Программалау тілдеріне жалпы шолу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Программалау тілдеріне шолу және олардың жіктемесі

Компьютерлік технологиялардың дамуы әр түрлі жаңа программалау тілдерінің пайда болуына себепші болды. Қазіргі кезде компьютердің көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін сан алуан программалау тілдері бар. Тіпті, программаны оның қиындығына қарамастан тікелей машиналық тілде де жазуға болады. Компьютеризация заманы басталған кезде ( 1950 ж. ж. басында ) машиналық тіл адамдардың ойлап тапқан жалғыз тілі болатын. Программисттерді қиын машиналық тілдерден құтқару үшін, адам мен компьютердің арасында өзіндік көпір болған жоғары деңгейлі ( машиналық емес ) тілдер ойлап табылды.

Жалпы программалау тілдерін мынадай белгілері, қасиеттері бойынша жіктеуге болады:

1) Тілдің деңгейіне байланысты;

2) Тілдің қызметіне байланысты, яғни қандай есептерді шешуге мүмкіндік беретіне байланысты;

3) Тілдің моделіне байланысты, яғни құрылу принціпіне байланысты.

Ең төменгі деңгей машиналық тілдерде болады деп қабылданады. Сондықтан басқа тілдердің деңгейі деп олардың машиналық тілдерге жақындық өлшемін айтады: тіл неғұрлым машиналық тілге жақын болса, соғұрлым оның деңгейі төмен болады және керісінше. Ең жоғарғы деңгей табиғи тілдерде болады. Сонымен, бірінші кластағы тілдер екі топтан тұрады:

  • деңгейі төмен машинаға байланысты тілдер;
  • деңгейі жоғары машинаға байланыссыз тілдер.

Деңгейі төмен машинаға байланысты тілдер компьютерлердің жеке маркаларының /БЭСМ, ЕСЭБМ, IBM т. с. с. / ерекшелігін немесе компьютерлер кластарының ерекшеліктерін қамтиды. Сондықтан олар тағы да екіге бөлінеді:

  • машинаға бағытталған арнаулы тілдер;
  • машинаға бағытталған әмбебап тілдер.

Машинаға бағытталған арнаулы тілдерге мнемокодтар мен автокодтар жатады.

Мнемокодтарда машиналық тілдердегі барлық бұйрықтардың, берілгендердің және олардың адрестерінің екілік бейнелері /кодтары/ мнемоника деп аталатын әріптер мен цифрлардан тұратын тізбектерге алмастырылып жазылады. Әдетте мнемоника ретінде осы бұйрықтардың табиғи тілдегі атауларының бас әріптерін алады. Мысалы қосу амалының мнемоникасы ретінде латын алфавитінің бірінші А әрпі алынады. Себебі ағылшын тілінде қосуды “Adition” деп атайды. Мнемокодтың машиналық тілге қатысы І:І болады, яғни әрбір машиналық тілдегі бұйрыққа мнемоника беріледі.

Автокодтардың мнемокодтардан айырмашылығы ол мнемоникаларды пайдаланумен қатар онда көмекші программаларды ұйымдастыру және макроамалдар деп аталатын бір ғана амалдармен бірнеше қарапайым амалдардың тізбектерін атау мүмкіншіліктері бар.

Жалпы, мнемокодтар мен автокодтарды біріктіріп ассемблердің тілі деп атайды. Олай дейтіні, әрбір компьютерде осы тілді машиналық тілге аударатын программа бар. Сол программаны Ассемблер деп атайды. Ассемблердің берілгендері ретінде мнемокодта немесе автокодта жазылған программалар, ал оның нәтижесі ретінде осы программалардың машиналық тілдегі түрлері болады.

Машинаға бағытталған әмбебап тілдерде бір класта жататын бірнеше компьютерлердің, / маркаларына байланысты емес/, оларда ерекшеліктерін қамтитын амалдар мен нұсқаулар болады. Бұлар машинаға бағытталған тілдердің дамығаны. Оларға, мысалы, АЛМО немесе UNCOL деген тілдер жатады. Соңғы кез СИ деген жетілген тіл жасалды.

СИ тілі - БИ тілінің дамуы ретінде 1972 жылы Ball Labs фирмасының қызметшісі Дэннис Ритчидің құрастырған тілі. Бұл тіл UNIX пен Ms-DOS операциялық жүйелерін құруда басты рөл атқарған. ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және тасымалданғыштығымен ерекшеленеді.

Бізге компьютердің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үшін қатынас тілі қажет. Әдетте, осындай қатынас тілдерін операциялық жүйенің тілі немесе тапсырмаларды басқару тілі деп атайды.

Бұл тілдер бір жағынан операциялық жүйе белгілі компьютердің маркасына үйлестіргенде /адаптациялағанда/ осы марканың ерекшеліктері мен қасиеттерін қамтитын болады. Сондықтан оларды машинаға байланысты тілдер класына жатқызуға болады. Ал екінші жағынан, кейбір операциялық жүйелер тілі машинаға байланыссыз болады /мысалы, UNIX деген операциялық жүйеде/.

Сонымен, бұл тілдер осы екі кластың арасынан орын алады.

Деңгейі жоғары машинаға байланыссыз табиғи тілдерге жақын болады. Бұлар негізінен алгоритмді оңай және түсінікті жазу үшін арналып жасалынды. Оларда компьютерлердің ерекшіліктерін қамтитын нұсқаулар мен амалдар болмайды десе де дұрыс. Бірақ бұл тілдерде жазылған программалар машинаға байланысты тілдерде жазылған программаларға қарағанда компьютердің көп ресурсын талап етеді. Мысалы, орындалуы көп уақыт және орналасуы көп жер алады.

Осы тілдер қандай есептер шешу ыңғайлығына байланысты төмендегідей болып бөлінеді:

  • сандық есептерге арналған тілдер;
  • символдық есептерге арналған тілдер;
  • логикалық есептерге арналған тілдер;
  • экономикалық есептерге арналған тілдер;
  • моделдеу есептеріне арналған тілдер, т. с. с.

Сандық есептерге негізінен ғылыми-техникалық есептер жатады. Әдетте, осы есептер үшін мыналар пайдаланылады:

ALGOL ( Algorithmic Language ) - 1958-1960ж. ж жасалды;

FORTRAN ( FOR mulae TRAN slation - формулаларды түрлендіру ) - IBM фирмасы жасаған алғаш және сәтті компилятор. Дж. Букс және американдық мамандар тобы бұл тілді алғаш 1954 жылы жариялайды. Ерекшеліктері: трансляторлардың қарапайым құрылымы; бағдарлама белгілі бір стандарттар бойынша құрастырылады; операторлар тізбегі қатаң ретпен жазылады;

PASCAL ( 1971 жылы швейцар маманы Н. Вирт жасаған. Алгол-60-қа сабақтас жарық көрді. ) ;

BASIC ( Beginner’s all-purpose symbolic instruction code - бастаушыларға арналған көп мақсатты символдық оқытушы код ) - 1964 жылы Англияда шығарылған.

Символдық есептерге бір тілден екінші тілге аудару есептері, аналитикалық түсіндіру есептері сияқтылар жатады. Бұл есептер үшін пайдаланылады. SNOBOL ;

LISP ( List information symbol processing ) - 1958 жылы Дж. Маккарти құрған тіл, «жасанды интеллект» методы бар программа құруға арналған. Бұл тілдің ерекшелігі жаңа объектті динамикалық құрудағы ыңғайлылығы, программа жазудағы функционалдық әдісі, өздігіннен өзгеріп отыратын программа құруы және де жадыны қолайлы қолдануы болып табылады.

REFAL ;

Логикалық есептерге дәлелдеу, шахмат ойнау сияқты жасанды интеллектің есептері жатады. Ол есептер үшін мына тілдер пайдаланылады.

PROLOG - Lisp тілі сияқты «жасанды интеллект» жүйесін құруда қолданылады. Бұл тілдің негізі - математикалық логиканың предикаттары болып табылады.

LOGO - 1967 жылы Сеймур Паперт пен Идит Харельдің 6-10 жасар балаларды оқыту мақсатында құрған тілі. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, процедураны қолданады, пайдаланушының алгоритмдік мәдинетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық есептерді шығару үшін, мысалы, COBOL , RPG сияқты тілдер пайдаланылады. Бұл тілдерде неше түрлі кестелерді құрастыру үшін және оларды түрлендіру үшін амалдар мен нұсқаулар бар. Қазіргі кезде мұндай есептер үшін бүтін бір программалық жүйелер жасалынды. Олар, әдетте, берілгендер базасын басқаратын жүйе деп аталады. Оларда өзіндік сұрау тілі деп аталатын тілдер болады. Осындай жүйелерге мысалы, ИНЭС, DBASE сияқтыларды жатқызуға болады.

Моделдеу есептерін шешуге арналған тілдерге SIMULA , DYNAMO сияқты тілдерді жатқызуға болады. Мұндай есептерге, мысалы, ауа райын болжау есебі жатады.

Жалпы осы айтылған тілдердің барлығын проблемаға бағытталған тілдер деп те атауға болады.

Жоғарыда келтірілген есептердің барлығын шығаруға мүмкіндік беретін тілдерді әмбебап тілдер деп атайды. Мысалы, ондай тілге PL/І (ПЛ/І) және АДА тілдерін жатқызуға болады.

PL/I - 1964 жылы ғылымдық, инженерлік және бизнеске бағытталған есептеулерді шешуге арналып жасалды. Өзінен алдыңғы Алгол, Фортран, Кобол сияқты программалау тілдерінің ең жақсы жақтарын өзінде біріктірген, сонымен қатар жаңа әрі күшті шешімдерді де алып келді. Негізінде PL/І процедураға бағытталған тіл болып табылады. Ол блоктардан құралған және де басы, соңы анықтан-анық байқалады. Тілдің басты бір қабілеті - қателерді жөндеу болып табылады.

АДА - аналитикалық машинаны ойлап тапқан, программалаудың негізінде жатқан көптеген түсініктерді ( цикл, шартты оператор ) енгізген Августа Ада Байронның құрметіне аталған. Бұл тіл бөлек компиляциясы, дем берілетін пакеті, берілгендердің абстрактілі типі, параллельді бағдарламалау және бақыланатын нақты есептеулері бар әмбебап бағдарламалау тілі болып табылады. Кезінде АДА тілі АҚШ Қорғаныс Министрлігінің негізгі программалау тілі болған.

Бұл тілдерде шамалардың барлық типтері және оларға орындалатын амалдар анықталған. Әдетте, бұл тіл арқылы кез келген есепті шығаруға болғанымен ондағы программаның көлемі өте үлкен болады. Сондықтан ол компьютердің көп ресурсын қажет етеді.

Программалау тілдері, табиғи тілдері сияқты, өздерінің моделі /құрылу негізі/ бойынша бөлінеді. Мысалы, табиғи тілдерді біз түркі тілдері, славян тілдері, роман тілдері және т. с. с. бөлеміз. Ал программалау тілдерін процедуралық тіл, функционалдық тіл, алмастырмалық тіл және логикалық тіл деп бөлуге болады.

Процедуралық тілде алгоритм әрекеттерді бейнелеу арқылы жазылады. Әрекеттер ретінде меншіктеу амалы, тізбектелу нұсқауы, тармақталу нұсқауы немесе қайталау нұсқауы болуы мүмкін. Процедуралық тілдерде программа бірлігі ретінде әрекет қабылданады, яғни программаның үлкенді- кішілігін ондағы әрекеттердің санына қарап айтады. Процедуралық тілдердің ішіндегі ең бірінші пайда болғаны ФОРТРАН /1955 ж. /, ал ең соңғысы АДА /1979ж. /. Процедуралық тілдердің даму тарихын төмендегідей суреттеуге болады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
JSP, PHP, ASP Web программалау тілдеріне шолу. Сайт құру кезеңдері
С\С++ программалау тілдерінің тарихына қысқаша шолу
СИ тіліндегі файлдар және мәтіндік файлдар
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Препроцессор директивалары
Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік
Функционалдық программалау тілдерінің мүмкіндіктерді талдау
Миранда функционалдық программалау тілі
СИ тіліндегі динамикалық жады
СИ тіліндегі символдық функциялар мен процедуралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz