ТАРИХШЫ ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ТАРИХШЫ ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ

Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс, тарихшылардың тұжырымдамаларын таныстырумен шектеледі. Тіпті Қазақстан тарихшылары Қазақ Совет Энциклопедиясына да түгел енбеген . Мұның басты себебі, Сталиндік әпербақан саясатқа сай қазақ ұлттық инттеллигенциясының ұлтшылдық желеуімен қудаланылуы, іс жүзінде орыстың шовнизмінің үстемдік етуі. Ал осы идеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылми дәлелдеусіз-ақ партия-кеңес алпауыттарының қаулысымен, немесе демократиялық заңды жолмен, яғни кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырады. Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да қазіргі дәуірдің таяудағы игілікті іс болса керек.

Оқушы қауымға ұсынылып отырған осы кітап сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының, бірі әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмкхановтың ең басты еңбегі.

Ермұхан 1915 ж қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында № 10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан бөгенұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер табына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екені, ал Ермұхан Абылайдан тараған 7- буын екені соңғы кезде ғана ашық-анық айтыла бастады.

Әкесі зында Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан 6 жасқа келгенде дүние салады. . Анасы Бәпіш отбасының ауыртпалы Ерекеңнің өз қолымен жазылған өмірбаянында: шешем колхозшы 1932 жылы қайтыс болды дегеннен басқа сыр ашпаған.

Шындығында оның анасымен қарындасы ашаршылықта өліп, денесі қайда қалғаныда, белгісіз. Ермұхан тек ағасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Дінше де 1931 жылы тым ерте, қайтыс болады. Ермұхан Баянауылда 7 жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін 1932 жылы Семейде жоғарғы оқу орнына даярлайтын 1 жылдық курсты оқып, бітіріп шығады. Ол өскен ортасында белсене қатысып көзге үнемі түсіп отырады. 1933 жылы Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссаратының қолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін бітіріп шығады.

Ермұхан Бекмахановтың педагогикалық қызметі Алматыдағы № 28 мектепте, 1937 жылы Алматыдағы педагогика ғылым-зерттеу институтында ( қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты ) басталып, 1939-1940 жылдары осы институттың директоры болады. Оған қоса Қаз ПИ- дің аспирантурасын тәмәмдап, 1940-1941 жылдары БКП ( б ) Орталық Комитеті жанындағы жоғарғы партия мектебінде оқып, оны жедел бітіріп шығады ( Бекмаханов 1939 жылы партия қатарына өтеді)

Ұлы отан соғысы жылдарында жас тарихшы өзінің білімін толықтырумен қоса тікелей ғылыми зертеу жұмысымен де тоассыз айналысады, әр түрлі оқу орнындарында да дәріс береді. ( Қаз ПИ, Оқытушылардың білімін жетілдіру институты, 1947 жылдан өмірінің соңына дейін -- Қаз МУ ) Бұдан әрі Ермұхан Бекмахановтың өмір тарихы бойынша өрбиді : 1941-1942 жылдары ҚазКСР Оқу халық комиссаратында мектептер басқармасының бастығы, 1942-1944 жылдары -- Қаз ( б ) КП Орталық комитетінің лекторы, 1943-1948 жылдары Қаз КСР ҒА-ның тарих, археология және этнография институтында ( қазіргі Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнография институты ) аға ғылыми қызметкер, біраз уақыт институт директоры С. Юшковтың орынбасары болып қызмет етеді.

Ермұхан Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болады. Мысалы, қазақ мектептері үшін тұңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық құрал жасауға ат салысып өзінің көп үлесін қосады. Оның еңбектері 1938-1939 жылдары « Халық мұғалімі » ( қазіргі « Қазақстан мектебі » журналында жарияланады. Ал тарих ғылымына белсенді аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасады да, ол әрекетінің жемісті басталып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, қамқор жетекші болған КСРО Ғылым академиясының академигі ( ол кезде корреспондент мүше ) белгілі тарихшы Анна Михаиловна Панкратовамен кездесуі әсер етті .

1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайда байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуацияланады. Қай кезде де іскер тынымсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады.

Іздегенге -- сұраған дегендей, бұл идеаның басы қасында сол кезде Оқу халық комиссаратында істейтін Ермұхан Бекмаханов жүреді. Осылайша құрылған Ресей және Қазақстан ғылымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп оқытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығарады. Методикалық құрал дереу баспаға беріліп тіпті Өзбекстанда да жарық көреді. Бұдан кейін орыс тарихшылары мен жергілікті ғылымдардың үлкен шоғыры бірлесіп, ерте дүниеден бастап кейінгі сол кезге шейінгі қыры да, сыры да мол қазақ тарихының бір томдығын шығаруға кіріседі. Бұл оңай жұмыс еместігін олда біледі. Яғни бұл кітапқа көп қаражат және де демеу мен аз уақыт ішінде бастыру еді. Орыс ғылымдарының көбі қазақ тарихын бұрын жете білмейтін . Оларға Алматы архивтерін қоймалары кеңінен ашылып, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында арнайы ғылыми оқу залы ұйымдастырылады. Қонақтар қазақ халқының өмірі мен де тікелей танысып, музей, театрларға барып, зиялы қауыммен де өзара байланыста болып араласады. Сонымен бірге олардың арасында Ресей халықтары тарихы тұжырымдамаларын терең түсінетін КСРО Ғылым академиясы тарих институтының директоры, академик Греков ( ол Ташкентте тұрған ьолатын ) Панкратова, Дружининдер болса, сол кезде- ақ Қазақстан тарихын зерттеп, Қазақстан тарихы очеркінің, Сырым Датұлы туралы монографияның авторы Ленинградтық профессор Вяткин, археолог Бернштам, Лурье, тарихшылар Кучкин, Зутис, Якунин, Миллер бар еді. Қазақ Ғылым академиясынан да белгілі ғалымдар, жазушылар кіді : Әуезов, Марғұлан, Мүсірепов, Мұханов, Кенжебаев . Осылардың ішінде ең жасы да, бірақ көзге түсер іс атқарғаны да Бекмаханов болды. Жауапты редакторлыққа А . Панкратова және сол кездегі тәртіп бойынша республикалық партия Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Мұхаммеджан Әбдіхалықов тағайындалды. 1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» Алматыда жарыққа шықты. Кеңес республикаларының тұңғыш дербе тарихын жазудың бастамасы болғандықтан және оған соншама беделді ғалымдар күш салғандықтан бұл кітап бірден көзге түсті. Басылым Сталиндік сыйлыққа ұсынылып, сарапшылардың алғашқы сынынан мүдірмей өтті. Бірақ авторлардың қуанышы көп ұзамай, керісінше, бірнеше жылға созылған бітпес дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияға ұласты. Сталиндік сыйлық жөнінде комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО Ғылым академиясының корреспандент мүшесі Яковлев «Қазақ ССР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, зиянды кітап деген жөнсіз пікір айтып, сарапшыларды шошытты. Сыйлық берілмейтін болды. Осы саяси қырағы Яковлев кім еді? Оның ойынша, Отан тарихы біртұтас КСРО тарихы, яғни «орыс ұлты тұрғысынан» жазылған тарих болуы тиіс, әр республиканың жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм принципіне сай келмейді. Бұл негізінен сталиндік тұжырымдамаға сай келетін догмат, қасаң, ұлы державалық шовинистік көзқарас еді. Бірақ сол кездегі идеологиялық, саяси жағдайда «Қазақ ССР тарихының» авторлары үшін қауіпсіз де емес екенін кейінгі оқиғалар толық дәлелдеді.

Қазақ халқының тарихына субъективті, сыңарезу көзқарас Панкратова бастаған ғалымдар тобын бейжай қалдыра алмады. Тарих майданындағы жағдайды талқылаудағы Панкратова ВКП Орталық Комитетінің алдына қояды. Ұсыныс қабылданып, 1944 жылы 29. V. - 8. XII аралығында көрнекті кеңес тарихшыларының жиналысы өткізіледі, оны ВКП ОК хатшысы Щербаков басқарып, жиналысқа тағы екі хатшы Андреев пен Маленков қатысып отырды.

Бірақ ОК шақырған кеңес мақсатқа жеткізбеді, тарихшылар екі ұдайы пікірде қалды, ал партия хатшылары жөн сөз айтудан бас тартты. Бұған көңіл толмаған Панкратова ОК атына жазған хатында Яковлевтің көзқарасы «Қазақтардың ұлттық сезіміне терең қаяу салады» деп көрсетті (Письма Анны Михайловны Панкратовой. - Вопросы истории, 1988, №11. с. 54 - 79) . Кеңестен кейін Яковлевтің өзі Панкратоваға келіп «Қазақ ССР тарихында әр жерден 10 беттен артпайтын көлемде өзгеріс жасау қажет. Жалпы кітап жақсы», деп көлгірсуі екі жүзділік пе, әлі шындықты мойындау ма? Түсіну қиын. Дегенмен кеңестегі азшылықтың пікірі баспасөз арқылы елге тарап кетті; М. Морозов дегеннің рецензиясы «Большевик» журналында жарияланады. Морозовтың қазақ тарихының маманы еместігі ғылыми жұртшылыққа айдан анық. Ол негізінен кеңестегі теріс пікірді жинақтаушы ғана. Ал теріс пікірдің ауыртпалығы алдымен Бекмахановқа түсті. «Қазақ ССР тарихының» «жағымсыз 10 бетінің» авторы 1943 жылы 28 маусымда Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1946 жылы Бекмаханов докторлық диссертациясын қорғап, оны «Қазақстан XIX ғасырдың 20- 40 жылдарында» деген атпен 1947 жылы жарыққа шығарды.

Осыдан соң Кенесары көтерілісін сынаушылар ашықтан - ашық Бекмахановқа ауыз сала бастады. Бұрын «Қазақ ССР тарихына» бағытталған сын пікір Бекмахановтың монографиясына ауысты. Бұл әсіресе жергілікті сыншыларға жеңілдік туғызды. Өткені бір адамға жабылу «Қазақ ССР тарихының» авторларына, беделді ғалымдарға, мәскеуліктерге тиісуден гөрі оңайырақ болды.

Оның үстіне 1947 жылы Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ҚСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы қаулысынан кейін «байшылдар» мен «ұлтшылдарды» әшкерелеу науқаны басталған болатын. Яғни 47-жылы «37-жылдың» исі шыға бастаған.

Ең әуелі ВАК-қа Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланған деген арыз түсті. Бұл істі тексерген академик Дружинин плагиат туралы пікірді толық теріске шығарып дәлелдеп береді. 1948 жылы 28 ақпанда КСРО Ғылым академиясының тарих институтында Бекмахановтың монографиясы талқыланады. Бұл айыптауы негізсіз болып іс жабылады. Сол кездері Бекмахановтың кітаптарын сынға алу жиі кездеседі. Сондықтан дереу пайдаланудан шығару көзделді. Патша үкіметінің мақсаты осылайша қазақ жазушылары мен ақындарды сонымен қоса белсенді қызметкерлерді де шеттету болды. Бұдан кейін қазақ ұлтшылдарына қарсы майдан жеңіске жете берді. Ермұхан Бекмаханов 1951 жылы 15 мамырда « ірі саяси қателіктері үшін » ҚазМУ-ден КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан шығарылды, партияқатарынан аластатылды. Бір қызығы Бекмахановтың 1948 жылы Қазақ КСР тарихы кафедрасының меңгерушісі болды, ал 1949 жылы 30 тамызда КСРО тарихы кафедрасының профессор атағын алды. Жоғарыда айтылған аласапыран жағдайда Қазақ КСР тарихы жабылып, ол тек 1958 жылы 21 мамырда КСРО жоғарғы жоғарғы оқу орындары министрінің бұйрығымен сол жылғы 1 қыркүйекте яғни Бекмахановтың айдаудан қайтқан соң ғана ашылады. Қазақ тарихы кафедрасының ашылуы да Бекмахановтың тағдырымен байланысты болғаны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Ермұхан Бекмаханұлы
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
Ермұхан Бекмаханов
Ермұхан Бекмаханов өмірбаяны
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы
Қоғамдық кеңестік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz