Халықаралық сауда фактілері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Халықаралық сауда теориясы

Мазмұны

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 1. Халықаралық сауда теориясының экономикалық негізі . . .
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 2. Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандандыру . . .
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: 3. Экспорт пен импортқа ұсыныс және сұраныс. Қолданпаздық (протекционизм) . . .
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
Кіріспе . . .:
:
Кіріспе . . .: Әдебиеттер тізімі
:
  1. Халықаралық сауда теориясының экономикалық негізі.

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты.

Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. өйткені экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.

Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.

Сыртқы сауданың қажеттілігі. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы ХІХ ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылады. Д. Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әртүрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетеді. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралады.

Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн.

Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Д. Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.

Халықаралық сауда фактілері.

  1. Американың тауар және қызмет экспорты ЖІӨ-нің 11-13%-ын құрайды. Басқа мемлекеттерде экспорт үлесі жоғары. Мысалы, Голландия - 52%, Германияда - 27%, Жаңа Зеландияда - 33%, Канадада - 30%.
  2. АҚШ экспорт және импорт көлемі жөнінен дүние жүзінде 1-орынды алады. Қазргі уақыттағы америкалық экспорт дүние жүзі экспортының 1/8 бөлігін құрайды. АҚШ-тан кейінгі орындарға Германия, Жапония, Франция, Англия ие болуда.
  3. 1965 жылдан бері АҚШ экспорты мен имопорты көлемі 2 есе өсті.
  4. 1994 жылы АҚШ-тың тауар тапшылығы 133 млрд. долл. болды, яғни импорт экспортқа қарағанда көп, бірақ сонымен бірге қызмет экспорты импорттан 57 млрд. долларға көп болды. Сонымен тауар және қызметтің жиынтық сауда тапшылығы 76 млрд. долл. теңге.
  5. Американың негізгі экспорт тауарлары: химикаттар, компьютерлер, тұтыну тауарлары, ұшақтар. Негізгі импорт тауарлары: автомобильдер, мұнай, компьютерлер және киім.
  6. Индустриясы дамыған елдер сияқты АҚШ-тың импорттайтын тауарлары мен экспорттайтын тауарлары ұқсас. Мысалы, автомобильдер, химикаттар, компьютерлер.
  7. АҚШ-тың экспортпен импортының көп бөлігі индустриясы дамыған мемлекеттермен сауда байланысы арқылы жүреді. Ол мемлекеттерге Канада, Батыс Еуропа елдері, Жапония жатады.
  8. Көлік және комуникациялық технологияның дамуы, тарифтердің төмендеуі, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы бейбіт қарым-қатынас екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық сауданы дамытуға елеулі әсерін тигізді.
  9. Халықаралық саудада АҚШ, Жапония, Батыс Европа елдері, Канада елеулі орын алғанымен қазір көп мемлекеттер үлесі өсіп келеді. Оларға Гонкон, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерін жатқызамыз. Олар халықаралық саудадағы өздерінің үлесін 3%-дан (1972 ж. ) қазіргі 10%-ға дейін өсірді. Қазір ол мемлекеттерге Қытай қосылды. Комунистік жүйенің жойылуынан кейін ол қазір Шығыс Еуропа, Ресей және Қазақстанның үлгісімен жабық эконгомика саясатынан ашық экономикаға көшуде.
  10. Қазір халықаралық сауда және халықаралық сясат тығыз байланысты. Мысалы, Солтүстік Америка еркін сауда келісімі (НАФТА), Тарифтер және сауда жөніндегі келісім (ГАТТ), АҚШ пен Жапония арасындағы саудадағы Американың тауар тапшылығын кеміту шарттары.

Сауданың экономикалық негізі. Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз.

Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндірілетін тауарларға мамандану арқылы ұтады.

Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауаптар беруге болады:

  1. Экономикалық ресурстар (табиғи, еңдек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір елкапиталсыйымдыболса, екінші елеңбексыйымдыболады.
  2. Әр түрлі тауарларды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды қажет етеді.

Осы айтылғандарға төмендегідей мысалдар келтірейік.

Жапонияда жоғарға және орта білімді мамандар күші көп және арзан. Сондықтан жапония жоғарғы білімді мамандар күшін қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио, т. б. жатқызуға болады. Бұлар еңбексыйымды тауарлар.

Австралия, керісінше, жер ресурстарына бай, бірақ еңбек күшіне тапшы. Сондықтан олар көп жерді қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға - бидай, жүн ет бұйымдарын жатқызуға болады.

Бразилияның жері құнарлы, климаты тропикалық, жауан-шашын жиі жауады, қарапайым жұмыс күші өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болып отыр.

Индустриясы дамыған мемлекеттер капиталсыйымды тауарлар өндіреді. Мысалы, машина, ауал шаруашылық құралдар, химикаттар. Бірақ мемлекеттің тауар өндірудегі экономикалық тиімділігі тұрақты емес. Уақыт өте келе олар өзгеруі мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Корея соңғы 50 жыл ішінде өзінің жұмысшы мамандануын жоғарылатты және капитал көлемін өсірді. Бұдан жарты ғасыр бұрын көбінесе ауалшаруашылық тауарларын және шикізат экспорттаған Корея қазір дайын өнімді экспорттайды.

Сол сияқты технология дамуы да өз әсерін тигізеді.

Мемлекеттер экономикасының дамуына байланысты еңбек күшінің сәні мен сипатына байланысты еңбек күшінің сәні сапасы, капитал көлемі мен құрамы, технология деңгейі өзгеруі мүмкін. Осы өзгерістер арқасында мемлекеттердің тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығаруы да өзгереді.

  1. Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандандыру.

Халықаралық сауда екі мемлекеттен тұрады деп қарастырайық. Мысалы, Бразилия және АҚШ. Екі мемлекет те бидай мен кофе өндіреді, бірақ әр түрлі әкономикалық тиімділікпен. АҚШ пен Бразилияның мүмкіншілігінің қисығы 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы / кофе және бидай/. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы ретінде көрсетілу себебі өндіріс шығыны тұрақты. өндіріс шығындарының айырмашылығы АҚШ үшін 1W = 1C, Бразилия үшін 1W = 2C .

Кофе Кофе

30 30

25 25

20 20

15 15

12 А 12

10 10

5 5 В

5 10 15 18 20 25 30 5 8 10 15 20

Бидай Бидай

а) АҚШ ә) Бразилия

Шығындар айырмашылығы . АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы әр түрлі. Олар ресурстар мен технологиялық прогресс деңгейінің әр түрлілігіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда 2 мемлекетте бидай мен кофенің өндіріс шығындары әр түрлі.

1-суретте АҚШ толық жұмыс күшін пайдаланыпжәне кофе өндіру көлемін 30 т төмендету арқылы қосымша 30 т бидай өндіре алады. Басқаша айтқанда өндіріс мүмкіншілігінің қисығы - 1, яғни 1 т кофе = 1 т бидай, яғни АҚШ-тың кофе өндіруге жұмсаған ресурстарды пайдаланып қосымша бидай өндіре алады. Бұл айырбастан АҚШ-тың өндіріс мүмкіншілігі артады. Ал 1-суретте Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы айырбас пен шығынның басқаша жағын көрсетеді. Бразилия қосымша 10 т бидай алу үшін 20 т кофе өндіруден бас тартуы мүмкін. Сонымен оның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы - 1 т бидай = 2 т кофе.

Өзін өзі қамтамасыз ету . Егер АҚШ пен Бразилия экономикасы жабық және өз қажетін қамтамасыз ететін болса, онда әр мемлекет өндірістің белгілі бір құрылымын таңдауы керек. А нүктесі АҚШ үшін қолайлы деп айтайық. Оңтайлы өндіріс құрылымы (18 т бидай және 12 т кофе) нарықтық экономика тетігінің әсерімен қалыптасады.

Бразилияның өндіріс құрылымының оңтайлылығы (8 т бидай, 4 т кофе) 1-суреттің В нүктесінде көрсетілген. Бұларды төмендегідей кестенің 1-бағанында көруге болады.

Мемлекет

1. Мамандануға дейінгі өндіріс көлемі
2. Маманданудан кейінгі өндіріс көлемі
3. Импорт (+) көлемі
4. Саудадан кейінгі өндіріс көлемі
5. Маманданудандырудан және саудадан түсетін пайда
Мемлекет: АҚШ
1. Мамандануға дейінгі өндіріс көлемі:

18 т бидай

12 т кофе

2. Маманданудан кейінгі өндіріс көлемі:

30 т бидай

0 т кофе

3. Импорт (+) көлемі:

-10 т бидай

+15 т кофе

4. Саудадан кейінгі өндіріс көлемі:

20 т бидай

15 т кофе

5. Маманданудандырудан және саудадан түсетін пайда:

2 т бидай

3 т кофе

Мемлекет: Бразилия
1. Мамандануға дейінгі өндіріс көлемі:

8 т бидай

4 т кофе

2. Маманданудан кейінгі өндіріс көлемі:

0 т бидай

20 т кофе

3. Импорт (+) көлемі:

+10 т бидай

-15 т кофе

4. Саудадан кейінгі өндіріс көлемі:

10 т бидай

5 т кофе

5. Маманданудандырудан және саудадан түсетін пайда:

2 т бидай

1 т кофе

Саудадан түсетін ұтыс . Халықаралық айырбас коэфициенті немесе сауда ұтысы 1W = 1/2C деп қарастырайық. Осындай шарт арқылы сауда мүмкіншілгінің қисығын таңдауға болады. Ол 2-суретте көрсетілген. өндіріс мүмкіншілігінің қисығы сияқты сауда мүмкіншілігінің қисығы маманданған тауарда және оны басқа тауарға айырбастау вариантын таңдай мүмкіншілігі, 2-суретте сауда мүмкәіншілігінің қисығы көрсетілген. Екі мемлекет салыстырмалы артықшылықпен шығарылған тауарға маманданған.

Кофе Кофе

А`

A

B`

B

Бидай Бидай

2-сурет.

Таңдау мүмкіншілігі . Мамандану және сауда бидай мен кофе арасындағы айырмашылықтың жаңа қатынасының пайда болуына әкеледі, ол сауда мүмкіншілігінің қисығында көрсетілген. өзін-өзі қамтамасыз ету саясатына қарағанда бұл жаңа қатынас екі мемлеткет үшін де қолайлы: бидайға мамандануы және оны кофеге айырбастауы арқылы АҚШ 1 тонна бидай үшін 1 тонна жоғары сортты кофе алады. Сол сияқты Бразилия кофе өндіруге мамандану арқылы 1 тонна бидайды 2 тоннадан аспайтын кофеге алады.

  1. Экспорт пен импортқа ұсыныс және сұраныс. Қолданпаздық (протекционизм) .

Сұраныс пен ұсыныстың талдау баға тепе-теңдігін және импорт пен экспорт көлемін анықтауға көмектеседі. Мемлекеттің тауар қызметі импорттау мен экспорттау көлеміне, дүниежүзілік баға мен мемлекет ішіндегі сол тауарға деген бағаның айырмашылығына байланысты. Дүниежүзілік баға тепе-теңдігі дүниежүзілік сұраныс пен ұсыныс қатынасынан пайда болған, яғни баға ғаламдық ұсыныс пен сұраныс қатынасына тең.

АҚШ-тың экспорт ұсынысы. Егер алюминий бағасы 1 доллар қымбат болса, онда АҚШ фирмалары 100 миллион фунттен артық алюминий шығарады және артық өнімді экспорттайды. Алюминийдің дүниежүзілік бағасы 1, 25 доллар болса, онда америкалық фирмалар 125 млн. фунт өндіреді. Оны S қисығынан көруге болады. Америкалықтар тек 75 млн. фунт алюминий сатып алады (D) . Сондықтан олар артық алған 50 млн. фунт алюминийді экспорттайды. Ал дүниежүзілік баға 1, 50 доллар болса, онда америкалық фирмалар 150 млн. фунт алюминий өндіреді, америкалық тұтынушылар тек 50 млн. Фунт сатып алады. Сонда 100 млн. фунт алюминийді экспорттайды. Дүниежүзілік баға мемлекет ішінде бағадан жоғары болғандағы алюминийдің экспорты 3(ә) -суретте горизонталь осінде көрсетілген. Дүниежүзілік баға және мемлекет ішіндегі баға тең болғанда экспорт көлемі 0-ге тең (а нүктесі), яғни ішкі өндіріс қалдығы жоқ. Ал дүниежүзілік баға 1, 25 доллар болғанда америкалық фирмалар 50 млн. фунт артық алған алюминийді экспорттайды (b нүктесі) . Дүниежүзілік баға 1, 50 доллар болғанда 100 млн. фунт алюминийді экспорттайды (с нүктесі) . Жоғары бағытталған экспорт ұсынысының қисығы а, b, с нүктелерінің қосындысы арқылы табылған. Қисық жоғары көтеріледі америкалық экспорт көлемімен байланысты дүниежүзілік баға өскен сайын америкалық экспорт көлемі де өседі.

Sd

1, 50 1, 50

c

1, 25 1, 25

b

1, 00 1, 00 a

0, 75 0, 75

x

0, 50 0, 50

Dd y

0 50 75 100 125 150 0 50 100

3-сурет. АҚШ-тағы экспорт ұсынысы және импорт сұранысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі туралы ақпарат
Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу
Халықаралық сауданың табыстары
Отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызған терiс пиғылды бәсекеден қорғау
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Банкаралық несиелеу
Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Әлемдік тауар нарықтарының әртүрлі түрлеріндегі баға белгілеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz