен
көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын
қамтамасыз ету;
кеден iсi бойынша мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгін
көтерудi, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда
жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын
қамтамасыз ету;
кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды
адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес заңға қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысу;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi
жүзеге асыру.
бақылау және қадағалау функциялары:
валюта заңнамасының сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының сыртқы
экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізуi,
қылмыстық iстер және кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша iс жүргiзуi кезiнде заңдылықты сақтауын бақылау;
тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы өткiзудiң рұқсат ету тәртiбiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
өз бетiмен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда
кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру,
кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн қорғау жүйесiн ұйымдастыру, сондай-ақ
ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
және кедендiк шекарасын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды және
лицензиаттардың олардың белгіленген құзыреттер шегiндегi лицензия
талаптарын қамтамасыз етуi жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудiң дұрыстығын бақылау жүйесiн
ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен
жұмыс комитетi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
комитетi (бұдан әрi - Комитет) орталық атқарушы орган құзыретiнiң шегiнде
банкроттық рәсiмдердi жүргiзу саласында арнайы атқару және бақылау-
қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің өзiне берiлген өкілеттiктер шегінде дәрменсiз борышкердiң
банкроттық рәсiмдерiнiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң жүргізуiн
бақылауды жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына,
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
Комитеттiң функциялары және құқықтары
Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге
асырады:
арнайы атқару:
егер борышкердiң жекелеген кредит берушiмен немесе өзге тұлғамен жасаған
мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан немесе соттан тыс тарату рәсiмiн
өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн бiр кредит берушiнiң басқа кредит
берушi алдындағы талаптарын артықшылықты қанағаттандыруға әкеп соқса,
борышкер оны банкрот деп танығанға дейiн не кредит берушiлердi таратудың
соттан тыс рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiленi
жарамсыз деп тану туралы өтiнiш енгiзедi;
кредит берушiлер комитетiнiң құрамын қалыптастырады және бекiтедi және
дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi мен оңалту рәсiмiнде оның
алғашқы отырысын шақырады;
кредит берушiлер комитетi сырттан байқаушы әкiмшiмен борышкер мүлкiнiң
сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкер төлемге қабiлетсiз болған
сырттан байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерi мен iс-
әрекеттерiн анықтау және талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша
салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар туралы және "Банкроттық туралы"
егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оны бiлдiруге өкiлеттiк берiлген
тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс жүргiзудi қозғамай жүргiзiлген
жағдайда "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына
сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар министрлігінің регламенті
Адвокаттар алқасының жарғысы
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Жоғарғы сот алқасының төрағасы
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Қазақстан Республикасында сот билігі
Сот билігі
Пәндер