Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Тарау. 1. Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы

Тарау. 2.1 балалардың құқығын қорғау туралы конвенция
2.2 кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық . педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы заңы.
2.3 Қазақстан республикасындағы балалардың құқығы жайлы.

Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ

1 Курстық жұмыстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтыры жайлы мағлұмат беру.
Бұл мәселенің өзекті проблемасы қазіргі кездегі мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығының бұзылуы, оларды дискримнациялау, және қоғамдағы өз орнын табу кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды айтуға болады.Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Ұрпақ бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Сондықтан да «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп халқымыз ұрпақ ұлағаты туралы небір өмірлік байлам өсиеттерін қалдырған. Ұрпақ елімізді сақтап, жерімізді қорғап, атымызды жаңғыртар, ісімізді жалғастырар деп үлкен үміт артқан /1/
Сол ұрпақтің құқықтарына келетін болсақ, қазіргі қоғамда демократизация және гуманизация процестері әрбір адам үшін білім алу, олардыңжеке қабілеттерін дамыту, тұлғаны әлеуметтік интеграциялау мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екенін қарастырып отыр. Бала құқығы туралы конвенциясының 23-ші бабына сай мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі балалардың еркіндігі мен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз ете алатын, олардың толыққанды өмір сүрулеріне қажетті айрықша күтім мен білім алуларына дайындықты жүзеге асыруы шарт.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-ші қаңтарынан іске аса бастаған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалықкоррекциялық қолдау туралы» заңы арнайы білім беру жүйесінде жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы ұйымдардың жаңа түрлері пайда болды: сауықтару орталықтары, психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті.
Қазіргі уақытта республикалық арнайы (коррекциялық) мектептерінде 19 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиелеуде, осы топқа жататын мектеп оқушыларының білім мыңнан астамы жалпы орта мектептерінде білім алып жатыр. Республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуына аса үлкен үлес қосқан, Қазаөқстанда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медио-педагогикалық коррекцялық қолдау, бірнеше нормативті-құқықтық құжаттар білім беру саласы әлеуметтік ұйымдарын оқу әдістемелік әдебиетпен, осы саланы техникалық құралдармен қамтамасыз ету және балаларды сауықтару туралы» заңының шығуына ықпал еткен, педагогика ғылымдарының докторы Р. А. Сүлейменованың ерен еңбегін айрықша атап өту керек. /2/
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда әр түрлі категорияда 386 мың мүгедек бала бар. Олардың 58 мыңы іштен мүгедек болып туған балалар, ал 50 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі заманда кемтер, ғаріп жандардың көңілін тауып өмірге деген махаббатын оятып, олардың да адамзатқа керек қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіру қажет. /3/
Пайдаланған әдебиеттер

1. Үміт журналы. Алматы 2004. № 1.
2. Бастауыш мектеп журналы 1995 жыл №6
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық заңын жүзеге асыру аясында айрықша білімді талап етушілерді тәрбиелеу мен оқыту мәселелері. Алматы 2005 жыл (хабаршы).
4. Балалардың құқығын қорғау туралы конвенция
5. Кемтер балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңы. 2003 жыл 1 қаңтар.
6. Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы. 2003 жыло 27 тамыз.
7. Атамекен – ай журналы. 2003 жыл № 11-12.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Тарау. 1. Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Тарау. 2.1 балалардың құқығын қорғау туралы конвенция
2.2 кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу
арқылы қолдау туралы заңы.
2.3 Қазақстан республикасындағы балалардың құқығы жайлы.
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

1 Курстық жұмыстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтыры
жайлы мағлұмат беру.
Бұл мәселенің өзекті проблемасы қазіргі кездегі мүмкіндігі шектеулі
балалардың құқығының бұзылуы, оларды дискримнациялау, және қоғамдағы өз
орнын табу кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды айтуға болады.Ұрпақ – ғұмыр
жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан
күтеді.
Ұрпақ бұл еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Сондықтан да Ел болам десең
бесігіңді түзе деп халқымыз ұрпақ ұлағаты туралы небір өмірлік байлам
өсиеттерін қалдырған. Ұрпақ елімізді сақтап, жерімізді қорғап, атымызды
жаңғыртар, ісімізді жалғастырар деп үлкен үміт артқан 1
Сол ұрпақтің құқықтарына келетін болсақ, қазіргі қоғамда
демократизация және гуманизация процестері әрбір адам үшін білім алу,
олардыңжеке қабілеттерін дамыту, тұлғаны әлеуметтік интеграциялау
мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екенін қарастырып отыр. Бала
құқығы туралы конвенциясының 23-ші бабына сай мемлекетіміз мүмкіндігі
шектеулі балалардың еркіндігі мен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз ете
алатын, олардың толыққанды өмір сүрулеріне қажетті айрықша күтім мен білім
алуларына дайындықты жүзеге асыруы шарт.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-ші қаңтарынан іске аса бастаған
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-
педагогикалықкоррекциялық қолдау туралы заңы арнайы білім беру жүйесінде
жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы ұйымдардың жаңа түрлері
пайда болды: сауықтару орталықтары, психологиялық-педагогикалық коррекция
кабинеті.
Қазіргі уақытта республикалық арнайы (коррекциялық) мектептерінде 19
мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиелеуде, осы
топқа жататын мектеп оқушыларының білім мыңнан астамы жалпы орта
мектептерінде білім алып жатыр. Республикада арнайы білім беру жүйесінің
дамуына аса үлкен үлес қосқан, Қазаөқстанда Мүмкіндігі шектеулі балаларды
әлеуметтік және медио-педагогикалық коррекцялық қолдау, бірнеше нормативті-
құқықтық құжаттар білім беру саласы әлеуметтік ұйымдарын оқу әдістемелік
әдебиетпен, осы саланы техникалық құралдармен қамтамасыз ету және балаларды
сауықтару туралы заңының шығуына ықпал еткен, педагогика ғылымдарының
докторы Р. А. Сүлейменованың ерен еңбегін айрықша атап өту керек. 2
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда әр түрлі категорияда
386 мың мүгедек бала бар. Олардың 58 мыңы іштен мүгедек болып туған
балалар, ал 50 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі заманда кемтер, ғаріп
жандардың көңілін тауып өмірге деген махаббатын оятып, олардың да адамзатқа
керек қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіру қажет. 3

2.1 Балалардың құқығын қорғау жайлы конвекция

Баланың құқығы жайлы конвенцияда барлық балалар тең деп айтылған.
Бірақта қатыгез шындық шынада дискриминация барлық қоғамда бар және ол
баланың өміріне әсер етеді. Бала қоғам өмірінен тыс қалғанда немесе өзінің
құқығынан айрылған кезде дискриминация пайда болады. Бала мына жағдайда
дискриминацияға түсуі мүмкін: егер ол жетім тұратын орны жоқ болса, жұқпалы
ауруы бар болса немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колония
немесе сотпен байланысы болса дискриминацияға түседі. Сондай-ақ
дискриминация адамдардың шығу тегіне, этникалық шығу дінінде негізделеді.
Балалар дискриминацияның жеңіл құрбаны болады. Кейбір елдерде
сотталған адамның балалары туылғаннан бастап, қылмыскер болып саналады, ал
олардың жақындары олардан бас тартады. Жақындарының ойынша бұл балаларда
өсе келе қылмыскер болып кетеді деп ойлайды. Абақтының жетімдері өз
жанұяларының алдында қарбет болған ақырында далада қалып, өздерінің медико-
санитарлық, білім, қорғау құқығынан айрылған. Кейбір елдерде әсіресе Шығыс
Европада басқа ұлттың баласын мектепке әкелген көптеген жағымсыз
жағдайларды кездестіруге болады. Олардысыныпта балалардан бөлек отырғызып,
мұғалым мен балалар жақтан физикалық және басқа да жағынан сол балаға
шабуыл жасайды. Көп жағдайда мектеп басшалары осындай балаларды арнайы
мектепке жібереді. Арнайы деген сөздің өзі ақылы кем балаларға арналған
мектеп дегенді білдіреді. Бұның себебі баланың ақыл-ойы кем-емес-бұл
этникалық дискриминация деп аталады. Таяз білім ала отырып алақандай кінәсі
жоқ балалар осы өмірде көптеген мүмкіндіктерінен айырылады. Дискриминация
бүкіл жер шарына қатысты. Дискриминация бүкіл әйелдердің денсаулығына үлкен
қатер тигізеді. Мысалы: 100 миллионға таяу әйелдер бүкіл жер шарының
глобальды демографиялық статистикасында жоқ болып шыққан. Бұл қалай болуы
мүмкін? – деген сұрақ туындайды.
Себептің бірі мидициналық көмекке қанағаттанбаушылық және әйелдер мен
жасөспірім қыздардың денсаулығын қорғауға назар аудармағандықтан. ЮНИСЕФ-
тің көрсеткіштері бойынша 600 000 жасөспірім қыздар мен әйелдер әр жыл
сайын жүктіліктен немесе бала туу кезінде қайтыс болады. Тағы бір себеп –
олардың әр түрлі эксплуатацияларға сезімтал келуі. Дискриминацияға түскен
балалар көбінесе жетімдерге арналған интернаттарда немесе далаларға
арналған колонияларда қиналып жүр. Олардың өмірлері көбінесе далада өтеді
қайда олар әлеуметтік қорғаудан тыс қалған.
Бұл балаалар туралы мәлімет өте аз себебі барлық статистикалық
мәліметтерді ресми көзқарастан жасырады. Неғұрлым балалар туралы дұрыс
статистикалық мәлімет берсе, солғұрлым оларға деген көмек арта түседі.
Мысалы: иранда географиялық көрсеткіштерге сүйене отырып кейбір қарапайым
медико-санитарлық шарттарды мемлекет тарапынан жүзеге асырады. Көбінесе
дискриминацияға мүгедек балаларды кіргізеді. 23-ші бапта айтылғандай
баланың білімге, ерекше күтімге құқығы бар екені айтылған. Осы бапта
баланың кемістігі бар болуына байланыста ол қоғам өмірінен тыс қаламауы
керек. Әр түрле аурулардан немесе табиғи апаттардың салдарынан болған
мүгедек балаларға көмек дұрыс берілмейді, көп жағдайға олар қоғам өмірінен
тыс қалып қояды. Египетте, Иракта, Тунисте мүгедек балаларға көмек
көрсетудің бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Осындай бағдарламалардың
мүгедек балаларүшін маңызы зор. Біріншіден балалар өздеріне керекті арнайы
көмекті ала алады, екіншіден қоғамның көзқарасы өзгеріп мүгедек балаларды
қалыпты адам сияқты екендігіне көздерін жеткізеді. Сонымен қатар балалардың
көзқарастарын сыйлау керек. Көптеген елдерде кейбір заңдарды өзгерте
бастады. Мысалы: бельгияда баланың әке-шешесі айырылысып жатса онда сот
жүріп жатқан кезде баланың айтқысы келген ойын міндетті түрде тыңдайды. Ал
Швецияда болса әр бір сыныпта сыныптың кеңесі болады. Онда балалар
мұғаліммен бірге өз ойларын айтып жеткізе алуына үйренеді. Индияның бір
қаласында балаларға арналған парламент құрылған. Бұның мақсаты балааларды
сөйлеу барысымен таныстыру. Көптеген дамыған елдерде балаалардың
ассамбиясы, парламентті, кеңесі құрылған. Францияның Шығыс жағындағы жексе
деген шағын қаласында 21 жасөспіріммен баладан тұратын кеңес құрылады,
ақырғы екі жыл ішінде 30-дан аса жиналыс өткізген. Осы кеңес қалалық
әкімшілікті, қаланың жолдарын, ауласын, саябақтарын жөндеу үшін ат салысты.
4

КЕМТАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ
ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ

Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық – педогогикалық түзеу
арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, дамуында кемістігі бар
балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту,
еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар
мүгедектігінің алуға бағытталған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 – бап. Заңда пайдаланылатын терминедер мен анықтамалар
Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педогогикалық түзеу
арқылы қолдау – кемтар балалрға тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және
оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа
азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған
арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін
білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметі;
2) кемтар бала (балар) – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен,
тұқым қуаланған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың
салдарынан тіршілік ету шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі
бар он сегіз жасқа дейін бала (балалр);
3) қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан,
әлеуметтік және медициналық – педогогикалық түзеу арқылы қолдау
көрсетілмегендіктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу
ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар);
4) дене кемістігі – ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс
істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу
арқылы қолдау қажет ететіндей созылмалы бұзылуы;
5) психикалық кемістік – адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс
істеуінің уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық
бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық – еркі жағынан
бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл – ой дамуының бұзылыстары,
соның ішінде ақыл – ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі
және осыған байланысты оқып – үйренудегі өзіндік қиындықтар;
6) күрделі кемістік – психикалық және дене кемістігінің кез – келген
ұштасуы; және дене кемістігінің кез келген ұштасуы;
7) ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру
стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту
мүмкіндіктері өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы
қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдылырын немесе аясы тар кәсіби
даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене
кемістігі;
8) ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық – дене бұзылыстары
скринингін, медициналық психологиялық – педагогикалық диагностиканы,
емдеді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды
әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау қолдау;
9) әлеуметтік бейімдеу – нысаналы әлеуметтік және медициналық –
педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда
қабылданған құндылықтарды, мінез – құлық ережелері мен нормаларын игеруі
мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына
белсенді түрдеикемделуі;
10) әлеуметтік жұмыс – жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық
мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған
функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін
іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет;
11) скрининг – қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай
стандартталған тексеру;
12) медициналық және психологиялық – педагогикалық диагностика - әр
түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің сайма –
сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық – дене дамуын кешенді
салааралық бағалау;
13) медициналық оңалтау – организмнің бұзылғаннемесе семіп қалған
функцияларын емдеуге, қалпына келтіруге бағытталған медициналық іс –
шаралар кешені;
14) арнаулы білім беру бағдарламалары – кемтар балаларды оқытуға
арналған бағдарламар;
15) арнаулы білім беру – кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып
білім беру;
16) арнаулы білім беру жағдайлары – техникалық және өзге де көмекші
құралдарды,сондай – ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім
беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де қызметтерді қоса
алғанда, арнаулы білім алу үшін жасалатын жағдайлар;
17) арнаулы білім беру ұйымдары – кемтар балалардың диагностикасы және
консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар:
психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттері, балалар бақшалары,
мектептер жанындағы логопедтік пункттер және басқа да ұйымдар;
18) арнаулы түзеу ұйымдары – дамуында кемтар болып қалған:
есту қабілеті бұзылған (естімейтін болып қалған);
қору қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін, кейіннен соқыр
болып қалған);
жүріп – тұру мүшелерінің функциялары бұзылған;
сөйлеу қабілеті бұзылған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық – еркі жағынан және мінез – құлқы бұзылған;
күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр – саңырау болып қалған
балаларға арналған ұйымдар;
19) психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының
ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау;
20) әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға жас нормативтерін
ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі қызмет пен
айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті,
шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кмістіктер дәрежесін анықтау;
21) медициналық тексеру – балалардың тіршілік - әрекетінің шектелуіне
себеп болатын жеклеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының)
бұзылу (болмау) түрін, ауырлығын анықтау;
22) педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас
нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл – ой жағынан даму
ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алумен қарым – қатынас
жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау;
23) кәсіби диагностика – бойындағы психикалық және (немесе) дене
кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметін немесе кәсіптің
дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау;
24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы – баланың соматикалық жай
– күйі деңгейінің болжамын, пситхикалық – дене төзімділігін, отбасының
әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере
отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, деп қоятын мәселелерінің
шеңберіне, құштарлықтарының деңгейіне сәйкес балаланың тұрмыстық, қоғамдық,
кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық,
психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс – шаралар тізбесі;
25) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) -
азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау
саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық ақарушы органдар.

2-бап Қазақстан Республикасының кемтар балалардың әлеуметтік және
медициналық – педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақсатан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
3. Жетім балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрісі төмен
отбасыларын және мемлекеттік қолдауын қажет ететін адамдардың өзге де
сипаттарын мемлекеттік қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауға
байланысты бөлігінде ғана осы Заңмен реттеледі.

3-бап. Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау, оның мақсаттарын, міндеттері мен принциптері
1.Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттік жасқа толғанға
дейін, жаппай кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және
әлеуметтік тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық,
әлеуметтік қызметтер көтсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
2. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың
мақсаттары:
1) туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан
ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу,
мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру;
3) балалар мүгедектігінің леңгейін төмендету,
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабілеттілерінің орнын
толтыру немесе оларды қалпына келтіру, олардың әлеуметтік құқықтарын
бейімделуіне жәрдемдеу болып табалады.
3. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың
міндеттері:
1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бірыңғай
мемлекеттік жүйесін құру;
2) арнаулы білім беруді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді
жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
3) кемтар балаларды әлеуметтік бейімдей;
4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметік қолдау;
5) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдануды
жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік жағынан
қамтамассыз ету;
6) халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының
кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау мәселелері жөнінде қызметін сабақтастыру болып табылады.
4. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
мынадай принциптерге:
1) кемтар балалар мен олардың отбасына әлеуметтік қолдау және оңалту
көмегін көрсету кепілдігіне;
2) кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының
ынтымақтастығына;
3) балалардың қабілеттерінің шектелу дәрежесіне, жасына, әлеуметтік
мәртебесіне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол жеткізуіне және тең
құқықтылығына;
4) әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп, әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетуді саралауға негізделеді.

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) кемтар балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын бекітеді;
2) кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалықтүзеу
арқылы медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтік
қызметкөрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік стандартарын
айқындайды;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті органның
ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау көмектің тегін кепілдік берілген көмегін бекітеді;
4) кемтар балаларға арналған мектеп дейінгі арнаулы және жалпы арнаулы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарын әзірлеу,
бекіту тәртібін белгілейді.

5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті
оргындардың құзіреті
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті орган.
1) бала тууға көмектесетін мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы
медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде қатер тобындағы
балаларды барынша ертерек анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және анықталған
қатер тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін белгілейді;
2) дене және (немесе) психологиялық кемістігі бар балалар
патологияларының диагностикасын, әр алуан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғам көзқарасының дамуы
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің жағдайлары
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
Инклюзивті оқыту
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер