Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
АҚ Астана Медициналық Университеті

Кафедра: Гистология кафедрасы_______

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Бұлшықет ұлпаларының гистологиясы

Орындыған: Шарменов Абылайхан
Улимбаева Меруерт
204-ЖМ
Тексерген: Маншарипова Жазира
Батырбекқызы

Астана, 2009

ЖОСПАРЫ

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:
а) Бұлшықет ұлпаларының жіктелуі
б) Бұлшықет ұлпаларының дамуы
в) Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
г) Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
д) Қаңқалық көлденең бұлшықеттік ұлпалары
е) Бұлшықет орган ретінде

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Адамда 650-ден астам бұлшықеттер. Бұлшықеттер тірек-қимыл мүшелерінің
ішіндегі адам денесін қозғалысқа келтіруші ірі тұлғалы жүйе болып саналады.
Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін бұлшықет тіні құрылымына қарай
көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек және бірыңғай салалы
бұлшықеті болып бөлінеді.
Көлденең жолақты бұлшықет қатарына қаңқа еттері, тіл, көз, жұтқыншақ,
көмей, өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады. Қаңқа еттерінің қызметі ми
қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл-
әрекеттерді қамтамасыз етеді.
Бірыңғай салалы бұлшықеттер де адам (жануар) үшін маңызы өте зор. Ол
теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және лимфа
тамырларының, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАЛАРЫ
(TEXTUS MUSCULARIS)

Бұлшықет ұлпаларының жіктелуі мен жалпы морфофункционалдық
сипаттамасы
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы, орындайтын қызметтеріне байланысты
созылыңқы көрініске ие, себебі миофибрильдері ұзынынан ораналасқан. Ет
ұлпасы адам организміндегі қозғалыс процестерін жүзеге асыратын және
механикалық жұмыстарды атқаратын ұлпа.

МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ

Барлық бұлшықеттер морфофункционалдық топты құрайды. Бірақ қысқаратын
органеллаларының құрылысына байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа –
бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары жатады. Миоциттердің цитоплазмаларында
актин және миозин жіпшелерінен қысқартушы миофибрильдер қалыптасады.
Екінші топқа – көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары жатады. Бұлардың
құрамына арнайы органеллалар мен фибрильдерді түзеуші актин мен миозин
протофибрильдері кіреді.

БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАЛАРЫНЫҢ ДАМУ КӨЗДЕРІ

Бұлшықет ұлпалары шығу тегіне байланысты бес түрге бөлінеді:
мезенхималық, эпидермалды, нейралды, целомдық және соматикалық (миотомдық).
Алдыңғы үш түрі – бірыңғай салалы бұлшықет ұлпаларының тобына жатады, ал
төртінщі мен бесінші – көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларына жатады.

МЕЗЕНХИМАДАН ДАМИТЫН БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАЛАРЫ

Гистогенез. Осы ұлпалардың бағаналы жасушалары мен бастама беруші
жасушалары эмбриональдық даму сатыларында толық бөлінбеген. Осыған орай
дәнекер ұлпаларындағы фибробласттардың бастамаларына туыс болып келеді және
мезенхима кіреді. Бұлар фибробласттар сияқты гликозоаминогликандар мен
коллаген молекулаларын синтездейді. Миоциттердің синтездеу қабілеттері
төмен, бірақ толық жойылмайды.

ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бірыңғай салалы бқлшықет ұлпаларының жасушаларын миоцит деп атайды.
Миоциттер ұршық пішінді, ұзындығы 20-500 мкм, қалыңдығы 5-8 мкм. Таяқша
пішінді ядросы жасушаның орталық бөлігінде орналасады. Миоцит жиырылған
кезде, ядросы майысып, оралып кетеді. Синтездеу қабілетінің төмен болуына
байланысты Гольджи комплексімен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар дамыған,
ал митохондрияларға өте бай. Рибосомалары көбіне еркін орналасады.
Цитолеммасы көптеген ойыстарды, оны пиноцитозды көпіршіктер мен
кавеолаларды құрайды. Олар арқылы цитоплазмаға кальций иондары жеткізіледі.
Цитоплазмада актин миофиламенттері ұзына бойына немесе бұрыш құрап
орналасады. Электрондық микроскопта цитолеммаға немесе бір-біріне
байланысқан жерлері электронды тығыз денешік тәрізді сияқты көрінеді. Актин
миофиламенттері d-актинин белогынан тұрады. Плазмолеммаға байланысқан тығыз
денешіктерінде винкулин белогы анықталған. Кейде сәулелі микроскопта қара
түсті дақтар сияқты көрініске ие.
Миозинді миофиламенттер миоцит цитоплазмасында ұзына бойы орналасқан.
Молекулярлық байланыстың нәтижесінде актин және миозин жіпшелерін қарама-
қарсы жылжытатын жақындатқан күш цитолеммаға жетіп, жасушаны пішінін
өзгертеді.
Әрбір миоцит базальді мембранамен қоршалған. Мұндағы тесіктердің
аймағында, көрші миоциттердің арасында сағлау сияқты байланыстар
(нексустар), пайда болып, миоциттер мен ұлпалардың қызметтік байланысын
қамтамасыз етеді. Базальды мембранаға көптеген ретикулярлы фибрильдер.
Жасушалардың соңында цитолемма жіңішке жұқа ойыстар құрайды, бұл жерге осы
фибрильдер кіреді де жиырылғандағы күші осыларға түседі. Бұлшықет
жасушаларының маңында ретикулярлы эластинді және жұқа коллагенді талшықтар
көрші миоциттерді де қоршап тұратын тор құрайды, мұны – эндомизин деп
атайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының физиологиялық регенерациясын
атқаратын қызметі жоғарылаған жағдайда қалыптан тыс ұлғайып қайта орнына
келеді. Бұл жағдай жүкті әйелдің жатыр қабырғасындағы бұлшықетті қабығында
анық байқалады. Миоциттерді синтездеу процестері жылдамдыланады, ядролары
белсенділенеді. Гольджи аппаратының эндоплазмалық тордың және
рибосомалардың саны көбейеді. Кейбір миоциттер бөліне бастайды, ал
миофибробласттар миоциттерге айнала алады. Репаратифтік регенерацияда
ұлпаның қайта қалпына келуі осы жолдар мен жүзеге асырылады.

ЭПИДЕРМАЛДЫҚ БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Тері эктодермасынан дамитын бұл ұлпаның элементтеріне миоэпителиалды
жасушалар жатады. Бұлар тері, сүт, сілекей және көз жасы бездерінде
орналасады. Бұлар жалпы бастама беруші жасушалардан секреттеуші эпителиалды
жасушалармен қатар дифференцияланады. Миоэпителиалды жасушалар
эпеителиалдыларға жанасып дәнекер ұлпасынан мембрана арқылы шектеленеді.
Миоэпителиалды жасуша жұлдызша пішінге ие және өсінділермен бездерінің
соңғы бөлімдерімен ұсақ шығарушы өзектерін қоршап тұрады. Бұларды себет
сияқты жасушалар деп те атайды. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ядромен
органеллалар орналасады, ал өсінділерінде қысқаратын аппарат орналасқан.
Өсінділердің қысқарылуы бездерінің секреттерін бөліп шығартады.
Регенерация кезінде миоэпителиалды жасушалар табиғаты бойынша
эпидермиалды болып келетін аз маманданған жасушалардан дамиды.

НЕЙРАЛДЫҚ БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Бұл ұлпаның миоциттері көз кесесі қабырғасының құрамындағы нейралдық
бастама жасушаларынан дамиды. Құрылыстары бойынша қысқаратын аппаратқа ие,
жолақсыз миоциттер болып саналады.

ОРГАНДАР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАСЫ

Органдардың құрамында бірыңғай салалы миоциттержиналып, шоғырлар
құрайды, бұлардың арасында жұқа болбыр талшықты дәнекер ұлпасы орналасады,
ал бірнеше шоғырдан бұлшықеті құралады, бұлар қалыңдау келген талшықты
дәнекер ұлпасы қабығымен қоршалған. Бұлар арқылы қан тамырлары өтіп
бірыңғай салалы бұлшықеттерге қоректік заттарды тасиды, ал нерв талшықтары
миоциттер арасында аяқтайды. Сондықтан нерв орталығынан келіп түскен
реттеуші импульс бөлініп шыққан медиаторды тарқатып көптеген миоциттерді
қоздырады. Бірыңғай салалы бұлшықеттер көптеген ішкі органдардың
қабырғасында кездесіп қабаттар мен қабықтар құрайды (тыныс алу
органдарында, ас қорыту жолдарында, қан тамырларында және тағы басқа
жерлерде).

КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАЛАРЫ.
ЖҮРЕКТІҢ КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТІ

Гистогенез. Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының даму көзі
болып, ұрық денесінің мойын бөлігіндегі спланхиотомның висцеральды
жапырақшасынан екі жағының тепе-тең аймақтары болып табылады, бұларды
миоэпикардиальды пластинка деп атайды. Жасушалардың көбісі жетіліп жүрек
миоциттеріне (кардиомиоциттерге) айналады, ал қалғандары эпикард
мезотелиінің жасушаларына айналады. Гистогенез сатысында кардиомиоциттердің
бірнеше түрлері пайда болады: қысқартушы, өткізуші, аралық, секреттеуші.

ҚЫСҚАРТУШЫ КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жасушалардың пішіні цилиндр тәрізді ұзынша (100-150 мкм) келген.
Соңғы шеттерімен бір-бірімен байланысып, кардиомиоциттер тізбегі деп
аталынып қалыңдығы 10-20 мкм келетін функционалдық талшықтарды құрайды.
Бұлардың бір-біріне тиіп тұратын аймақтары қондырма дискілерін түзеді.
Кардиомиоциттер тармақталып тор құрайды. Олардың бүйір жағы базальды
мембранамен қапталған, құрамында жіңішке ретикулярлы және коллаген
талшықтары бар. (3-сурет).

3-сурет. Кардиомиоциттердің құрылысы. А - өткізуші, Б – аралық, В –
жұмысшы.
1. Базальды мембрана, 2 – жасушалардың ядролары, 3 – миофибрильдер, 4 –
жұмысшы кардиомиоциттердің байланыстары (қондырма диск), 5 – аралық
кардиомиоциттердің жұмысшы және өткізуші кардиомиоциттермен байланысулары,
6 - өткізуші кардиомиоциттердің байланыстырулары, 7 – көлденең түтікше.

Ядросы (кейде екі ядросы болады) сопақша пішінді жасушаны ортасында
орналасқан. Цитоплазмада органеллалар: жасуша орталығы Гольджи аппараты,
түйіршікті эндоплащмалық тор нашар дамыған, жеке лизосомалар кездеседі.
Түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы дамыған. Бұл Т-жүйеге жанасатын
субсарколеммальдық пистериаларды өалыптастырады және L-жүйесінің
түтікшелерін өзара байланыстырады. Осындай гликоген қосындыларымен липидтер
кездеседі. Цитоплазмада миоглобин қосындылары біркелкі тарқалған. Арнайы
органеллалар – миобрильдердің маңында, ал митохондриялар тізбектер құрайды.
Миофибрильдер тұрақты түрде кездесіп тәртіпті орналасқан. Актин және
миозин жіпшелерінен құралған. Бұлар басқа белоктардан құралған телофрагма
және мезофрагма деген арнайы құрылымдар арқылы қозғалмай тұрады.
Телофрагмалар белокты молекулалар торы сияқты көрінеді, жасушада
көлденең өтіп цитолеммаға жабысады. Бұлар кардиомиоциттің ұзынша
кесіндісінде қалыңдығы – 100 нм жуық сызық сияқты көрінеді, мұны Z-сызығы
деп атайды.
Миофибрильдердің екі телофрагмамен бөлінген бөлімін – саркомер деп
атайды. (1-сурет). Саркомердің ортасында мезофрагма орналасады (М-сызығы).
Осы мезофрагмадан телофрагмаға қарай миозин жіпшелері орналасқан. Актин
жіпшелері өте жіңішке және оның алтауы бір миозин жіпшесін қоршап жатады.

2-сурет. 1 – Z-жолағы, 2 – М-жолағы, 3 – актин филаменті, 4 – миозин
филаменті, 5 – титиннің фибриллярлы молекуласы.

Саркомердің М-сызығымен көрші аймақтарында тек миозин жіпшелері
орналасады, сондықтан Н-жолқа деп аталады (ашық түсті аймақ), ал миозин
жіпшелері мен шамалы актин жіпшелері орналасқан бөлімін А-жолақ (А-диск)
деп атайды. Z-сызығымен бөлінген тек актин жіпшелері орналасқан екі көрші
саркомердің бөлімдері – J жолағын (J-дискін) құрайды.
Жолақтардың түрлі атаулуына себепті болған J-жолағының аймағында
молекулярлық ұйымдастырылуы түрлі болып келеді, сондықтан жарық сәулесін
сындырғыш қабылеті – изотропты, ал А-жолағының аймағында – анизотропты.
Миофибриллалардың арасында митохондриялар мен түйіршіксіз эндоплазмалық тор
орналасқан.
Телофрагманың тұсында цитолемма терең каналша сияқты ойысын көлденең
жататын тұтікшелерді немесе Т-түттікшесін жасайды, бұларға базальды
мембрана да кіреді.
Қондырма дискілерінің аймағында кардиомиоциттердің соңғы ұштары түрлі
деңгейде орналасқан.
Бірінші кардиомиоциттің шығыңқыраған соңғы бөлімі келесі
кардиомиоциттің ойыс бөлімініе еніп тұрады. Жасушалардың ұштастырып тұратын
сеттерінде саусақ тәрізді байланыстар (интерлипациялар) мен көптеген
десмосомалар түзіледі. Бұларға жақынырақ орналасқан саркомердің актин
жіпшесі бар миофибрильдері араласады.
Бүйір жақтағы беттерінде жанасып көптеген нексустармен байланысады.
Кардиомиоциттер бір-бірімен интердигинация және десмосома аймақтарымен
тығыз байланысып, көптеген көрші орналасқан жасушалардың бірдей жиырылуын
қамтамасыз етеді. Нексустар аймағындағы иондық және химиялық байланыстар
кардиомиоциттер жиырылуын біркелкі жүргізеді.

ЖИЫРЫЛУДЫҢ ГИСТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Кардиомиоциттер жиырылмаған кезінде түйіршіксіз эндоплазмалық тор
каналшаларында кальций иондары жинақталады.
Әрекет потенциалдың әсері, цитолемма мен Т-түтікшелерге тарқалып
кальций иондарын шығартады және миофибрильдерге келіп жиылдыртады, олар
реттеуші белоктар арононин және тропомиозин мен әрекеттеседі, сосын актин
және миозин миофиламенттері бір-бірімен арнайы бүйір тізбектері арқылы
байланысып қарама-қарсы жылжиды. Нәтижесінде актин жіпшелерінің ұштары М-
сызығына жақындап, Н-жолағы жіңішкередісондай түрде J-жолағы да
жіңішкереді, бұл миозин жіпшелерінің соңғы ұштарының телофрагмаға
жақындауында байланысты.
Осы кезде А-жолағының ені өзгермейді. Актин және миозин жіпшелерінің
қарама-қарсы жылжуына байланысты, цитолеммаға байланысқан телофрагмалар
жақындасып кардиомиоциттерді жиылдыртып қысқартады.

ӨТКІЗУШІ КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда өткізуші кардиомиоциттер ірілеу
(ұзындығы – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы
Бұлшықет ұлпасы
Ағза және оны құрайтын құрылымдар: жасуша, ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйелері туралы түсініктер
Ұлпалар
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Бұлшық еттер туралы ілім – Myologia
Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
Майдалану және гаструляция процестері
Органдар биохимиясы жайлы ақпарат
Пәндер