Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Маркетингілік қызметтің ұйымдастырушылық формалары
Тексерген: Әбеуханова Е.Б.
Орындаған: Бекбаева Д. УА-805
Семей - 2010
Ауыл шаруашылығы саласында маркетинг қызметін ұйымдастыру формалары.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде нарықтық қатынастардың
қалыптасуы мен даму үрдісі жағдайында тұрақты даму мен бәсекеге
қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік
қолдау аясында нарық талаптарына бейімделе жұмыс істеуі үшін қаржылық
қолдаумен қатар, маркетингтік қызметті жетілдіру болып табылады. Қазіргі
замануи маркетинг әдістері мен қағидаларын қолдану арқылы бүгінгі
экономикалық шарттарда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың алдында
тұрған сапалы жаңа міндеттерді шешу қажеттігі туындап отыр. Аграрлық салада
кәсіпорындарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру барысында маркетинг-
қазақстандық шаруашылық тәжірибесі үшін кәсіпорындардың өндірістік-өтімдік
қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдісі болып табылады.
Қазақстанда маркетингті енгізу қажеттігі басқару теориясы мен
тәжірибесін дамытудағы жалпы әлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен
қатар, маркетинг қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның
ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, маркетинг саласындағы батыс
тәжірибесі бірқатар өлшемдері бойынша қазақстандық шарттарға сәйкес
келмейді. Оның үстіне, отандық тәжірибе маркетингтің экономикасы дамыған
елдерге тән емес, беймәлім тұстарын ашып берді. Біздің шарттарда
маркетингтің классикалық сызбасын пайдалану және енгізу процесі өте қиын
әрі баяу жүзеге асады. Өйткені, отандық аграрлық кәсіпорындарда маркетингті
қалыптастыру шарттарының өзіндік ерекшеліктері бірқатар мәселелердің
туындауына алып келуі және маркетингтің дамыған үлгісінің қолданысына
кедергі келтіруі мүмкін.
Қазіргі таңда еліміздің жекелеген аймақтарының агроөнеркәсіп
кешенінің алдында тұрған басты міндет тұрақты дамитын аграрлық-индустриялық
және инновациялық орталыққа айналу, отандық тауарлардың әлем нарығына
шығаруға жәрдемдесуді жүзеге асыру үшін маркетингтік қызметті қолданудың
жаңа жүйелерін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты, елімізде
2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін
тұрақты дамыту тұжырымдамасы және 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасы қабылданды.
Сонымен, маркетинг туралы шетелдік және отандық әдебиеттерді
зерттеуге және нақты кәсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастыру
процесінің ерекшеліктері бойынша мәліметтерді сараптауға негізделген осы
тақырып бойынша жұмыс істеу оның нәтижелерін отандық кәсіпорындардың іс-
жүзінде әрі қарай пайдалануы тұрғысынан өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу мәселесінің өзектілігі әзірге қолданбалы материалдары мен ілімдік
негіздері жеткіліксіз Қазақстан үшін жаңа бір мәселе болуымен де
айқындалады. Жұмыс нәтижелерін маркетинг қызметінің даму бағыттарын анықтау
үшін қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде іс-жүзінде қолдану
мүмкіндігі де осы тақырыптың маңыздылығын күшейте түседі. Осылайша, аталмыш
мәселенің өзектілігі мен тақырыптың ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз
өңделгендігі зерттеу мақсатын, пәнін және нысанын таңдауда негіз болып
табылады. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығында маркетинг қызметін
қалыптастыру және дамыту жөніндегі кеңестер мен ұсыныстарды дайындау
қажеттігі туындайды.
Маркетингтің ілімдік аспектілерін әзірлеуге әртүрлі мектептердің
өкілдері саналатын Ф.Котлер, П.Друкер, К.Ланкастер, Т.Левитт, И.Ансофф,
Б.Берман, Д.Эванс, А.Дайан, Л.Роджерс, С.Блэк, Ж.Ж.Ламбен және т.б көптеген
шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнады. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
және аграрлық салада маркетингті қолданудың ілімдік және әдістемелік
мәселелерін зерттеуге өзіндік үлесін қосқан отандық ғалымдар А.К.Қошанов,
Р.С.Каренов, Ш.К.Көпешов, С.Н.Нысанбаев, С.С.Сатубалдин, Т.И.Есполов,
К.А.Сағадиев, О.К.Ескараев, А.Ш.Нурсеитов, Р.А.Камшыбаев, А.А.Сатыбалдин,
Ж.М.Шаекина, Т.Ж.Нұрымбетов, С.Р.Есімжанова және т.б ғалымдардың қосқан
үлесі жоғары.
Сонымен қатар, агромаркетинг саласында маркетингтік қызметтің
дамуына үлесін қосқан ресей ғалымдары В.Г.Гусаков, А.В.Клюкач,
Г.П.Абрамова, Г.В.Астратова, П.П.Сорокин, В.П.Неганова, Ю.А.Цыпкин
еңбектері ерекше назар аудартады.
Дегенмен, Қазақстанда АӨК кәсіпорындарының салалық маркетинг
қызметінің тұжырымдамасын дайындаудың ғылыми негізделген тәсілдері және
әртүрлі формадағы шаруашылықтарда маркетинг қызметтерін ұйымдастыру,
маркетингтік құрылымдарды өзара байланыстыру және ауыл шаруашылығында жұмыс
істейтін маркетингтік ұйымдарды біртұтас жүйеге біріктіру мүмкіндіктері
әзірге болмай отыр.
Диссертациялық жүмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында
агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру бойынша теориялық-
әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.
Бұл қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- нарықтық қатынастардың даму жағдайын есепке ала отырып, ауыл
шаруашылығында маркетингті қолданудың теориялық және әдістемелік
негіздерін зерттеу;
- ауыл шаруашылығы саласында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесін еліміздің аграрлық сферасында пайдалану
мүмкіндіктерін талдау;
- агроөнеркәсіп кешенінің даму жағдайына талдау жүргізу және
аграрлық маркетинг қызметінің қазіргі ұйымдастырылу барысы мен
даму тенденцияларын сараптау;
- Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік
қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау;
- аграрлық өндірістік кәсіпорындарда маркетингтік қызметті
ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері бойынша ұсыныстар мен
нұсқаулар дайындау.
Зерттеу пәні болып аграрлық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар мен
ұйымдардың маркетингтік қызметтері таңдалды.
Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін құраушы
кәсіпорындар мен ұйымдар зерттеу нысаны болып табылады.
Жалпы зерттеудің ілімдік және әдістемелік негізі ретінде
маркетингтік қызметті ұйымдастырудың жалпы теориялары мен заңдылықтары
құрады. Маркетинг саласындағы отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың осы
зерттеу пәні бойынша ілімдік-әдістемелік көз-қарастары мен тұжырымдары
зерттелді. Зерттеу міндеттерін шешу барысында Қазақстан Республикасының
заңдық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлықтары, ел басының Қазақстан халқына жолдаулары,
бұқаралық ақпарат құралдарының және басқада ақпарат көздерінің мәліметтері
қолданылды.
Диссертацияда зерттеулердің экономикалық талдау, жүйелік,
салыстырмалы, есептік-құрылымдық сараптау, топтастыру және экономикалық-
математикалық модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері,
Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, Оңтүстік
Қазақстан облысы Статистика жөніндегі басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан
облысы ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметтері, ғылыми-практикалық
конференциялар мен семинарлардың материалдары зерттеу жұмысының негізгі
ақпараттық базасын құрады.
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру бойынша
жүргізілген зерттеулер нәтижесінде диссертацияның ғылыми жаңалығын
анықтайтын келесі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды :
- ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында
маркетингті қолданудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздері
зерттелді;
- шет елдердегі аграрлық салада маркетингті ұйымдастырудың қалыптасқан
тәжірибесін және оны отандық аграрлық сектор ерекшеліктерін ескере отырып
елдің аграрлық-өнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарында пайдалану
мүмкіндіктері анықталды;
- тұтастай аграрлық-өнеркәсіп кешенінде маркетингті қолдану
ерекшеліктері мен оның дамуына әсер ететін факторлар негізделді;
- аймақтың агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтің дамуының қазіргі
жағдайын нарықтық зерттеу негізінде аграрлық салада маркетингтік қызметтің
даму мүмкіндіктері айқындалды;
- агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдірудің
стратегиялық бағыттары анықталып, маркетингтік басқарудың негізі
инвестициялық талдау болып табылатындықтан, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің
инвестициядан тәуелділігін көрсету болжамы жасалды.
Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары :
1. шетелдік және отандық тәжірибені жалпылама қорытындылау
негізінде агромаркетингтің салалық және қолданбалы маңызы мен мәні.
2. ауыл шаруашылығында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесін зерттеу арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде
маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары.
3. аймақтың аграрлық өнеркәсіп саласында маркетингті кешенді
қолдану мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маркетингтің кешенді жүйесінің
үлгісі.
4. Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласындағы
кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік қызметті ұйымдастыру әлеуеті және
оны қалыптастырудың жаңа механизмдерін қолдану мүмкіндіктері.
5. Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық өнеркәсіп кешенінде
маркетингтік қызметті жетілдіру мақсатында тұрақты дамытуда инвестицияны
пайдаланудың экономикалық-математикалық үлгісі.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық жұмыста
қамтылған ілімдік және әдістемелік ережелерді, тұжырымдар мен
қорытындыларды аймақтың агроөнеркәсіп кәсіпорындары, облыстық және аудандық
ауыл шаруашылық органдары қатаң бәсеке жағдайында агроөнеркәсіп кешенін
тұрақты дамыту жоспарларын дайындау мен жүзеге асыру барысында пайдалана
алады. Осының арқасында олар басқару саласында экономикалық тұрғыдан аса
тиімді шешімдерді қабылдауға және кәсіпорындар арасындағы күшейген бәсеке
жағдайында жоспарлардың ғылыми деңгейі мен негізділігін арттыру
мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, диссертация материалдарын жоғары оқу
орындарындағы Маркетингті басқару, Салалық маркетинг, Маркетинг
экономикасы және Халықаралық маркетинг пәндерін жүргізу барысында
қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы.
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертацияда
қамтылған зерттеу нәтижелері мынадай халықаралық және республикалық ғылыми-
практикалық конференцияларда жарық көрді: “Орталық Азия елдерінің
мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту” (Түркістан қ.,
2006ж.), “Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің құрылғанына 40
жыл толуына арналған “ЖАС-ҒАЛЫМ –2007” (Тараз қ., 2007ж.), “Қазақстан
Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру
бәсекелестілік қабілеттіліктің айғағы” (Шымкент қ., 2007ж.), Ш.Уалиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Шоқан тағылымы-13 (Көкшетау,
2008ж.), Батыс Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы:
тарихы мен қазіргі жағдайы (Орал, 2008 ж.).
Жарияланған мақалалар. Диссертацияның негізгі материалдары жалпы
көлемі 11,7 баспа табақты құрайтын 1 оқу құралында және 9 ғылыми еңбекте,
оның ішінде ҚР БҒМ-нің білім беру және ғылым саласындағы бақылау
комитетімен ұсынылған басылымдарда 4 мақала жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолданудың ілімдік-
әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауыл
шаруашылығында маркетингті қолдану кешенді-мақсатты тәсілді пайдалану
арқылы тұтынушылардың талаптарына бейімделудің икемді тактикалық саясатын
жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта
өңдеу, сақтау және өткізу секілді өндірістік- экономикалық байланыстарының
сан алуан түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарастырылған
факторлар желілік қарым-қатынастар жиынтығымен анықталады. Бұл үрдіс
белгілі бір қағидаларды сақтау арқылы ауыл шаруашылығы саласында
маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыруда оның ілімдік және
әдістемелік негіздерін құрайды.
Нарық жағдайында маркетинг кәсіпорынның бүкіл өндірістік және
өтімдік қызметін ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізіне, ал маркетингті
басқару оларды басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Сол
себептен, кәсіпорындарда маркетинг – дербес маманданған ішкі шаруашылық
бөлімше ретінде қызмет атқаруы керек. Маркетинг – күрделі әрі көп аспектілі
әлеуметтік-экономикалық құбылыс, дербес экономикалық үдеріс, ойлау түрі
және тұжырымдамасы. Сондай-ақ, үнемі құбылып отыратын қазіргі нарықтық
шарттарда бизнесті жүргізу әдестемесі мен технологиясы, фирманың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz