Қаржы секторы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛАТЫН
ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Орындаған: Бекбаева Д. УА – 805 топ
Ғылыми жетекшісі: Акишева Д. М.

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КІРІСПЕ

І. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

 Жұмыстың өзектілігі: Қаржы жүйесінің мәні, іс-әрекет механизмі және
рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы жүйесінің мәнін толық ашу
оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржы жүйесінің қоғамдық
айналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді

Жұмыстың мақсаты: Қаржы жүйесінің экономикалық мәнін ашу және оның
әдістері мен нысандарын қарастыру, Қазақстан Республикасындағы қаржы
жүйесінің ұйымдастырылуымен және оған бақылауды зерттеу. Осы мақсаттарға
байланысты келесідей міндеттер туындайды:

Жұмыстың міндеттері:

• қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;

• қаржы жүйесінің қажеттігіне, атқаратын қызметіне, функцияларына тоқталу;

• Қазақстанның қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;

• Қазақстанның қаржы жүйесіндегі проблемалар және оларды шешу жолдарын
ұсыну;

Зерттеудің маңызы: Қаржы жүйесінің мазмұнын, функцияларын қарастырып,
оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы
нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.

I. Қаржы жүйесі ұғымының теориялық негіздері.

Қаржы жүйесі ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай – ақ, осы
қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл
анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымының анықтамасына қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі,
оның – қоғамдық - экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге
сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

2. ақша – қаражат қорларының жиынтығы;

3. басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында
функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге
мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге
болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы
қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай
жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. Қаржы жүйесінің
жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы
элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Өйткені
оның рөлі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында. Бұл – ең алдымен,
мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. Материалдық
өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының
негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады,
өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғамның қаржы ресурсының негізгі
көзін құрайды. Өндірістік емес саладағы қаржының қаржы жүйесіндегі орны мен
рөлі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл
салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады. Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ереше бір
бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық
жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен
өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа
түседі.

Қаржы жүйесінің қызметтері мен функциялары

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батысытың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО – ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен
жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік
берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық
функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі интеграциялық типтің жүйесі болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде бірі
өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан,
өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы
қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің
функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып
табылады.

Сонымен бірге жалпы институттық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс –
әрекет ететін бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі – тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен қатар бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік
сипаттамасын, оның қоғамдық – экономикалық үрдістегі орнын негіздей отырып,
қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесінің үш бөліктен тұратыны жоғарыда айтылды .

Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржы жоспарлары, қаржылық бвқылаудың заңнамалық қамтамасыз
етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді айтуға болады.

Қаржы жүесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін
буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізіуші
субъектілердің қаржысына, халықтың қаржысына межелеуге мүмкіндік береді.

II. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіне талдау

Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің
құрамы қаржылық қатынастарының біршама дербес мына буындарынан тұрады.

1) мемлекеттің бюджет жүйесі;

2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

3) мемлекеттік кредит;

4) жергілікті қаржы;

5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

6) халықтың қаржысы.

Қаржылық қатынастардың алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдігі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдалынылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және
ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай
– ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси
экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіледі:

- мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі ахуалы

Кез келген елдің экономикасының дамуы несие нарығының тиімді
дамуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында
коммерциялық банктердің несие саясатын жетілдіру мәселесі өте маңызды болып
табылады. Ол ақша ресурстарының тиімді қозғалысына, халық жинақтарының,
банк жүйесінің несие ресурстарына құйылуына болысады.

Мекемелерге, ұйымдарға және халыққа қаржы – несиелік қызмет
көрсетуді ұйымдастыру, несиелік жүйенің жұмыс жасауы шаруашылық
құрылымдардың дамуында аса маңызды рөл ойнайды. Несие – қаржылық
механизмнің тиімді және үзілмей жұмыс жасауына тек қана шаруашылық
бірліктердің уақытылы ақша алуы тәуелді емес, сондай – ақ жалпы ел
экономикасының даму қарқыны тәуелді.

Қазақстан Республикасының банк секторында реформалар жалпы
мемлекеттік экономикалық өзгерістермен қатар іске асып отырған. Банк
реформасы жүргізіп отырған бірден бір артықшылық бағыт – бұл заңды және
жеке тұлғаларға ақша қаражаттарын екі жаққа тиімді және қайтарымды несиелік
нарықтың қалыптасуы мен дамуы.

Елдің қазіргі несие – ақшалық және қаражаттық шаруашылығы бірнеше
құрылымдық өзгерістерден өтті. Несие – ақшалық жүйе қайта құрылды, несие –
қаражат институттарының және операциялардың жаңа түрі пайда болды, орталық
банктердің және қаржы – несиелік институттардың қарым – қатынас жүйесі
модфикацияға ұшырады, мемлекеттік және жеке сектор динамикасында жаңа
пропорция қалыптасты.

Елеулі өзгерістер банк қызметінде байқалады: халық шаруашылығында
банктердің дербестігі және рөлі көтерілді; істеп тұрғандарының функциялары
кеңейді және жаңа қаржы – несиелік құрылды.Сөйтіп, осы кезеңде жаңа мәселе
туындады – коммерциялық банктердің несие саясатын жетілдіру. Бұл несие
нарығын неғұрлым тиімді дамыту және шет ел банктерімен бәсекеге түсу үшін.

Банктердің ақша қаражатарын орналастыру үшін механизмдерді құру,
оларды елдің қаржы-инвестициялық мүмкіндігін ұйымдастыру кезінде дұрыс
қалыптастыру және несие ресурстарын тиімді пайдалану бірінші мәселе болуы
керек, бұл жинақ қалыптастыру кезінде дисбаланстардың қысқаруы, ішкі және
сыртқы экономика секторында несиелердің бөлінуі болашақта макроэкономикалық
реттеу кезінде басты мәселе болуы керек .

Қаржы секторы. Соңғы жылдары қаржы секторының позитиві даму
беталысы байқалады. Үлкен қарқынмен қаржы ұйымдарының активі мен капиталы
өсіп келеді. Қаржы қызметінің спектірі кеңейді, олардың сапасы және
қолжетімдігі өсті. Жақын шет елдің қаржы нарығымен интеграция процессі
белсенділене түсті.

Қазақстанның жақын арада ЖСҰ кіруіне байланысты отандық қаржы
ұжымдарының болашақта қаржы тұрақтылығын және бәсекелестігін арттыратын
сәйкес дайындалу шараларын қабылдау қажет. Осыған байланысты қаржы
секторындағы шет ел капиталының болуына байланысты тиым салуды алып тастау
белгілі өтпелі мезгіл ішінде кезең бойынша іске асыру қажет.

Банк секторы. Нарықтық экономикаға көшу ақша – несиелік салада жаңа
және неғұрлым радикалды өзгерістерді қажет етті. Банктерге лайық
экономикалық тетіктерді қолдану, елдің ақша айналымын басқаруда жаңа
әдістемелер қажет болды. Экономиканың құрылымды қайта құрылуының бір бағыты
ретінде банк жүйесінің қайта құрылуы болды. Ол макроэкономикалық
тұрақтылықпен экономикалық өсудеегі қажетті шарт ретінде.

Банк жүйесі халықпен заңды тұлғаларға ақшалай қаржы бере отырып
экономика жұмыс жасауында үлкен рөл атқарады. Нарықтық қатынастардың
онжылдық даму кезеңінде маңыздысы болып Қазақстанда екі деңгейлік банк
жүйесінің құрылуы. Қазақстанның банк секторы макроэкономикалық ахуалдың
шамалы тұрақтылығына қарамастан айтарлықтай қарқынды дамып келе жатыр. Банк
секторының жұмыс жасауында маңызды рөлді коммерциялық банктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Валюталық биржа
Биржа ісін талдау
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау
Ұлттық қор туралы
ҚР-ның Ұлттық қоры және оның даму тенденциясы
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Пәндер