Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы»

Орындаған: Дуйсенова Р. М.

Қаржы - 501

Актобе 2010ж.

ЖОСПАР

1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы . . . 4

2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу . . . 7

3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 16

1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Ортлық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 ж. ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.

1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.

2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды.

Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.

2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т. б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;

• нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарыктын кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;

• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;

• бағалы кағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с. с. жұмыстар.

Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

• мемлекеттің салық саясаты;

• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с. с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с. с. жұмыстарды реттеу) ;

• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с. с. ) іс-шаралары.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:

• нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;

• нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

• бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

• кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т. б. ) құру.

Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар жэне Қор биржасы туралы» жарлығына сэйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.

Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар - ол бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нүсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Экономикалық мәселелерге:

• нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

• нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

• заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

• салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

• бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;

• нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері жэне хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.

Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған) . Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

II. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда) . Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.

III. Аралас үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда) .

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кішіжәне жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі;

2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;

3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;

4. Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.

Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылатын акциядан түсетін ақша-«арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен (қаржысымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды деген болжамдар көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру аркылы халықты кэсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануіа мүмкіндік туғызады.

3. Саясат факторы - дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі - халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) - бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарыгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына сәйкес кұрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.

Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен даму
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz