Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Ұжымдастыру жылдарындағы қазақ ауылының трагедиясы

Орындаған: ЖМФ 124 тобының
студенті Жарасқызы Ж.
Тексерген: Алиева М.Т.

Қарағанды, 2010
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ
ауылы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
Ауыл шаруашылығын күштеп
ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Ұжымдастырудың қайғылы салдары – аштық және жаппай қоныс аудару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Жаппай ұжымдастыру саясатына көрсетілген
қарсылықтар ... ... ... ... ... 11
Ұжымдастыру қателіктерін реттеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кірісіпе

Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың
саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас
бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің
бірі – зорлық-зомбылық. Мұны ғылыми тілде геноцид деп атайды.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара
бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында
ызғарлы дауылға ұласты. Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей!
Содан да болар, Алаштың азаматтары басының ауған жағына көшті, босты.
Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті.
Демографтардың нақты деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау
ақтабан шұбырындыңызды екі орап алардай тым алапат. Демек, қазақтардың
тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой.
Сонда тұтас бір халықтың көз-жасын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім?
Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз Қужақ деген лақап атпен жатталып қалған,
жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп
Исаевич Голощекин еді.
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсіресе, солтүстіктегі аудандарда егін
шықпай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал осы жылдардың қысы да қоғамдық
малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе
түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді. Дегенмен
халыққа, әсіресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру,
көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр
тиді. Ф.Голощекин, О.Исаев, І.Құрамысов, Т.Голюдов, Е.Ерназаров қазақ
сахарасында Кіші Октябрьді жүзеге асыру ниетімен 700-ге жуық байдың бар
малын тартып алды.
Осы студенттің өзіндік жұмысында автор келесі мәселелерді қарастырады:
ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы; ауыл шаруашылығын күштеп
ұжымдастыру және оның қайғылы салдары – аштық және жаппай қоныс аудару;
жаппай ұжымдастыру саясатына көрсетілген қарсылықтар; ұжымдастыру
қателіктерін реттеу жолдары.

Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы

Жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асырылуы нәтижесінде Қазақстанның
ауыл шаруащылығында елеулі өзгерістер болды, малы жоқ шаруалар саны күрт
азайды, орташалар қатары өсті. Республика экономикасының басты саласы – мал
шарушылығы шапшаң дамыды. 1926 жылы мал саны 1913 жылғы 29,9 млн.
деңгейінен асып түсті. Жаппай ұжымжастыру қарсаңында 1929 жылы малдың саны
40,5 млн. басқа жеткен еді.
Халық шаруашылығының осы бір ауқымды да өмірлік мәні бар зор саласы –
ауыл шаруашылығы қауырт қарқынмен өркендеген өнеркәсіп пен саудадағы
социалистік сектордан тым артта қалып қойды. 20-жылдардың екінші жартысында
жүргізілген – кедейлерді жерге орналастыру арқылы оларды байлар мен
кулактардың езгісінен құтқару көзделген науқан, шабындық пен егістік
жерлерді қайтадан бөлу, ауыл мен деревняның барлық еңбекшілерінің
шаруашылығын көтеру жөніндегі шаралар әлі болса өз нәтижесін бере қойған
жоқ еді.
Басшы қызметкерлерінің, атап айтқанда, Өлкелік партия комитетінің
бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-
экономикалық қайта құрулардың табиғаты мен мәнін бағалаудағы теріс
көзқарасы жағдайды одан әрі ушықтыра түсті. Голощекин Қазақстанға келісімен
қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бірқатар
ерекшеліктерін дұрыс бағаламады, республика партия және кеңес органдарының
1925 жылға дейінгі атқарған оңды жұмыстарының барлығын жоққа шығарды.
Мысалы, республикада кооперативтік құрылыс жөнінде үлкен жұмыс жүргізілген-
ді, 1925 жылдың басына дейін қазақ және қоныс аударған орыс шаруалары
шаруашылықтарының 27,1 проценті кооперацияның түрлі нысандарымен қамтылған
болатын. Бұлардан басқа осы кезде 1074 тұтыну кооперативі бар еді. Олардың
312-сі көшпелі ауылдарда орналасқан. Оның үстіне қазақ шаруалары 1972
ұжымда бірікті, олардың 101-і коммуна, 77-сі ауыл шаруашылық артелі, 204-і
мойынсеріктік еді.
Республиканың жаңа басшылығы ұсақ шаруалар шаруашылығын
кооперативтендіру, оларға тұқыммен, техникамен көмектесу арқылы ауыл
шаруашылығын қайта құруды одан әрі жүргізудің орнына орталыққа теріс
ақпарат беріліп отырды. Бұл кездейсоқ емес еді. Голощекин өзін алысты
болжайтын көреген әрі іскер ұйымдастырушы ретінде көрсетпек болды, ал
Сталин істің мән-жайына көз жеткізбей, жергілікті кадрлардың пікіріне
құлақ аспады. Голощекиннің Қазан революциясы қазақ ауылындағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастарға тиіспей ауылдың жанынан құйындай өте шыққан
деген сөзін қабылдай салды. Ауылды кеңестендіруді, егістік пен шабындықты
қайта бөлуді және басқа да шараларды ол өлкедегі революциялық қайта құрудың
тек бастамасы ғана деп санады.
Сөйтіп, елдің коммунистік көшбастаушылары қазақ қоғамының дәстүрлі
құрлымын эволюциялық жолмен емес, күштеп құратын саясат жүргізуге кірісті.
1927 жылғы қарашада өткен VI жалпықазақстандық партия конференциясында
көшпелі мал өсірушілерді жаппай жерге орналустыру жөнінде қаулы қабылданды,
ол науқан Голощекиннің тікелей бастауымен жүргізілді. Малшы көшпелі
қазақтарды отырықшыландыру үшін қолданылған ұр-да-жық күштеу саясаты елдің
шырқын бұзды. Тек қана бірнеше (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Сырдария, Шалқар,
Тайпақ және т.б.) округтер мен аудандарда жарты миллионнан астам көшпелі
және жартылай көшпелі қазақтар (3 миллионнан астам адам) күштеп
отырықшыландырылды. Бірақ оларға мал жайылымы, су көздері жетіспеді, қора-
жай салуға мұршасы келмеді, оның үстіне отырықшы өмір салты ұнамады.
Олардың кейбіреулері наразылық білдіре бастады, бірқатары ескі қоныстарына
қайтадан көшті, сөйтіп жүріп малдарын шығынға ұшыратты.
1928 жылғы 27 тамызда Голощекиннің қысыммен Қазақ АКСР ОАК және ХКК
Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы декрет қабылдады. Тәркіленуге
жататын ірі феодал-байлар қатарына көшпелі аудандарға 400-ден (ірі қараға
шаққанда) малы бар, жартылай көшпелі аудандарда – 300-ден астам, ал қалған
аудандарда малы 150-ден асатындар да ілікті. Солармен бірге бұрынғы
сұлтандар, болыстар т.б. мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылуға тиіс болды.
696-дан аса ірі феодал-бай жер аударылды, олардың 145 мың малы тартылып
алынды. Тәркіленген мал-мүлік былай таратылды: 80 мыңы кедейлер мен
батырақтарға, 30 мыңға жуығы ұжымшарларға берілді. Байлардың мал-мүлкі
жалпы алғанда, 817 ұжымшар мен 24191 жеке шаруашылықтың қарауына өтті.
Малдың 90 процентке жуығын мүлде малы жоқ және шаруашылығында 4-ке дейін
ғана малы барлар алды. Мал мен құрал-сайманға ие болған олар орташалар тобы
қатарына көтерілді.
Сөйтіп, 1928 жылы ауылда орталық тұлға орташа болды, бірақ олар қажетті
мөлшерде тауарлы астық бере алмады. Сондықтан да елде және республикада
астық жетіспе жатты, ал оған деген мұқтаждық қала халқының күрт өсуіне
байланысты барған сайын арта түсті.
Астық дайындау, егістік пен шабындықтарды қайта бөлу сияқты саяси
науқандардың барысында әміршіл-әкімшіл әрекеттер рухында іс-қимыл жасайтын,
тіпті конституциялық нормалар шеңберінен асып түсетін шаш ал десе, бас
алатын жалған белсенді кадрлар қалыптасты. Халық оларды атқамінерлер деп
жирене атай бастады. Бірақ осындай әсіре әрекеттер қала халқын азық-
түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешпеді.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру

Ауыл шаруашылығының елеулі артта қалып қоюы жағдайында оның одан әрі
дамуы жолдары туралы мәселе өткір алда тұрды. Осы мақсатпен Кеңес одағы
Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж. 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол
ауыл шаруашылығын мейілінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған
социалистік ірі ауыл шаруащылық өндірісіне көшу жайында қарар қабылдады.
Сонымен бірге съездшаруа шаруашылықтарын ұжымдастыруды жүргізгенде түрлі
аудандағы әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктерді және басқа да жағдайларды жан-
жақты ескеріп, еріктілік приниципін қатаң сақтауды үзілді-кесілді талап
етті.
Алайда экономика мен саяси жағдайдағы өзгерсітер ескерілмеді. Шешім
осының алдындағы екі жылға созылған біршама жоспарлы, дағдарыссыз
тұрпаттағы баланстанған мүмкіншіліктер негізінде қабылданған-ды. Ал 1927-
1928 жылдың жылдың қысындағы астықтың белгіленген мөлшерден кем
дайындалуынан туған дағдарысты ел басшылығы күтпеген еді. Ол белгіленген
жоспарды шатастырды, саясатты түбірінен өзгертуге және ЖЭС-те
белгіленгендей жайбырақат ауысу формасында емес, оны мүлдем тежеуге
жәрдемдесті.
Астық дайындаудағы дағдарыс партияның ішінде пікірталас туғызды, мәселе
былайша қойылды – не қалыптасқан қатынастар жүйесі саясатына бірді-екілі
ірі өзгерістер мен жақсартулар енгізіп, оны сақтау керек не оның шеңберінен
шығу.
И.В.Сталин астық дағдарысының себебі кулактар қарсылығының өсуінде деп
түсінді де астықты жасырғандарға қарсы төтенше шаралар қолдана отырып батыл
секіріс жасау арқылы қиыншылықтан шығу қажет деп тапты. Ол астық дайындауды
тұрақтандыру үшін ұжымшылар мен кеңшарлар құру ісін жеделдетуді талап етті.
Кеңес өкіметінің осындай шаруашылық және саяси тіректі пункттерімен
деревняны социалистік жолмен қайта құру процесін байланыстырып жүргізу
қажет, - деді ол. Сөйтіп астық дайындауда қолданылған шаралар ашықтан-ашық
заңсыз сипат алды. Дайындау көлемдері жоспарлы тапсырмалармен белгіленді.
Бірақ ешбір қисынға келмейтін міндетті түрде астық дайындау ежелгі мал
шаруашылықты аудандардың астық сеппейтін шаруашылықтарына да қолданылды.
Бұл аудандардың жазалаудан үрейленген халқы малын астыққа айырбастап, оны
мемлекетке тапсырды.
Дайындау науқаны барысында шаруаларға қарсы кең көлемді жазалау
шаралары жүргізілді: 54498 село тұрғыны әкімшілік-қылмыстық жауапқа
тартылды, оның 34121-і сотталды.
Астық дайындаудағы дайындаудағы дағдарыстан шығудан бірден-бір сара
жолы саналған шаруаларды ұжымдастыру 1929 жылдың күзінде жүргізіле
басталды. Бостандық алып қысқа мерзімде шаруашылығын түзеген кешегі
батырақтар, көптеп тауарлы өнім бере бастаған орташалар күштеп ұжымшарға
мүше етілді. Шаруалардың зор ықылас білдіруінің арқасында емес, әкімшілік
қысымның, кейде жергілікті жердегі шаш ал десе бас алатын топас
атқамінерлердің қорқытуы, арандатуы нәтижесінде ұжымшар құрудың қарқыны
өрістей түсті. Республикада 1929 жылдың 2 айы ішінде ұжымшарлардың саны
2315-ке дейін, ал шаруа шаруашылықтары тиісінше – 23 мыңнан 66 мыңға дейін
өсті. Егер 1928 жылы барлық шаруашылықтардың 2%-ы ұжымдастырылған болса,
1930 жылдың 3 сәуірінде ол 56,4%-ға, ал келесі жылдың қазан айына қарай 65%-
ға жетті.
1930 жылы 5 қаңтарда партияның Ұжымдастырудың қарқыны және ұжымшар
құрылысына мемлекеттік көмек көрсету шаралары туралы қаулысы шықты, онда
бұл салада атқаралатын жұмыстың міндеттері айқын көрсетілді, жаппай
ұжымдастырудың қарқыны жайында елдің аудандары 3 топқа бөлінді: ең ерте
мезгіл бірқатар астықты аудандарда (Орта және Төменгі Волга, Солтүстік
Кавказ) басталды, олар ұжымдастыруды негізінен 1931 жылдың көктеміне қарай
аяқтаулары тиіс. Барлық астықты аудандар (Украина, Орталық Қаратопырақты
облыстар, т.б.) үшін ол бір жылға ұзартылды – шамамен 1932 жылдың көктеміне
дейін. Басқа өлкелерде, облыстар мен ұлттық республикаларда ол 1933 жылы
аяқталуға тиіс болды.
Көшпелі мал шаруашылығының көзге ұрып тұрған өзгешелігіне қарамастан
партия басшылығы Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі аудандарында да
жаппай ұжымдастыруды жүргізу болмай қоймайтын заңдылық деп есептеді.
Дегенмен жергілікті жерлердің талаптарына сай мұндай аудандарда
ұжымдастырудың негізгі формасы – ауыл шаруашылық артеліне көшудің өтпелі
кезеңі ретінде мал өсіру серіктестігі, бірлесіп жерді пайдалану, пішен
дайындау т.с.с. болып белгіленді,
Ұжымшарларды қаржыландыру, тракторларды, басқа да ауыл шаруашылық
машиналары мен саймандарды бөлу жөнінде орталықтан көмек көрсетілді. Тек
1930 жылдың өзінде ғана Қазақстан 3000 трактор алды. Тәжірибелі кадрлар да
көмекке келді, 25 мыңыншылардың 1204-і осында жіберілді. Ол байырғы
жұмысшылар еді.
Астықты аудандарда кеңшарлар мен МТС-тің құрылуы ірі шаруашылықтардың
артықшылықтарын іс жүзінде көрсетті. 1390 жылдың көктемінде республикада 62
кеңшар және 7 МТС болды. Соларды үлгі етіп, асықпай-аптықпай, мерзім-
мерзіммен жеке шаруаларды кооперативтендіру идеясын жүзеге асыруға болатын
еді.
Өкінішке орай, ауыл шаруашылығын осындай эволюциялық жолмен қайта құру
Сталинге ұнамады, астықты мол өндіру үшін, оны негізгі өндіруші –
кулактарға тәуелді болмау үшін ол жаппай ұжымдастыруды тездетуді талап
етті. Ал Голощекин сталиндік идеяға жан-тәнімен берілгендігін іс жүзінде
көрсету үшін Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. 1930 жылы
ұжымшарлардың саны 7 мыңнан асып түсті, оның 2 мыңнан астамы мал
шаруашылықтары аудандарында құрылды. Автордың пікірінше, бұл нағыз
қылмыстық іс еді, себебі қоғамдастырылған малға арналған қора-жай деген
болмады, сондықтан да малды арқан керілген ашық аспан астында ұмтауға тура
келді. Көптеген астықты және мақталы аудандарда да біріншінің қысымымен
жаппай ұжымдастыру сол жылы-ақ аяқталды, соның негізінде бай мен кулактар
жойылды.
Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік
Қазақстанда Кіш Қазанды жүзеге асыру теориясы автордың мойнында жатыр.
Өлкелік партия комитеті ұжымдастыруды тездету жөнінде жергілікті партия
органдарына бастырмалата нұсқау беріп жатты, шаруалардың дайындық дәрежесін
есепке алмай, қарқынды үдете түсуге бағыттап отырды. Ф.И.Голощекин,
И.М.Құрамысов (екінші хатшы) және республиканың кейбір басшы қызметкерлері
елдің орталық аудандарынан қалып қоймау үшін, жергілікті жердің жағдайны
қарамастан, жекелеген округтер мен аудандарға ұжымдастырудың өте қысқа
мерзімін белгіледі. Голощекин өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде былай
деді: КСРО-ның басқа аудандарына қарағанда бізде ұжымшар қозғалысы
баяуырақ жүреді деген пікірді естідім. Мұндай пікірді мен дұрыс емес
деймін. Құрамысов одан әрі кетті: қазақстанның артта қалған аудан
болғанына қарамастан, мұнда ұжымдастырудың қарқыны аса зор, біз бұл жөнінде
Орталықтың көптеген облыстарын басып оздық.
Сөйтіп, басып оза берді. Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы
желтоқсанда өткен пленумының қаулысында былай деп атап көрсетілді: мал
өсіруші шаруашылықтырды ұжымдастыруды қарқынмен жүргізіп, барынша
ынталандыру қажет.. осындай округтердің жекелеген аудандарында жаппай
ұжымдастыруды жүргізу мәселесін қарап, бір апта ішінде оларды белгілеу
өлкелік партком бюросына тапсырылсын, онда тек астықты аудандарда ғана
емес, сонымен бірге мал шаруашылықты және мақта себуші аудандарды да қамту
арқылы бір жыл ішінде халықты ұжымдастырумен толық қамтитындай қарқын
белгіленуі көзделетін болсын.
Сөйтіп, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылықты аудандарда
кооперацияның принциптері өрескел бұрмаланды, оларды жаппай ұжымдастыруды
жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық алғышарттар жоқ еді.
Ұсақ жеке шаруаларды ұжымдыстыру барысында еркіндік принциптері өрескел
бұрмаланды, ауыл шаруашылық артелінен бірден коммуннаға секіріс жасау
әрекеттеріне жол берілді, үй-жай құрылыстары, уақ мал, құс, тауарлы тауарлы
емес сүт малы т.б. күштеп ұжымдастырылды. 1930 жылдың шілдесіне қарай шаруа
қожалықтарының 43%-ға жуығы кооперативтендірілді. Шаруалар ұжымшарға күштеп
тартылды. 1930 жылы он күн ішінде ғана 10,5 мың шаруа ұжымшарға мүше болды,
бұрын ұжымшардан шығып кеткендері мылтық асынған уәкілдер қысымымен
қайтадан мүше болуға өтініш жаза бастады. Еріктілік ұстанымы өрескел
бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар бай-кулактар
қатарына жатқызылып, қатал жазаланды:
• 1929 жыл – 56 498 шаруа жауапқа тартылды, 34 мыңы сотталды.
• 1931 жыл – 5 500 отбасы жер аударылды.
• 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма)
үштігі – 9 805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3 386 адам, 3-
10 концентрациялық лагерьге қамауға – 13 151 адамға үкім шығарды.
• 1933 жыл – ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды.
• Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды.
1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру
үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз тегін пайдалануға 110 000га
жер бөлінді.

Ұжымдастырудың қайғылы салдары – аштық және жаппай қоныс аудару
Күшпен отырықшыландыру барысында қысиың қақаған суығына қарамастан әр
төбенің астында орналасқан қазақ ауылдарын орыс деревнясындағыдай бір жерге
жинап, оларға Кеңес өкіметі қайреткерлерінің есімін беріп, поселке құрды.
Қыста қардан жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Ұжымдастыру (коллективтендіру) қарсаңындағы қазақ ауылы
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық (1929-1933 жж.)
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
ХХ ғ. 20 ж. аяғы мен 30-ж. басындағы ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУЛАР
Пәндер