Лондон қаласындағы смог мәселесі


Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Реферат
Тақырыбы : Смог - түтінді тұман
Орындаған: Сарбалаев Қанат
Тексерген: Айнұр Сармурзина
Ақтау 2010
Смог - түтінді тұман
Кіріспе
Смог сөзі ағылшынша «smoke» - түтін, «fog» - тұман деген сөздердің бірігуінен шыққан. Смог - түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Мұндай смогтар үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында жиі болады. Алғашында, Смог ұғымы деп көп мөлшерде көмірді жаққанда пайда болатын түтін мен күкірт диоксиді қосылысын түсінетін. 1950 жылдары смогтың жаңа түрі жайлы сипаттама пайда болды. Ол - фотохимиялық смог болатын. Оның құрамында мынадай заттар болды:
- азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді;
- тропосфералық (жерге жақын) озон;
- ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіштердің булары:
- азот қышқылдарының тотығы.
... жалғасыФотохимиялық смогты тудырушы басты фактор - автокөлік пен өндіріс ошақтарының улы газдары мен түтіндері.
Жоғарыда аталған органикалық қосылыстар химиялық жағынан өте активті, тез қышқылдана алады. Сол себептен де фотохимиялық смог қазіргі кезде экология үшін өте маңызды проблеманың бірі. Денсаулықтың қас жауы.
«Смог» терминінің шығу тарихы
Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін ( Fog and Smoke ) » мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.
Суретте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орын алған смог.
![]()
Смогтың түрлері
Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) - күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды.
Ылғалды смог (лондондық смог) - табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда болған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән.
Радиациялық тұман - жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.
Тұманды түтіннің пайда болуы
Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп - ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткендіктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі - Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер.
Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады.
Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд. -тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.
Лондон қаласындағы смог мәселесі
Лондондағы түтінді тұман орта ғасырдан бері бар. 1273 жылы король Эдуард I көмірді жаққанда пайба болатын түтіннің көптігінен қалада көмір жағуға тыйым салды.
XIX ғасырдың соңынан бастап Лондон мен смог айырылмастай болды. 1952 жылы 8-12 желтоқсан аралығында Лондон қаласындағы смогтың кесірнен 4000-нан астам адам қаза тапты. Ал одан кейінгі уақыттарда 8000-нан астам адам қаза табады. Алайда, үкімен бұл болған жағдайлардың жағылған көмір түтінімен тығыз байланысты екендігін мойындамады. 1952 жыл - Лондон тұрғындары үшін ең ауыр жыл былып саналады.
1956 жылы Лондонда «Таза ауа актісі (Clean Air Act) » шықты. Актіге сай қаладағы кқмір отынын тұтынатын орындар мен үйлердің жылу жүйелері түтінсіз немесе түтіні аз отын көздеріне (газ, жанармай және, электр қуаты) ауыстырылды.
1968 жылы Лондондағы түтін шығаратын өндіріс орындарында ауа тазалығын реттейтін «Биік мұржа. Таза ауа актісі» іске асты. Нәтижесінде зауыттардың түтін шығаратын мұржалары биіктетілді. Осылайша қалаладағы таза ауа мәселесі шешім тапты.
Қазіргі кезде Лондонда қоршаған ортаны қорғау саясаты жөнге келгендіктен, смог деген кесапат құрыған. Тек өткен кездің еншісіндегі апат ретінде қалды.
Алматы қаласындағы смог
Алматыдағы смог жайлы жоғарыда аздап айтылған еді. Енді біраз толығырақ тоқталайық.
Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161, 3 мың тоннасы қалалдағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден біөлініп шығатын зиянды газдар 161, 3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%.
Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосылғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.
Смогтың денсаулыққа әсері
Үлкен қалаларда басты мәселеге айналған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдарға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтің мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Ал иммунитеттің әлсіреуі ауруларға жол ашады.
Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz